Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

2. Қазақ халқының Ресеймен арадағы байланысының алғашқы бағыттарының бірі- 
сауда  қарым-қатынасы  болды.  Оның  жолға  қойылып,  екі  халық  арасындағы 
байланыстың басталуы негізінен қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына қосыла бастау 
кезеңінен-ақ  іске  асырылды.  Осы  аталған  уақыттан  бастап  қазақ    даласының  Шығыс, 
Алтай өлкесі де осындай екі жақты қарым қатынасқа тартылып, уақыт өткен сайын ол 
кең қарқынмен дами түсті.  
ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы 
алғашында  негізінен  айырбас  ретінде  жүрді.  Жергілікті  қазақтардың  осы  саладағы 
саудаланатын  басты  тауары  мал  жəне  оның  өнімдері  болды.  Бұлар  Ресейлік 
өнеркəсіптік  тауарларына,  астыққа,  əртүрлі  ыдыстарға,  əшекей  бұйымдарына,  шай, 
қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге кеңінен ауыстырылды. Осы 
мерзімнен  басталған  қазақ-орыс  саудасының  жергілікті  халық    тұрмысының 
дамуындағы маңызы да арта түсті. 
Ресей  жағынан  өнеркəсіп  жəне  тұрмысқа  қажетті  тауарларының  қазақ  даласына 
енуі  олардың  жаңа  тұрмысқа  тартылуына,  қоныс  аударып  келген  орыс  шаруаларымен 
тығыз  байланыс  орнатуына  жағдай  жасады.  Қазақтар  басы  артық  малдары  мен  оның 
өнімдерін  өздеріне  қажетті  тауарларға  ауыстыруға  мүмкіндік  алды.  «Орыстар  мен 
қазақтардың  ең  алғашқы  байланыстары,-  деп  жазды  Н.В.  Алексеенко,-  сауда 
байланыстары  болды.  Қазақ  даласымен  сауда  қарым-қатнасы...  Ямышево  (1720), 
Семей(1754),  Железинкс  (1764)  қамал  кедендері  арқылы  жүрді.  Аталған  сауда 
қатынастары,  əсіресе  1758  жылғы  Жоңғар  мемлекеті  талқандалғаннан  кейін  жедел 

қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық 
тоқты болды. 
Ақшасыз айырбас саудасы  ХVIIІ ғасыр жəне ХІХ ғасырдың бірінші жартысында 
бүкіл  дала  өңірінің,  сонымен  қатар,  Ертіс  жүйесі  тау-кен  зауыттарының  оң  жағасын 
қамтыды.  ХVIIІ  ғасырда  қазақтармен  екі  арадағы  айырбас  саудасына  негізінен  Сібір 
казактары қатысты.  
Орыс  –  қазақ  айыбас  саудасы  жыл  бойы  тұрақты  түрде  барлық  орыс 
қоныстарында  жүргізілді.  Əрбір  казак  қонысы  олар  үшін  сауда  орталығына  айналды,- 
деп  көрсетті  Сібір  казак  əскерлерінің  тарихшысы  Ф.  Усов.  Қазақтар  айырбас  үшін 
малдарын,  тері,  жүндерін,  т.б.  мал  өнімдерін  əкелді.  Осы  жерде  олар  нан,  шай,  қант, 
мақта  өнімдеріне,  əшекей  заттарына  ауыстырылады.  Айырбас  сауда,  əсіресе,  қазақтар 
мен  Алтай  таулы  өлкесіндегі  Кабинеттік  шаруалары,  сонымен  қатар  Бұқтырма  өңірі 
казактары  арасындағы  қызу  жүрді.  Айырбасталатын  тауарлардың  ішінде  астық 
өнімдері  басым  болды».  (Алексеенко  Н.В.  Русские  и  казахи  Верхнего  Прииртышья  в 
ХVIIІ-начале ХХ вв. Ленинград., 1967, 25-26 бб.). 
Осы  аймақтағы  орыс-қазақ  саудасының  алғашқы  басталу  тарихы  туралы  өлке 
зерттеушісі  С.Н.  Герасимов  мынандай  мəліметттер  береді:  «Жоңғарлармен  болған 
соғыстан  кейін  орыстар  бос  қалған  жоңғарлардың  жерлерін  өздеріне  қаратып, 
шығыстағы  иеліктерін  ертіс  өзені  жағалауына  дейін  жылжытты.  Осы  жерде  орыс 
шекаралық  жүйесіне  жақын  келіп,  қырғыз-қайсақтар  орыстармен  сауда    қарым-
қатынастарын жасай бастады. Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан 
1760  жылы  сұлтан  Абдул  Файз  Санк-Петербеург  қаласына  өзінің  елшілері  Бек 
Мырзамен  Құдайбергенді  жібереді.  Көршілерімен  Ертіс  жүйесінде  сауда  қатыныасын 
жасауға  мүдделі  орыс  мемлекеті  1764жылы  Семей  қаласынан  15  шақырым  жерде... 
Ертіс  өзенінің  солтүстік  жағалауында  кейін  Семейдің  «Зараечный»  слободасының 
негізі  болған  ерекше  айырбас  алаңын  негіздеді.  1765  жылы  осындай  айырбас  алаңы 
Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді». 
Аталған  кезеңінен  басталған  қазақтармен  ардағы  сауданы  одан  ары  дамытып, 
өркендетуге  патша  үкіметі  алғашқы  кезеңінен-ақ    мүдделілік  көрсетті.  Себебі, 
жергілікті  халықпен  айырбас  саудасы  Ресей  үкіметіне  тиімді  болды.  Көрсетілген 
уақытта  негізіне  қазақтарға  сапасыз,  Ресейдің  ішкі  аудандарында  сұраныс  жоқ 
өнеркəсіп  тауарларын  малға,  оның  өнімдеріне  ауыстырды.  Осы  арқылы  Ресей 
кəсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. 
«Даламен  сауда  жасау,-деп  тұжырым  жасайды  Е.  Бекмаханов  өзінің  
зерттеулерінде,-  орыс  саудагерлеріне  аса  көп  пайда  əкелді.  Олар  мұнда  өтпейтін 
тауарларды  əкелумен  қатар  осы  арқылы  үлкен  табыс  тапты.  Дала  мен  екі  ортадағы 
сипаттама  жасай  отыра  А.К.  Гейнс  былай  деп  жазды:  «Ресейден  қырғыздар  барлық 
жəрмеңкелерде  өтпеген  сапасыз  тауарларды  алады.  Керсінше,  бұл  қажетсіз  бұйымдар 
қырғыз даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді». (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-
40 годы ХІХ века. А., 1992, 350 б.). 
Қазақ  даласын  зерттеуші  А.И.  Левшиннің  көрсетуінше:  «Қырғыздар  өздерінің 
өткізген мал, т.б. шекізат түрлерінің орнына Ресейден əртүрлі темір, шойын жəне мыс 
бұйымдарын,  мысалы  қазан,  таған,  ертоқым,...қайшы,  тері,  балта  ,  шалғы,  құлып,  т.б. 
сонымен бірге, барқыт, кенеп,...жібек маталары, сандық ... кішкентай айналар, иіскейтін 
темекі,-ұн, т.б. алады». (Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз казацких 
Орди степей. Спб., 1832, Алматы., 1996, 394  б.). Осы кезеңдегі қазақтардың малының 
молдығы мен олардың оны көп мөлшерде орыс тауарларына ауыстратындығы жөнінен 
Батыс Сібір мен қазақ даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша- 
«Олар  (шекаралық  қазақтар)  негізінен  мал  шаруашылығымен  айналысады.  Тері,  мал, 
майы,  жүн,  т.б.  тауарға-темір,  тері,  көбінесе  астыққа  ауыстырылады.  Мал,  қой, 

жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады.  
Қазақтармен  екі  ортадағы  осындай  айырбас  саудасын  жүргізе  отыра  патша 
үкіметінің  жергілікті  əкімшілігі,  саудагерлер  əрқашан  алдауға,  малдарын  арзан  алуға 
тырысып келді. Мысалы, Ресей көпестерінің қарапайым қазақтарды арақ беру арқылы 
арқылы  қалай  алдағанын  граф  Ян  Потоцкий  төменднгідей  мысалмен  дөп  келтіреді: 
«қазақтарда  айырбастауға  ұсынылатын  тауарлардың  нақты  бағасы  туралы  ешқандай 
мағұлмат,  түсінік  жоқ,  осы  арқылы  көпестерге  қаншама  пайда  келіп  жатқандығын 
айтпай-ақ түсінуге болады. 
Сонымен  бірге  Қазақстан  аталған  кезеңде  Ресей  өнеркəсіп  тауарларының  өткізу 
аймағы  ғана  болып  қалмады.  1829  жылғы  Сыртқы  істер министірлігінің  Николай-1-ге 
хабарламасында  Қазақстанның  арзан  шикізат  байлығын  өркендей  бастаған  өнеркəсіп 
орындарына  пайдалану  мəселесі  қойылды  (Бекмаханов  Е.  Очерки  истории Казахстана 
ХІХ века. Алматы, 1966, 27-б.). 
Қазақ  даласындағы  айырбас  сауданының  өркендеуіне  орай  өсімқорлық  кең  етек 
алды.  ХІХ  ғасырдың  ортасында  орыс  саудагерлерінің  едəуір  бөлегі  жергілікті 
тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді. Бұл туралы Сібір 
өлкесін  зерттеуші  М.  Красовский  былай  деп  жазды:  «Саудагерлер,  егін 
шаруашылығымен  айналыспайтын  казактар  қырғыздарды  алдау  арқылы  күн  көреді. 
Олар  саудагерлерден  келісіммен  тауарларды  алып,  оны  қырғыз  ауылдарына  белгілі 
мерзімге  дейін  таратып  береді,  осы  арқылы  олар  еселеп  байиды...  Мұндай 
өсімқорлықтан...  татар  саудагерлері  де  қалыспай  орыс  көпестерінен  де  артық 
байыды...» (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы. Алматы., 1992, 69-б.). 
Даладағы  жергілікті  халықпен  сауда  қарым-қатынастары  арқылы  патша  үкіметі 
қазақ  жеріне  кеңінен  еніп,  оның  шаруашылық,  əлеуметтік  даму  жағдайымен  молырақ 
танысуға  мүмкіндік  алды.  Осы  мақсатпен  1840  жылдың  басында  Шығыс  Қазақстан, 
Алтай  өлкесі  округтері  қазақтарының  мал  саны  бірнеше  рет  саналып,  анықталды. 
Сынақ  қортындысы  бойынша  князь  Петр  Дмитриевич  Горчаковқа  берілген  мəліметте 
«Көкшетау,  
Қарқаралы,  Баянауыл,  Ақмола,  Аягөз,  Көкпекті  жəне  Құсмұрын  округтерінде 
800000-ға  дейін  жылқы,  200000-ға  дейін  ірі  қара,  3000000-ға  дейін  қой»  бар  екендігі 
көрсетілген.  
Империялық  қаржы  министіріне  берген  Шекара  жүйесі  басқармасының  соңғы 
есебі  бойынша  округтердегі  қырғыз  малдарының  есебі  бойынша  округтердегі  қырғыз 
малдарының  есебі  төмендегідей  болды:  Осы  мерзімде  жалпы  Ресейдің  сауда 
мəселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз қазақтары 
Ресеймен сауда байланысын Семей қаласы арқылы жүргізді. 
Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита 
Шемякин түсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол 
қазына  болып  құйылды.  Мысалы,  мемлекеттік  саудадан  1789  жылы  3922  рубль,  90 
тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір 
жəне неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташакент жəне Қытай тауарлары 63800 
рубль 94 тиынға жетті. (Мамырұлы Камен. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына 
қарсы күресі. Өскемен., 1994, 178-б.).  
Айырбас  сауданы  одан  ары  дамыту  мақсатында  патша  əкімшілігі  қазақ 
даласындағы  осы  мақсаттағы  сауда  аландарын  көбейтуді  мақсат  етіп  қойды. 
«Оның...халықаралық  саудадағы  қолайлылығын  ескере  отыра  Елизавета  патшаның 
жарлығымен  1765  жылы  Өскемен  маңайында  айырбас  алаңы  негізделді.  Мұнда 
ташкенттіктер  мен  бұхарлықтар  үнемі  өз  тауарларын  əкелетін  болды,  ал  қырғыз-
қайсақтар,-  деп  жазады  сол  кездегі  құжаттар,  -  көп  мөлшерде  қой,  жылқы,  жүн,  тері 
сататын». 

Ресей  өндіріс  тауарларын  өткізу,  оларды  шикізатпен  қамтамасыз  етуге  мүдделі 
патша  үкіметі  шет  аймақтағы  сауда  өкілдерінің  мүддесін  қорғауды  да  үнемі  басты 
назарда  ұстап  келді.  Осы  мақсатпен  қазақ  даласына  келген  орыс  саудагерлері  мен 
өнеркəсіп  орындарының  өкілдеріне  арнайы  сауда  агенттері,  тілмаштар  мен  жол 
бастаушылар бөлінді. Олардың алдында қойған мақсаты да капиталистік даму жолына 
түскен  Ресей  кəсіпорындарын  көп  мөлшердегі  шикізат  көздерімен  қамтамасыз  ету, 
арзан  қолды  өндіріс  тауарларын  шет  аймақтарға  мол  мөлшерде  өтізу  болды.  Аталған 
мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін жеңілдетуде оларды ынталандыру, 
ірі  сауда  капиталын  қалыптастыру  мақсатында  т.б.  көптеген  шаралар  қабылданды. 
Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке 
қалатын болды. 
Ертіс  өзені  маңайындағы  саудагерлікті  дамыту  мақсатында  Семей  облысы 
аумағында  сауда  жасайтын  саудагерлерге,  мешандарға,  т.б.  бірінші  топтағы 
саудагерлерге  екі  мың  күміс,  екінші  топтағы  саудагерлерге  бір  мың  күміс,  үшінші 
топтағы  саудагерлерге  400  күміс  рубль  капиталы  болған  жағдайда  он  жыл  сауда 
салығынан босатылатын болды. Саудагерлер өз есебінен Аягөз, Қапал немесе Көкпекті 
қоныстарында  сауда  алаңдарын  салуға  міндеттелді.  Сонымен  қатар  олардың  өндіріс 
базаларының болуы талап етілді. (Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья 
в конце ХVІ-первой половине ХІХ в. Москва., 1976, 344-б.).  
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін негізгі ХVІІІ ғасырдың 
басынан  басталған  қазақ-орыс  саудасы  алғашында  айырбас  ретінде  басталып,  кейін 
біртіндеп тауар-ақша қатынастарына ауысты... 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1). 17ғ.соңындағы экономикалық дағдарысқа не сбеп болды? 
2). Дəстүрлі қазақ қоғамының бүгінгі жүйесінің талқандалуына не əсер етті? 
3). Сыртқы сауданы кімдермен жүргізді?  
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  3-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет. 
10апта   
19, 20 кредит сағат  
№19, 20 дəріс 
Тақырып: 
18-19  ғ.ғ.  І-жартысындағы  Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық 
жағдайы. 
Дəрістің мақсаты: 
18 ғ. 20-30 ж.ж. шаруашылық дағдарыстың экономикалы жəне 
демографияның  салдарын  жəне  18  ғ.  50-60  ж.ж.  жер  дағдарысының  тарихын  деректер 
негізінде таныту. 
Қарастырылатын сұрақтар:  
1). Қазақ даласындағы жер мен сауда мəселесі империя саясатында. 
2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы. 
Дəрістің мазмұны:   
Қазақ  даласын  отарлаудағы  империя  саясатындағы  жер  мен  сауда  қатынастары 
мəні  туралы  мұрағат  деректерін  арқау  етпекпіз.  Қазақстанның  кеңестік  дəуіріндегі 
тарихнама  мұрасы  əр  түрлі  болғанымен,  деректілігімен  басым,  құнды.  “Көшпенді  мал 
шаруашылығының 
басымдылығымен 
байланысты 
Қазақстандағы 
феодалдық 
құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-
VII  ғасырларда  басталды”  деген  парадигма  жасалды.  Қазақ  қоғамындағы 
патриархалдық,  феодалдық  қатынастардың  мəні  мен  ерекшелігі  туралы  пікір  таластар 
негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында 
негізгі  өндіріс  құралы  жер  емес,  мал;  жерге  феодалдық  меншік  болмаған  деген 

көзқарасты  жақтағанда,  С.Е.  Толыбеков,  В.Ф.  Шахматов,  екіншісі  –негізгі  өндіріс 
құралы  -  жер,  жерге  (жайылымдарға  )  феодалдық  меншік  болғаны  туралы,  пікірді 
жақтаушылар  Л.  П.  Потанов,С.З.Зиманов,  Ə.Ерденов,  т.б.  Жер  мəселесі  оның  меншік 
нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мəселе болып келді. Бүгінгі күнде де 
солай  болып  қала  бермек.  Қазақ  жерін  ресей  патша  меншігіне  нысанына  айналдырып 
алу,  мəселесі  оны  жүзеге  асыру  жолдары  патша  үкіметі  саясатындағы    XIX  ғ.  екінші 
жартысындағы  қазақ  даласындағы  империя  саясаты  мұрағат  деректеріндегі, 
жазбалардағы  мəнінде  қазақ  даласын  отарлау  ресей  патша  өкіметі  үшін  саяси    мақсат 
мұраттары  болды.  Мақсатты  мұраттарына  жету  жолында,  жүз  елу  жыл  бойы  саяси 
шараларын  жүзеге  асырудың,  əкімшілік  басқарудың  бірнеше  тəжіриберелерін 
қолданып,  отарлық  мақсаттарына  жету  жолындағы  ізденістерін  үнемі  тоқтатпай, 
арнайы  комиссиялар  құрылып  патша  үкіметіне  есептерін  беріп,  зерттеу  барысындағы 
өздерінің  ұсыныстарын    жеткізіп  отырды.  Осындай  бір  отарлаудағы    басты  нысана 
қазақ  жері  болды.  Қазақ  жерін  империя  меншігіне  айналдыру,  жолдарындағы 
ізденістеріне  тоқталмақпыз.  XIX  ғ.  II  жартысында  қазақ  даласына  əкеліп, 
қоныстандырылған  қазақ  əскерлерінің  қазақ  жеріне  ие  болуларының,  өзі  көздеген 
отарлау  əрекеттеріндегі  мақсаттарына  жетудегі  қанағаттанарлық  іс  болмай  шықты. 
Патша үкіметінің комиссиясының  пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, 
қазақ  даласынан  жерге  орналастыруда  қоныстандыру  үшін  еркін  бейбіт  отарлау 
мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды 
назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, 
отарлау əдіс тəсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға  қойды. 
Сол  кездегі  шаруашылықтың  негізі  жəне  басты  кəсіпшілік  көзі  мал  шаруашылығын  
ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар 
үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда 
көзі, ауданың негізгі түрі арзан шикізат  көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан 
бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі 
қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен əр мал басына қазақ əскеріне 
ақша төледі, 1841 ж Орынбор əскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал 
басынан  түскен  пайда  əскерлер  пайдасына  4439  р.  10к.  Қазақтар  пайдасына  578  р.к 
күміс  ақшамен  Қазақ  даласындағы  орыс  келімсектерін  қоныстандыруға,  алынған 
жерлер  қазақтар  үшін  шаруашылыққа  кəсіпке  қолайлы,  шұрайлы  жерлерден  айырылу 
болды.  Қоныс  аударушы  тұрғандар  саны  көбейген  сайын,  қазақтар  үшін 
шаруашылыққа  қолайлы  жерлер  қоры  қажеттілігі  күшее  түсті.  Осыдан  туындаған 
жағдайларға  байланысты  қазақтың  көшпенділік  ата  салтында  тықыр  таянып, 
отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дəуір кезеңінің тарихи 
əлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты.  
Үкімет  комиссиясы  кең  байтақ  қазақ  даласының  құнарлы  жерлерге  орыс 
келімсектерін  қоныстандыруды  қарастырып,  ығыстыруды  көздеген.  Бұл  пікірімізге 
үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне 
Семиречинский  облысының  құрамына  кеткен  жерлерден  тек  қана  Көкшетау,  Атбасар 
жəне  Семипалатинск  округтерінің  бөліміндегі  жерлері  жер  шаруашылығы  мен  егін 
шаруашылығы  мен  егін  егуден  айналысуға  тиімді.  Ал,  даланың  азғантай  бөлігінен 
басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген. 
Сондықтан  егінге  қолайсыз  жерлерде  орналасқан,  казактар  бірте-бірте  жер 
кəсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кəсіпшілігі тиімсіз 
болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен 
қатар сауданы кəсіп еткен,  жəне ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кəсіп 
еткен.   
Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы 

жер,  сондықтан  Орынбор  ведомыстволарының  линия  бойындағы  қазақтары  жер 
кəсіпшілігімен  жақсы  айналысып,  өкімдерін  өнімдерін  саудаға  шығарып,  сатып 
отырған.  Сол  кездегі  жергілікті  басқарма  бастығының  хабарламасы  бойынша  егіннің 
көп  бөлігі  тары  өнімі  болған  саудаға  тары  өнісін  көп  шығарған  делінген.Бұл  жағдай 
қазақ  даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен 
жақсы айналысып, жер кəсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы 
таза  жермен  айналысатын  мақсаттағы  орыс  қоныстанушыларын  əкеліп,  үлкен  жер 
үлесін  қажет  ететін  жəне  ақшалй  жəрдем  бөліп  өкіметтер  аса  бір  пайда  болатынын 
күтудің  қажет  болмайтынын  түсінген.  Қазақ  даласындағы  қоныстанған  орыс 
тұрғындарының  өнеркəсіп  пен  саудамен  айналысқан  жағдайларына  қарап,  саудаға 
қолайрырақ  жағдай  бар  екендігіне  көз  жеткізген.  Қазақ  даласындағы  орыс 
саудагерлерінің  сауда  да  малға  айырбас  жасайды,  сатады  сөйтіп  өздеріне  көп  пайда 
əкелетін  болды.  Қазақ  даласындағы  сауданың  тиімділігі  сондай,  тіпті  Сібір  жеріне 
қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп 
сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған. 
Солардың  ішінен  Ақмола  қаласының  сауда  орталығына  айналудағы  ерекше 
маңызына  тоқталмай  кетпей  болмайды,  1854  жылдары  жылына  200  мың  рублдің 
саудасын  жасаған  болса,  комссияның  жинаған  анықтамалары  бойынша  он  жылдан 
кейін,  яғни  1864  жылы.  12.500,000  рублдің  саудасы  жасалған  қаладағы  жəне 
қыстақтағы  елді  мекендердегі  Сібір  даласындағы  жəрмеңкелердің  сауда  айналымы 
жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша – көл 
маңына  жақын  жерде  үкіметтің  қазақ  даласының  ішкі  жағында  жəрмеңкелер  рұқсат 
бергенге шейін болған, жəрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жəрмеңкедегі басты, 
сауда  мал  саудасы  болды.  Мұнда  700,000  қой,  60  000-ға  дейін  жылқы  жəне  ірі  қара 
малдар айдап əкеліп саудаға салынып тұрған.  
Басқарманың  жарлығы  мен  бірінші  рет  ашылған  1867  ж.  көктемдегі  Ойыл 
өзенінің  бойындағы  Орынбор  даласындағы.  (қазіргі  Ақтөбе  облысының  жеріндегі) 
жəрмеңкеге  250,000  рублдің  тауары  апарылған  оның  100,000  рублден  астамы 
айырбасталып,  сатылған  жəрмеңкеден  20,000  бас  мал  түрлері  сатып  алынған.  Қазақ-
орыс  арасындағы  осындай  сауданың  алғашқы  тəжірибелерінің  сəттілігі  орыс 
əкімшілігінің  қазақ  даласындағы  экономикалық  байлығының  берік  болатынына 
көздерін  жеткізіп,  Сібірдің  ішкі  жағында  да  уездік мекемелерді  орналастыруда  жақсы 
орындарды  дұрыс  таңдап  сəтті  орналасқан  жағдайда  Сібір  даласындада  сауда  қалалар 
көбейіп  ондағы  сауда  орталықтарындағы  Орынбор  даласындағыдай  өсіп  өркендеп, 
табыс көзіне айналатынына сенім арттырды.  
Патша  үкіметі  қазақ  даласына  қоеыстанушыларға  сауда  жасауға  қолайлы 
аймақтарды  таңдап,  ол  жерлерде  жер  кəсіпшілігімен  де  айналысуға  мүмкіндігі  бар 
жерлерден  жер  үлесін  бөліп  беруді  ұйғарды.  Қазақ  даласындағы  жерлерде  орыстарды 
қоныстандыру  мақсатын  да  көп  жер  аймағын  қамтуды  жүзеге  асыру  үшін, 
қоныстанушыларға  шаруашылық  үшін  орман  ағаштарын  тегін  беру  керектігі  үкімет 
комиссия  мүшелері  ұйғарды.  Сонымен  қатар  Сібір  даласындағы  қалаларда  да  қазақ 
даласына  қоныстанушыларға  басқада  жеңілдіктерді  пайдалануға  мүмкін  беруі 
қарастырылды. 
Орынбор  губерниясының  құрылуы  жөніндегі  ережеге  сай  қазақ  даласындағы 
əскери  казактардың  бос  жатқан  жерлеріне  қоныстандыруға  рұқсат  жасалған  болатын. 
1863ж.  наурыздағы  патша  үкіметінің  облыстық  басқармасы  жалпы  кеңесінің 
қаулысымен əскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға 
беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған.  
Қазақ  даласына  казактар  мен  басы  байлық  құқықтан  босаған  орыс  шаруаларын 
қоныстандыруға  көздеген  мұраттарының  көп  жайды  аңғартатын  саясатының  түпкі 

нəтижесі  мəні  жөнінде  үкімет  комиссиясы  пікірі  былай:  «...  Водворение  русского 
населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не 
возбудить  неудовольстия  киргизов  и  будет  гораздо  полезнее  и  действительнее 
земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов». 
Патша  үкіметінің  отарлық  саясаттарының  ең  бір  мықты  берік  айласы  қазақ 
даласына  казактар  мен  крепостнойлық  құқықтан  босатылған  жері  жоқ,  орыс 
шаруаларын  қазақ  даласына  орналастыру  арқылы  Ресей  патша  өкіметі  үшін  екі 
мəселенің шешімін тапты. Бір деректе “В 1867 году образовано Туркестанское генерал-
губернаторство.  Мы  таких  образом  врезались  далеко  в  глубь  средней  Азии,  стали  в 
непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и 
установились новые благоприятные условия”. Қазақ  даласындағы империя саясатының 
қорытындысына тоқталсақ: 
Біріншіден,  басы  байлылық  құқықтан  босаған  орыс  шаруаларын  қазақ  даласына 
қоныстандырды.  
Екіншіден,  ресейдің  өз  жерінде  қалып  қоныс  таба  алмайтын  үлесті  жеріде  жоқ, 
шаруалар  “жаңа  жерді”  игеруге  өте  ынталы  əрі  мүдделі  болды.  Оның  үстіне  біз 
жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді.  
Үшіншіден,  қазақ    даласына  отарлау  мəселесінде  қазақ  ұлтының  тұтастығын 
бұзды енді қазақ  даласы  казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне 
айналды.  
Төртіншіден,  қазақ  жері  империя  меншігіне  айналды.  Империя  қоныстандыру 
саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол 
сұғып  қана  қоймай,  көздеген  қоныстандыру  саясаты  қазақ  даласындағы  империяның  
мақсаттарын  жүзеге  асыратын  мықты  байланыс  болатын  жағдайдың  алғы  шарттары 
жүзеге  асатын  негізі  қазақ  жеріне  иелік  ету  құқына  ие  болу  арқылы  империялық 
мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын. 
Бесіншіден,  патша  үкіметі  актілерінің  заңдылығына  “негіздеме  ”іздегенде  басты 
дəлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау 
құқығын алды. 
Алтыншыдан,  қазақ  қоғамындағы  тархандар  институтын  жойды.  Мұнда  да  жер 
мəселесі  саясатына  қатысты  құқықтық    пəрмені  бар  тархандарға  берілген  жеңілдіктер 
қарастырылған  құқықтан  айыру  болатын.  1869  жылы  сенат  жарлығымен  тархандар 
институтын  жойды.  Осылайша  қазақ  даласындағы  тархандар  институты  өздерінің 
қызметін тоқтатты. 
Жетіншіден,  қазақ  –  орыс  арасындағы  сауда  алғашында  айырбас  ретінде 
басталып,  кейін  біртіндеп  тауар  ақша  қатынастарына  ауысты.  Қазақ  даласын  арзан 
шикізат  көзіне  айналдыруда  патша  үкіметі  көпестер  мен  саудагерлердің  күшін 
пайдаланды.  Бұл  мақсаттың  түпкі  саясаты  қазақ  даласына  экономикалық  үстемдік 
қалыптастыру еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет