Национальные стратегии развития тюркоязычных стран


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН



Pdf көрінісі
бет49/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,46 Mb.
#6169
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58

НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      495    



ұйымдастырып отыру қызметімен айналысты. Ұлттық Конгресс 

қарастырған  мəселелердің  түрік  қоғамы  үшін  аса  маңызды 

екені сөзсіз. Мысалы, 1993 жылғы ұйымдастырылған Конгресс 

�Түркия  жəне  əлемдегі  заманауи  даму�  (�Contemporary  Deve-

lopments in Turkey and the World�) тақырыбында өтті, ал келесі 

конгрестер  �Миграция  жəне  қоғам� (1996)  (�Migration  and  So-

ciety�) жəне �Түркия жəне əлемдегі шиеленіс, интеграция жəне 

дифференциация� (2000) (�Conflict, Integration and Differentiation 

in Turkey and the World�) мəселелерін талқылады [3]. 

Қазіргі  таңда  Түркия  университеттерінде  əлеуметтану 

бірнеше бағыттар бойынша жұмыс атқарып отыр. Бұл бағыттар 

туралы  ақпаратты  кез-келген  ірі  жоғары  оқу  орындарының 

сайт  парақшаларына  талдау  жасай  отырып  анықтауға  болады. 

Мысалы, олардың ішіндегі ең жиі кездесетін бағыттар мыналар: 

жалпы  əлеуметтану  жəне  əдіснамалық  мəселелер,  (Genel 

Sosyoloji ve Metodoloji Anabilim Dalı), тəжірибелік əлеуметтану 

(Uygulamalı Sosyoloji Anabilim Dalı), құрылымдық əлеуметтану 

(Kurumlar  Sosyolojisi  Anabilim  Dalı),  социометриялық 

əлеуметтану (Sosyometri Anabilim Dalı) [4].

Жоғары  оқу  орындарындағы  осы  бағыттар  бойынша 

профессорлық-оқытушылық құрам студенттермен біріге отырып 

зерттеулер  жүргізеді  жəне  əр  бағыттың  жетекшілері  бар.  Осы 

жұмыстар жоғары оқу орындарының жанынан арнайы ашылған 

бөлімдерде жүзеге асады. Аталмыш бөлімдер арқылы студенттер 

əлеуметтанулық  теория  мен  тəжірибені  қатар  алып  жүруге 

машықтанады.  Әр  университет  жанындағы  осы  бөлімдердің 

қызметін біздің респонденттеріміз де жоғары бағалады. Олардың 

айтуынша,  зертханалар  университет  оқытушыларымен  қатар 

студенттерге  де  жеке  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 

мол мүмкіндік тудырады. 

Заманауи  Түркиядағы  жас  əлеуметтанушылардың  ғылыми 

қызығушылықтарын  анықтау  мақсатында  əлеуметтанушы 

даярлайтын  түрік  университеттерінде  соңғы  3  жылда 

қорғалған  бакалаврлық  жұмыстар  мен  магистрлік,  докторлық 

диссертацияларға контент-талдау жасалынды. Талдау барысында 

қазіргі  жас  əлеуметтанушылар  үшін  қоғамдағы  əлеуметтік 

өзгерістер, гендер мəселесі, қала жəне дін мəселелері жиі зерттеу 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

496         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

объектісі болатындығы анықталды. Атап айтар болсақ, Түркия 

қоғамының  жаһандануы,  оның  жергілікті  мəдениетке  ықпалы, 

еуропалану,  постмодернизм  мəселелері,  дін  жəне  биліктің 

арақатынасы,  секуляризация,  əйелдердің  саяси  белсенділігі, 

олардың еркіндігі, урбанизация процесі, халықтың көшіп-қонуы 

(ішкі көші қон) мəселелері түркиялық жас əлеуметтанушылардың 

назарында екені зерттеу жұмыстарының нəтижесінен байқалады. 

Сонымен  қатар,  жас  əлеуметтанушылардың  зерттеулерінде 

Түркия аймақтарындағы процестерге салыстырмалы зерттеудің 

жиі жасалатынын көруге болады [5]. 

Түркиядағы  академиялық  əлеуметтанудың  ерекшеліктерін 

зерттеу барысында, сонымен қатар, ондағы мəселелерге де көңіл 

аударылды. Атап айтар болсақ, ол – ғылымның қазіргі жағдайы, 

оның бүгінгі мəселелері, жас ғалымдар арасындағы беделі. 

Бурса  қаласының  Ұлыдағ  университеті,  əлеуметтану 

кафедрасының  профессоры  Арслан  Хиссаметдин  сұхбат 

барысында  қазіргі  академиялық  əлеуметтануда  мынадай 

мəселелер  бар  деп  көрсетеді:  Түркия  əлеуметтануындағы 

ғылыми  мектептің  қалыптасу  мəселелері;  �Түркияда  барлығы 

бір əлеуметтану туралы айтады, бірақ нақты бағыт жоқ. Мысалы, 

мен əлеуметтануда бір бағыттың болғанын қалар едім. Сол үшін 

де жұмыс істеп келемін. Мысалы, ол бағыт Ұлыдағ университетін 

əлеуметтанудың бір мектебі ретінде, Стамбул университетін бір 

мектеп ретінде көрсететін болса. Ал бізде қазір ондай бағыттар 

жоқ. Егер мен отбасы əлеуметтануы туралы бір зерттеу жүргізетін 

болсам,  мен  оның  бастауы  қайда  екенін  таппаймын�  –  дейді 

профессор өз сұхбатында. Ғылым қазіргі таңда сəн үлгісі секілді. 

�Қазіргі  ғылым  ол  –  сəн  сияқты  (мода).  Зерттеушілер  де  жаңа 

тақырыптарды  байқап  жүреді.  Мысалы,  бүкіл  əлем  жаһандану 

туралы  айтса,  онда  барлығы  жабылып  жаһандануды  зерттей 

бастайды. Егер ол тақырыптың қарқыны басылса, бұл мəселенің 

де  маңыздылығы  басылады.  Міне,  сондықтан  да  мен  оны  сəн 

(мода)  деп  айтамын�.  Шынайылық  пен  ғылым  арасындағы 

пікірталас.  �Біздегі  əлеуметтанушылар  шынайылықтан  тыс 

идеалдылыққа  көп  мəн  береді.  Мысалы,  қоғамда  шынайы, 

аймақтық  мəселелер  болады.  Ал,  əлеуметтанушылар  теорияға 

сүйене  отырып  оны  астыртын  ғана  зерттейді,  шынайылықты 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      497    



кейде  есепке  алмайтын  сияқты.  Мен  осы  туралы  айтып 

отырмын.  Шынайылықты  көруге  ұмтылса,  шынайы  мəселелер 

шешілер еді. Мысалы, біз мəселелерді шешудің жолын реалистік 

жəне идеалистік деп көрсетсек болады. Бұл жерде мен өзімнің 

жақында  шыққан  Ақтүріктер  туралы  кітабымда  айттым.  Сізге 

сол  кітабымды  сыйға  тартайын.  Кітаптың  аты:  Jonturıkler  Jon-

Jonturıkler  Jon-

kurtler  Muhafazakarlar.  Бұл  кітапта  мен  �jacobızm�жəне  �beyaz 

türkler�  деген  сөзді  қолданамын.  Түсініксіз  болса,  айта  өтейін, 

«jacobızm�  �жаңа  бір  халықты  жаратушылар�  деген  ұғымға 

көбірек келеді. Оларды Түркия мемлекетінің құрылуы кезіндегі 

элиталар  десек  те  болады.  Мемлекет  басындағылар  шынайы 

халықтан  басқа  бір  халық  ойлап  табуға  тырысты.  Мен  оларды 

басқаша �Ақ түріктер� деп те атаймын. Халық төменнен емес, 

жоғарыдан  даму  алды.  Яғни,  жаңағы  айтқан  �жакобистер� 

жоғарыдан революция орнатуға тырысты. Дін жəне ұлт ұғымы 

төменнен келмеді. Шынайылық пен идеалистік көзқарас осында. 

Қазіргі  таңның  ғалымдары  да  осындай  ойды  айтады,  мысалы, 

�біз батыстың ғылымын, білімін алуымыз керек, бірақ олардың 

мəдениетін алмауымыз керек� дейді, ол мүмкін бе? Міне, осындай 

пікірталастар да бар� (Арслан Хиссаметдин, профессор). 

Түрік əлеуметтануы ғылым ретінде тəуелсіздік жылдарында 

қалыптасты.  Сондықтан  түрік  əлеуметтануында  саяси 

сипат  басым  болды.  Респонденттердің  барлығы  дерлік  түрік 

əлеуметтануының  екі  ерекшелігін,  яғни  оның  батыстан 

бастау  ала  отырып,  Түркия  қоғамына  тікелей  əсер  етуін;  түрік 

қоғамындағы  əлеуметтанудың  алғашқы  кезеңде  саяси  сипатта 

болуын бірауыздан атап өтті. 

Түрік  əлеуметтанушыларының  пікірінше,  əлеуметтану 

батыстық  классикалық  ойдың  нəтижесінде  дамыды,  алайда 

қазіргі таңда əлеуметтанушылар жаһандық процестерге жылдам 

ілессе де, түрік мəдениетінің болмысын, ұлттық ерекшеліктерді 

ескере отырып, ұлттық қауымдастықты жаңа белестерге көтеру 

жолында жаңа теориялық тұжырымдар жасауға тырысуда. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Байкан  Сезер.  Основные  проблемы  турецкой  социологии 

[текст] / – Алматы, 2004 – 119б.


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

498         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

2.  Ismail  Coşkun.  �Sosyoloji  Bölümünün  Tarihine  Dair�,  75.  Yı-

şkun.  �Sosyoloji  Bölümünün  Tarihine  Dair�,  75.  Yı-

kun.  �Sosyoloji  Bölümünün  Tarihine  Dair�,  75.  Yı-

lında  Türkiye’de  Sosyoloji  (Yayına  Hazırlayan.  İsmail  Coşkun),  Bağlam 

Yayınları, İstanbul, 1991, s. 13 – 23

3.  Zuhal Yonca Hançer. Problems and status of sociology in turkey. 

Ankara, 2004. – 199

4.  www.istanbul.edu.tr

  Стамбул  университетінің  ресми  сайт 

парақшасы 

5. www.tez2.yok.gov.tr

 Yuksekogretim Kurulu Baskanligi Tez Merkez



Резюме

В  статье  рассматриваются  особенности  становления  и  развития 

академической  социологии  в  Турции,  а  также  актуальные  вопросы 

современной турецкой социологии. 



Summary

The peculiarities of formation and development of academic sociology 

in Turkey, as well as topical issues of the modern Turkish sociology.


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      499    



ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ 

ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МҮШЕЛ ЖАСЫ

А.А. Оспанова,

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

«Дүниежүзі тарихы» кафедрасының PhD докторы

Е.И. Есалиева,

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

«Дүниежүзі тарихы» кафедрасының магистранты

1991  жылдан  бері  Қазақстан  мен  Түркия  арасындағы 

қатынастар екі ел халқының тарихи жəне мəдени мұраларының 

ұқсастығы,  өзара  сыйластық  пен  сенімділік  ахуалы  негізінде 

тұрақты саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық 

салалардағы  жан-жақты  тығыз  ынтымақтастықты  одан  əрі 

тереңдетумен ерекшеленеді.

ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2003  жылғы  мамырда 

Түркияға жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара 

арасындағы  қатынастардың  стратегиялық  əріптестік  деңгейге 

жеткенін  мəлімдесе,  2004  жылғы  маусымдағы  Стамбұлдағы 

НАТО  Саммиті  жəне  2005  жылғы  25  мамырда  Бакуде  �Баку-

Тбилиси-Жейхан� 

мұнай 


құбырының 

əзербайжандық 

учаскесінің іске қосылу рəсімі шеңберінде ҚР Президенті мен ТР 

Президенті А.Н. Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің жалғасып 

келе  жатқаны  тағы  да  қуатталды.  Түркияның  қазіргі  саяси 

басшылығы  сыртқы  саясатты  дамыту  үрдiсiнде  сабақтастық 

сипатын  жалғастыратынын  жəне  Қазақстан  Анкара  үшін 

Орталық Азиядағы ең сенімді саяси жəне экономикалық əріптес 

болып табылатынын ашық түрде мəлімдеп келеді.

Қазақстан  мен  Түркия  арасындағы  қарым-қатынастар 

алғашқы  күннен  бастап  достық  пен  бірлікке  бастаған  тұрақты 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

500         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

байланыстарымыздың берік негізін қалады. Түркиямен екіжақты 

жəне көпжақты қатынастарымыз тарихи тамырластығымыздан, 

ортақ мəдени жəне рухани құндылықтарымыздан нəр алады [4].

2005  жылғы  26–27  мамырда  ТР  Премьер-министрі  Р.Т. 

Ердоғанның  Қазақстанға  ресми  сапары  маңызды  болды. 

Сапар  нəтижесінде  бірқатар  үкіметаралық  жəне  мекемеаралық 

келісімшарттарға қол қойылды. ТР Премьер-министрі ҚР Парламент 

Сенатының  төрағасы  Н.  Әбіқаевтың  қабылдауында  болып,  ҚР 

Премьер-министрі Д. Ахметовпен кең құрамды келіссөз өтті жəне 

екі ел үкімет басшыларының қатысуымен Түркияның Астанадағы 

Елшілігінің  ірге  тасын  қалау  рəсімі  болды.  Сапардың  2-ші  күні 

Алматы қаласында Р.Т. Ердоған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

қабылдауында болып, �Жібек жолы� көрме пойызының салтанатты 

қарсы алу рəсіміне қатысты. Жалпы алғанда, екі ел басшылары екі 

жақты,  əсіресе  экономикалық  саладағы  ынтымақтастықты  одан 

əрі  жандандыруға  күш  жұмсау  керектігіне  назар  аударуда.  Бұл 

бағыттағы мүмкіндіктерді əлі де толығымен пайдалануға қадамдар 

жасау керектігіне келісіп отыр [5].

Саяси,  сондай-ақ  аймақтық  жəне  халықаралық  деңгейдегі 

ынтымақтастық  мəселелерінде  тараптар  Азиядағы  өзара 

ісқимыл жəне сенім шаралар Кеңесі (АӨІСШК), Экономикалық 

ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы 

(ИКҰ) жəне басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз 

ынтымақтастық  үрдісін  жалғастыру  туралы  келісе  отырып, 

Ауғанстан  мəселесін,  Ирак  жəне  басқа  да  халықаралық 

проблемаларды  шешуде  халықаралық  жəне  аймақтық 

ұйымдардың,  ең  алдымен  БҰҰ  шеңберiнде  ынтымақтастықты 

дамытуға дайын екенін білдіруде. 

Сонымен  қатар,  екі  елдің  Еуропа,  Еуроатлантикалық  жəне 

басқа  да  ұйымдарда  ортақ  іс-қимылдары  үлкен  маңызға  ие. 

Қазақстан  2004  жылғы  маусым  айында  Стамбұлда  өткізілген 

ИКҰ  сыртқы  істер  министрлер  жиынында  ИКҰ  Бас  хатшысы 

болып  Түркия  өкілінің  сайлануына,  өз  кезегінде  түрік  тарапы 

ЭЫҰ-ның төрағалығына Қазақстан өкілінің сайлануына қолдау 

көрсетті. Түрік тарапы Қазақстанның Еуропада қауіпсіздік жəне 

ынтымақтастық ұйымының 2009 жылғы төрағалық жəне БҰҰ-

ның  Экономикалық  жəне  Әлеуметтік  Кеңесі  үміткерлігіне,  ал 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      501    



қазақ тарапы Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2009–2010 

жж. тұрақты емес мүшелігі үшін өзара қолдау білдіруде.

Қазақстан Азиядағы Өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары 

кеңесінің кезекті төрағалығы қызметтерін 2010 жылғы маусым 

айында Түркияға тапсырғанын да айтуға болады [1].

Бұдан  басқа  Түркия  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінде  2017–2018 

жылдары  уақытша  мүшелікке  Қазақстанның  кандидатурасын 

қолдайтындығын  мəлімдеді.  Қазақстан  да  БҰҰ  Қауіпсіздік 

кеңесіне  2015–2016  жылдары  уақытша  мүшелікке  Түркияның 

кандидатурасын қолдайтындығын білдірді [4].

Түркияның  саяси  жəне  қоғамдық  орталары  Қазақстан 

басшылығының елдегі ішкі саяси жəне экономикалық іс-шаралары 

мен  сыртқы  бастамаларын  мұқият  жəне  қызығушылықпен 

қадағалауда. Осы ретте, ҚР Президентінің Орталық Азия Одағын 

құру туралы ұсынысы жан-жақты талқыланып, үлкен резонанс 

тудырды.  Түрік  тарапының  пікірінше,  идеяның  іске  асуы  тек 

қана ОА мемлекеттеріне ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі тілдес 

елдеріне айтарлықтай əсері болары сөзсіз. 

Түркияның  жоғары  басшылығы  жəне  жалпы  түрік 

саяси  қоғамы  Қазақстанда  2005  жылғы  4  желтоқсанда  өткен 

президенттік  сайлауларға  оңды  көзқарас  білдірді.  Түркияның 

Қазақстанға  деген  жіті  көзқарасын  президенттік  сайлауға  39 

кісіден  тұратын  бақылаушыларды  жіберуінен  көруге  болады 

(АҚШ-тан кейінгі ең ауқымды 2-ші делегация). ТР Президенті 

А.Н.  Сезер,  Премьер-министр  Р.Т.Ердоған  жəне  ТР  9-шы 

президенті С. Демирель сайлаудың жеңімпазы Президент Н.Ә. 

Назарбаевты алғашқылардың бірі болып құттықтады. Сонымен 

қатар,  көптеген  іскер  ұйымдар  мен  саяси  қоғамдық  топтардың 

басшылары атынан құттықтаулар келіп түсті. Анкараның бағамы 

бойынша,  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  жетекшілігіндегі 

Қазақстан  тəуелсіздік  жылдарынан  бері  жүргізіліп  келе 

жатқан  саяси,  экономикалық  жəне  демократиялық  реформалар 

тұрғысынан маңызды белестерден өтті. Қазақстан жалпы Еуразия 

аймағында, оның ішінде Орталық Азияда саяси тұрақтылықтың 

үлгісі.  Қазақстан  экономикалық  жəне  саяси  тұрақтылықтың 

кепілі  бола  отырып,  демократиялық  бағытта  табанды  əрі 

жоспарлы реформалар жасауда. 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

502         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

Екі жақты қатынастарда парламентаралық, парламенттердегі 

депутаттық достық топтары арасындағы байланыстарды одан əрі 

жандандыруға көңіл бөлінуде. 2005 жылғы 31 қаңтар – 3 ақпан 

аралығында ҚР Парламенті Мəжілісі төрағасының басқаруындағы 

ҚР  Мəжілісі  делегациясының  Анкараға  ресми  сапармен  келіп, 

кездесулер  барысында  тараптар  екі  жақты  ынтымақтастықтың 

жалпы ахуалы бойынша пікір бөлісумен қатар, бауырлас екі елдің 

парламентаралық  байлынастарын  одан  əрі  дамыту  көкжиектері 

талқыланды.  Халықаралық  құрылымдар  шеңберінде  ортақ  іс-

қимыл шараларының маңыздылығына тоқталды. 

Қазақстан  мен  Түркия  арасындағы  екі  жақты 

қатынастарының  маңызды  бағыттарының  бірі  əскери  жəне 

əскери-техникалық  саладағы  ынтымақтастық  болып  табылады. 

2005  жылғы  13–15  маусымда  ТР  Бас  штабының  бастығы  Х. 

Өзкөктің  Қазақстанға  ресми  сапары  өтсе,  2006  жылғы  28–29 

маусым  аралығыда  ҚР  Қорғаныс  министрі  М.Алтынбаевтың 

Түркияға  ресми  сапары  болды.  Олардың  барысында  тараптар 

əскери саладағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетумен қатар, 

қорғаныс өнеркəсібі саласында бірлесе отырып іс-қимыл жасау 

жөнінде уағдаласты.

Бұның  тағы  бір  дəлелі  Түркиядағы  ұйымдасқан  өнеркəсіп 

аймақтары  Қазақстан  өнеркəсібі  үшін  үстіміздегі  жылдың  20 

қазан  күні  Түркия  Бас  министр  орынбасары  Бекир  Боздагдың 

Қазақстанға  сапары  барысында  Қазақ-түрік  өнеркəсіп 

аймақтарының  құрылуына  байланысты  хаттамаға  қол 

қойылғанын атап көрсетті [1].

ТР  ҚК  БШ  мəліметтеріне  сəйкес,  бүгінгі  күнге  дейін 

Түркия  əскери  жоғары  оқу  орындарында  ҚР  ҚК  үшін  96 

офицер  дайындалып,  ҚР  ҚК  2  офицері  ТР  ҚК  құрылық 

əскери  Академиясында  білімдерін  жетілдірді.  Қазіргі  кезде 

қазақстандық  38  курсант  ТР  əскери  оқу  орындарында  білім 

алуын жалғастыруда.

Қазақстан  Республикасының  экономикалық  саясатында 

Түркиямен  экономикалық  қатынастарды  дамыту  айрықша 

орын  алып  отыр.  ТР  Сыртқы  сауда  агенттігі  (ССА) 

мамандарының  мəлімдеуінше,  Орталық  Азия  мемлекеттерінде, 

əсіресе  Қазақстанда,  алдымыздағы  жылдары  экономиканың 

өсуіне  байланысты  жалпы  тұтыну  деңгейі  едəуір  артады. 



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      503    



Түрік  өндірушілерінің  экспортқа  шығаратын  тауарлар 

номенклатурасының  кеңеюі  жəне  өнеркəсіп  өндірісінің  өсуі 

Түркияны  шет  елдерден  шикізат  материалдары  импортын 

көбейтуге  мəжбүр  етті.  Бұл  үрдіс  Қазақстан  мен  Түркия 

арасындағы  сауда  тепе-теңдігінің  өзгеруіне  себеп  болды. 

Атап айтқанда, егер 2001 жылы екі жақты сауда айналымында 

Түркияның  басымдылығы  болса,  2002  жылдан  бастап  бұл 

көрсеткіш  Қазақстанның  пайдасына  шешіле  бастады.  Түрік 

агенттігінің  мəліметтеріне  сəйкес,  Түркия  мен  Қазақстан 

арасындағы  екі  жақты  сауда  айналымы  төмендегідей  болып 

отыр.

Көрсетілген статистикалық ақпаратқа орай, екі жақты сауда 



айналымында Қазақстанның пайдасы болғанымен, қазақстандық 

экспортта  негізінен  шикізат  тауарларының  басымдылығы 

көрінеді (бидай, мұнай, газ, көмір, темір жəне темір бұйымдары, 

т. б.). Ал түрік экспортындағы тауарлардың көпшілігі екінші жəне 

үшінші өңдеуден өткен заттар (металл жəне пластик бұйымдары, 

электр  машиналары  мен  олардың  қосалқы  бұйымдары,  жеңіл 

өнеркəсіп  жəне  химия  тауарлары,  текстиль,  жиһаз  жəне  үй 

шаруасы заттары, т. б.). 

Дегенмен, ҚР Статистика агенттігінің мəліметтеріне сəйкес, 

2004 жылы – 489,5 млн. долл. (экспорт – 147,1 млн., импорт – 342,4 

млн.), 2005 жылы – 556,9 млн. долл. (экспорт – 157 млн., импорт 

– 399,9 млн.), 2006 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында екі 

жақты сауда айналымы 478,8 млн. АҚШ долл. (экспорт – 136,6 

млн.,  импорт  –  342,2  млн.)  құраған.  2011  жылдың  алғашқы  6 

айында сауда көлемінің 2,8 миллиард доллар болғанын білдірген 

елші осы көрсеткіштің екі елдің толық күшін əлі де көрсетпей 

отырғанын  баса  айтты.  Екі  ел  арасындағы  сауда  көлемінің  10 

миллиард долларға жетуі үшін жұмыстанатындарын білдірді [1].

Екі  жақты  сауда-экономикалық  қатынастарды  одан  əрі 

кеңейту мен тереңдетудің маңызды механизмі ретінде Қазақстан-

Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясын (ҮЭК) айтуға 

болады. ҮЭК 3-ші отырысы 2004 жылғы 2-5 мамыр аралығында 

Анкарада болып өтті. ҮЭК-нің кезекті 4-ші отырысы Астанада 

2006 жылғы 24–26 тамызда өтті.

2005  жылы  Анкарада  Қазақстанның  Дүниежүзілік  сауда 

ұйымына  (ДСҰ)  кіруіне  байланысты  жүргізілген  екі  жақты 



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

504         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

бірнеше  келіссөздердің  нəтижесінде,  Түркия  тарапы  алғашқы 

болып Қазақстанға бұл үрдісте толық қолдау көрсетті жəне 2005 

жылдың 15 тамызында Анкарада екі жақты Хаттамаға қол қойды. 

Екі  жақты  сауда  айналымының  динамикасында  маңызды 

факторлардың бірі – тауарларды тасымалдау мəселесі. Бүгінгі таңда 

екі  ел  арасында  тауарлардың  басым  көпшілігінің  тасымалдануы 

автомобиль көлігімен іске асырылуда. 2005 жылы екі ел арасында 

көлік сферасында бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Атап айтқанда, түрік жүк тасымалдаушыларына бонустық жүйені 

енгізе отырып, ұзақ жылдар бойын қордаланып келген екі жақты 

автокөлік жүк тасымалы мəселесі ойдағыдай шешілді (2005 жылғы 

6 маусымда Анкара қаласында өткен Автокөлік тасымалы жөніндегі 

бірлескен шағын комиссияның отырысы шеңберінде). Осы орайда, 

түрік  тарапының  Қазақстан  басшылығының  халықаралық  əуе 

рейстерін елорда Астанаға көшіру бойынша бірінші болып қолдау 

көрсеткенін  атап  өткен  жөн.  2005  жылғы  қазан  айынан  бастап 

�Түрік  əуе  жолдары�  компаниясы  �Стамбұл-Астана-Стамбұл� 

бағытында аптасына екі рет тұрақты рейстерін бастады. Сонымен 

қатар  екі  ел  арасында  қосымша  тікелей  əуе  қатынастарын  ашу 

мəселесі  де  ойдағыдай  шешілуде.  Атап  айтқанда,  қазақстандық 

�Скат�  əуе  компаниясының  Шымкент-Стамбұл  бағытында  жаңа 

рейсі ашылды [4].

2005  жылғы  сəуір-мамыр  айларында  түрік  тарапының 

бастамасымен  Стамбұл-Алматы  бағыты  бойынша  �Жібек 

жолы� көрме пойызы жобасының жүзеге асуы маңызды болды. 

Алматыдағы  пойызды  қарсы  алу  салтанатты  рəсіміне  ҚР 

Президенті Н.Назарбаев пен ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоған 

қатысты. Тараптар екі ел арасында тікелей теміржол байланысын 

құруға аса мəн-мағына беріп отыр. 

ТР  ССА  мəліметтеріне  сəйкес,  1993  жылдан  бүгінге  дейін 

Қазақстанға  130-ға  жуық  түрік  капиталы  бар  компаниялар 

тарапынан тартылған тікелей инвестицияларының жалпы мөлшері 

шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құраса, ал, Түркия Құрылысшылар 

қауымдастығының бағалауынша, түрік құрылыс компанияларының 

Қазақстанда іске асырған келісім-шарттарының жалпы құны бүгінгі 

күні шамамен 3,5 млрд. АҚШ доллары болып отыр [4].

Екі  жақты  қатынастарда  –  мəдени-гуманитарлық  саладағы 

ынтымақтастық  мəселелері  маңызды  бағыттардың  бірі.  Өткен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет