4.1-
кесте
Өңірлер, сыныптар және мектептердің көлемі
бойынша оқушы
-
мұғалім арақатынасы, 2011
Облыстар мен
қалалар
Оқу жылдары бойынша
сыныптардың көлемі
Мектептердің көлемі
бойынша
сыныптардың көлемі
(2011)
Сыныпта
рдың
орташа
көлемі
Оқушылар
мен
мұғалімдердің
коэффициенті
1-4
сыныпт
ар
5-9
сыныпт
ар
10-11
(12)
сыныпт
ар
Шағын
мектептер
Басқа
мектептер
Барлығы
Барлығы
Ақмола
11.7
12.8
10.3
8,2
17,7
12
7.4
Ақтөбе
15.8
16.7
15.2
8,5
22,1
16.1
7
Алматы
19.2
19.4
14.3
8,5
20,5
18.6
8.7
Атырау
19.1
18.5
15.2
17,5
18,4
18.3
9.1
Шығыс
Қазақстан
15.4
15.9
14.5
9,9
17,5
15.5
8
Жамбыл
19.1
19.2
16.4
12,5
20,5
18.8
8.3
Батыс Қазақстан
14
15.5
13.4
7,2
18,5
14.6
7.4
Қарағанды
16.9
17.6
14.4
7,1
20,3
16.9
8.9
Қостанай
12.8
14.7
11.7
8,0
19,7
13.5
7.6
Қызылорда
21.3
21.5
18.3
6,0
21,8
20.9
6.9
Маңғыстау
21.8
22.3
18.4
9,8
21,8
21.7
11.7
Павлодар
13.8
13.7
11.8
6,9
21,5
13.5
7.7
Солтүстік
Қазақстан
9.9
11.4
10.6
6,9
16,6
10.6
5.5
Оңтүстік
Қазақстан
20.8
21.7
20.8
10,6
21,7
21.2
9.2
Астана қ.
25.3
24.5
24.7
25,1
24.7
14.9
Алматы қ.
25.6
23.9
21.5
24,4
24.4
12.4
Ел
бойынша орта
көрсеткіш
17.7
18.1
15.6
8,4
20,8
17.6
8.5
Дереккөз
:
АТО (2014)
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жалпы білім беретін мектептерде
сыныптардың мөлшері 25 оқушыдан аспауға тиіс. Алайда, өңірлік және жергілікті органдардың
сыныптардың мөлшерін түзету кезінде өз қалауынша шешім қабылдау құқығы бар. Бұдан басқа,
үлкен сыныптарда сынып мөлшері аздау болуы мүмкін (20 оқушы) және құрылыс жұмыстары
жүргізілген жағдайда 2,25 м
2
үлестік алаңға дейін көбеюі мүмкін. Сондай-ақ нормативтік құжаттар
арнайы білім сыныптары үшін сыныптың барынша үлкен мөлшерін белгілейді. Мысалы, сынып
мөлшері көзі нашар көретін балалар үшін сыныптар және естуі нашар балалар үшін сыныптар
жағдайында 8 оқушыдан аспауға тиіс.
Оқушыларды топтастыру
Мектептер әлеуметтік жағдайы әртүрлі білім алушыларды және әртүрлі қабілеті бар білім
алушыларды, ұлдар мен қыздардың санын бірдей етіп, жасы және оқу жылы бойынша
сыныптарды қалыптастыруы тиіс. Білім алушыларды қабілетіне қарай топтастыруға 1-4-
сыныптарда тыйым салынады, ал 5-9-сыныптарда білім алушылар өздері таңдаған пәндер мен
қабілеттер негізінде топтастырылуы мүмкін. Бастауыш сыныптардың оқушыларын 1 сыныптан
142
бастап 4 сыныпқа дейін бір мұғалім оқытады, бұл іс жүзінде «циклді жүргізу» немесе «көп жылғы
оқу» деп аталады және басқа елдерде қолданылады. Әртүрлі оқу бағдарламалары бойынша білім
алушылардың бөлінуі тек 9-сыныптан кейін ғана орын алады, ол кезде білім алушылар оқуын жай
мектептің 10-сыныбында не академиялық мектепте (мысалы, лицей, гимназия) не кәсіби мектепте
жалғастыруы мүмкін, дәл осылайша, білім берудің басқа бағдарламаларына өтеді.
Оқушылардың келесі сыныпқа өтуі және оқушыларды қолдау
Оқуды қолдайтын стратегиялар мектеп деңгейінде ұйымдастырылған жағдайда, оқуы
нашар білім алушыларды жүйелі мемлекеттік қолдау саясаты жоқ, олардың құжаттамасы дұрыс
жүргізілмейді. Сарапшылар мұғалімдері мен психологтары мектептегі ұзартылған күннің түзетуші
сабақтары нысанында білім алушыларға ерекше назар аударатын мектептерге барған еді. Кейбір
оқушылар сарапшыларға өздерінің қандай да бір сабағы бойынша қиындықтары болса, олар, ең
алдымен, бұл мәселені мұғаліммен талқылайтынын айтты. Бұдан басқа, олар мектептегі
ұзартылған күн топтарының тегін сабақтарына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлады.
Қазақстанда қайтадан оқыту өте сирек кездеседі. Ресми статистика көрсеткендей, білім
алушылардың тек 0,04% ғана 2012 жылы екінші жылға қалған еді (АТО, 2014). Респонденттер
2012 жылы PISA зерттеу төңірегінде ұсынған мәліметтерге сәйкес, 15 жасқа дейінгі білім
алушылардың шамамен 2% бүкіл оқу мерзімі бойынша кем дегенде бір рет екінші жылға қалған
еді, бұл ЭЫДҰ бойынша орта көрсеткіштен айтарлықтай төмен (12%) (ЭЫДҰ, 2013a). Әдетте, тек
егер бұны психологиялық-медициналық комиссия ұсынса және ата-аналардың келісімі болса ғана
бірінші сыныпта оқитын балаларды екінші жылға қалдырмайды. Кемінде екі пән бойынша нашар
бағалары бар 2-4-сыныптарының оқушылары осы пәндер бойынша емтихан тапсыруы мүмкін
және егер жақсы тапсырған жағдайда, олар келесі сыныпқа ауысады. Бір не екі пән бойынша
нашар бағалары бар 5 – 11-сыныптардың оқушылары қайтадан емтихан тапсырады және жазға
осы пәндер бойынша қосымша үй тапсырмаларын алады. Егер оқушылар емтихан тапсыра алмаса,
олар екінші жылға қалып, түзетуші сабақтарға қатыса алады, егер де бұны психологиялық-
медициналық комиссия ұсынса және ата-аналардың келісімі болса ғана. Мектептің педагогикалық
кеңесі және мектеп директоры үш не одан да көп пәндер бойынша нашар бағалары бар білім
алушыларды екінші жылға қалдыра алады.
