Национальные стратегии развития тюркоязычных стран


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,46 Mb.
#6169
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58

НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      485    



айырмашылық жоқ. Тек ғылым мен техника дамып, компьютер, 

интернет, теледидар пайда болуы жағынан өзгеріс бар. Арине біз 

ақылды, рухани потенциалы күшті адамның атрибутивті белгісі 

ретінде алып отырмыз. Бұл заман өзгерді, адам да өзгерді деген 

пікірге қайшы келмейді. 

Осындай  методологиялық  өлшем  тұрғысынан  келсек, 

Республика  Президенті  Н.  Назарбаев  ұлттық  идея  ретінде 

ұсынған �Мəңгілік ел� концептісі өзіне лайық бірнеше, тарихи, 

мəдени, рухани алғышарттар мен айқындалады. 

�Мəңгілік  ел�  –  ең  алдымен,  түрік  мəдениетінің  төл 

туындысы. Ал оның бірнеше мың жылдықтарға созылған табиғи, 

тарихи, мəдени негізі бар. Ол өз бастауын сонау Орхон-Енисей 

тастарында  қашалған  Күлтегін  жазуларынан  алады,  сонан  соң 

түркі мəдениетінің жəдігерлерінде заңды жалғасын табады. 

ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  түріктің  ұлы  ғұламаларының  бірі 

Махмуд Қашқари хатқа түсірген: �Біз Түрік� деген есімді Ұлы 

Тəңірінің  өзі  қойған  дедік.  Мəселен  Қашқарилық  Халеф  ұлы 

имам  шейх  Қусайын  деген  адамнан  ұғып  алып  маған  айтып 

беруінше деген атпен белгілі жаржарлық шейх Әбубəкір ақыр-

заман турасында жазған деп танылған əйгілі бір кітабында ұлы 

пайғамбарымыздан нақыл келтіріп, мына бір хадисті баяндайды: 

Ұлы  Тəңірі  �Менің  бір  тайпа  қосыным  бар,  оларды  Түрік  деп 

атадым;  оларды  күншығысқа  орналастырдым.  Бір  ұлысқа 

ашуланып, назалансам, түріктерді соларға қарай саламын� депті.

Бұл  жай  олардың  (түріктердің)  басқа  жұртқа  қарағанда 

үстем екендігін көрсетеді. Сондықтан да Тəңірінің өзі оларға ат 

берген, жер жүзінің ең биік ыңғайлы, ең əуесі таза, жері шырайлы 

өлкелеріне  орналастырған  да,  оларды  өз  қонысым  деп  атаған. 

Оның үстіне, түріктер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, 

əдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде 

тұру,  мəрттік,  кішіліктік,  тағы  да  сондай  сансыз  көп  мақтаулы 

қасиеттерге ие. 

Бұл сипаттар мынадай жерде жазылған:

�Қашан көрсін оны түрік,

Айтар оған ел мұны:

Соған тиер ұлылық

Содан кейін үзілер�


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

486         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

Бір адамды мақтап: Оны түрік алабында көрсе, түрік деп білсе, 

қашан көрсе де, халық оған былай дейді: Ұлылық, жақсылық осы 

адамға тəн, соған ғана жарасады, сонымен тоқтайды (3, 407-409 б.).

Біз осы ұзақ үзіндіден түрік елінің Тəңірінің жақсы пиғылынан 

туындап,  ол  бастан-ақ  жермен,  табиғатпен  етене  қауышып, 

онымен ерекше үйлесімділікте өмір сүргенін көріп отырмыз. Осы 

тұста  мəңгілік  өмір  іздеген  Қорқыт  бабамыз,  адам  бақытының 

мағынасын  тылсым  дүниенің  ішкі  ырғағын  түсіндіруімен 

байланыстырған ұстазымыз əл-Фараби, �Бес нəрседен қашық бол, 

бес нəрсеге асық бол� дейтін Абай ақынымыз есімізге оралады. 

Кеңістік  барынша  тарылып  сығымдалып,  жаһанданудың 

алапат аймағына бет алған еліміз осындай сын сағатта тағы да 

келешегіне  үңіліп,  бүгінгісін  бағамдап,  ертеңі  туралы  ойланса, 

заман  ағымынан  қалыспай,  асықпай-аптықпай,  ақырындап 

ілгере баса берсе, өзіне бұйырған несібеден қағылмайды, қайта 

қатаяды, күшейеді, рухын толтырады.

�Мəңгілік  ел�  концептісін  осындай  контексте  қарастырған 

орынды  деп  білеміз.  Өйткені  бұл  идея  өзінен-өзі  туындай 

салған жоқ. Ол бүкіл түрік өркениетінің тарихи-рухани, мəдени 

жолының əр бір қадамымен ірі кешенді талғамдарының бүгінгі 

заман тынысымен бетпе-бет ұшырасуынан туындап отыр. 

ІХ-Х ғасырдағы �Мұсылмандық ренессансты (А. Мец) бүкіл 

түркі  дүниесінің  ойшылдары  мен  ғалымдары  біртұтас  болып, 

тиянақты  ізденуі  нəтижесінде  жасаған.  Соның  нəтижесінде 

түркі  əлемінде  бұрын-соңды  болмаған  ірі  жаңалықтар  дүниеге 

келіп, олардың інжу-маржандары Батыс Европа ғылымына тірек, 

бастау болған. Мұның айқын дəлелі – М. Хорезми, Әл Бируни, 

Ұлықбектің ғылымдағы ірі табыстары. 

ХХ  ғасырдың  аяғында  ХХІ  ғасырдың  басында  тағы  да 

осындай бір өрлеу, қайтадан жаңғыру уақыты пісіп жетілді. Түркі 

өркениетінің,  жалпы  бүкіл  əлемнің  мəдениеті  мен  өркениеті 

жер  шарында  халықтық  жаманы  жоқ  екендігін  дəлелдеп 

отыр.  Этнология  ғылымы  бойынша  əр  бір  халық  мыңдаған, 

миллиондаған адамдардың жиынтығы. Олардың басым көпшілігі 

жоғары интелектуалды адамдардан құралған.

Адам баласының даму жолында əр түрлі дəрежеде объективті 

жəне  субъективті  қарама-қарсылықтар  болып  отырады.  Соның 

нəтижесінде халықтардың даму дəрежесі де бірдей болмайды. 



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      487    



Мустафа  Кемал  Ататүрік  осыдан  77  жыл  бұрын  Түркия 

түріктеріне қалдырған өсиетінде былай деген еді: �Бүгін Совет 

Одағы досымыз, көршіміз, одақтасымыз, бұл достық бізге қажет. 

Алайда,  ертең  не  боларын,  бүгін  ешкім  кесіп  айта  алмайды. 

Дүние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия 

не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, 

діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын 

болуымыз керек, əзір болу ол күнді күту емес. Дайындалған жөн, 

халықтар бұған қалай əзірленеді. Тіл – бір көпір, сенім – бір көпір, 

тарих – бір көпір. Тамыр етегімізге оралып, сан қилы оқиғалармен 

сөгілген  тарихымызды  түгендеуге  тиіспіз.  Бауырларымыздың 

жақындауын тоспай, біз оларға жақындауымыз тиіс� (4, 62 б).

Кеңес одағы ыдырап, қазақ елі өз тəуелсіздігін жариялаған 

уақытта оған ең бірінші қолдау көрсеткен Түркия болатын. 

Қазіргі уақытта Түркия мен Қазақстан арасындағы достық 

қарым-қатынас  одан  ары  нығайып,  екі  елдің  мəдени,  рухани 

сұхбаты тереңдей түсуде.

�Мəңгілік  ел�  –  тарихи  дəстүрлер  мен  инновациялық 

ойлаудың  өзара  ұшырасуынан  туындаған  кешенді  идея.  Бұл  – 

өзінің даму жолында �мың өліп мың тірілген�, тар жол тайғақ 

кешулерді  басынан  өткірген,  қандай  қиындық,  нəубет  басына 

түссе  де  ешбір  мойымай,  тек  алға  ұмтылған,  �түстік  ғұмырың 

болса, кештік малыңызды жина� дейтін оптимистік философияны 

дүниеге келтірген қазақ рухының ұлы жобасы.

�Мəңгілік  елді�  –  ұлттық  идея  ретінде  жариялай  отырып 

Н.  Назарбаев  оны  жеті  бағытпен  анықтады:  Қазақстан  мен 

Астананың  тəуелсіздігі,  ұлттық  бірлік,  қоғамдағы  бітім  мен 

келісім,  зайырлық  қоғам  жəне  руханилық;  индустрияландыру 

мен  инновациялар  негізіндегі  экономикалық  өсім;  жалпыға 

ортақ Еңбек қоғамы; тарихтың, мəдениет пен тілдің ортақтығы, 

ұлттық  қауіпсіздік  жəне  жалпы  əлемдік,  өңірлік  мəселелерді 

шешуге еліміздің атсалысуы. Елбасы атап көрсеткен бағыттарды 

негізінен үш маңызды ұстаным төңірегіне топтастыруға болады. 

Ең бастысы жəне бірегейі – ұлт мүддесін жеке бас мүддесінен 

жоғары  қою.  Бұл  қазақ  халқының  тарихынан,  əдебиетінен, 

мəдениетінен  заңды  туындаған  ұлағат  өнеге.  Халқымыздың 

басына  бұлт  үйіріліп,  нəубетке  ұшыраған  қиын-қыстау 

жағдайдың  бəрінде  ұлт  қамы  үшін  өзін  аямаған  есіл  ерлер  əр 



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

488         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

уақытта  болған.  Ұлы  қолбасшыларымыз,  хандарымыз,  ақын-

жырауларымызды атамаған күннің өзінде солардың бастаған, ізін 

суытпаған,  олардың  өнегесіне  адалдық  танытқан  қайраткерлер 

көптеп саналады. Соның бірі Нұртас Оңдасынов Қазақстанның 

үш  ауданын  Өзбекстанға  беруден  сақтап  қалған  �Нұртас 

Өңдасыновтың артында ұлтына ұрандай болып қалған ұлы үш 

түйінді сөзі бар�. Ол �Ешкімнің жаны мен қаны мойнымда жоқ 

–  арым  таза.  Ешқашан  ешкімнен  пара  алған  жоқпын  –  қолым 

таза; ешкімнің жүзі мен руын сураған емеспін, жүзім таза, үш 

ақ тұжырым! Өмір сүрудің ережесі, ал басқарудың алғы шарты, 

теоремасы� (5, 48-50 б.).

Қазіргі  мемлекеттік  қызметкерлеріміз  осындай  азаматтық 

адами деңгейге көтеріліп, халық мүддесіне таза адал еңбек етсе, 

мұнан жақсы еліміз ұтатыны сөзсіз. 

Екінші  –  білімге  құштарлық.  �Білегі  күшті  бірді  жығады, 

білімі  күшті  мыңды  жығады�  дейтін  халық  даналығы  осы 

замандағы  басты  императив  болуы  керек.  Дүрбелеңге  толы, 

алмағайып заманның қиын да күрделі сауалдарына төтеп беріп, 

ішкі тұтастық пен өзіндік менді сақтап қалудың бірден бірі жолы 

– білім жəне оған негізделетін біліктілік. 

Үшінші маңызды фактор – еңбек сүйгіштік. Кез келген салада 

көрнекті нəтижеге жету үшін қажымай, талмай, жүйелі түрде еңбек 

ету  керек.  Осы  үш  негізгі  факторға  міндетті  түрде  индустрия, 

сəулет, ғылым салалары да қолдау көрсете алады. Жоғары рухқа, 

біліктілікке,  іскерлікке  негізделген  еңбек  тілі,  тарихы,  мақсаты 

ортақ,  қауіпсіз  тұрмысы,  барлығы  жағынан  үйлестірілген, 

ұйымдастырылған əлеуметтік ортада ғана өз жемісін бере алады. 

�Мəңгілік  ел�,  ең  алдымен,  іштен  шыққан  жауды 

жеңуге  бағытталған.  Іштен  шыққан  жау  қатарына  ашкөздік, 

дүниеқоңыздық,  қызғаншақтық,  жеңіл  жолмен  олжа  табуға 

ұмтылыс сияқты толып жатқан ұсақ адами кемшіліктер жатады.

Жаһандану  қанат  жайған  –  қазіргі  уақытта  екі  алпауыт 

мемлекеттің ортасында турмыз. Екеуі де біздің болмысымызды 

жойып жіберуге, тілімізден, дінімізден айырып жіберуге барлық 

күшін  салады.  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Міржақып  Дулатов 

айтқан  �Оян,  қазақ�  ұраны  əлі  де  өз  маңызын  жоғалтқан  жоқ. 

Біздің  халқымызға  бұдан  былай  қалғып  қамсыз  жүргенді 

тоқтатар  уақыт  келді.  Халық  өз  ойына,  өз  санасына  ғана 



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      489    



сенуі  қажет.  Қазақ  əр  уақытта  өзіне-өзі  сенген,  өзінің  табиғи, 

тарихи  биіктігінен,тəкаппарлығынан  төмендемеген.  Жаманға 

жалынбаған, жақсыға табынбаған. 

Осындай жоғары адами биіктік пен тектілікті сақтап қалудың 

тетігі,  жолы  ұлттық  менталитеттің  інжу-маржандарын  бойына 

сіңірген  салт-дəстүр  мен  ана  тіліміз,  осы  екеуінен  тараған 

құндылықтарымыз.

Тəуелсіздіктің  төл  түлектері  –  жастар  батыс  мəдениетінің 

құндылықтарына көбірек көңіл аударып, ұлттық құндылықтардан 

тым  алшақта  тəрбиеленуде.  Осы  жағдайды  есепке  алып,  білім 

берудің  барлық  деңгейлерінде  оның  оқу-ағарту  əрекеттерін 

ұлттық тəрбие мəселесімен ұштастыру – қазақ елінің �Мəңгілік 

елге� айналуының алғышарты. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Тану мен қорқу – Қазақ əдебиеті, 2014. №6 (3378) – 7 б.

2. Өтелбаев М. Ғылымға керегі – дарын, дарынға керегі – ғылым. – 

Егемен Қазақстан, 2014, 6 ақпан. 7 б.

3. Қашқари М. Түрік сөздігі (Диуани лұғат-ат түрік) Т. 1. Алматы, 

Хант, 1997 – 530 б.

4. Қазақстан түгел түріктің алтын бесігі – Тіл. 2011, №11 – 12-62 б.

5. Оразалықызы Г. Қызметкер емес, қайраткер болған Оңдасынов 

– Тіл, 2012, №9 – 48-50 б.

Резюме

В  статье  излагаются  тюркские  истоки  национальной  идеи 

�Мəңгілік  ел�,  раскрывается  социальная,  духовно-нравственная 

значимость основных императивов.



Summary

The article presents the Turkic origins of the national idea �Məңgіlіk 

eaten� reveals the social, spiritual and moral signifi cance of the basic impe-

, spiritual and moral significance of the basic impe-

ratives.


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

490         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі



ЗАМАНАУИ ТҮРІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ 

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Ж.А. Нақыпбаева,

Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ аға оқытушысы

әлеуметтану магистрі

Қазақстандағы  үштілдік  саясаттың  талаптарын  ескере 

отырып, елдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары əлемдік 

білім беру стандарттарына сəйкес шетелдік тəжірибені енгізіп, 

шетелдік  мамандарды  серіктестікке  тартуда.  Қазақстандық 

жоғары оқу орындары осы мақсатта батыстық жəне америкалық 

ғылыми  тəжірибені  дамытып  отыр.  Дегенмен,  тілдік,  ділдік 

жақындық  Түркиямен  тығыз  академиялық  байланыс  орнатуға 

итермелеп  отыр.  Соңғы  жылдары  Түркия  мен  Қазақстан 

Республикасының  əлеуметтанушылары  арасында  академиялық 

серіктестіктің  қарқынды  өсіп  отырғанын  байқай  аламыз. 

Әлеуметтанушылар  арасындағы  серіктестік  білім  берудің  үш 

деңгейлі  жүйесі  (бакалавриат,  магистратура,  докторантура) 

бойынша  қарқынды  дамуда,  оның  көрінісі  ретінде  жоғары 

оқу  орнында  оқитын  магистранттар  мен  докторанттардың 

академиялық  мобилдік  бойынша  Түркиядағы  ірі  жоғары  оқу 

орындарының  �Әлеуметтану�  кафедраларында  тəжірибе 

алмасып,  ғылыми  зерттеу  жобалары  бойынша  Түркия 

университеттерінің 

мамандарының 

көмегімен 

ғылыми 


тағылымдамадан өтуін атап кетуге болады. 

Қазақстанның  ғылыми  кеңістігінде  əлеуметтану  жас 

ғылым,  олай  болса,  қазақ  əлеуметтанушылары  академиялық 

серіктестерінің  ғылыми  �алаңдарындағы�  өзекті  мəселелерден 

хабардар болуы тиіс. Түркиядағы академиялық əлеуметтанудың 

даму  жəне  қалыптасу  ерекшеліктері,  заманауи  түрік 



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      491    



əлеуметтануындағы  өзекті  мəселелерін  зерделеуді  мақсат  ете 

отырып, Стамбул (Стамбул қаласы) жəне Ұлыдағ университетінің 

(Бурса қаласы) əлеуметтану кафедрасы профессорларымен сұқбат 

əдісі арқылы жүргізілген əлеуметтанулық зерттеудің жəне www.

tez2.yok.gov.tr  (Жоғары  білім  беру  Кеңесінің  диссертациялық 

Орталығы)  сайтындағы  əлеуметтанулық  ғылыми  жобалар  мен 

ғылыми  монографиялар,  бакалаврлық  жұмыстар,  магистрлік 

жəне докторлық диссертациялар туралы мəліметтерге контент-

талдау  нəтижесінде  жинақталған  ақпараттардың  негізінде  осы 

мақала дайындалды. 

Әлеуметтану  –  қоғам  туралы,  қоғамдағы  құбылыстар 

мен  процестерді  зерттейтін  ғылым.  Олай  болса,  академиялық 

деңгейдегі  əлеуметтанудың  қандай  мəселелерге  жиі  назар 

аударатындығын  зерделей  отырып,  сол  қоғамның  өзекті 

əлеуметтік қырларының мəнін түсінуге болады. 

Әлеуметтанудың академиялық ғылым ретінде интитуттануын 

түркиялық  əлеуметтанушы  ғалымдар  мемлекеттің  құрылу 

тарихымен  тікелей  байланыстырады.  �Мемлекет  құлдырай 

бастаған кезде, əлеуметтану қалыпты жағдайды сақтап қалу үшін 

жұмыс істеді. Бұл жағдайда əлеуметтану еуропалық əлеуметтану 

тарихынан  ерекше  болды.  Өзіне  тəн  бір  ерекшеліктері  бар. 

Одан кейінгі жылдары Осман империясы Бірінші дүниежүзілік 

соғыстан  соң  құлады.  Тəуелсіздік  соғысынан  кейін,  мемлекет 

құрылды. 1923 жыл болатын. Империя кетті, бір ұлттық мемлекет 

құрылды. Бұл жағдайда əлеуметтанудың да ерекшеліктері пайда 

бола  бастады.  Осы  жылдары  əлеуметтану  ұлттық  бірлікті, 

бірегейлікті  сақтау  мəселелеріне  көп  көңіл  бөле  бастады. 

Көп  ұлтты  императорлықтан  бір  ұлтты  мемлекетке  айналды. 

Сол  үшін  де  Түркия  əлеуметтанушылары  жаңа  пайда  болған 

ұлттың  əлеуметтануын  қалыптастырды�,  –  дейді  Стамбул 

университетінің профессоры Уфук Озжан. 

Алайда,  Байкан  Сезердің  пікіріне  сүйенсек,  �Түркия 

əлеуметтануы  –  батыстық  ойдың  жемісі�.  Бұл  пікірді 

əлеуметтанушы  өзінің  �Основные  проблемы  турецкой 

социологии�  атты  еңбегінде  атап  өтеді:  �Батыстағы 

əлеуметтанудың пайда болу жағдайы жəне оның біздің елімізге 

енуі  Түркиядағы  əлеуметтанулық  зерттеулерге  үлкен  ықпалын 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

492         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

тигізді. Әлеуметтану батыстық ойдың жемісі ретінде Түркияда 

пайда бола отырып, осы елдің дамуы үшін Батыстың үстемдігі 

мен  еуропаланудың  қажеттілігін  түсіндірді.  Қазірдің  өзінде 

(2004  ж.)  Түркиядағы  əлеуметтану  өзінің  осы  мақсатынан  бас 

тарта алмай отыр [1, 9б.]. 

Түркия  мемлекетінің  қалыптасуындағы  осындай  дағдарыс 

кезеңінде түрік əлеуметтанушылары жаңа заманауи қоғам құру 

мақсатында  мерзімді  баспасөзге  қоғамдағы  өзекті  мəселелер 

туралы мақалалар жариялай бастады. Бұл мəселелер əсіресе дін, 

саясат, адамгершілікпен байланыста қарастырылды. 

Түрік  əлеуметтануының  негізін  қалаушылардың  бірі  Зия 

Гокалптың еңбектерінде аталмыш мəселелер қозғалған болатын. 

Жалпы Түркиядағы əлеуметтанудың даму тарихы Зия Гокалптын 

1914  жылы  Стамбул  университетінде  алғаш  рет  əлеуметтану 

бөлімін ашудан бастау алғаны белгілі [2].

Әлеуметтанушы Зия Гокалп елдегі ынтымақтастықты сақтау 

мəселесіне көп көңіл бөлген. Түркиядағы XX ғасырдың басында 

басталған  дағдарыстың  негізгі  мəселелері  əлеуметтік  теңсіздік 

емес,  ұлттық  бірегейлік,  тұтастық  мəселесі  болғандықтан, 

Зия  Гокалп  француз  мектебінің,  оның  ішінде  Э.Дюркгеймнің 

еңбектеріндегі  тұжырымдарға  сүйенді.  [3].  Зия  Гокалптың 

пікірінше,  мемлекет  болу  үшін  ең  алдымен  �ортақ  сана� 

қажет,  адам  өз  мəдениетінен  сусындап,  бойына  оның  негізгі 

құндылықтарын  сіңіргенде,  яғни  төл  мəдениетінің  нағыз  өкілі 

болған  жағдайда  ғана  �нағыз  индивидуалдық  қасиетін  көрсете 

алады�.  Зия  Гокалп  �қоғам  гомогенді  сипатта  болу  керек, 

яғни  мəдениет,  дін  жəне  ұлттық  сана-сезім  біртекті  болғаны 

дұрыс�  деген  көзқарасты  жақтады.  Э.Дюркгеймнің  еңбектерін 

түрік  тіліне  аудара  отырып,  Зия  Гокалп  француз  ғалымының 

механикалық ынтымақтастық идеясына аса назар аударды, яғни 

ғалымның  пайымдауынша,  ұжымдық  өмір  –  жеке  адамның 

өмірінен жоғары тұратын өнім. 

1940–50  жылдардан  бастап  Түркия  əлеуметтануында 

америкалық мектептің ықпалының бар екенін байқауға болады. 

Яғни,  Түркия  əлеуметтанушылары  зерттеудің  əдістері  мен 

əдіснамасына,  техникасына  назар  аударды.  �1950  жылдары 

америкалық əлеуметтанулық ойлары елде тарала бастады. Осы 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      493    



жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін америкалық əлеуметтану, 

яғни  əлеуметтік  кеңістікті  зерттеулер,  мысалы  ауылды 

зерттеу,  сияқты  мəселелер  қарастырылды�,  –  дейді  Стамбул 

университетінің профессоры Коркут Туна.

Осы  кезеңде  Түркияда  көппартиялық  жүйе  қалыптасты, 

қоғамның  əлеуметтік-экономикалық,  рухани  мəселелері 

күрделене  түсті.  1960  жылдары  Түркия  əлеуметтануы  қала, 

индустриялану  мəселелеріне  қарай  бағытталады,  себебі  елді 

индустрияландыру саясаты урбанизация процесінің жеделдеуіне 

алып келді. Бұл кезең экономикалық реформалардың батыл жүзеге 

асу кезеңі жəне саяси күштер арасалмағының өзгерістеріне толы 

кезең болатын. Түрік əлеуметтануы да елдегі өзгерістерді, оның 

ішінде реформа нəтижесінде трансформацияға ұшыраған ауыл, 

қала жəне осымен тікелей байланысты урбанизация, сондай-ақ 

миграция  мəселелерін  жиі  талқылайтын  ғылыми  �алаңдарды� 

қалыптастырды.

1980  жылдары  Түркия  қоғамында  интеллектуалды  мен 

ру-хани  даму  нəтижесінде  əлеуметтануда  қалыптасқан  жаңа 

бағыттардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Түрік əлеуметтануына 

марксизмнің  ықпалы  бəсеңдеді.  Жаңа  пікірталас,  жаңа 

тақырыптар  ортаға  шықты.  Әлеуметтану  экономикалық 

тақырыптардан алшақтады, ғылыми аренаға мəдени мəселелер 

шықты.  Ал,  1990  жылдары  Түркияға  постмодерн  əдебиеттер, 

жаһандану  мəселелері  үлкен  бір  жылдамдықпен  енді.  (Уфук 

Озжан, Стамбул университеті, профессор) 

Түркиядағы  əлеуметтанудың  жаңа  бағыты  Хилми  Зия 

Үлкеннің  атымен  байланысты.  Ол  Стамбул  университетіндегі 

əлеуметтану 

кафедрасын 

қайта 


құрды 

жəне 


түрік 

əлеуметтануының  əлемдік  ғылыми  ортадағы  беделін  көтеру 

мақсатында 

түрік 


əлеуметтанушылар 

ассоциациясын 

халықаралық  конгреске  мүшелікке  өткізді,  1952  жылы 

Стамбулда  Әлеуметтанушылардың  халықаралық  конгресін 

ұйымдастырды [3,1]. Түрік əлеуметтанушыларының айтуынша, 

осы шаралар əлеуметтанудың мəртебесін көтерді. Осы кезеңнен 

бастап  түрік  қоғамында  əлеуметтанушылар  жаңа  көзқараста 

зерттеулер жүргізе бастайды, ол зерттеулер қоғамдағы əлеуметтік 

өзгерістерге бағытталған болатын. 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

494         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап ғылыми əдебиеттерге 

шолу жасайтын болсақ, əлеуметтік өзгерістер мəселесіне назар 

аударып,  зерттеулер  жүргізе  бастаған  əлеуметтанушылар: 

Мүбеджел  Кырай  (Mübeccel  Kıray),  Шериф  Мардын  (Şerif 

Mardin) жəне де Ибрахим Яса (İbrahim Yasa). 

1950–60 жылдары Түрік əлеуметтанушылары үшін маңызды 

тақырыптардың бірі ауыл жəне қала өмірсалтының сипаты мен 

өзгерістері  болды.  Әлеуметтанушылар  Түркиядағы  дəстүрлі 

қоғамнан  заманауи,  модернизацияланған  қоғамға  өтудің 

динамикасы  мен  нəтижесін,  болашағын  зерделеген  ғылыми 

ізденістерді жариялап, қызу пікірталас алаңын қалыптастырды. 

Әлеуметтану  үшін  тағы  бір  маңызды  тақырыптардың 

бірі  –  түрік  қоғамындағы  əлеуметтік  шиеленістер.  Әлеуметтік 

шиеленістер  Ниязи  Беркес  (Niyazi  Berkes)  жəне  Бехиже  Боран 

(Behice  Boran)  сияқты  əлеуметтанушылардың  еңбектерінде 

талданды. 

1945 жылы Бехиже Боран �Қоғамның əлеуметтік құрылымын 

зерттеу: Манисаның екі ауылының айырмашылықтары� (�Resear-

ch on Social Structure: Comparisons of Two Villages�) тақырыбында 

өзінің  эмпириялық  зерттеуін  жүргізді.  Зерттеу  нəтижелерін, 

күнделікті мəселелерді шешу туралы көзқарастары мен ойларын 

�Отан жəне əлем� (�Yurt ve Dünya�) жəне �Қадамдар� (�Adımlar�) 

секілді басылымдарда жарияланған мақалаларына арқау етті. 

Әлеуметтік  өзгерістер,  мəдениет  жəне  дін  саласындағы 

зерттеулердің,  еңбектердің  көбейе  бастауы  жəне  қоғам 

үшін  қолданбалы  зерттеулердің  қажеттілігіне  байланысты 

əлеуметтанудың  ғылым  ретіндегі  маңызы  арта  түсті.  Осы 

жағдай Түркияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында 

əлеуметтану  кафедраларының  ашылуына  жəне  олардың 

қызмет  аясының  кеңеюіне  мүмкіндік  туғызды.  Атап  айтар 

болсақ, Эге университетінде (Ege University), Орталық Шығыс 

Техникалық  университеті  (Middle  East  Technical  University), 

Богазичи  университеті  (Boğaziçi  University)  жəне  Хаджеттепе 

университетінде (Hacettepe University) əлеуметтану кафедралары 

ашылды.

1990 жылы Түркия Әлеуметтанушыларының Ассоциациясы 



құрылды.  Ассоциация  əр  үш  жылда  Ұлттық  Конгресс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет