Айырбастау
бағамыныың артуы
Салық салғанға
дейінгі пайдаға әсер
2014 жылғы 31 желтоқсанда
АҚШ доллары
17,37%/17,37%
(3.838.785)/(3.838.785)
Еуро
18,36%/18,36%
(7,534.950)/(7.534.950)
2013 жылғы 31 желтоқсанда
АҚШ доллары
30%/10% (11.447.961)/(3.815.987)
Еуро
30%/10% (11.432.867)/(3.810.956)
Кредиттік тәуекел
Кредиттік тәуекел бұл Компанияны қаржылық залалға алып келетін тәуекел, өйткені контрагенттер өздерінің
қаржылық құрал немесе клиенттік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамайды. Компания оның
операциялық қызметіне байланысты несие тәуекелiне ең алдымен саудалық дебиторлық қарыз бен қаржылық
қызметке қатысты (9-ескерту) банктердегі депозиттерді қоса отырып (10,11 және 12-ескертулер) ұшырайды.
Компанияның ұшырауы мен оның контрагенттерінің кредиттік қабілеті ұдайы бақыланады. Кредиттік тәукелге
барынша ұшырау әрбір қаржылық активтің баланстық құнымен шектелген (9, 10, 11 және 13-ескерту).
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
53
Компанияның жеке қаржылық есептемесінде мойындалған қаржылық активтердің баланстық құны
құнсыздануға арналған резервті шегергенде Компанияның кредиттік тәуекелінің ең жоғарғы деңгейін білдіреді.
Клиенттермен байланысты кредиттік тәуекелдерді басқару кредиттік тәуекелдерді басқарумен байланысты
Компанияның саясатына, рәсімдері мен бақылауларына сәйкес жүзеге асырылады. Клиенттерден түсетін
өтелмеген дебиторлық балансты Компанияның басшылығы тұрақты бақылайды. 2014 жылғы 3 желтоқсандағы
жай-күй бойынша Компанияда Өзбекэнерго МАК деген бір клиент болды, оның берешегі 10.048.687 мың теңге
мөлшерін құрайды, бұл дебиторлық берешектің жалпы сомасының 69%-ын құрайды (2013 жылғы 31
желтоқсанда: 5.135.171 мың теңге, бұл 60%-ды құрайды).
Құнсыздануға жасалатын талдауды Компания басшылығы мерзімі өткен күн саны негізінде дербес түрде әр
есептік күнге жүргізеді. Есеп айырысулар бұрын нақты көтерілген залалдар туралы ақпаратқа негізделеді.
Есептік күнге кредиттік тәуекелге аса бейімділік 9-ескертуде қарастырылған қаржылық активтердің әр
сыныбының баланстық құнымен берілген. Компанияда өзіне кепілдіккке берілген мүлік жоқ.
Ақша қаражаттары мен депозиттер бойынша кредиттік тәуекел шектелген, себебі Компанияның контрагенттері
халықаралық рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингтері жоғары банктер болып табылады.
27. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)
Өтімділік тәуекелі
Компания басшылығы өтiмдiлік және қысқа мерзiмдi, орташа мерзімдіжәне ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды
басқарудың талаптарына сай өтiмділік тәуекелдiлігін басқарудың қажеттi жүйесін құрды. Компания бiрдей
резервтер, банктiк заемдер және қолжетімді кредит жүйелерін ұстау жолымен, тұрақты болжау мониторингісін
жүргізу және ақшалардың нақтылы қозғалысы және қаржы активтері мен міндеттемелерін өтеу мерзімдерін
салыстыру жолымен өтімділік тәуекелін басқарады.
Компания борышты қайта қаржыландыруға қатысты тәуекелдердің шоғырлануын бағалады және бұл өте төмен
болады деген пікірге келді. Компанияның кредиторлардың өтеу мерзімі 12 ай болатын қаржыландыру көздері
мен берешектің айтарлықтай алуан түріне қол жеткізеді.
Келесi кестелерде оның қаржылық мiндеттемелері бойынша шарттық дисконтталмаған ақшалай ағындар
негізінде Компанияның келісім-шарттық мерзімдері көрсетіледі.
Мың теңге
Қажеттіліг
іне дейін
1 айдан 3
айға дейін
3 айдан 1
жылға
дейін
1 жылдан
5 жылға
дейін
5 жылдан
көп
Жиыны
2014
жылғы 31
желтоқсанда
Займдар
−
4.076.231 10.895.062 56.652.174 51.083.760
122.707.22
7
Кредиторлық берешек
−
12.232.439
−
−
−
12.232.439
−
16.308.670 10.895.062 56.652.174 51.083.760
134.939.66
6
2013
жылғы 31
желтоқсанда
Займдар
−
3.008.118
9.111.297 51.220.352 42.982.662
106.322.42
9
Кредиторлық берешек
−
14.041.330
−
−
−
14.041.330
−
17.049.448
9.111.297 51.220.352 42.982.662
120.363.75
9
Капиталды басқару
Компанияның капиталын басқарудың басты мақсаты Компанияның берешек пен капитал қатынасын
оңтайландыру арқылы акционер үшін кірістерді барынша көбейтумен қатар қызмет үздіксіздігі қағидатын
ұстануды жалғастыру жайын қамтамасыз етуде.
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
54
Компания өз капиталын экономикалық шарттардағы өзгерістерді ескере отырып басқарады. Өз капиталын
басқару немесе өзгерту үшін Компания акционерлерге дивидендтер төлеуді ауыстыра, капиталды
акционерлерге қайтара немесе жаңа акцияларды шығара алады.
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылда мақсаттарда, капиталды басқару саясаты бойынша немесе
үдерістерінде қайсыбір өзгерістер болған жоқ.
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
55
27. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)
Капиталды басқару (жалғасы)
Компания капиталға борыш коэфициентін қолдана отырып, капиталды басқарады, бұл барлық капиталға
бөлінген борыш болып табылады. Компанияның міндеті коэфициентті 0,5 деңгейінен жоғары емес деңгейде
ұстап тұруда болып табылады. Борыш барлық қарыздарды қамтиды. Капитал барлық міндеттемелер мен
барлық акционерлік капитал сомасына тең.
2014
жылғы
31
желтоқсан
2013 жылғы
31
желтоқсан
Борыш/Капитал
0,20
0,25
Мың теңге
2014
жылғы
31
желтоқсан
2013 жылғы
31
желтоқсан
Қарыздардың ұзақ мерзімді бөлігі
94.714.528
82.323.069
Қарыздардың қысқа мерзімді бөлігі
12.881.885
10.218.204
Борыш
107.596.413
92.541.273
Міндеттемелер жиыны
190.059.307
145.129.166
Капитал
360.012.700
221.728.852
Капитал мен міндеттемелер жиыны
550.072.007
366.858.018
Компания капиталының құрылымы 14-ескертуде ашып көрсетілгендей акционерлік капиталды, резервтер мен
жинақталған залалдарды қамтиды.
Әділ құнның иерархиясы
Компания қаржы құралдарының әділ құнын анықтау және ол туралы ақпаратты баға моделдерінде ашу үшін
мынадай иерархиясы қолданады:
1-деңгей: бірдей активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарықтардағы бағалар (қайсыбір
түзетусіз);
2-деңгей:барлық шығыс деректері көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер ететін басқа да әдістер
нарықта тікелей немесе жанама байқалады;
3-деңгей: бақыланатын нарықтық ақпаратқа негізделмейтін көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер
ететін шығыс деректер қолданылатын әдістер.
Компанияда әділ құны бойынша активтер мен міндеттемелердің бағалау көздері иерархиясы көрсетілген:
Әділ құны бойынша бағаланатын активтер
Мың теңгемен
2014 жылғы
31 желтоқсан
1-деңгей
2-деңгей
3-деңгей
Қаржылық активтер
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (10-
ескерту)
868.269
–
868.269
–
Қаржылық емес активтер
ҚЭТ ғимараттары (6-ескерту)
437.741.325
–
–
437.741.325
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
56
27. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (ЖАЛҒАСЫ)
Әділ құнының иерархиясы (жалғасы)
Әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемелер
Мың теңгемен
2014 жылғы
31 желтоқсан
1-деңгей
2-деңгей
3-деңгей
Қаржылық міндеттемелер
Қарыздар (15-ескерту)
107.596.413
–
107.596.413
–
Әділ құны бойынша бағаланатын активтер
Мың теңгемен
2013 жылғы
31 желтоқсан
1-деңгей
2-деңгей
3-деңгей
Қаржылық активтер
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (11-
ескерту)
868.269
−
868.269
−
Қаржылық емес активтер
253.351.992
−
−
253.351.992
ҚЭТ ғимараттары (6-ескерту)
Әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемелер
Мың теңгемен
2013 жылғы
31 желтоқсан
1-деңгей
2-деңгей
3-деңгей
Қаржылық міндеттемелер
Қарыздар (15-ескерту)
92.541.273
−
92.541.273
−
Есептік кезеңде 1-деңгей мен 2-деңгей арасындағы әділ құны көздерінің иерархиясын аудару «Батыс Транзит»
АҚ баға белгіленетін облигациялары үшін белсенді нарықтың жоқтығымен түсіндіріледі (10-ескерту). 2014
жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша осы облигациялардың әділ құны болашақтағы ақшалай
ағындардың ағымдағы құны бойынша ескерілген.
Қаржы құралдарының әділ құны
2014 жылғы 31 желтоқсанда және 2013 жылғы 31 желтоқсанда басшылық Компанияның дебиторлық және
кредиторлық берешек, ақшалай қаражат және оның баламасы, пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттары
сияқты қаржы құралдарының әділ құны ең бастысы аталған құралдарды өтеу мерзімдерінің ұзаққа созылмауы
себепті шамамен алғанда олардың баланстық құнына тең. Қарыздар шамамен олардың әділ құнына тең
амортизациялық құны бойынша көрсетілген.
Бағалау әдістері мен ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалауда негізгі қолданылған ұйғарымдар 4-ескертуде
баяндалған.
28.
ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Қызметті жүргізу шарттары
Қазақстанда экономикалық реформалар жалғасуда және салықтық және әкімшілік инфрақұрылым нарықтық
экономиканың талаптарына жауап беруі тиіс. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы осы реформалардың
барысына, сондай-ақ Үкіметтің экономика, қаржы және ақша-кредиттік саясат саласында алдын ала
қабылдаған шараларына байланысты.
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
57
2014 жылы қазақстан экономикасына шикі мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуіне теріс әсерін тигізді.
Көрсетілген факторлардың жиынтығы капитал қолжетімділігінің төмендеуіне, капитал құнының артуына,
инфляцияның өсуіне және экономикалық өсудің белгісіздігіне әкеп соқты, бұл келешекте Компанияның
қаржылық ахуалына, операцияларының нәтижелеріне және экономикалық перспективаларына теріс әсерін
тигізуі мүмкін. Компания басшылығы ағымдағы жағдайларда Компанияның экономикалық тұрақтылығын
қолдау тиісті шараларды алдын ала қабылдау қажет деп есептейді.
Салық салу
Қазақстандық салық заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілері ұдайы өзгерістер мен әртүрлі
түсініктемелердің мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасындағы
пікірлерде алшақтық жағдайлары сирек емес. Қазақстанда қолданыстағы заңдардың негізінде анықталған құқық
бұзушылықтар үшін қазіргі уақытта қолданылатын айыппұлдар мен өсімпұлдар жүйесі өте қатал. Айыппұл
шаралары әдетте қосымша есептелген салықтар сомасынан 50 % мөлшеріндегі айыппұлдарды және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша есептеліп 2,5-ке
көбейтілген өсімпұлды қамтиды. Нәтижесінде айыппұл шараларының сомасы толық есептелуі тиіс салықтар
сомасынан бірнеше есе артуы мүмкін. Қаржылық кезеңдер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы бес
күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық қалдырылады. Белгілі бір жағдайлар кезінде
салықтық тексерулер ұзағырақ мезгілдерді қамти алады. Жоғарыда баяндалғандарға орай, салықтардың,
айыппұл шаралары мен өсімпұлдардың, егер мұндайлар болса, ақырғы сомасы осы уақытқа және 2014 жылдың
31 желтоқсанына есептелген шығыстарға жатқызылған сомадан артуы мүмкін.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компания басшылығы қолданылатын заңнамасы түсіндіру
дұрыс және Компанияның салықтар бойынша ұстанымы аталған |Жеке қаржылық есептемеде қарастырылған
немесе ашып көрсетілген жағдайларды қоспағанда расталады.
Кредиттік келісімдердің шарттары
1999 жылдан 2011 жылға дейін Компания Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен («ЕҚДБ») және
Халықаралыық Қайта құру және Даму Банкімен («ХҚДБ») (бұдан әрі – кредиторлар) 558 миллион АҚШ
доллары және 233 миллион еуро жалпы сомасына кредиттік келісім жасады (15-ескерту). Компания және
кредиторлар арасындағы кредиттік келісімдерге сай Компания мынадай кредиттік келісім шарттарын сақтауға
міндеттенеді:
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге арақатынасы кем дегенде 1:1;
Жиынтық берешектің жалпы капиталдандыруға ара қатынасы көп дегенде 50%;
Қаржылық шығыстарды, пайда салығын, тозу мен амортизацияны («EBITDA») шегергенге дейінгі
табыстардың қаржылық шығыстарға ара қатынасы кем дегенде 3:1;
Таза борыштың EBITDA ара қатысы көп дегенде 4:1;
Өзін өзі қаржыландыру коэффициенті кем дегенде 20%;
Борышқа қызмет көрсету коэффициенті кем дегенде 1,2.
Басшылық 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компания
ЕҚДБ және ХҚДБ-мен жасалған кредиттік келісімдердің барлық шарттарын орындады деп санайды. EBITDA
есептеген кезде Компания бағамдық айырмашылықтан болған залалды болдырмайды, себебі бағамдық
айырмашылықтан болған залал сенімсіз құнсыздану анықтамасына сәйкес келеді және EBITDA есебінен
алынып тасталуы тиіс. 2014 жылғы 31 желтоқсанда EBITDA есептеген кезде Компания 2014 жылғы 31
желтоқсанда аяқталған жылдағы бағамдық айырмашылықтан болатын 7.510.519 мың теңге сомасындағы
залалды болдырмады.
Сақтандыру
2014 жылғы 31 желтоқсанда Компания 134.361.065 мың теңге сомасына теңгерімдік құнның өндiрiстiк
активтерiн сақтандырды. Сақтандыратын жағдай келгенде сақтандыру төлемі активтердің баланстық құны
шегінде жүргізіледі. Компания қалған өндiрiстiк активтердi сақтандырмады. Сақтандырудың жоқтығы активтер
құнының азаюын немесе мiндеттемелердiң туындауын білдірмейтіні себепті осы жеке қаржылық есептемеде
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
58
осындай активтердің бүлінуге немесе жоғалуына байланысты күтпеген шығыстарға ешқандай резерв құрылған
жоқ.
27. Шартты мiндеттемелер (жалғасы)
Келісім-шарттық міндеттемелер
Ұлттық электр торабы жабдығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Компания капиталды
инвестициялар жоспарын әзірледі. Осы жоспар шеңберiнде Компания бекіткен ашық келісім-шарттар
бойынша мiндеттемелер сомасы 2014 жылдың 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 103.344.164 мың теңгенi
құрады (2013 жыл: 68.611.801 мың теңге.)
Достарыңызбен бөлісу: |