НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН
V Конгресс социологов тюркоязычных стран 475
асқындырады. Бұны соңғы ширек ғасырдан аса уақыт молшылық
қоғамының теріс жағы болатын келеңсіз құбылыстардың күшеюі
дəлелдейді.
Еңбек бөлінісі капиталистік қоғамда жекеліктердің
мүдделерін қарама-қарсы қойып, олардың арасында төзімсіздікке,
қайшылықтар мен жанжалда-суға, үстемдік пен қанаушылыққа
негізделген
қарым-қатынастарды
қалыптастырады.
Әр
жұмысшы дайын болатын еңбек өніміне өзінің болмашы ғана
үлесін қосады. Тар мамандану адамның тіршілік əрекетін
ізгілендірусіздендіреді, яғни ізгілікті қарым-қатынас негіздерінен
айырады. Еңбек бөлінісі жалпы экономиканы дамытқанымен,
адамдарды біржақты қалыптастыратын алып өндіріс
құрылғысының бір бұрандасының əрекеттерін ғана орындатады.
Еңбек бөлінісі адамның əлеуетін жетілдіруге шектеу қоюмен
бірге, еңбекшілерді өзі тұратын қауымдасудан жасанды түрде
бөліп тастайды. Бұл органикалық ынтымақтастықты нығайтумен
қатар (Дюркгейм), қауымдастықтың қарым-қатынастарын
əлсіретіп, �жалған� ұжымдасуы орын алады. Маркстің пайымы
бойынша, еңбекті адамдардың жан-жақты дамуына мүмкіндік
беретін түрде ұйымдастыру керек. Ал жатсынған адам өзінің
ізгілікті əлеуетін жүзеге асыра алмайтын күй кешетін болады.
Қазақстандағы өндірістегі жатсынуды еңсеру, ізгілікті
қатынастарды қалыптастыру əлеуметтік-еңбектік қатынастар-
дың объективті жəне субъективті негіздерін өзгертуді қажет
етеді. Еңбек адамның қабілеттерін дамытатын түрде жəне
демократиялық теңдік пен əділеттілік жағдайларын қамтамасыз
етуі қажет. Еңбек адамды жан-жақты қанағаттандыруы, қуаныш
сыйлауы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаев еліміздің қарқынды дамуын соңғы жылдары əлеуметтік-
еңбектік қатынастарды жетілдірілуімен байланыстыруға көңіл
бөлді. �Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына
қарай 20 қадам� атты мақала мен �Қазақстан -2050� стратегиясы
– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты� жолдауда
көрсетілгендей, Кəсіподақтар жəне еңбектің реттелуі туралы заң
қабылдау арқылы �еңбеккерлер мүддесін ескерген кəсіпкерлік
қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа
үлгісін жасау� [1]талабы қойылды. Осы мақсатты жүзеге
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
476 Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V Конгресі
асырудың жəне дамыған 30 елдің қатарына кірудің �Қазақстан
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ� бағдарламасы
Елбасының кезекті Жолдауында ұсынылды. Бұл аса күрделі
мақсатты орындау халықты �Мəңгілік ел� жалпы қазақстандық
патриоттық идея арқылы жұмылдыруды көздейді. Ал бұл осыған
лайықты əлеуметтік-мəдени ортаны қалыптастыруды қажет
етеді.
Сөйтіп, қоғам дамуының əлеуметтік-мəдені негізін
қалыптастыру ең алдымен экономикалық, саяси, құқықтық
ірге тасын нығайтуы тиіс.Осыған сəйкес əлеуметтік-еңбектік
қатынастар
өндірістік-технологиялық
жəне
ұйымдық
өзгерістермен байланыстырылып, бейімделіп іске асырылуы
тиіс. Жұмысшы өмірінің сапа тұжырымдамасы адам өміріндегі
еңбектің рөлін ұғынуға негізделеді. Еңбек адамды жан-жақты
қанағаттандыруы, жұмыстың қажытпауы, жалықтырмауы
жəне топастындырмауы кəсіпті дұрыс таңдаумен жəне еңбекті
ізгілікті талаптарға сай ұйымдастырумен де байланысты.
Сондықтан мектептерде кəсіби бағдарлаудың жəне еңбектің
ұйымдастырылуы еңбекті ізгілендіру талаптарына сай келмеуі
оқу орындары мен қызмет орындарындағы қарым-қатынастардың
қайшылығын тереңдетеді.
Орта мектептерде кəсіби бағдарлаудың, біріншіден,
оқушының еңбекті құрметтеуін қалыптастыру жəне екіншіден,
қай кəсіпке бейімділігі басым екенін анықтау маңызды. Бұл
жұмысқа психологтар мен əлеуметтанушылар қатыстырылуы
тиіс. Болашақта əр мамандыққа қабылдаудан бұрын кəсіби
бейімділігін анықтап алудың қатал талабы қойылуы тиіс
болады. Әр оқушының өз қабілеттері мен бейімділігіне сай оқу
таңдауын отбасы мен мектеп қабырғасында қалыптастыруға
мəн берілуі керек. Бүгінгі кəсіби бағдарлау жағдайы қоғамның
əлеуетін, қаржысын ысырапқа ұшыратумен тең. Әзірше мектеп
бітірушілер көпшіліктің біржақты пікіріне сүйеніп, беделі мен
айлығы жоғары деген мамандықтарды немесе ақысы төмен
кездейсоқ оқуды таңдап, кейін оны жан-тəнімен оқуға көңілі
де, ерік-жігері де жетпей уақыт та, қаржы да ысырап болып
жатыр. Жалпы жоғары оқу бітірушілердің жартысына жуығы өз
мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН
V Конгресс социологов тюркоязычных стран 477
Қоғамдық қатынастардың негізі дұрыс жолға қойылмай
өскелең ұрпақ бұрынғыдай масылдық, тамыр-таныстық
пиғылдың ықпалында қала бермек. Білім мен еңбектің шынайы
бəсекелесуін орнықтыру биліктің, басқарушылардың қиянаттық
жасауына жол берілмейтін тəртіпке қол жеткізуді қажет етеді.
Яғни адал еңбекті бағалайтын заңдарды орындату басты шарт.
Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттейтін заңдарды, жұмыс
берушіні білім мен еңбегін əділетті бағалайтын талаптарды
орындату амалдарын жасамай жастарды адал еңбекке
жұмылдыру,масылдықтан арылту ұрандардың нəтижесі тиімсіз
болмақ. Әлеуметтік жаңғырту талаптарын толыққанды іске
асыру əділетсіз, тамыр-таныстықпен қызметтің өрлеуі, тұрмыс
жағдайын жақсарту, салықтан құтылу сияқты келеңсіздіктерге
жол берілмеуді қажет етеді. Бұл мəдени-құлықтық қатынастардың
жетілуімен байланысты.
Қоғамның əлеуметтік-мəдени жағымды, əділетті жағдайы
қалыптасқанда еңбекті қадірлеу, бағалау жүзеге асырылғанда
əркім өзінің сүйген ісімен айналысу талаптары да орындалатын
болады. Өз ісін сүйген адамның, өз еңбегіне, бейнетіне қарай
зейнетін көретініне сенімі артқан сайын адам өз ісіне беріліп, одан
рухани лəззат тауып өмір сүреді. �Берекені көктен тілеме, еткен
еңбектен тіле� деген қағиданы орнықтыру мəдени құндылық
ретінде өскелең ұрпаққа үлгі болады. Ал бүгінгі əсер ететін түпкі
себеп батыстың теріс қалыптасқан нарық экономикасы. Шексіз
табысты мақсат қою – бұл батыста қалыптасқан əлеуметтік дерт,
қоғамдық дамудың ауытқуы. Әуелде батыс нарық экономикасы
протестанттық өнеге-ғибрат бойынша қалыптасқан. Бұл діни
көзқарас бойынша адам өз мамандығының бейімділігіне бой ұруы,
еңбекті қадірлеу, қасиет тұтуы тиіс. Протестанттық өнеге-ғибрат
үнемшілдік, парасаттылық пен қатал тəртіп негізінде ақша жинап,
жиналған капиталды өндірісті дамытуға жұмсауға тəрбиелеген.
Ал молшылық қоғамы осы талаптарға кереғар тұтынушылық
психологияны қалыптастырып, батыс экономикасын соңғы
кезеңде дағдарысқа əкелді. Үстем таптың пайымдауынша,
əлеуметтік молшылық тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Батыста жаңадан басталған толқулар бұны жоққа шығарады. Бұл
нарық экономикасының табиғатынан туындаған.
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
478 Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V Конгресі
К. Поланьи тұжырымдамасы бойынша, нарық жүйесінің
келеңсіздіктерінен қорғау үшін ол түптің түбінде өзін-өзі
реттеуін тоқтатуы керек. Бұны орындау мақсатында нарықтың
іргелі мəнді жəйттерін – еңбекті, жерді жəне ақшаны нарық
қатынастарынан шығару қажет. Себебі адамдар жер мен еңбекті
табиғи құндылық ретінде қабылдап, олардың тауарға айналуына
қарсы тұрады. Басқа жағынан, бұл объектілер мемлекеттің
реттеушілік араласуы арқылы ғана нарықтың еркін айналымына
енуге қабілетті болады. Мемлекеттің қолдауынсыз ақша, жер
мен еңбек қатынастары іске асырылуы мүмкін емес.
Дж. Гэлбрейт пайымдағандай, мемлекет барған сайын
монополиялардың торына тартылып барады: �Қоғам мен
корпорациялардың мүдделері қайшы келеді. Қоғам өзінің
мүдделерін нығайтуда тек қана мемлекетке сенім арта алады.
Мемлекет болса елеулі шамада корпорациялардың билігінің
астында�[2]. Дегенмен монополиялар мен мемлекеттің халықты
материалды игілігін қамтамасыз ету саясаты ХХ ғасырдың
екінші жартысында батыс адамының даралық қасиеттерінен
айырылуға,
əлеуметтік-сыншылдық
қабілетін
жойып,
ойлаудың бірөлшемділік күйін, тұтынушылық психологиясын
қалыптастыруы дүниетанымдық көзқарасын материалдық
молшылық түсінігімен ауыстырды. Мемлекет монополиялардың
шексіз үстемдігінің орнына қоғамдық игіліктердің үстемдігін
орнатпай, адамның рухани азғындауы тереңдей береді.
Материалды игіліктерді тұтыну ықпалында тəрбиеленген,
тəжірибесі жоқ жастар табыстан бұрын өмірдің мəні еңбектің
құндылық ретінде дамытушы мазмұнын, шығармашылық
əлеуетін игеру арқылы жүзеге асырылуы маңызды екенін
жеткілікті түйсінбейді. Отбасы мен мектеп бермеген білім
салдарынан сүймеген, қолдан келмейтін іске ұрынудың соңы
реніш, кейіске айналатынын уақыт еншісінде екенін жастардың
көпшілігі сезбейді. Ал халықтық дəстүрге, дінге, тəрбиеге сүйену
қате қадамнан сақтандырар еді. Өйткені �сүйген істің түбі –
кеніш, сүймеген істің түбі – реніш�.
Қазақстанда
өтпелі
кезеңнін
тəжірибесі
нарық
экономикасының енгізілуінен туындаған теріс құбылыстарды
қорытуға мүмкіндік берді. Әсіресе еңбектің қоғамда алатын
НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН
V Конгресс социологов тюркоязычных стран 479
орны еленбей келгені 2012 жылы бұл мəселеге жаңа көзқарасты
қалыптастыруды қажет етті. Елбасы өзінің �Қазақстанның
əлеуметтік жаңғыртылуы� мақаласы жəне �Қазақстан-2050�
стратегиясы� баяндамасында əлеуметтік жаңғырту саясатының
негізін шынайы өндірістік еңбекті қалыптастыру мəселесімен
байланыстырады. Бұл елімізде əлеуметтік жаңғыртуына
жасайтын аса маңызды бетбұрысты білдіреді. Бұл бəсекеге
қабілетті қазақстандықтарды қалыптастыру үрдісін тереңдетуге
бағытталады.
Елбасы қойған мəселенің өзегін адам еңбегін бағалау жəне
оның жемісін тиімді пайдалана алуын қамтамасыз етуі жөнінде
ойы құрады. Сондықтан əлеуметтік жаңғырту саясатын шынайы
өндірістік еңбекті ұйымдастыру негізінде жүргізу ұсынылды.
Өйткені тарихи тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде де,
Қазақстан, Ресей т. б. посткеңестік елдерде де еңбек саласындағы
келеңсіздіктер экономикалық дағдарыстың, жұмыссыздықтың,
қылмыстың, əлеуметтік масылдықтың туындауының себебі
болды. Дамыған елдерде тұтынушылық, молшылық қоғамын
құру мақсаты адамның қалыптасуына теріс ықпалы басым
болды. Елбасының мақаласында айтылғандай: �Тұтынудың бұл
идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл əлем ерекше көз
жеткізіп отыр. Ол əлемнің дамыған елдерінде жаппай əлеуметтік
масылдық туындатты жəне жаһандық дағдарыстың басты
себептерінің бірі болып табылады� [3] делінген.
Осыдан шығатын талаптар жаңа əлеуметтік мəдениетті жəне
əлеуметтік басқарудың жаңа тұрпатын жасауды қажет етеді.
Еркіндігі шектеулі кеңсе қызметкері ұзақ уақыт қызметінің
қарапайым, дербес шешімдер іздеуге ынталандырмайтын
талаптарды ғана орындауға бейімделген адам күрделі
мəселелердің шешімін шығармашылық тұрғыдан амалын
іздеуге психологиялық кедергі пайда болады. Көнерген
білімі, жетілдірілмей қалған біліктілігі, бұйрықты орындауға
машықтанған қызметкер, Р. Мертонның пайымдауынша, түптің
түбінде дербес шешім қабылдау қабілетінен айырылады.
Кез
келген
қызметкер
өзі
атқаратын
еңбектің
мағынасыздығын, мəнсіздігін сезінетін көңіл күй кешуі мүмкін.
Өйткені адам өз еңбегінің нəтижесін, пайдалылығын анық
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
480 Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V Конгресі
білмесе немесе зияндылығын білсе жатсыну көңіл күй пайда
болады. Жатсынуды еңбекке қатынас нысанын мағынасыздық,
дəрменсіздік, үмітсіздік пен жатырқаушылық əлеуметтік көңіл
күй сипаттайды. Өз қызметін адал атқаратын қызметкер ұжымды
басқарушының немесе өндіріс орынның иесінің қиянаттығына
қарсы тұруға дəрменсіз екенін сезіну барған сайын еңбектен
жатсындырады. Қоғамдағы əділетсіздік қатынастар, сыбайлас
жемқорлық, көзбояушылық қызметкердің жұмысын сапалы,
шығармашылық тұрғыдан ізденіс жасауға қолбайлау б. т. Бұл
жоғары білім беретін оқытушыларға да қатысты. Жоғары білім
алуға дайындығы жеткіліксіз студенттер басым болып, оқытушы
олардың үлгерімін тиісінше төмен бағалауы оның еңбегін де
төмен бағалауы салдарынан көзбояушылыққа мəжбүрлеу кең
таралған құбылыс. Сол сияқты жақсы көрсеткішті қамтамасыз
етуге мəжбүрленген дəрігер, полицей, салық инспекторы адал
еңбектен жатсынады, еңбектің қадірін түсіреді.
Әлеуметтік жаңғырту үдемелі инновациялық-индустриялық
даму бағдарламасы негізінде іске асырылуы бұл əлеуметтің
сапалы деңгейінің заман талабына сай болуын қажет етеді.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру əр адамның өз орнында
кəсіби міндетін ақаусыз, жоғары азаматтық жауапкершілікпен
атқаруды талап етеді. Әр азаматтың қоғамдық құндылық ретінде
кəсіби жоғары деңгейде еңбекке саналы араласуы болашақта
�инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші – креативті
таптың туындауы мен дамуын қамтамасыз� етуді көздейді.
Бұл кəсіптік-техникалық жəне инженерлік білімнің өзектілігін
арттырады. Техникалық жəне кəсіптік біліммен қамтылу
жағынан Қазақстан жастары 17%-дан асса, Оңтүстік Корея мен
Жаңа Зеландияда – 45%, Бельгия мен Эстонияда – 34%, Ресейде
– 33%, Жапонияда – 30%. Сондықтан əлі кемінде бұл салаға
қаржыны жұмсауды еке есеге ұлғайту керек.
Бүгінгі оқу үдерісі шектеулі тəжірибемен ұштастығын ескеріп,
өндіріс орындары осы міндетті орындау жəне жас мамандарды
еңбек өтілін талап етпей қабылдауын заңдастыру өзекті мəселеге
айналды. Тəжірибелік жұмысты оқумен ұштастырмай, оның
қырсырын теориялық негіздермен байланыстырмай мамандарды
даярлаудың сапасы төмен болатыны жауыр болған əңгіме.
НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН
V Конгресс социологов тюркоязычных стран 481
Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттырудың басқа қорлары
ретінде еңбекті ұйымдастыру тиімділігі, еңбек тəртібін,
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек шығындарын үнемдеу,
электр қуатын үнемдеу жəне тиімді пайдалану бүгінгі қойылатын
маңызды талаптар. Қазақстандық жұмыскер жылына 24,5 мың
долларға өнім шығарса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың
доллар. Еңбек өнімділігі өндеуші кəсіпорындарда 2010 жылы 45
мың доллар құрады, сондықтан басқа салаларда бұл көрсеткіш
9 мың доллардан аспайды. Біздерде жұмыс уақтысы 9-10 сағат
болғанымен, дамыған елдердің 5-7 сағатта өндіретіннен 5-6 есе
төмен. Озық технологияларды оңтайлы пайдалану бұл елдерде
аптасына 26-30 сағат еңбек етуге мүмкіндік береді. Бір жыл
колемінде орташа 1330 сағат. ХЕҰ-ның дəлелдеуінше 36-40
сағаттан артық аптасына еңбек ету денсаулыққа, көңіл-күйге
теріс əсер етеді. Қысқа мерзімде өнімді еңбек етуді дағдыландыру
қажет. Ал бос уақыттың артуы жеке дамуға арналуы тиіс. Еңбек
өнімділігі деп еңбек қорларын тиімді пайдалануды айтады.
Осы аталғанның бəрі жаңа еңбек мəдениетін жəне əлеуметтік
басқарудың жаңа тұрпатын жасауды қажет етеді. Шынайы
ізгілікті əлеуметтік қатынастар негізінде құрылған қоғамда ғана
адам əлеуметтік қолайлы жағдайды сезетін болады. Ол үшін
саяси-құқықтық жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайлардың
лайықты қалыптастырылуы керек. Жаңа əлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан ұйымдастырылған қоғамның мақсаты
адамның мүдделерін ең басты құндылық ретінде бағалап,
еңбек жағдайларын, оның мазмұнын барынша ізгілендіруі жəне
мекемелер мен ұйымдағы қарым-қатынастарды теңқұқылы
негізде қалыптастыруды іске асыру болып табылады. Жұмыс
уақтысын тиімді пайдалану оның қатал өлшемін жəне оған
сəйкес кесімді еңбекақысын төлеуді анықтауы қажет. Бұл үдемелі
инновациялық-индустриялық даму бағдарламасын барынша
тиімді жүзеге асыруда əр адамның саналы еңбекке қатысуын
қамтамасыз етуіне негіз болады. Мұның бəрі ізгілікті, бəсекеге
қабілетті еңбек қоғамын қалыптастыруға жасалатын маңызды
қадамдары болып табылады.
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
482 Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V Конгресі
ӘДЕБИЕТТЕР
1. .�Қазақстан-2050� стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты�. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2012. 32 б.
2. Гэлбрейт Дж. Жизнь в наше время. М., 1986.
3. Назарбаев Н.А. Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан,
10 шілде 2012 ж.
Резюме
В статье рассмотрены проблемы создания социокультурных основ
развития Общества Всеобщего Труда в разрезе задач, поставленных в
Послании Президента Н. Назарбаева
–
в �Стратегии �Казахстан-2050�:
новый политический курс состоявшегося государства�.
Summary
The article considers the problem of creating a socio-cultural foundati-
ons of the development of the Company in the context of universal labor set
in the Message of President Nursultan Nazarbayev in the �Strategy� Kazak-
hstan-2050 �: a new policy established state».
НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН
V Конгресс социологов тюркоязычных стран 483
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТӨЛ
ТУЫНДЫСЫ
Н.Р. Мұсаева,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университетінің «Философия» кафедрасының професссоры,
философия ғылымдарының докторы
Р.А. Мұсаев,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университетінің «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және
музей ісі» кафедрасының оқытушысы, «Мәдениеттану»
магистрі
Қазақ елі пір тұтып, сабырлылық пен сұлулықтын символы
санайтын жылқы жылы да табалдырықтан аттады. Әрбір
жылдың өз несібесі болатыны сияқты 2014-те тарихымызда
өзіндік үнімен, асуымен есте қалатын ерекше сəт болғалы тұр.
2014 жылы Елбасы �Қазақстан жолы – 2050; бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ� тақырыпты жолдауын ұсынды. Оның
дəстүрлі жолдаулардан бастапқы айырмашылығы – сананы
селт еткізер елеулі идеясының болуы. Бұл жылы қазақтың ойы
ұшқыр, көзі көреген, көкірегі ояу ғалымы Мұхтар Өтелбаев
мыңжылдықтың жеті есебінің біреуін шешкендігін жариялады.
Яғни сұйықтық пен газдың қозғалатын, тайфун, цунами
тəрізді табиғи құбылыстардың пайда болуын, қозғалыс қайдан
басталып, қайдан аяқталатынын анықтауға мүмкіндік беретін
�Новье-Стокс� теңдеулерінің шешімін ұсынды. Сочи қаласында
өтіп жатқан ХХІІ ақ олимпиада да біздің жерлесіміз Денис Тен
мəнерлеп сырғанау сияқты қызық та қиын спорт түрінен үшінші
орынға көтеріліп, қола медаль алды. Сөйтіп, Қазақстан тек
шикізат өндіретін аймақ қана емес, өнері де, ғылымы да дамып
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
484 Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V Конгресі
келе жатқан несібесі мол, болашағы мықты ел екенін тағы да
бүкіл əлемге танымал етті.
�Дəл қазіргі кезде тұтастай бір халық ретінде болмаса да,
қоғамымыздың кейбір сегменттері, топтары басқаларға жақсы
үлгі болатындай, жөн сілтейтіндей жағдайға жетіп қалды� (1,7)
деген Ғалым Жүсіпбектің пікірімен келісуге болады.
М. Өтелбаев: �Тың байламдар бар: Атом ғасыры – компьютер
ғасырына ауысты. Енді компьютер ғасыры – менің болжамымша
роботтар ғасырына сөзсіз жалғасады. Сондықтан жаңа ғасырдан
қазақ өз үлесін алуы тиіс.� Осы идеямды Эйнштейн теориясын
зерделеу барысында жетілдіру үстіндемін. Мен �Эйнштейннің
салыстырмалы теориясы модуль ретінде қате емес, бірақ нағыз
физиканы түсіндіре алмайды� деймін. Бұған дауласушылар
табылады. Сондықтан математикалық тұрғыдан дегенді қосып
қойдым. Физиктер �е бəсе� деседі. Ішкі түйін қағазға түсіп
жатыр. Бір білетінім, дүниені толық түсіндіріп беретін бірде-бір
теория жоқ десем қателеспеймін. Орта ғасырда Исаак Ньютон
өз теориясын ашты. Ол Галилей Ньютон теориясы деп аталды.
Алғашында дүниенің бүкіл болмысы сонда көрініс тапқандай
болған. Артынан олай емес екені белгілі болды. Ол да əлемнің
бір моделі екен. Мəселен, адам моделі – адамның суреті емес
қой. Эйнштейннің салыстырмалық теориясын ашқаннан кейін
физиктер дүние дəл осылай меəңгілік деп ойлады. Сөйтсек, ол да
дүниенің бір моделі екен� (2,7 б). Ғалымның журналист Сүлеймен
Мəметке берген интервьюінен алынған осы бір ой тұжырымдары
ғылымның даму заңдылықтарын қолмен қойғандай қылып өте
қысқа, əрі нұсқа түрде түсіндіріп береді. Ғалымның ұлылығы
бір оқулықтың өне бойына тамызық болатын бірнеше кешенді
идеяларды бір ғана кішкене мəтінде кез келген адамның санасына
құйылатындай, жетістікке жететіндей етіп айта алуында болып
тұр. Иə, əлемде мəңгілік идея жоқ, бəрі өтпелі, өткінші. Бұл,
бұлтартпайтын шындық. Сонда, �Мəңгілік ел дегеніміз не,
мəңгілік ел болуы мүмкін бе� деген заңды сауал туындайды.
Енді Елбасы ұсынған осы идея төңірегінде ойланып көрейік.
Бұл жердегі ең бірінші қисын адамнан тыс өмір сүретін
дүниенің сипаты мен адамның дүниені тану мүмкіндігіне қатысты
болса керек. Адам дүниені ақылының күшімен ғана тани алады.
Бұрыңғы адамдармен қазіргі адамдарды салыстырсақ пəлендей
|