Мектептердегі ахуал
Қазақстан мектептеріндегі ахуал жақсы болып көрінеді және оқу жетістіктеріне көп назар
аударылады (4.2-кесте). 2011 жылы Халықаралық математикалық және жаратылыс ғылымы
білімінің сапасын мониторингтік зерттеуге (TIMSS) қатысқан оқушылардың үштен бір бөлігі
директорлар мен мұғалімдердің айтуына қарағанда, оқу жетістіктеріне көп назар аударылатын
мектептерде оқыған. Дәл осылайша оқушылардың үштен екі бөлігі мұғалімдері мектептерінің
қауіпсіз екендігін және тиісті деңгейде қызмет ететінін белгілеген мектептерде оқыған; 4-
сыныптың түгелге жуық оқушылары директорлары мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік
проблемаларының жоқтың қасы екендігін белгілеген мектептерде оқыды. TIMSS-2011 қатысқан
басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстан 4 және 8-сыныптарда мектептегі тәртіп пен
қауіпсіздікпен болған проблемалардың ең аз санын көрсетеді. Ең ақырында, 4-сыныптағы
оқушылардың үштен екі бөлігі және 8-сыныптағы оқушылардың төрттен үш бөлігі өздерінің
мектепте қатыгез мінез-құлыққа ешқашан тап болмағанын белгілейді.
143
4.2-
кесте
Директорлардың, мұғалімдер мен оқушылардың
мектептегі ахуалды қабылдауы, 2011 жыл
4-
сынып
8-
сынып
Қазақстан
Әлемдегі
орташа
көрсеткіш
ЭЫДҰ
-
дағы
ең
жоғары
көрсеткіш
Қазақстан
Әлемдегі
орташа
көрсеткіш
ЭЫДҰ
-
дағы
ең
жоғары
көрсеткіш
Директорлардың
жауаптарына
сәйкес
оқу
жетістіктеріне
«өте
жоғары»
немесе
«жоғары»
көңіл
бөлу
70
66
93
65
60
82
Мұғалімдердің
жауаптарына
сәйкес
оқу
жетістіктеріне
«өте
жоғары»
немесе
«жоғары»
көңіл
бөлу
80
67
96
73
53
75
Мұғалімдердің
жауаптарына
сәйкес
қауіпсіз
және
тиісінше
тәртібі
бар
мектептер
67
53
85
65
45
64
Директорлардың
жауаптарына
сәйкес
,
мектепте
тәртіппен
және
қауіпсіздікпен
проблемалар
жоқ
91
61
85
44
16
23
Оқушылардың
жауаптарына
сәйкес
оқушылар
агрессивті
мінез
-
құлықпен
ешқашан
кездеспейді
64
48
68
73
59
79
Дереккөз
:
МуллисИ
.,
М
.
Мартин
,
П
.
Фойжәне
А
.
Арора
(2012), TIMSS-2011
Халықаралық
математика
жөніндегі
нәтижелер
. IEATIMSS&PIRLS
халықаралық
зерттеулер
орталығы
,
Линч
білім
беру
мектебі
,
Бостон
колледжі
,
Бостон
.
Оқу уақыты және сыныптан тыс шаралар
Уақыт – балаларды оқытуда қолданылатын ең маңызды ресурстардың бірі. Оқу уақытын
көбейту оқу процесінің жақсаруына міндетті түрде әкелмейді, бірақ жеткіліксіз оқу уақыты оқу
мүмкіндіктерін шектейді. Қазақстанда ресми оқу жылының ұзақтығын ЭЫДҰ көптеген елдерімен
салыстыруға болады. Оқу жылының ұзақтығы туралы шешімдер орталық деңгейде қабылданады
және барлық мектептерге қатысты: 1-сыныпта 33 апта және басқа сыныптарда 34 апта.
Мектептердегі сабақтар аптасына алты күн өткізіледі және білім алушылар оқу жылына қарай
аптасына 24-39 сабаққа қатысады. Дегенмен, Қазақстанда мектептегі оқу уақытының жалпы
ұзақтығы ЭЫДҰ көптеген елдерімен салыстырғанда, айтарлықтай қысқа, себебі сабақтардың
өздері және олардың арасындағы үзілістер қысқа (сабақ ұзақтығы 45 минут, 1-сыныптың бірінші
жартысында 35 минут). 9-сыныптың соңына қарай Қазақстандағы білім алушылар ЭЫДҰ-да орта
көрсеткішке қарағанда, оқу сағаттарынан 12% аз аяқтайды. Бұл айырмашылықтың үлкен бөлігі 1-
2-сыныптарға тиесілі, онда оқу уақыты осы сыныптардағы ЭЫДҰ-дағы орта көрсеткішпен
салыстырғанда, сағаттар саны бойынша 25% қысқа. ЭЫДҰ-дағы орта көрсеткішпен
салыстырғанда, аздау болатын орта мектептегі оқу уақыты 14 жастағы білім алушылардың
жағдайында бар болғаны шамамен 5% азырақ және 15 жастағы білім алушылардың жағдайында
дәл сол деңгейде (4.1-сурет). Одан басқа, Қазақстандағы білім алушылар үшін нормативтік
талаптар аптасына дара және топтық консультацияның екі сағатын көздейді.
144
4.1-
сурет
Қазақстанда және орта есеппен ЭЫДҰ
-
да міндетті оқу уақыты, жас топтары бойынша,
2011 жыл
Дереккөз: Ақпараттық
–
талдау
орталығы (АТО) (2014), Мектептерде
ресурстарды
пайдалану
тиімділігін
арттыру
саясаты
бойынша
ЭЫДҰ
шолуы: Қазақстан
бойынша
елдің
негізгі
баяндамасы, Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрлігінің
Ақпараттық
–
талдау
орталығы, Астана
қ.; ЮНЕСКО
Статистика
институты.
Оқу уақыты көбінесе академиялық пәндерге арналған – математика, жаратылыстану
пәндері, ана тілі және шетел тілі, себебі қазақстандық оқу бағдарламасы біршама тар болып
табылады. «Үш тілді» мектептерде білім алушылар өз оқу тілін (мысалы, орыс), қазақ тілін және
шетел тілін (мысалы, ағылшын) оқи алады. Бастауыш деңгейде басты назар оқуға бөлінген, ал
5 – 11-сыныптарда басты назар математикаға және жаратылыстану пәндеріне бөлінеді.
4.A2 қосымшасы пәндер бойынша бір «үш тілді» мектепте 1 – 11-сыныптардағы білім алушылар
үшін көзделген сабақтардың сағаттар санын көрсетеді. Осы мектептің 11-сыныбын бітірген білім
алушы оқу тілін жалпы алғанда 2 135 сабақ бойы оқиды (осы тілдегі оқуды қоса алғанда), бұл
ретте осы уақыттың жартысынан көбі бастауыш сыныптарға тиесілі, математиканы – 1900 сабақ
бойы, жаратылыстану пәндері – 1631 сабақ бойы.
Ресми оқу уақыты ұзартылған күн топтары аясында өткізілетін үйірмелермен
толықтырылады, бұл үйірмелер білім алушыларға сыныптық шараларға қатысудың қосымша
мүмкіндігін ұсынады. 2012-2013 оқу жылында мектеп аумағында қызмет ететін мұндай 53 272
үйірме 881 437 білім алушымен жұмыс жүргізді. Білім алушылар бірнеше үйірмелерге қатыса
алатындықтан, қатысушылардың саны білім алушылардың санынан жоғары болуы мүмкін.
Мұндай үйірмелерде не ұзартылған күн клубтарында білім алушылар көркем өнермен, би
өнерімен шұғылданады, ән айту, хор, театр топтарына қатысады. PISA-2012 деректері
көрсеткендей, 15 жастағы білім алушылардың 80% астамы спорт сабақтары (99%), математика
бойынша конкурстар (97%), қызметтерді ұсыну (97%), көркем өнермен шұғылдану (89%), бітіруші
сыныптардың альбомы (82%) сияқты сыныптан тыс шаралар ұсынылатын мектептерде оқиды
(ЭЫДҰ, 2013a). Одан басқа, 30 000 астам бала бүкіл ел бойынша спорт секцияларына қатысады, ал
мамандандырылған мекемелердің өсіп келе жатқан саны (2013-2014 жылдары 680 мекеме)
экология, технологиялар, туризм, музыка және көркем өнер, демалыс және спорт лагерлері сияқты
салаларда сыныптан тыс шараларды ұсынады.
Мектеп аумағында мұғалімдердің ақылы сабақ берулеріне тыйым салынады. Дегенмен
мұғалімдер мұндай қызметтерді қосымша ақылы қызмет ретінде мектеп аумағынан тыс көрсете
0
100
200
300
400
500
600
700
800
900
1000
7 жас
8 жас
9 жас
10 жас
11 жас
12 жас
13 жас
14 жас
15 жас
Са
ғат
саны
орташа, ЭЫДҰ
Қазақстан
145
алады. Сондай-ақ мұғалімдер мектептерге жатпайтын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын
сыныптан тыс шаралар аясында жұмыс істей алады. Дегенмен дара репетиторлық мектеп
шаралары контекстінде ұйымдастырылуы мүмкін, ол үшін мұғалімдер қосымша ақыны алады.
Мектеп объектілері
Көптеген мектептер өз объектілерін күні бойы пайдаланады. Ел мектептерінің үштен екі
бөлігі оқуды екі ауысыммен жүргізеді, ал кейбір мектептер (1%) үш ауысыммен жұмыс істейді.
Мектептерде үш ауысымдық оқуды жою «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының ең басты
бөліктерінің бірі болған, бірақ 2011 жылдағы 71 мектеппен салыстырғанда, 2013 жылы мұндай
мектептердің саны 110 болған. Осы мектептердің көбісі (80%) екі облыста – Алматы және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан, өйткені осы облыстарда білім алушылардың саны
тез өсіп келеді (ҰБСБО, 2014). Кеңес уақытынан қалған инфрақұрылым тапшылығының белгісі
болып табылатын бірнеше ауысыммен оқу қолданыстағы объектілерді күні бойы пайдалануға әкеп
соғады. Сабақтардан кейін объектілер жиі кезде көптеген сыныптан тыс және ілеспелі шараларды
жүргізу үшін өте жиі қолданылады. Мектеп залдарын көркемөнер және театр үйірмелері
қолданыдады, спорт залдары мен алаңдарын – мектеп жанында әрекет ететін спорт командалары,
кабинеттер ересектер үшін кешкі сабақтарды жүргізу үшін жиі қолданылады (егер бұған
жергілікті атқарушы органдар рұқсат берген болса) (АТО, 2014).
Сондай-ақ мектеп объектілері жыл бойы қарқынды пайдаланылады. Жазғы лагерьлер және
жазғы мектеп шаралары демалыс уақытында ұйымдастырылады. Бұл шаралар балаларға мектеп
демалыстары уақытында шығармашылық және зияткерлік ынталандыру мүмкіндіктерін ұсынудан
бастап кәсіби және қоғамдық жұмысқа қатысу және әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан
балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға дейін неше түрлі әлеуметтік мақсаттарды көздейді.
Әдетте бұл шаралар тегін өткізіледі, қазақстандық қалалар мен ауылдарда қоғамдық өмір
орталығы сияқты мектептердің рөлін күшейтеді.
Мұғалімдер және мектеп басшылары үшін кәсіптік даму мүмкіндіктері
Мектептердегі жұмыс ахуалы
Мұғалімдердің өз мектептерінде кәсіби даму үшін көп мүмкіндіктері бар. Қазақстанның
әрбір мектебінде, кем дегенде, бір оқу-әдістемелік бірлестік бар, оның аясында мұғалімдер оқыту
әдістерін талқылау үшін үнемі жиналады. Қазақстанда 2011 жылы TIMSS зерттеуіне қатысқан
білім алушылардың мұғалімдері белгілегендей, олар белгілі бір тақырыпты оқыту әдістерін, оқу
материалдарын жоспарлау және даярлау бойынша ынтымақтастықты, сабақ беру тәжірибесімен
алмасуды талқылау, сабақ беру туралы көбірек білу және жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін
бірлескен жұмыс үшін басқа сабақтарға кіруге басқа мұғалімдермен жиі кезде әрекеттесетінін
белгіледі (Муллис және т.б., 2012). Бұл бөлігі мұғалімдердің ынтымақтастығы бойынша орта
дүниежүзілік көрсеткіштармен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары. Сарапшылар мектептерге
барды және бұл сапарлар зерттеу нәтижелерін растайды. Мұғалімдер айтқандай, олар басқа
мұғалімдерге олардың сабақ беруіне қатысты пікірлерін ұсынады және мектептің әдістемелік
бірлестігінің отырыстарында (бірдей пәндерді оқытатын мұғалімдер тобы) жекелеген
оқушылардыі мүмкіндіктерін талқылайды және туындаған мәселелерді шешу бойынша бірлескен
жұмыс жүргізіледі.
Мектеп басшылары PISA-2012 жеке өздері толтырған деректерге сәйкес (4.2-сурет), ЭЫДҰ
елдеріндегі орта көрсеткішпен салыстырғанда, оқу басшылығын көбірек деңгейде жүзеге асырады.
Қазақстандағы білім алушылардың көбісі директоры кемінде айына бір рет мұғалімдердің кәсіби
дамуы жөніндегі шаралардың мектептің педагогикалық мақсаттарына сәйкестігін тексеретін
(84%), мұғалімдердің мектептің педагогикалық мақсаттарына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін (89%), педагогикалық кеңестің отырысында мұғалімдермен мектептің оқу мақсаттарын
талқылайтын (65%), соңғы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес сабақ беру әдістемесін алға
жылжытатын (77%), оқушылары оқуға белсенді қатысатын мұғалімдерді көтермелейтін (32%),
білім алушылардың сыни және әлеуметтік қабілеттіктерін дамыту маңыздылығына мұғалімдердің
назарын аудартатын (81%), мұғаліммен оның сыныбында туындаған проблемаларды талқылау
146
қажет болатын кезде бастаманы көрсететін (78%), сыныптағы жаман тәртіпке назар аударатын
(85%), сыныптағы мәселелерді шешу үшін мұғалімдермен бірге жұмыс істейтін (82%) мектептерде
оқиды (ЭЫДҰ, 2013а). Оған қоса, барлық білім алушылар, ЭЫДҰ елдеріндегі 60 и 69%
салыстырғанда, директордың айтуынша, сараптама жүргізілетін (мысалы, сабақ жоспарларының,
бағалау құралдарының және сабақтардың сараптамасы) және директоры не тәжірибелі қызметкері
сабақ беру тәжірибесін бақылау үшін сабақтарды бақылайтын мектептерде оқиды. Одан басқа,
білім алушылардың көбісі директоры кемінде айына бір рет мектептің білім беру мақсаттарын
әзірлеу үшін білім алушылардың нәтижелерін қолданатын мектептерде оқиды.
4.2-
сурет
Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде оқуды басқаруға қатысу тұрақтылығы
орта есеппен
, 2012
Ескертпе: Бұл деректер директорлары PISA
-2012-
ге қатысу кезінде өзінің айына бір реттен аптасына бір ретке дейін (қара
көк) немесе аптасына бір реттен артық (ақшыл көк) алдынғы оқу жылындағы оқуды басқаруға қатысты шараға тартылғанын
белгілеген мектептердегі білім алушылардың үлесін көрсетеді.
Дереккөз
:
ЭЫДҰ (2013a), PISA
-
2012 нәтижелері: мектептердің қалайша табысты болатыны (IV
том
):
ресурстар, саясат және
тәжірибе, PISA, ЭЫДҰPublishing, Париж, http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156
-en.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Мұгалімдер кемінде бес жылда бір рет өз мектебінен тыс жерде біліктілікті арттыру
курстарынан өтуге тиіс, бұл ретте курстар төрт айдан аспайды. Міндетті біліктілікті арттыру
курстарын мемлекет қаржыландырады, және мектеп директорлары өз мектебінде біліктілікті
арттыру жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді. Әдетте
мұғалімдер өздерінің кәсіби дамуы үшін ақы төлемейді. Мұғалімдерді бағалау олардың кәсіби
дамуымен тікелей байланысты емес. Алайда мұғалімді бағалау нәтижелері бойынша оған белгілі
бір біліктілікті арттыру курсынан өту ұсынылуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Кәсіби даму
бойынша шаралардың екі түрі бар:
Дәстүрлі кәсіби даму нысандары, мысалы, курстар, семинарлар және конференциялар,
оларды жергілікті деңгейде жергілікті мамандандырылған мекемелер мұғалімдерге
сертификат беріп, бірақ еңбекақыны көтермей, жүзеге асырады. Олар әдетте кемінде 72
147
сағат бойы жүргізіледі. Егер курстар 36 сағаттан артық болса, онда оқу практикалық
сабақтарды және қорытынды емтиханды көздейді. Бұл курстарды «Өрлеу» ұлттық
біліктілікті арттыру орталығының өңірлік бөлімшелері жүргізеді.
«Анағұрлым жоғары деңгейдегі оқу бағдарламалары», оларды аяқтағаннан кейін
мұғалімдердің еңбекақысы көтеріледі. Бұл бағдарламалар Қазақстандағы кәсіби дамудың
орасан биік мақсатын бейнелейді және оны халықаралық әріптестермен бірге (ең
бастысы, Кембридж университетінің білім беру факультеті) «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы жүзеге асырады. Реформаның
мақсаттары: елдегі кәсіби даму жүйесін қайта ұйымдастыруды, НЗМ мектептері
жинақтаған тәжірибе негізінде мектеп білімі жүйесінде инновациялық практиканы
енгізуді, озық әлемдік педагогикалық тәжірибені пайдалануды қамтиды. Бұл
бағдарламалар үш деңгейде жүзеге асырылады: i) негізгі: оқу сыныптағы оқыту процесіне
шоғырландырылған; ii) негізгі: оқу мектептегі оқыту процесіне шоғырландырылған; iii)
жоғарғы: оқу бүкіл мектеп бойынша сабақ беру тәжірибесін жақсартуға
шоғырландырылған. Бұл оқыту бағдарламаларын «Назарбаев зияткерлік мектептері»
ДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру
орталығы жүзеге асырады, алайда соңғысы тек негізгі және негізгі деңгейдегі курстарды
ғана жүргізе алады.
Жоғары деңгейдегі оқуды өту үшін мұғалімдерді іріктеуді мектеп директорларының
ұсынысы бойынша облыстық Білім беру департаменттері жүзеге асырады. Іріктеу
өлшемдері сабақ беру жұмысының тәжірибесін, табысты сабақ беру дәлелдерін, сабақ
берудің инновациялық әдістерін енгізу қабілетін, өзінің сабақ беру тәжірибесін тарату
қабілетін, тәжірибесі аздау мұғалімдерге жетекшілік ету қабілетін, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білуді қамтиды (4.A3-қосымшасында 4.A3.1-кесте).
Әрбір бағдарлама ұзақтығы бір ай құрайтын үш ретті кезеңдерден тұрады: теориялық
кіріспе; онлайн-қолдау кезінде жұмыс орнында оқыту; жұмыстан тыс жүргізілетін және
өзін-өзі талдауды, әріптестер тарапынан бағалауды, мұғалімнің педагогикалық
тәжірибесіндегі өзгерістерді бағалауды көздейтін қорытынды бөлігі. Бағдарлама
аяқталғаннан кейін мұғалімдер портфолио дайындап, презентацияны өткізуге және
емтихан тапсыруға тиіс. 2012 жылы 7 % жуық мұғалімдер бағдарламаны табысты аяқтай
алмады. «Анағұрлым жоғары деңгейдегі» оқу бағдарламасын табысты аяқтау
еңбекақының негізгі, негізгі және жоғарғы бағдарламаларын аяқтау кезінде негізгі
лауазымдық жалақыдан, тиісінше, 30%, 70% және 100% көтерілуіне әкеледі (3-тарауда
3.4-кесте).
2013 жылы 50 600 мұғалім «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының өңірлік
филиалдары өткізетін дәстүрлі нысандағы біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарынан
өткен. Дәл сол жылы «Өрлеу» БАҰО жүзеге асыратын «анағұрлым жоғары деңгейдегі» оқу
бағдарламаларынан өткен мұғалімдердің саны негізгі және негізгі деңгейлер бойынша, тиісінше
8 691 және 1 198 адам құрады, ал «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ Педагогикалық
шеберлік орталығында дәл осыбағдарламалардан өткен мұғалімдердің саны негізгі, негізгі және
жоғары деңгейлер бойынша, тиісінше, 1 147, 997, 3 093 адам құрады. Сондай-ақ мұғалімдер өзінің
кәсіби дамуымен ресми талаптардан тыс та айналысуы мүмкін, сол сияқты басқа білімді де алуы
мүмкін. Кейде бұл тиісті мектептің қолдауымен жасалады.
Мектептердің басшы кадрларын дамыту
Әдеттегідей, мектеп басшылары өзінің басқару дағдыларын дара практикалық жұмыс
тәжірибесі аясында дамытады. Педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламалары мектепті
басқару бойынша пәнді қамтымайды және басшы кадрларды даярлау бағдарламасын аяқтау басшы
лауазымына тағайындау кезінде және лауазымға тағайындалғаннан кейін талап етілмейді.
Жұмыстан босатылмай, біліктілікті арттыру бойынша шараларға қатысу міндетті болып
табылмайды және мұғалімдерге қарағанда, еңбекақының көтерілуіне әкеп соқпайды. Одан басқа,
мектеп басшылары үшін кәсіби оқу қауымдастықтарының және тәлімгерлік бағдарламалары жоқ.
148
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті дамыту орталығы және оның өңірлік бөлімшелері жұмыстан
босатпай, басшы кадрларды даярлау курстарын әзірлеу және жүзеге асыру үшін жауап береді.
Негізі, бұл курстардың мазмұны: i) білім беруде басқару теориясы мен әдістемесіне; іі)
Қазақстандағы білімнің ахуалына; ііі) білімдегі басқару әдістеріне; iv) мектепті басқару теориясы
мен әдістемесіне, және v) мектепті басқарудың қазіргі заманғы әлеуметтік және мәдени
аспектілеріне арналған (АТО, 2014). Соңғы жылдары озық мектептерде тағылымдамадан өтуді,
интерактивті және ақпараттық технологиялардың қолданылуын, қашықтықтан оқыту курстарын
ұсыну арқылы кеңейтілген қолжетімділікті қоса алғанда, практикалық бөлігін енгізу бойынша
шаралар қабылдануда АТО, 2014).
2013 жылы «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру курстарына 2 638 мектеп басшысы
қатысты, олардың 557 (8%) расында да мектеп директорлары болған (АТО, 2014). Бұл мектеп
директорының өзінің жұмыс тәжірибесінің 12 жылында оқу курстарына орташа есеппен бір рет
қана қатысатынын білдіреді. Министрлік деректеріне сәйкес, мектеп директорларының тек 56%
ғана 2012 жылы басшы кадрлар үшін тереңдетілген оқу курстарынан өткен (АТО, 2014). «Өрлеу»
ҰБАО курстарына басқа қатысушылар оқу жұмысы жөніндегі 854 орынбасарды, 595 әдістемелік
бірлестік жетекшілерін, тәрбие жұмысы жөніндегі 487 орынбасарды, бастауыш сыныптар
бойынша 105 орынбасарды, 40 әлеуметтік педагогты қамтыған (АТО, 2014).
Назарбаев университетімен бірге «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы да мектеп басшылары үшін кәсіби даму бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кембридж университетінің қолдауымен (Ұлыбритания) Орталық өзінде теориялық және
практикалық даярлықты қамтитын, 9-айлық инновациялық оқу бағдарламасын әзірледі. Жалпы
бағдарлама 640 сағат бойы жүргізіледі, олар мынадай кезеңдерге бөлінген: і) кіріспе «бетпе бет»
оқуы (160 сағат); іі) нұсқаушының қолдауымен практикалық оқу (80 сағат); ііі) бар білімін
тереңдету және толықтыру үшін «бетпе-бет» оқыту, мектеп басшыларын талдау және бағалау (160
сағат); iv) нұсқаушының тікелей қолдауымен мектептегі тағылымдама (240 сағат). Бағдарламаның
басты мақсаттары: і) мектептің қазіргі заманғы басшысының рөлі мен мақсатын түсінуді дамыту;
іі) көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және болжамдау саласында
басты құзыреттерді қалыптастыру; ііі) мектеп басшыларына өз қызметін, мұғалімдер мен
оқушылардың қызметін жақсарту үшін машықтарды, әдістемелерді, нысандар мен әдіс-тәсілдерді
көрсету; iv) анна-аналармен және жергілікті халықпен ынтымақтастықты дамыту үшін көшбасшы
дағдыларын дамыту. 2013 жылы бұл бағдарламаға бар болғаны 250 мектеп директоры мен
директор орынбасары қатысқан еді. Сондай-ақ Орталық 2013 жылы НЗМ кейбір инновациялары
бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылған 35 мектептің шамамен 70 мектеп басшысы үшін
бес айлық бағдарламаны (маусымнан бастап қазанға дейін) ұйымдастырды. Бағдарлама кіріспені,
бір бөлігі – қашықтықтан оқыту нысанында, басқа бөлігі – НЗМ-де практиканы байқау түрінде
басшы кадрларды шетелде даярлау курсын және қорытынды жобаны қамтыған (НЗМ, 2013).
Бағалау жүйелері
Оқушыларды бағалау
Оқушылардың үлгерімі көптеген құралдардың көмегімен бағаланады, сыртқы ұлттық
емтихандардан бастап сыныптағы ағымдағы күнделікті әдеттегі бағаға дейін. Ұлттық деңгейде
2012 жылдан бастап 9-сыныптарда іріктеу аясында Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ)
өткізіледі, оның нәтижелері ұлттық мақсаттарға қатысты тиімділіктің басты көрсеткіштерін
айқындау кезінде қолданылады. Ол мектептерге, мұғалімдер мен білім алушыларға қатты әсер
етпейді. Сомалық бағалау мұғалімдер өткізетін бағалау нәтижелеріне (белгілі бір сыныптардың
соңында кейбір пәндер бойынша қорытынды емтихандарын қоса алғанда) және соңғы оқу жылы
ұлттық емтихан нәтижелеріне (Ұлттық бірыңғай тестілеу, ҰБТ) негізделеді. Соңғысы мектепті
аяқтау кезінде (11-сынып) өткізіледі және жоғары оқу орнына түскісі келетін білім алушыларға
арналған (ол, ең бастысы, ЖОО-ға түсу емтиханының рөлін орындайды). Білім алушылар ҰБТ-ны
тапсырмай, орта білімді аяқтауы мүмкін. ҰБТ нәтижелері көбінесе білім алушылар, мектептер
және өңірлер арасындағы нәтижелерді салыстыру үшін, сондай-ақ ұлттық деңгейде білім
алушыларды оқыту мақсаттарына қол жеткізілгенін бағалау үшін қолданылады. Ұлттық тестілеу
149
орталығы ОЖСБ және ҰБТ әзірлейді және әкімшілік етеді, бірақ екі бағдарламаны да Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитеті реттейді.
2012 жылы ОЖСБ-ға әрбір өңірде мектептерді 10-проценттік іріктеу аясында таңдалған
653 мектептегі 37 799 оқушы қатысты. Бағалау төрт пән бойынша (оқу тілі, тарих, математика,
химия) бойынша жүргізілді. Үкімет 2012 жылдың нәтижелерін «9-сыныптағы білім алушылардың
оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін талдау» есебінде жариялады (ЭЫДҰ, 2014b).
2012 жылы ҰБТ-дан 117 333 оқушы өтті, бұл мектеп түлектерінің жалпы санынан 75%
құрады. ҰБТ бес пән бойынша өткізіледі. Төртеуі міндетті болып табылады: математика, тарих,
оқу тілі (қазақ не орыс), орыс (қазақ тілде оқитын мектептерде) не қазақ (орыс тілде оқитын
мектептерде). Бесінші пәнді мына тізілімнен таңдауға болады: физика, химия, биология,
география, дүниежүзілік тарих, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, қазақ әдебиеті және орыс
әдебиеті. 2012 жылы таңдау бойынша ең көп таңдалған пән: биология (емтихан тапсырғандардың
33% таңдады), физика (31%) және география (шамамен 15%) (ЭЫДҰ, 2014b). ҚР БҒМ және
ҰБСБО жыл сайын барлық өзгерістермен өңірлер мен мектептер бойынша білім алушылардың
нәтижелерін көрсететін есепті жариялайды. Есептер ҰБТ ең жоғары орта ұпайымен 100 мектепті
(әдетте бұл дарынды балаларға арналған мектеп) және ҰБТ ең төмен орта ұпайымен 100 мектепті
көрсетіп, мектептердің тиімділік рейтингтерін қамтиды (ЭЫДҰ, 2014b). Әдетте облыстық және
қалалық департаменттер өздерінің веб-сайттарында пәндерге бөліп өз аудандары мен мектептері
бойынша ҰБТ нәтижелерін жариялайды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері аудандар, облыстар және
ұлттық деңгейде мектептер рейтингімен жарияланады.
Мұғалімдерді аттестаттау
Мұғалімдер анағұрлым жоғары біліктілік санатын алу үшін болсын, не ағымдағы санатты
сақтау үшін болсын бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге тиіс (Маңсаптық
құрылымдағы санаттардың сипаттамасы. 3-тарау). Сондай-ақ мұғалімдер соңғы аттестатаудан
кейін бес жыл бітпей біліктілік санатын арттыру үшін аттестаттаудан өту туралы өтінішпен жеке
бастамасымен жүгінуі мүмкін. Бұл жағдайда олар Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген емтиханды
тапсыруға тиіс, ол бірнеше жауап нұсқасымен 60 сұрақты қамтиды (заңдар мен қағидалар
бойынша 20 сұрақ, психология және педагогика негіздері бойынша 20 сұрақ және пәндік білімдер
бойынша 20 сұрақ). Аттестаттау процесі төңірегінде мұғалім біліктілікті және басқа
педагогикалық қызметті (мысалы, оқу-әдістемелік материалдар мен куррикулумдарды әзірлеу)
арттыру мақсатында өзінің оқудан өткені туралы ақпаратты, сондай-ақ білім алушылардың оқу
жетістіктері туралы деректерді (мысалы, олимпиада және басқа конкурстар жеңімпаздары)
ұсынуға тиіс (ЭЫДҰ, 2014b).
Мұғалімдердің аттестаттау жөніндегі өтінімдерін 2-санат бойынша мектеп деңгейінде, 1-
санат бойынша аудандық деңгейде және жоғарғы санат бойынша облыстық деңгейде (кейде 1-
санат бойынша да) құрылатын комиссиялар қарайды. Мектеп деңгейінде комиссиялар жоғарғы
санаттағы мұғалімдерді қоса алғанда, жоғары лауазым атқаратын мектеп қызметшілерінен
қалыптастырылады. Шағын мектептерде комиссиялар көршілес мектептердің мұғалімдерін
қамтуы мүмкін. Барлық деңгейлерде комиссиялар әдетте «ең білікті педагогикалық
қызметкерлерін», кәсіби одақ өкілдерін, әдістемелік және педагогикалық бірлестіктердің
мүшелерін қамтиды.
Мұғалімдерді аттестаттаудың анықтамалық өлшемдері «Педагогикалық қызметкерлер
лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары» болып табылады. Олар барлық мұғалімдерге
таралады және негізгі үш салаға бөлінеді: лауазымдық міндеттері, қажетті қосымша білімі,
біліктілік талаптары. 4.A3-қосымшасындағы 4.А3.2-кестесі мұғалімдердің әртүрлі санаттары
бойынша «біліктілік талаптарының» сипаттамасын қамтиды. Лауазымдық міндеттер
мұғалімдердің негізгі міндеттеріне қатысты (мысалы, білім алушылардың әлеуметтік және дара
қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, сабақ жоспарларын даярлау, ата-аналармен араласу), ал
қажетті қосымша білім Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік-құқықтық
актілерін және олардың білім секторында қолданылуын білуді қамтиды. Аталған санатқа жататын
өлшемдерді ескере отырып, аттестаттау комиссиясы педагогикалық жұмыс өтілі мен тәжірибенің
150
болуын (сабақтарды және оқу-әдістемелік материалдарды даярлау); біліктілікті арттыру жөніндегі
оқудан өткенін және кәсіби шараларға қатысуын (конференция, педагогикалық конкурстар,
семинарлар); эксперименталдық қызметке, оқу бағдарламаларын, куррикулумдарды әзірлеуге
қатысуын; әріптестерге жетекшілік етуін (кәсіби одақтар, шығармашылық ұжымдар); оқу
мекемесін басқаруға қатысуын растайтын дәлелдемелерін қарайды. Сондай-ақ ата-аналар мен
білім алушылар көзқарасынан сабақ беру сапасын тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша
алынған ақпарат және білім алушылардың оқу жетістіктері туралы деректерді қарайды (мысалы,
білім алушылардың олимпиадаларға және басқа да конкурстарға қатысу нәтижелері) (ЭЫДҰ,
2014b
). Аттестаттау процесі сондай-ақ мұғаліммен әңгімелесуді және сабақты байқауды қамтиды.
Ұсынылған материалдарды қарап, мұғаліммен әңгімелескеннен кейін аттестаттау
комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: і) мұғалім өзі үміттенетін санатқа сай
келеді, яғни егер мұғалім санатын арттыруды көздесе, санат көтеріледі не егер ағымдағы санатын
сақтауды қаласа, санаты сақталады; іі) мұғалім қайтадан аттестаттаудан өтуге тиіс, яғни мұғалімге
тағы мүмкіндік беріледі; немесе ііі) мұғалім өзі үміттенетін санатқа сай емес, яғни егер мұғалім
санатын арттыруды көздесе, санат көтерілмейді не егер мұғалім ағымдағы санатын сақтауға
өтініш білдірсе, санат кері қайтарылады. Осылайша, теориялық тұрғыдан егер мұғалім
аттестаттаудан өте алмаса, оның санаты төменгі санатқа дейін төмендетілуі мүмкін, алайда мұндай
жағдайлардың қаншалықты жиі болатыны түсініксіз (ЭЫДҰ, 2014b). Ал мұғалім комиссия
шешіміне шағымдануы мүмкін.
Мектеп директорларын және директор орынбасарларын аттестаттау
Мұғалімдерді бағалау рәсімдерінен айрықша, мектептің басшы кадрларын аттестаттау
Қазақстанда әлі дамудың бастапқы кезеңінде. Заңнама мектеп директорларының жыл сайынғы
аттестаттауын көздейді, бірақ басқа басшы кадрларды аттестаттау туралы қандай да бір
талаптарды қамтымайды. Бағалаудың ресми өлшемдері әлі орнатылмаған және шын мәнінде
мектеп директорларын аттестаттау білім алушылардың жетістіктерін (мысалы, ҰБТ-да орташа
балл, олимпиадалардағы табыстар) және мұғалімдердің кәсіби дамуы туралы жылдық есептерді
қарау арқылы мектептерді сырттай бағалау процесі барысында орын алады (Дүниежүзілік банк,
2013). Аттестаттау нәтижелері директорлардың еңбекақысына немесе олардың маңсаптық өсуіне
әсер етпейді. Мектептердің басқа басшы кадрлары басшы функцияларының мәніне қарай
аттестаттаудан өтпейді, бірақ педагогикалық жүктемесіне қарай тұрақты аттестаттауға жатады.
Мектептерді бағалау
Қазақстанда әрбір мектеп жұмысын бастамас бұрын лицензиялаудан өтуге тиіс және кейін
бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан (не тексерілуден) өтуі тиіс. Осы екі процесс 2011 жылы
құрылған және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бағынатын, бірақ
жекелеген заңды тұлға болып табылатын Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
құзыретіне кіреді. Осы процестердің көмегімен Комитет мектептердегі білім беру сапасын
қадағалайды, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, білім беру қызметтерінің сапасын
арттыру бойынша шараларды қабылдайды. Комитеттің облыстарда, Алматы және Астана
қалаларында аумақтық бөлімшелері бар, олар мектептерге лицензия беру, аттестаттау процестерін
ұйымдастырады. Лицензиялаудың бірінші кезектегі процесі мектептің бастапқыдағы қызметіне
арналған, ең төменгі материалдық және кадрлық талаптарға назар аударады, мысалы, мектептің
кажетті кадрлары мен тиісті материалдық-техникалық базасының бар-жоғын тексереді. Ол
мектепке баратын комиссияның қалыптастырылуын көздейді.
Мектептерді аттестаттау процесінде ең басты құжаттар білім стандарттары, сондай-ақ
кадрлық қамтамасыз ету, мектеп инфрақұрылымы, мектеп жұмысы (мысалы, сыныптардың ең
үлкен мөлшері) жөніндегі нормативтік құжаттар болып табылады. Мектептерді аттестаттау
туралы есеп жұртшылық үшін жарияланбайды. Алайда жұртшылықтың мектептің алған есебінің
баспа көшірмесімен таныс болуға құқығы бар. Сондай-ақ, айта кетерлік, мектептердің өзін-өзі
бағалауды өткізуі туралы талап жоқ, бағалау тек мектепті аттестаттау аясында жүргізіледі. Бірақ
көптеген мектептер педагогикалық ұжымның қатысуыменен өз тәжірибесін жақсартуға қатысты
151
ішкі талқылауларды өткізеді. Мектептерді аттестаттау процесі жүйедегі әрбір мектеп бойынша іс-
шаралардың бірізділігін көздейді, оның ішінде:
Мынадай сұрақтарды қамтитын, жүргізілген өзін-өзі бағалау туралы мектеп есебі: жалпы
сипаттама, кадрлық құрылым, оқушылардың саны; оқыту, педагогикалық жұмыс және
педагогикалық жүктемесі; оқыту және персоналды басқару; ғылыми зертханалар; АКТ
және кітапхана ресурстары, оқушылардың үлгерімі, ғылыми жұмыс; кәсіби тәжірибе.
Аттестаттау комиссиясының сапары мыналарды қамтиды: сыныпта сабақ беруді байқау;
мектептің әкімшілік құжаттарын қарау (мысалы, мектеп жоспарын, сабақ кестесін, сабақ
жоспарларын), білім алушыларды тестілеу, мектеп мүшелерімен (білім алушылармен,
мұғалімдермен, ата-аналармен) сөйлесу. Тексерілетін аспектілер мыналарды қамтиды:
педагогикалық қызметшілер (мысалы, біліктілік талаптары, жұмысқа қабылдау рәсімі,
педагогикалық жүктемесі), педагогикалық әдіс-тәсілдер, сабақ беру және оқыту сапасы,
мектеп қуаттылығы үшін білім алушылар санының жеткілікті болуы, инфрақұрылым
(мысалы, зертханалар, АКТ, кітапхана), білім алушылардың үлгерімі. Мысалы,
мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесіне қатысты айтатын болсақ, бастауыш мектепте
лауазымдардың екі жоғарғы санатының кемінде 20% мұғалім болуы керек (орта мектепте
30%). Аттестаттау процесінде білім алушылардың үлгерімін бағалау үшін мектеп
оқушылары арасында стандартталған тестілеуді өткізу қарастырылған. Бұл тестті
мектепті аттестаттау үшін арнайы Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген және олар
көптеген пәндер бойынша 4, 9 және 11-сыныптарының оқушыларына арналған. Басқа
сыныптарда аттестаттау комиссиясына кіретін, белгілі бір пәннің мұғалімдері-мамандары
арнайы әзірлеген бақылау жұмыстары өткізілуі мүмкін.
Мектеп білімі жүйесінде аттестаттау комиссиясы әдетте 15-16 адамнан тұрады және
мектепте шамамен бір апта бойы қызмет жасайды. Комиссия төрағасы болып Бақылау
комитетінің қызметшісі тағайындалады, 4 адам басқа өңірлерден тағайындалады,
қалғандар жергілікті сарапшылар болып табылады (ең алдымен, мұғалімдер).
Комиссияның үлкен құрамы мектепте қызмет ететін, неше түрлі пәндік мамандандыруды
қамту үшін көбірек деңгейде байланысты. Комиссия мүшелері өз қызметтері үшін сыйақы
алады. Аттестаттау комиссиясына қатысу үшін үміткерлер өңірлік және қалалық деректер
базаларынан сайланады, ол, әдетте, үлкен жұмыс тәжірибесі бар және әдістемелік
бірлестіктерге қатысатын мұғалімдерді қамтиды. Комиссияның сан құрамы мектептегі
мұғалімдердің санына және оқытылатын пәндердің тізбесіне қарай шамалы өзгеруі
мүмкін.
Аттестаттау (аттестаттамау) туралы шешіммен бірге мектепті аттестаттау туралы есепті
даярлау. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау (аттестаттамау) туралы шешімге қатысты
ұсынысын береді, ал Бақылау комитетіне кейіннен мұндай ұсынысты растайды (не
растамайды). Егер мектеп толығымен білім стандарттары мен қағидаларына, оның ішінде
білім алушылардың үлгерімі жағынан сай келсе, оң шешім қабылданады (қамтылған білім
алушылардың кемінде 70% аттестаттау комиссиясы өткізген стандартталған тестілеуден
өткен болса). Теріс шешім мектеп лицензиясының тоқтатылуына әкеледі. Аттестаттау
туралы есеп айқындалған бұзушылықтардың тізбесін қамтиды және кейде онда
мектептегі жауапты тұлғалар көрсетіледі. Есеп нормативтік талаптардың анықталған
бұзушылықтарына шоғырландырылғанымен, ол әдетте мектептің педагогикалық
тәжірибесін жақсарту жөнінде ұсыныстарды қамтиды. Есепті мұғалімдер мен мектеп
басшылығы талқылайды деп болжамдалады. Жиі кезде мектеп осы ұсыныстарды
ресурстарды арттыру туралы сұраумен жергілікті білім органдарына жүгіну үшін
негіздеме ретінде пайдаланады.
Аттестаттаудан өтпеген мектептер үшін кейінгі кезең (лицензиясы тоқтатылған
мектептер). Аттестаттаудан өтпеген мектептер іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуге тиіс.
Белгіленген уақыт ішінде (әдетте алты ай) аттестаттауды жүргізу кезінде анықталған
бұзушылықтар мен осал жақтардың жойылғанын тексеру бойынша комиссия құрылады.
Егер тексеру оң нәтиже берсе, мектеп лицензиясы қайтарылады. Кері жағдайда, мектеп
152
лицензиясы кері қайтарылады, және мектеп өз қызметін тоқтатады. Жергілікті білім беру
органдары (аудандық және қалалық департаменттер) анықталған бұзушылықтарды жоюға
қолдау көрсетеді деп күтіледі.
2013 жылы аттестаттау процесі жүргізілген 1 427 мектептің тек 54% ғана алғашқы
аттестаттауда оң шешім алған еді (Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің деректері
бойынша) (4.3-кесте). Осы санның астарында бүкіл ел бойынша көрсеткіштердің арасында үлкен
айырмашылық жатыр, Атырау облысындағы 12,2% бастап Алматы қаласындағы 83% дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |