Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
12
ұшырағаны белгілі. Әсіресе, бұл жағдай өз дәуірінде гуманитарлық 
салада  біршама  мағлұматтар  берген  К.  Бейсембиевтің  «Про-
грессивно-демократическая  и  марксистская  мысль  в  Казахстане. 
Алматы,  Наука,  1965.  235  с.»  атты  еңбегінен  айқын  байқалады. 
Дегенмен,  автордың  қадамдары  ұлттық  рухани  дүниемізді  са-
раптаудан  өткізудің  алғашқы  әрекеттері  санатына  қосылатын 
еді. Сондықтан ол өзінің кейін жалғасын тапқан ғылыми пайым-
даулармен  ұласқанын  мойындауға  тиістіміз.  Әсіресе,  автордың 
кеңестік қатаң саясатқа қарамастан этникалық болмысқа қатысты 
көптеген өзекті мәселелерді күн тәртібіне қоя білгенінің өзі үлкен 
маңыздылығы бар еңбектер болатын. 
Ал енді, қазақ қоғамындағы философиялық ойдың ХХ ғасыр-
дың басындағы жаңа тарихи кезеңіне арналған Г.Ж. Нұрышеваның 
еңбегі [1] және т. б. көптеген қазақстандық зерттеуші ғалымдардың 
іргелі  шығармаларында  қазақ  зиялыларының  дүниетанымына 
қатысты  жаңаша  мағынадағы  философиялық  ойлар  мен 
тұжырымдар  келтіріледі.  Жекелеген  қазақ  зиялыларының 
еңбектері  туралы  көптеген  монографиялар  жазылып,  ғылыми 
диссертациялар қорғалғанын да айта кеткен жөн.
Әрине, жоғарыда аталған жұмыстардан басқа да іргелі ғылыми 
зерттеулер қазақ философиялық ойының әртүрлі қырларын аша 
түскені белгілі. Олардың қатарына ҚР БҒМ Философия және са-
ясаттану  институтының  мамандары  ХХ  ғасырдың  соңғы  жылда-
ры дайындаған «Қазақ даласының ойшылдары» атты философия 
тарихы  бойынша  төрт  томдық  топтаманы  да  атауға  болады  [2]. 
2004–2009 жылдары елімізде жүзеге асқан Мемлекеттік «Мәдени 
мұра»  бағдарламасы  қазақ  халқының  ежелден  қазіргі  кезеңге 
дейінгі философиялық ойын біршама жүйелі түрде жинақтауға 
және оларға түсіндірмелер беруге 20 томдық топтаманы шығару 
арқылы септігін тигізді. Бұл көлемді де жауапты жұмыс Әбдімәлік 
Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен іске асты. Көрші жатқан 
түркітілдес және мұсылман елдерінде осындай қадамдар жасауға 
деген талпыныстар бар. Мәселен, әзірбайжан және тәжік елдерінде 
өздерінің ұлттық философиясының ерекшеліктері туралы рухани 
мұрасын үш томдық етіп жинақтағаны белгілі.
Жалпы, тарихи процестің динамикасын философиялық тал-
дау барысында өзара тығыз байланысты екі маңызды құбылысты 
байқаймыз. Біріншісі – тарихи кезеңдерді, тарихи деректерді, та-
рихи тұлғаларды жан-жақты, пәнаралық зерттеу жасау, екіншісі 

13 
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының 
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
–  зерттеу  қорытындыларын  ғылыми  ортаға,  жалпы  оқырманға 
белгілі  бір  деңгейде  дәйектелген  тұжырымдар  ретінде  жеткізе 
білу  орынды.  Кейде  осы  екі  құрамдас  бөліктен  бір  жүйенің 
ішінде  өзіндік  қайшылықтар  туындауы  ғажап  емес.  Себебі  та-
рихи  үдерісті  барынша  терең  игердім,  түсіндім,  оның  әрбір 
қалтарысына лайықты баға бердім деген зерттеушінің өзі кейбір 
ойларын  қисынды,  нақты  тұжырымдармен  жеткізе  алмауы 
мүмкін. Оған кедергі келтіретін факторлар ауқымы жеткілікті.
Баяндау  әдісімен  қаруланған  ізденуші  үшін  қоғамда  болып 
жататын  үдерістерге,  оның  бетке  шыққан  көріністеріне  сыртқы 
құбылыстық  деңгейде  ғана  жалпылама  сипаттама  жасалып, 
ондағы  мәндік  негіздердің  түптамырлары,  себеп-салдарлары 
қамтылмай  қалу  қаупі  де  жоқ  емес.  Сондықтан  тарих  филосо-
фиясымен немесе философия тарихымен айналысқан зерттеуші 
тек  қана  өзінің  жеке  дүниетанымдық  шеңберінде  шектеліп 
қалмай,  замана  туындатқан  Ақиқатты  іздеудің  жаңа  тәсілдерін, 
толыққанды болашаққа қарай гуманистік мағынадағы жол аша-
тын әмбебаптық үлгілерді игергені абзал. Осындай әдіснамалық 
соны үлгіге тарихқа деген тұтастық, жүйелі тұғырлардан қарауды 
жатқызуға болады. Демек, адамзат тарихы біртұтас әлемді мойын-
дай отырып ішкі тарих жолдарының әрбір ел үшін көптүрлілігінің 
тұтастанған қисынымен дамуы және оның келбетін бұзбайды деген 
түсініктердің басымдық танытуы да бекер емес. Керісінше, осын-
дай  әрекеттер  оны  түрлендіре,  гүлдендіре  түседі,  бұл  саладағы 
жаңашылдықты игереді. 
Қазақ  қоғамының  этномәдени  тарихы  жалпыадамзат 
тарихының бір құрамдас бөлігі болып табылады және оның даму 
заңдылығы  өзінің  ерекшелігімен,  өзіндік  сипаттарымен  жалпы 
адамзат эволюциясын байыта түседі, әрлендіре алады. Осындай 
ахуал ғылыми теорияны қалыптастырудағы жаңаша мағынадағы 
логиканы,  түсініктер  құрылымын  қажет  ететін,  жаңаша 
құндылықтық жүйені, иерархияны басшылыққа алуды үйрететін 
салаға  қажеттілік  туындатады.  Ғасырлар  бойы  қоғамдық  санада 
қордаланған рухани байлық, рухани мұра өзінің жаңа замандағы 
қолданушысына  лайықты  бейнеде  тапсырылуы  тиіс,  демек, 
ғылыми сұрыптаудың арқасында ғылыми нысан електен өткізілуі 
арқылы  өзінің  қоғамға  және  адамға  деген  рухани-практикалық 
нәтижесін, руханиятқа деген игілігін қомақты түрде бере алады 
[3].

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
14
Ежелден тарихи процесс кәсіпқой тарихшылар тұрғысынан 
алғанда, негізінен, баяндалу әдісі арқылы тұжырымдалады. Әрине, 
бұл  тәсілдің  белгілі  бір  деңгейдегі  ғылым  үшін  құндылығын 
жоққа шығаруға болмайды. Ол тарихи деректер тізбегін жасау-
да, кейбір тарихи оқиғаларды бейнелеуде өзінің жемісті ғылыми 
нәтижелерін берері анық. Әсіресе, қоғамдағы үлкен бетбұрыстар 
болған  кездерде  әлеуметке  тарихи  шындықты  жеткізуде 
бұл  тәсілдің  орны  ерекше.  Дегенмен,  баяндау  тәсілі  арқылы 
философиялық  терең  пайымдаулар  жасалмай  қалатын  кездер 
жиі  кездеседі.  Сол  кезде  тарихи-философиялық  зерттеулердің 
маңызы арта түседі. Әсіресе, қазақ халқының төл тарихын іштей 
білетін Ш. Уәлиханов сынды ғалымдардың еңбектеріне назар ау-
дару да құнды қадам болып табылады [4]. 
Кейде  тарихи  үдерістің  қалтарыстары,  терең  қатпарлары 
ғылыми таным тарапынан толықтай және жан-жақты зерделен-
бей қалатын кездері де болады. Дегенмен, оның әр қилы себептері 
болғанмен  өз  уақыты  келгенде  нысанның  объективті  түрде 
зерделенуіне толықтай назар аударылатын тарихи кезең де келді. 
Сондықтан  ғылыми  ізденістердің  барынша  ақиқатқа  жақын, 
шынайы  өзара  пәнаралық  сипатта  өрнектелуі  орынды  және 
маңызды  болып  келеді.  Сондықтан  қоғамтанушыларымызды, 
гуманитарлық  саланың  ғалымдарын  кінәлауға  болмайды  және 
отан  тарихшыларының  орасан  зор  еңбегін  жоққа  шығаруға  да 
болмайды.  Осындай  жағдайда  өзара  байланыс  арқылы,  ғылыми 
ықпалдасудың көмегімен тарих философиясын зерделеу орынды. 
Ал тарих философиясының, қоғам философиясының негізгі зерт-
теу нысаны тарихи үдерістің түптамырын анықтау екені де белгілі. 
Өткен тарихи кезеңдердің ішінде — XX ғасыр адамзат тари-
хында ең күрделі де қайшылықты шақ болып табылады. Ал қазақ 
халқы үшін де ол уақыт оңайға соққан жоқ. Енді, міне, өткенімізді 
сараптап,  өшкенімізді  жандыратын  шақ  келді.  Әсіресе,  қазақ 
философиясының осы тарихи дәуірге тән ерекшелігін айқындай 
түсу  абыройлы  іс  деуге  болады.  Осындай  күрделі  де  маңызды 
саланы  тереңдеп  түсінуге,  зерделеуге  үнемі  оралып  отыруы-
мыз  ешқашан  артықтық  етпейді. Себебі, өткен  тарихи кезеңдер 
зерттеушілер  үшін  жаңа  қырынан  ашыла  түседі,  болашаққа 
қарай алға басуға, небір тарихи сабақтарды бағамдаудан өткізуге 
мүмкіндіктер туады.

15 
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының 
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Жалпы, XX ғасырдың философиялық ойы туралы жан-жақты 
тұжырымдар  келтіру  үшін,  оның  рухани  бастаулары  болған  та-
рихи процестер мен рухани бастаулар туралы сөз қозғағанымыз 
жөн. Дүниеге Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әли хан Бөкейханов, Ах-
мет  Байтұрсынов,  Мұстафа  Шоқай,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров, 
Міржа қып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мағжан  Жұмабаев, 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  және  Мұхтар  Әуезов  сынды  алыптарды 
сыйлаған  ХХ  ғасырдың  бас  кезеңі  өзінің  білім  мен  ғылымға  де-
ген  ұмтылысымен  ерекшеленді.  Олардың  көбісі  Батыста  білім 
алып келген ұлт азаматтары болатын. Міне сондықтан зиялылық 
биігіне көтерілген озық ойлы жандар халқының рухани әлемінің 
жетілдіруді  қажет  ететінін  жақсы  түсінген  болатын.  Жалпы 
даналыққа  деген  құрмет,  бақытты  іздеудің  жолдарын  анықтау 
түркілік әлемде ортағасырлардан бері орын алғаны белгілі.
«Жел  тұрмаса  шөптің  басы  қимылдамайды»  дегендей  кез 
келген  әлеуметтік  құбылыстың  дүниеге  келуі,  қоғамда  өрбуі 
кездейсоқ емес. Өмірде барлық процестер бір-бірімен байланы-
сып, себептік қатынаста болып, сабақтасып жатады. XX ғасырдың 
басында  Ресейдің  көптеген  қалаларында  жоғары  және  арнаулы 
білімдер  алып  келген  қазақтың  алдыңғы  қатарлы  азаматтары 
баспасөз  ісімен  үлкен  жауапкершілікпен  айналыса  бастайды. 
1911  жылдан  1915  жылға  дейін  «Айқап»  журналы  жарық  көрді. 
Оның  редакторы Мұхамеджан  Сералин  болатын. Журнал  қазақ 
жеріндегі  саяси-әлеуметтік  ойдың  аграрлы-демократиялық 
бағытын танытты. 
Қазіргі  тарихи кезеңде еліміздің этноәлеуметтік кеңістігінде 
орын  алып  жатқан  ұлттық  бірегейліктің  мәні  –  мазмұны  және 
құрылымы туралы әртүрлі бағыттағы саясаттанулық мағынадағы 
пікірталастардың түпкі бастауы ХХ ғасыр басынан тарихи бастау 
алғанын байқаймыз. Өйткені, өзінің ұлттық өзіндік санасын зер-
делеуге, бағамдауға талаптанған, талпынған қазақ халқының зи-
ялы өкілдері терең философиялық мағынадағы дүниетанымдық 
иірімдерге, мәселелерге де көңіл аударып, өмірдің шынайы мәні 
мен  мағынасын  іздеуге  бет  бұра  бастағанын  байқаймыз.  Демек, 
ұлттық санада ұлттық рухтың жаңа деңгейі қалыптасуының баста-
уы осы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық 
қызметімен дөп келеді.
Заманында  «Алаш  туы  астында,  Біз  –  Алаштың  баласы. 
Күніміз  туып,  көгерді  Сарыарқаның  даласы»  деп  Сұтанмахмұт 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
16
Торайғыров ұранын жазған «Алаш» идеясы да «Түркістан» иде-
ясына жақын болды. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан та-
рихи санасында «Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, біз 
қалмаққа  не  көрсетпедік»  деген  заманнан  бері  сақталып  келген 
бұл идеяның осы заманда қайта жаңғыруының да өз орны бар еді. 
«Алты Алаш» атауы кезінде түбі бір түркі халықтарының сыртқы 
жауға қарсы тізе қосып қарсы шығып, бірігуінен туындаса керек. 
Қазақ мақал-мәтелдерінің негізгі тақырыбын құрайтын ынтымақ 
пен бірлікті сақтауда ұлт зиялылары Түркістан идеясын да, Алаш 
идеясын  да  әмбебап  Қазақ  идеясының  қазығына  байлауды  жөн 
санайды.  Осы  тұтастық  пен  бірлікке  жету  үшін  алаш  көсемдері 
алғашқы бейресми жалпыұлттық саяси баспасөз болып табыла-
тын «Қазақ» газетін ұйымдастырып, онда қазақ халқының ұлттық 
тұтастығы, ел мен жер бірлігі, жалпыұлттық және демократиялық 
мақсаттар насихатталды. 
Дәуірдің  басындағы  қазақ  зиялыларының  отаршылдыққа 
қарсы  санасы  жарқ  етіп  көрініс  тапқан  реформашыл  либерал-
демократтық сипаттағы бір тобы (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, 
М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ж. Ақбаев 
және  т.  б.)  бастапқыда  «Қазақ»  газетіне  топтасып,  кейіннен 
«Алаш»  ұлттық  қозғалысын  басқарып,  Алаш-Орда  үкіметін 
құрды. Олар жалпыресейлік федерация құрамында қазақтардың 
теңқұқықтығын  талап  етіп,  жерді  басып  алуды  тоқтатуды,  оры-
стандыру  саясатына  қарсы  ұлттық-мәдени  тиесілікті  сақтауды 
ұран қылып көтерді. Саяси ұстанымдарының орнығуына қарай, 
дербес ұлттық мемлекет құру үшін ұлттық үкімет және ұлттық 
милиция (әскер) құрды. Алаштықтар шұғыл шығармашыл элита 
құру  арқылы  отаршылдық  болмысты  реформалау  нәтижесінде, 
еуропалық мәдениетті игере отырып, ұлттық дәстүрге реставра-
ция жасау арқылы қазақ ұлтын жаңа сатыға көтеруге әрекет етті. 
Ұлтты  бір  ортақ  идеяға  ұйыстыру  үшін  кезінде  ел  басына  күн 
туып, жаугершіліктен аман қалу үшін көтерілген «Алаш» идеясын 
қазақтың осы серкелері қалыптасқан ахуалға сай, отаршылдықтан 
босану  үшін,  ұлттық  идея  ретінде,  тәуелсіздік  идеясы  ретінде 
қайта жаңғыртып көтерді.
Әрине,  ешқандай  көзқарас  бірден  жүйелене  қалмайды. 
Ол  әрқилы  пошымды  нұсқаларды  өзіне  телуге  де  тырысады. 
Сондықтан болар 1913 жылдан 1918 жылдар аралығында шығып 
тұрған  «Қазақ»  газеті  либералды-демократиялық  бағыттың 

17 
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының 
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
мүддесін  қорғады  және  жердің  мемлекеттік  меншікке  өтуіне 
қарсылық  білдіріп  отырды.  Әлихан  Бөкейханов  жетекші  болған 
«Қазақ»  газеті  қазақ  зиялыларын  ХХ  ғасырдың  басында  бір 
идеяның  төңірегінде  біріктруге  тырысты.  Тарих  сахнасында  бар 
болғаны бес жылдың ішінде 265 нөмірі ғана жарық көрген газеттің 
атқарған  ұлттық  топтастырушы,  жақындастырушы  қызметі 
орасан  зор  болды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  нағыз 
идеологиялық құрал екенін қазақ қоғамы барынша сезіне бастай-
ды  және  елде  енді  дүниетаным  үшін  күрес  басталғанын  ұлттық 
сана мойындайды.
Ә.  Бөкейхановпен бірге демократиялық, ұлттық «Қазақ» газетін 
ұйымдастыруға белгілі тіл білімінің маманы Ахмет Байтұрсынов 
та қатысады. Оның орасан зор сіңірген еңбегі араб графикасындағы 
қазақ әліпбиін жасауында болатын. А. Байтұрсыновтың тіл фило-
софиясы нағыз халықтың рухани дүниесінің қажеттілігімен үндес 
келеті.  Ол  ұлы  Абайдың  тұлғасы  мен  шығармашылығын  алғаш 
кеңінен насихаттаған ойшыл болып табылады. Ақынның алғашқы 
өлеңдері  «Қырық  мысал»  атты  аударма  жинағында  1909  ж. 
Санкт-Петербургте жарық көрді. Байтұрсыновтың екінші кітабы 
– «Маса» 1911 жарық көрді. Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын 
ұлттың рухани кеңістігіндегі рухани жетілмеушіліктің көріністері 
– қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық 
сияқты  өркениеттік  кемшіліктерді  сынады.  Автордың  көптеген 
өлеңдерінде  өзектендірілген  идеялар  сол  кездегі  ағартушылық 
бағытындағы ойлармен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай 
қалыптастырған рухани дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық 
бағыттағы  өрісті  ойларды  өз  деңгейінде  жалғастырушы  ретінде 
белсенділік танытты. 
Жалпы,  «Қазақ»  газеті  ұлттық  мүдденің  жаршысына 
айналған болатын. Ол газетте алғашқы рет «Алаш» партиясының 
бағдарламасы  жарық  көреді.  Жалпы,  бұл  партияның  негізгі 
мақсаты  Ресей  мемлекетінің  құрамында  қазақ  автономиялық 
мемлекетін құру болатын. Ресейдің федеративті демократиялық 
республика  болғанын  қалаған  қазақ  интеллигенциясы  оның 
құрамына  енетін  әрбір  мемлекеттің  автономиялығын  бекітіп, 
оларға  толығымен  бірдей  деңгейдегі  құқық  берілуі  мен 
мүдделерінің  қорғалуын  ХIХ  ғасырдан  бастап-ақ  қалады.  Бұл 
әрекеттердің бәрі, әрине, толық тәуелсіздік алу жолындағы қазақ 
ұлтының  XX  ғасырдағы  алғашқы  қадамы  екенін  қазақ  зиялыла-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
18
ры жақсы түсінді. Бірақ осындай тәжірибе жинақтамай, үлкенді-
кішілі  мәселелерді  әлеуметте  жан-жақты  талқылаудан  өткізбей, 
ұлттық болмысымызды түбегейлі өзгертуге болмайтындығын да 
зерделі азаматтар жақсы түсінген іспетті.
Әрине,  қазақ  қоғамында  оған  дейін  де,  яғни  XIX  ғасырдың 
соңында халықтың өзіндік рухани құндылықтар жүйесін білдіріп 
отыратын газет шығару тәжірибесі қалыптасқан болатын. Мәселен, 
1870 жылдан 1882 жылдар аралығында жарық көрген «Түркістан 
уәлаяты  газеті»,  1988–1902  жылдардағы  «Дала  уәлаяты  газеті» 
Ташкент пен Омбы қалаларында шыққаны белгілі. Бұл газеттерде 
көптеген этностық сана үшін маңыздылығы зор мақалалар жария-
ланады.  Мәселен,  қазақтың  ауыз  әдебиеті  мен  салт-дәстүріндегі 
ерекше белгілер алғашқы рет әлеуметтік сараптама тұрғысынан 
талдаудан өтеді. Сонымен, оқырмандар алғашқы рет Шығыстың 
інжу-маржандарымен осы баспасөз беттері арқылы тікелей таны-
сады. Қазақтың бетке ұстар ұлттық интеллигенциясы, ойлы аза-
маттары осы баспасөздердің беттерінен көріне білді. Ал енді XX 
ғасырдың  басындағы  жаңа  құндылықтық  бағдарлардың  жалпы 
сипаттамасы,  жаңа  өмірге  деген  бетбұрысы,  ұлттық  санасының 
өзіндік  деңгейінің  көтеріле  бастауының  нышаны  жоғарыда 
аталған «Айқап» пен «Қазақ» беттерінен көрінді.
Жоғарыда  аталған  әлеуметтік-саяси  процестердің  қазақ 
қоғамы  үщін  маңыздылығы  ерекше  болды  және  олар  қазіргі 
Қазақстан  жағдайындағы  қоғамдық  сананың  бағыт-бағдарының 
өркендеуіне,  өрбуіне  демеу  болып,  ғасырлар  астарындағы 
түпкі  тарихи  себептердің  қатарында  болды.  Сондықтан  тарих 
қойнауындағы  күрделі  үдерістерге  әлеуметтік-философиялық, 
мәдени-философиялық  және  тарих  философиясы  тұрғысынан 
талдаулар жасау маңызды. Олар тек қана тереңдетілген кейіптегі 
алдағы зерттеулердің нысаны болғаны игі нәтижелер береді. Деген-
мен, қазіргі кезеңде елімізде, сонымен қатар көрші мемлекеттерде 
осы мәселелердің төңірегінде біршама инновациялық сипаттағы 
теориялық  конструкциялардың  қалыптаса  бастағанын  да  ескер-
туге болады. Әсіресе, тарихты тек «соғыстар мен қақтығыстардың 
жиынтығынан тұратын ақпараттық көз» деп қарастырмай, оның 
рухын қалыптастыруда, рухани мәдениетті жетілдірудегі қызметін 
анықтай білу маңызды екені айтылуда. 
Ал, енді қазақтың тілінің әлеуметтік және мәдени әлеуеті зор 
екендігін көптеген зиялылар өткен ғасырларда айтып кеткенін еске 

19 
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының 
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
түсіре  аламыз.  Әсіресе,  әлемдік  тілдер  қауымдастығында  қазақ 
тілінің өзіндік ғажайып қасиеттері бар екендігін М. Жұмабаев ХХ 
ғасырдың басында төмендегідей кейіпте шынайы суреттеуге ты-
рысады: «... Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, 
орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік ба-
лалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ 
тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың 
әдебиет  тілі  жыл-жыл  сайын  қазақ  тіліне  жақындап  келеді. 
Күндерде  бір  күн  түрік  балаларының  тілі  біріксе,  ол  біріккен 
тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тари-
хында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай бо-
луына біздің иманымыз берік» [5]. 
Осындай  тілге  деген  үлкен  құрмет,  оның  қазақ  этникалық 
әлемін  тұтастындырудағы,  құндылықтар  саласын  жүйелеудегі 
мықты тетік екенін Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Шоқай 
бастаған  қазақ  зиялылылары  ХХ  ғасырдың  басында  өте  жақсы 
түсінді  және  оны  барынша  насихаттауға  тырысты  [6].  Әрине, 
патшалық Ресей де кейін Кеңес Үкіметі де қазақ тілінің өркендеп 
кетуіне аса бір қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылмады. Өйткені 
бұл  қадам  жоғарыдағы  саяси  режимдердің  идеологиялық 
бағдарларына сәйкес келмеді, олар мемлекетті өркендететін құрал 
немесе  саяси  қажеттілік  деп  таппады.  Сондықтан  әлеуметтік 
әділеттілікке  деген  ұмтылыс  билеуші  қоғамдардан,  үстемдік  ет-
кен  саяси  режімдерден  аса  байқалмады.  Себебі,  дүниетанымда 
руханилықтың негізгі ұстаным болуы өзімшілдік пен табиғи ин-
стинктер  үстемдік  еткен  қоғамда  айқындаушы  күшке  айналуы 
мүмкін емес еді. Ұлт тарихының ақиқаты мен шындығы осындай 
болатын.
Ал  енді  жоғарыдағы  қазақ  зиялыларымен  қатар  қысқа  да 
болса  мазмұнды  ғұмыр  кешкен  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 
қазақтың ақиық ақыны деңгейіне дейін көтерілді. Оның «Қамар 
сұлуында»  әйел  теңсіздігі  мәселесі  көтеріледі  және  заман 
шындығы  әлеуметтік  әділетсіздік  тұрғысынан  талданады,  соны-
мен  қатар  «Кім  жазықты?»  романында  ауыл  өмірінің  шындығы 
жан-жақты  суреттеледі.  Қазақ  қоғамының  артта  қалушылығы 
шаруашылығының  дамымауымен  байланысты  екенін  баяндай 
отырып,  адам  бойындағы  психологиялық  жетіспеушіліктер 
–  талапсыздық  пен  шаруаға  қырсыздық,  жалқаулық,  өзара 
алауыздық сияқты көріністер сыналады. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
20
С.  Торайғыров  өзінің  сюжетсіз  поэмаларында  өмірдегі  сан 
түрлі  мәселелерді  кеңінен  қамтып,  ой-тұжырымдарын  ашық 
насихаттауға тырысады. «Таныстыру» атты поэмасында Алашор-
да  қозғалысы  өкілдерін  елге  танытуды  өзіне  мақсат  етіп  қояды. 
Мәселен,  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов  сияқты 
көрнекті тұлғаларды – «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай» деп 
сипаттауының өзінде терең ыстық ықылас жатқанын байқаймыз, 
ол  сонымен  қатар  «Алаш  қозғалысы»  қайраткерлерінің  қазақ 
елінің дербестігі, тәуелсіздігі жолындағы талпыныстарын саралау-
дан өткізеді. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары 
Абай мен Шәкәрімнің тарихи мәртебесін көтеруге тырысады. 
Ақынның  «Адасқан  өмір»,  «Кедей»  поэмаларының 
негізгі  нысаны  қоғамдағы  әділетсіздіктің  түбегейлі  себептерін 
ашу,  қоғамдағы  теңдікті  іздеу  болып  табылады.  Ақын  қазақ 
ауылындағы әлеуметтік ауқымнан шығып, капиталистік қоғамға 
тән  мәселелер  топтамасындағы  қайшылықтарды  таразылау-
дан  өткізеді.  Бұл  автордың  маңызды  құбылыстың  терең  сырын 
анықтауға деген қадамы болатын. «Адасқан өмір» поэмасы қазақ 
қоғамындағы өзекті мәселелерді зерделеуге шақыратын шығарма 
еді. Поэманың лирикалық кейіпкері үнемі өмірде ізденумен бо-
лады,  ол  әртүрлі  кәсіппен  айналысады,  бірақ  ешқандай  рухани 
қанағаттануға  қол  жеткізе  алмайды.  Міне  сондықтан  ақынның 
пайымдауынша,  болашақта  адам  болмысын  толықтай  ашатын 
жаңа  қоғамды  қалыптастыру  керек.  Сөйтіп,  жұмыстың  негізгі 
идеясы – адам белсенді болу керек және ол қоғамдағы өмірде өз 
тілегіне сай жағдайлар жүйесін жасай алады. Соған ұмтылған жан 
ғана бақытты болуға лайықты деген қорытындыға келеді. «Кедей» 
атты поэмасының бас кейіпкері қоғамда әлеуметтік әділдік тап-
пай, қиналады.
  Адам  мен  қоғам  арасындағы  өзара  байланысты  қарастыру 
әлеуметтік  фмлософиялық  зерттеулердің  басты  бағдары  мен 
міндеті  болып  табылады.  Сондықтан  ақын  осы  қайшылықты 
үрдістерді  жақсы  байыптап,  бітіспес  күрестің  түптамырын 
анықтауға  тырысады.  Дегенмен,  «Айтыс»  поэмасы  толық 
аяқталмай қалады. Автор гуманитарлық салада жиі қолданатын 
диалог  әдісін  қолданып,  зерделеу  барысындағы  салыстырмалы 
тұжырымдарды  оқырманына  ұсынуға  тырысады.  Сөйтіп,  қала 
ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты 
жақтары мен адамға пайдалы тұстарын көрсетеді. ХХ ғасырдың 

21 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет