«ҚазаҚтелеком» аҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы 2012 жылға есебі АлмАты 2013 «Қазақтелеком»



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#6381
1   2   3   4   5   6   7   8

SO5 көрсеткіші

Мемлекеттік саясатқа қатысты ұстанымы, мемлекеттік 

саясат және лоббирования қалыптастыруға қатысу 

«Қазақтелеком» АҚ жүйе құрушы 

телекоммуникациялық оператор ретінде мемлекеттік 

органдармен өзара іс-қимылдың маңыздылығын 

түсінеді, орындаушы және заңдық билік тарауларымен 

қарым-қатынасты қолдайды, ведомоствоаралық 

жұмыс тобының жұмысына қатысады, саланы дамытуға 

қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, 

сондай-ақ республикалық мәндегі іс-шараларға 

қатысады.  

Компания телекоммуникация саласын дамытуға 

қарқынды үлес қосады. Бұл дамытудың барлық 

үдеріске қатысушыларының мүддесіне, оның ішінде 

байланыс операторларының, мемлекеттің, клиенттің 

және жалпы қоғамның мүддесіне жауап беруі тиіс. 

Ұлттық көлемдегі жобаны жүзеге асыра отырып, Қоғам 

еліміздің телекоммуникациялық инфрақұрылымын 

жаңғыртуға және Қазақстанның бірыңғай ақпараттық  

кеңістігін құруға ықпалын тигізеді.    

«Қазақтелеком» АҚ келесідей мемлекеттік 

бағдарламаларды: 

Президенттің 2010 жылдың 19 наурызындағы  

№ 958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға 

арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген 

индустриальды-инновациялық даму жөніндегі 

мемлекеттік бағдарламасын (ЖИИДМБ); 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  

7 ақпаны күнгі №101 Қаулысымен бекітілген,  

2013-2017 жылдарға арналған «Ақпараттық Қазақстан 

– 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 

қатысады. 

Компанияның жұмысы әлеуметтік-бағдарлау болып 

табылады және жалпыұлттық мәнге ие. Жақын 

болашақта CDMAEV-DO технологиясы бойынша желі 

салу ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне 

қосу үдерісін жылдамдатуға, оның ішінде шағын 

және орта бизнес пен білім мекемелері субъектілерін 

Интернет желісіне қатынау қызметтерімен қамтамасыз 

ету есебінен  әлеуметтік-экономикалық жағдайда 

жақсартуға мүмкіндік береді.  

ЖИИДМБ-ға кірген FTTH (Fiber-to-the-Home) жобасын 

іске асыру, жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметтеріне 

сұранысты қанағаттандыруға және Қоғам ұсынатын 

телекоммуникациялық сервистерді кеңейтуге 

бағытталды.  

«Қазақтелеком» АҚ 2011-2020 жылдарға арналған ҚР 

білімін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 

«e-learning» электронды оқу жүйесі» жобасын және 

жалпы білім беретін мектептерді КЖҚ Интернет 

желісімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске 

асыруға қатысады.  


«Қазақтелеком» АҚ

44

SO7 көрсеткіші 

Бәсекелестікке қарсы әрекеттермен, монополистик 

практиканы болдырмау бойынша практикалық 

әдістемеге және олардың нәтижесіне байланысты 

ұйымға қатысты құқықтық әрекет жағдайларының 

жалпы саны  

2012 жылы бәсекелестіктік әрекетпен байланысты 

ұйымға қатысты 1 құқықтық әрекет жағдайы тіркелді. 

Қоғамға қатысты «Астана қ. бойынша монополияға 

қарсы инспекция» ММ ҚР ӘҚКо 147 бабы 1 б. негізінде 

әкімшілік құқықбұзушылық  туралы хаттама жасалған 

болатын («Ишим» ТК бойынша бәсекеге қарсы келісім 

жасау). 2012 жылдың 30 қарашасында Астана қ. 

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  іс 

бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығарды.  

Осылайша, жалпы соңғы жылдардың ішінде 

«Қазақтелеком» АҚ бірде-бір рет монополияға қарсы 

заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 

жоқ. Бұл бәсекелестікке қарсы әрекетті болдырмау 

мәселесіне жауапты қарайтыны  туралы дәлел бола 

алады. Өз қызметін жүзеге асыру үдерісінде Қоғам 

ҚР заңнамасын бұзуды болдырмау жөнінде барлық 

қажетті әрекетті қолданады, осыған байланысты  

бәсекелестік саласында заңға сәйкес алдын ала 

қарастыру және жалпы бәсекелестікке қарсы әрекет 

етуге тырысудың болмауы Қоғамда монополистік прак-

тиканы  болдырмауға мүмкіндік береді. 



SO8 көрсеткіші 

Заңдылықты және нормативтік талаптарды 

сақтамағаны үшін ақшалай көріністегі елеулі айыппұл 

және қаржылық емес санкцияның жалпы саны

Есеп беру мерзімінде, 2011 жыл тәрізді ҚР заңдылығын 

және нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін есеп 

беру мерзімінде маңызды айыппұлдар болған жоқ.

2012 жылы ҚР заңдары мен нормативтік талаптарын 

сақтамағаны үшін анықталған бұзушылықтарды жою 

туралы салынған қаржылық емес санкциялардың саны 

42 болды. 

Pr2 көрсеткіші

Өнім  мен қызметтің денсаулық пен қауіпсіздікке әсер 

етуіне қатысты әсер ету түрлеріне қарай бөлінген, 

нормативтік талаптар мен еркін кодекстердің сәйкес 

келмеу жағдайларының жалпы саны 

Компания ай сайын келіп түскен өтініштерге талда-

уды жүзеге асырып отырады. «Өтініш жасау» № 16 

есеп беру нысанында Қоғам филиалдары көрсететін 

телекоммуникация қызметін пайдаланушылардың 

шағымы бойынша ақпарат ай сайын талданып отыра-

ды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар 

қабылданады. 

Абоненттерге қолайлы болу үшін жалпылама 

қолжетімді www.megaline.kz сайтында «кері байланыс» 

нысаны жасалды, шұғыл желіжолы бойынша мүдделі 

тұлғаларға қатысты дөрекі немесе заңсыз әрекеттер 

туралы өтініштер түсіп отырады. www.megaline.kz сай-

тында Қоғам филиалдары басшыларының жеке мәселе 

бойынша азаматтарды қабылдау кестесі орналасты-

рылды. Абоненттердің өтініштері бойынша қызметтік 

тексерістер жүргізіледі және өтініш берушілерге 

белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы  

жауап беріледі.    

Есеп беру мерзімінде өнім мен қызметтің нормативтік 

талаптар мен еркін кодекске әсер ету түрлеріне 

бөлінген бірде бір сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-

ақ адамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер ету 

жағдайлары анықталған жоқ.



Pr6 көрсеткіші

Жарнама, өнімді жылжыту, демеушілік және 

қайырымдылық көмекті қоса алғанда, маркетинг 

коммуникация саласында заңға, стандарттарға және  

еркін кодекске сәйкессіздігін қамтамасыз ету бойынша 

бағдарламалар 

Компания рынокқа жаңа өнімдерді шығару жөніндегі 

маркетинг стратегиясын әзірлейді. Маркетингтік 

стратегия әзірлемесі өз кезегінде ҚР заңдық талапта-

рына, сондай-ақ стандарттар мен телекоммуникация 

саласының талаптарына сәйкес Қоғамда құқықтық 

сараптамадан өтетін жаңа қызмет түрлері бойынша 

бекітілген өнім-каталогтарына, дизайн-құжаттарға 

сәйкес жүзеге асырылады.  

Директорлар кеңесі қабылдаған жеке шешімнің 

негізінде Қоғам «Қазақстан дағдарыс орталықтары 

одағы» заңды тұлға бірлестігіне қайтарымсыз негізде 

«150» қысқартылған трафик өткізу бойынша қызмет 

көрсету түріне шынайы формада қайырымдылық 

көмегін көрсетті.

Саяси партиялар мен онымен байланысты ұйымдарға 

2012 жылы көмек көрсетілген жоқ.



45

PА5 көрсеткіші

Тұрғындарға ұсынылатын және кірісі төмен 

немесе кірісі жоқ тұрғындар пайдаланатын 

телекоммуникациялық өнім мен қызметтер саны мен 

типтері, олардың сипаттамасы. Көрнекі мысалдарымен 

баға құрауға қатысты қабылданатын әдістеме 

«Қазақтелеком» АҚ қызметтері тұтынушылардың 

барлық санаттарына тең жағдайда байланыс 

қызметін ұсыну туралы заңдық белгіленген 

талаптар тұрғындардың өмір сүру деңгейі 

бойынша жүктелмейді. Дегенмен Қоғам қызметтері 

рыноктағы әртүрлі позицияға қатысты әртүрлі 

тарифтік жоспарлар бойынша ұсынылады. Мысалы, 

ADSL технологиясы бойынша «Megaline» сауда 

маркасындағы «Интернетке қатынау» қызметі, тек 

ірі қалаларда ғана емес, қаржылық мүмкіндіктері 

шектелген елді мекенде едәуір төмен айлық және 

біржолғы төлем коэффициентімен ауылдық жерлерде 

де ұсынылады. Сондай-ақ, «ID TV» қызметі ауылдық 

елді мекен үшін арнайы тарифтік жоспар бойынша 

беріледі.

PА6 көрсеткіші

Төтенше жағдайларда телекоммуникация өнімі мен 

қызметтерін ұсыну және техникалық қолдау көрсету 

және аварияның әсерін жеңілдету мақсатындағы 

бағдарламалар 

2012 жылы «Қазақтелеком» АҚ объектілерінде 

табиғат және техногенді сипаттағы 9 төтенше жағдай 

тіркелді. Телекоммуникациялық өнім мен қызметтерді 

техникалық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ 

аварияның әсерін жою  мақсатында, Қоғам  

76 442 867 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлді.

PА7 көрсеткіші

Телекоммуникациялық өнімдер мен қызметтерге 

қатынау және пайдалануға қатысты адам құқығын 

қорғау мәселесін басқару үшін пайдаланылатын саясат 

пен практика 

Адам құқығы еліміздің негізгі заңы – 

Конституциямызда және сонымен бірге 

қолданыстағы сәйкес заңдық актілерде тіркелген. 

Телекоммуникация саласына қатысты байланыс 

қызметін тұтынушылардың құқығы қарастырылған 

ондай актілер «Байланыс туралы», «Бәсекелестік 

туралы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 

заңдар болып табылады. Оларды жүзеге асыру кезінде 

тұтынушы мен байланыс операторларының арасындағы 

құқықтық қарым-қатынасты реттемелейтін, заңдық 

актілер қолданылады.



Pr8 көрсеткіші

Тұтынушылардың жеке өмірінің дербес құқықтығына 

тиіспеушілікті бұзу және тұтынушылар туралы 

деректерді жоғалтуға қатысты негізделген 

шағымдардың жалпы саны 

2012 жылы Компанияға тұтынушылардың жеке 

өмірінің дербес құқықтығына тиіспеушілікті бұзу және 

тұтынушылар туралы деректерді жоғалтуға  қатысты 

өтініштер түскен жоқ.

Pr9 көрсеткіші

Өнім мен қызметті ұсыну мен пайдалануға қатысты 

заңдар мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін 

салынған ақшалай көріністегі едәуір айыппұлдар 

2012 жылы Өнім мен қызметті ұсыну мен пайдалануға 

қатысты ҚР заңдары мен нормативтік талаптарын 

сақтамағаны үшін маңызды айыппұл болған жоқ. 

PА4 көрсеткіші

Ұйымның өз жұмысын жүзеге асыратын жағрафиялық 

орындарда телекоммуникациялық өнімдер мен 

қызметтердің қолжетімділік деңгейі. Клинттер 

саны/нарықтық үлесі, қызметпен қамтылған елді 

мекендердің пайызы, қызметтермен қамтылған 

аймақтың пайызы 

«Қазақтелеком» АҚ ҚР барлық аймақтық рыногында, 

ірі облыс орталықтарында, шағын қалаларда және 

ауыл тұрғындарына, кәсіпорындарға, байланыс 

операторларына телекоммуникация қызметтерін 

ұсынады.   

Компания бірнеше жылдар бойы танымалдылығы 

бойынша көшбасшы болып табылады: ересек қала 

тұрғындарының арасында Компания брендін тану  

6 жылдың ішінде 90 пайыздан асты және 2012 жылы 

98,1 пайызды құрады. 

Абоненттердің қызмет сегменттері бойынша 

«Қазақтелеком» АҚ үлесі дәстүрлі телефонияда –  

93 пайызды, КЖҚ – 85 пайызды, «Ақылы ТВ» -  

10 пайызды, ұялы байланыс – 5 пайызды құрайды.

Телефон қызметтері бойынша ену деңгейі 100 үй 

 иесіне – 74,7 телефон желіжолы. Үй иелерін 

интернеттендіру деңгейі 48 пайызға жетті. Интернетті 

пайдалануды жеделдету деңгейі 2012 жылы да едәуір 

өсті және 100 үй иесіне 26,6 порттан, жалпы еліміз 

бойынша 100 қалалық үй иелеріне 43,7 портқа  дейін 

өсті.  Интернетті пайдаланатын отбасы мүшелерінің 

орташа саны 3 адамды құрады. «Ақылы ТВ» қызметіне 

қосылғандар саны жалпы еліміз бойынша 100 үй 

иесіне 30,9 қосылуды, қалалық үй иелері  бойынша 

49,7 қосылуды құрады.



«Қазақтелеком» АҚ

46

PА8 көрсеткіші

Электр қозғағыш күшпен байланысты мәселелер 

туралы тұрғындарды хабарландыру мақсатында 

пайдаланылатын саясат пен практика 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 

15 қарашасындағы № 1341 Қаулысымен бекітілген, 

«Радиотехникалық объектілерге санитарлық-

эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне 

(Санитарлық ереже) сәйкес, тұрғын үй салынған 

аймаққа жататын электр магнитті алаң деңгейі (ЭМА) 

Санитарлық ереженің талаптарына сәйкес радиоэлек-

тронды құралдарды (РЭҚ) пайдалануға рұқсат етіледі.   

«Қазақтелеком» АҚ-ның 31.12.2009 жылғы № 470 

бұйрыққа сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық 

қорытындысы және РЭҚ пайдалану рұқсатынсыз РЭҚ 

пайдалануға енгізуге жіберілмейді.  

Осылайша, құралдарымен Қоғам қызметтері 

ұсынылатын телекоммуникациялық объектілері 

тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық 

қолайлылығы саласындағы Қазақстан Республикасы 

заңдарының талаптарына сәйкес келеді.



PА11 көрсеткіші

Мақсаты осы өнімді пайдалануда жауапты, тиімді, 

экономикалық және қауіпсіз экологиялық көзқараспен 

ықпал ететін өнімді қолдану әдісі мен барлық 

қасиеттері туралы клиенттерді ақпараттандыру болып 

табылатын бастамалар 

«Қазақтелеком» АҚ қызметі телекоммуникациялық 

қызметті дамыту, жеке және заңды тұлғаларды теле-

фондандыру мен интернеттендіру деңгейін көтеруге 

бағытталған.

Қоғам Компания қызметтерін қолдануда барлық 

қабілеті мен қасиеттері туралы ақпараттандырып 

отырады, бұл осы қызметтерді жауапты, тиімді, үнемді 

және қауіпсіз пайдалануғаи ықпал етеді.

Байланыс қызметін тұтынушылардың: 

•  қызметті еркін таңдауына; 

•  байланыс қызметтеріне шарттарды еркін жасауға; 

•  тиісті сапада байланыс қызметтерін алуға; 

•  осындай қызметтер туралы және оларды 

орындаушылар туралы және т.б. ақпараттар алуға 

құқылары бар.  

Тұтынушылардың құқықтарын жүзеге асыру 

мақсатында, «Қазақтелеком» АҚ байланыс 

операторы ретінде нормативтік құқықтық актілерде 

қарастырылған біраз міндеттерді атқарады. 

Тұрғындардың едәуір бөлігіне қызмет көрсететін 

Қоғам байданыс қызметін ұсыну тәртіптерін реттейтін 

өзінің ішкі құжаттарында, тұтынушылардың байланыс 

қызметіне қатынау және оларды сапалы деңгейде 

алу құқығына ерекше назар бөледі. Тұтынушыларға 

барынша сапалы қызмет көрсету деңгейіне 

бағытталған, тәртіп, нұсқаулық, стандарттар және 

басқа да реттемелеуші құжаттар жаңа қызметтерді 

енгізу мен технологияны дамыту шамасы бойынша 

жылдан жылға жетілдіріліп келеді.

PА10 көрсеткіші

Тарифтердің айқындылығы мен өнім мен қызметтің 

құнын қамтамасыз ететін бастамалар 

Компания ұсынатын байланыс қызметтерінің 

барлық тарифтері www.telecom.kz ресми сайтында 

жарияланады және кез келген тұтынушыларға 

қолжетімді. Клиенттер үшін телекоммуникация 

қызметтеріне есептеулер бойынша анықтама парағын 

немесе Компания ұсынатын тарифтер мен қызметтер 

бойынша басқа да ақпараттар алуға болатын 

мүмкіндіктер бар.

Клиенттердің тілегі бойынша төлемге есепшоттары 

мен олардың анықтама парақтарын электронды 

пошта арқылы жіберу жүзеге асырылады, Жеке 

кабинетке қатынау мүмкіндігі берілген, онда абонент 

соңғы жылғы есептеулер бойынша ақпаратты 

қарауға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, абонент  

өзін қызықтыратын барлық ақпаратты ақпарат 

дүңгіршектерінен ала алады. 

Осылайша, Компания айқын тарифтік саясат 

жүргізеді, онда кез келген пайдаланушы Компания 

өзінің тұтынушыларына/абоненттеріне ұсынатын 

телекоммуникация қызметтерінің барлық тарифтеріне 

қатынай алады.



47

1 қосымша



eN 15 көрсеткішіне: 

Түрлердің өмір сүруіне қауіп деңгейі бойынша бөле отырып, ұйымның қызметіне қатысты аймақтарда 

орналасқан орындарда мекендейтін қорғалатын түрлердің ұлттық тізімі мен ТҚХС қызыл тізіміне енгізілген түрлердің саны 

Қатысы бар аймақтың 



орналасқан жері  

(облыстың, АТТ атауы, 

қорғалатын табиғат 

аймағының аталуы)

ТҚХС қызыл тізіміне енгізілген түрлердің саны және 

қорғалатын түрлердің ұлттық тізімі* 

Қиын жағдайда 

тұрғаны


Қауіпті жағдайда 

тұрғаны


Әлсіздері

Қауіпке жақын 

жағдайда 

тұрғаны 


Қауіптілігі 

барынша төмені



Алматы отд

1

Іле Алтай мемлекеттік 



ұлттық табиғат 

саябағы (Алматы 

облысы, Қарасай, 

Талғар және 

Еңбекшіқазақ 

аудандары)



7 түрі:

Фауна:құбы 

тянь- шань аюы, 

тас сусары, 

қар барысы, 

сабаншы, орта 

азия өзен кам-

шаты, түркістан 

слеусіні мен үнді 

жайрасы


2

Шарын мемлекеттік 

ұлттық табиғат 

саябағы (Алматы 

облысы, Еңбекшіқазақ 

, Райымбек және 

Ұйғыр аудандары)

19 түрі:

Фауна: 


қарақұйрық, тас 

сусары, ұзын 

тұра, сабаншы 

және  орта азия 

өзен камшаты, 

қара аист, үкі, 

бүркіт, құмай, 

қозықұмай, 

жыланжегіш, 

құзғын, балобан, 

шахин, қабір 

қазушы мен 

аласа қыран, ала 

батбат, данатин 

бақасы, сібір 

бақасы


3

«Алтын Емел»  

мемлекеттік ұлттық 

табиғат саябағы 

(Алматы облысы, 

Кербұлақ және 

Панфилов аудандары) 

14 түрі: 

Флора: тас ағаш 

немесе кавказ 

каркасы, іле 

сиырқарақаты, 

іле Альберт 

қызғалдағы.

Фауна: тас суса-

ры, перевязка, 

өзен камшаты, 

сабаншы, құлан, 

қарақұйрық, 

бұхар елігі, орта 

азиялық слеусін, 

сібір таутекесі 

арқарлар,  құба 

тянь-шань аюы

4

«Шарын шаған орман 



саяжайы» табиғаттың 

мемлекеттік 

ескерткіші (Алматы 

облысы, Ұйғыр 

ауданы)

1 түр:

Флора: согдиан 

шағаны


«Қазақтелеком» АҚ

48



Қатысы бар аймақтың 

орналасқан жері  

(облыстың, АТТ атауы, 

қорғалатын табиғат 

аймағының аталуы)

ТҚХС қызыл тізіміне енгізілген түрлердің саны және 

қорғалатын түрлердің ұлттық тізімі* 

Қиын жағдайда 

тұрғаны

Қауіпті 


жағдайда 

тұрғаны


Әлсіздері

Қауіпке жақын 

жағдайда 

тұрғаны 


Қауіптілігі 

барынша төмені



Алматы одт

5

Жоңғар Алатау 



мемлекеттік ұлттық 

табиғат саябағы 

(Алматы облысы, Ақсу, 

Алакөл және Сарқанд 

аудандары) 

13 түрі:

Флора: алма 

Сиверса, ақ 

сұр түсті шіл, 

жоңғар горечав-

касы.


Фауна: данатин 

бақасы, қара 

аист, бүркіт, 

қозықұмай, 

балобан, үкі, 

құла тянь-шань 

аюы, тас суса-

ры, түркістан 

сілеусіні, ақ 

барс


6

«Көлсай көлі» 

мемлекеттік ұлттық 

табиғат саябағы 

(Алматы облысы, 

Райымбек және Талғар 

аудандары) 

11 түрі:

Флора: күнгей 

бетегесі,  алтын 

жанаргүл, тянь-

шань жанаргүлі, 

казак  аршасы, 

еңілікгүл.

Фауна: тау  

арқары, тауешкі 

(таутеке), тянь-

шань немесе 

ақтұяқты аю, 

қар барысы, 

түркістан 

сілеусіні, орта 

азия камшаты



шығыс Қазақстан отд

7

Бесқарағай, 



Бородулихин, Жәрмен, 

Үржар, Абай, Аягөз, 

Тарбағатай аудандары 

және Семей қаласының 

жері – «Семей орманы» 

мемлекеттік орман 

табиғат резерваты  

2 түрі:

Арқар


Қара аист

8

Күршім ауданы –



Марқакөл мемлекеттік 

табиғат қорығы 



5 түрі:

Күлгін бірқазан, 

субүркіт, 

ұзынқұйрық, 

сапсан,

балобан,


ақ барс

5 түрі:

Сухонас, 

жалбағай, 

қызыл тамақты 

қарашақаз, 

айқайшы-аққу,

безгелдек,

алтай ұлары



8 түрі:

Қаражидек,

таумұрынды 

шүйілгіш кептер,

ержегейлі 

қыран, қабір 

қазғыш,

бүркіт,


құмай,

үкі,


тас сусары

5 түрі:

Шаған аққу,

дала қыраны,

қозықұмай,

бұлдырық,

балықшы


5 түрі:

Ақ құйрықты 

субүркіт,

сұр тырна,

сұлу тырна,

қара аист,

қара басты 

күлегеш 


49

Қатысы бар аймақтың 



орналасқан жері  

(облыстың, АТТ атауы, 

қорғалатын табиғат 

аймағының аталуы)

ТҚХС қызыл тізіміне енгізілген түрлердің саны және 

қорғалатын түрлердің ұлттық тізімі* 

Қиын жағдайда 

тұрғаны


Қауіпті жағдайда 

тұрғаны


Әлсіздері

Қауіпке жақын 

жағдайда 

тұрғаны 


Қауіптілігі 

барынша төмені



Қостанай отд

9

Қостанай обл., 



Наурзум АТТ, Наурзум 

мемлекеттік табиғат 

қорығы

Флора – 13 түрлі, фауна – 40 түрлі:

Өсімдіктер: қырғыз аққайыңы, 

Фишерев құс емдеуші, мугоджар 

ақжапырағы, қатты жапырақты 

ши борбай, өтіп кететін шаншу, 

сарғыштау прострел, Биберштейн 

қызғалдағы, екі гүлді қызғалдақ

иілгіш қызғалдақ, шренка 

қызғалдағы, қауырсынды бөтеге,

Қатты жапырақты бөтеге.

Суқоректілер: орман камшаты.

Құстар: күлгін бірқазан, бұйра 

бірқазан, сары көкқұтан, кішкентай 

ақ көкқұтан, каравайка, жалбағай, 

қоқиқаз, кішкентай аққу, айқайшы 

аққу, шырылдақ, қызылтамақты 

қарашақаз, ақ көзді чернеть, қара 

үйрек, ақбас үйрек, ұзын құйрықты 

субүркіт, ақ құйрықты субүркіт, 

қара күшіген, жыланжегіш, үлкен 

подорлик, дала қыраны, бүркіт, 

дала ителгісі, балықшы қыран, 

дала күйкентайы, лашын, балобан, 

шәукілдек, сұр тырна, ақтырна, сұлу 

тырна, безгелдек, дуадақ, ақсұңқар, 

тұмсығы жұқа кроншнеп, қара ба-

сты күлегеш, қара бүйірлі рябок, 

бұлырық, үкі,

Өрмекшіге ұқсастар – 20 түрлі,

жәндіктер – 20 түрлі



Маңғыстау отд

10

Үстүрт мемлекеттік 



табиғат қорығы 

(Маңғыстау облысы, 

Қарақиян ауданы)

Қызыл кітапқа енгізілгендері: 



Құстар – 11 түрі: 

қоқиқаз, балобан, лашын, құзғын, 

дала қыраны, бүркіт, үкі, джек, улы жылан, қара бүйірлі 

рябок, каравайка.



суқоректілер – 9 түрі: 

үстірт арқары, қарақұйрық, ка-

ракал, сабаншы, перевязка, бархан мысығы, балжегіш, 

ақ бүйірлі  стрелоух, қабылан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет