Əбжанов Т. Ы. «Ана тілі – Алаш рухының асқақ көрінісі»/Т. Ы.Əбжанов



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі91,11 Kb.
#6476

     Əбжанов Т.Ы. 

         «Ана  тілі – Алаш  рухының  асқақ  көрінісі»/Т.Ы.Əбжанов; 

Əңгімелескен  Б.Рақымжанов // Орталық  Қазақстан.-2002.-13 

сəуір 

 

     Əбжанов  Төлеуғазы  Ысқақұлы,  философия    ғылымдарының 

докторы, 

профессор, 

əлеуметтік 

ғылымдар 

академиясының 

академигімен сұхбат. 

   —  Төлеуғазы  аға,  Тəуелсіздік  алғанымызға  міне 10 жыл  толып  отыр. 

Осы «азаттық» деген ұғымға көзқарасыңыз қандай? 

   —Азаттық деген ардақты сөз. Оның мағынасы терең. Ал, азаттық алу деген 

талай азапты жолдарды, қиыншылықтарды бастан кешіретін процесс. 

   Халқымыз  əрдайым  азаттық  аңсап,  тəуелсіз  мемлекет  боламыз  деп  осы 

жолда  аянбай  қан  төгіп,  өмірін  қиып  келген  халық.  Оған  айғақ—  мыңдаған 

жылдар  бойғы  халқымыздың  тарихы.  Ол  тарихтың  бетінде  қияң-кескі  шай-

қастардағы  ұлы  тұлғалардың  бейнелері,  олардың  мəңгі  өшпейтін  асыл 

мұралары бəріміздің жадымызда сақталуы тиіс. 

   Міне,  осындай  ұлы  бабаларымыздың  зарығып-тарығып  аңсаған  ұлы 

арманы  халқымыздың  тəуелсіздік  алып,  өз  алдына  бөлек  мемлекет  болып, 

қалыптаса бастаған күнінен айқын көріне бастады. 

   Бірақ,  мəселе  осы  азаматтықты  тереңірек  түсініп,  оның  мағынасын  жан-

жақты  ұғынуда  жатыр.  Халқымызға  тəн  байсалдылық  пен  сабырлылықты, 

тереңнен  ойлауды  негізге  ала  отырып,  азаттықтың  философиялық  мəнін 

айрықша айқындай білгеніміз жөн. Өйткені, халқымыздың тəуелсіздік алып, 

бүкіл  дүниежүзілік  зиялы  қауымның,  мемлекеттердің  қатарына  қосылуы 

көңілімізге  тоқпейілділік  орнатқанымен,  мəселенің  мағынасы  толық 

ашылмауы мүмкін. Себебі, мемлекетіміз бен  халқымыздың тəуелсіздік алуы 

еліміздегі  жеке  адамдардың,  тұлғалардың  саяси-экономикалық,  əсіресе,  ой-

санасы жағынан азаттықта болуымен тығыз байланысты. өйткені, қоғам мен 

адамның  арасындағы  байланыс  үнемі  қарама-қайшылықта  болумен 

шектелмей,  олардың  алға  қойған  мүдде-мақсаттары  бірлікте  болуға  тиіс. 

Жеке  адамның  мүддесі  қоғамдық  дамудың  негізгі  қайнар  күші  болып 

саналады.  Осы  тұрғыдан  қарағаңда,  азаттық  деген  ұғымды  жеке  адамның 

рухани  дүниесінің  еркіндігі  негізінен  алып  қарауымыз  керек.  Сондықтан 

еліміздің тəуелсіздігі ең алдымен халқымыздың рухани азаттығында жатыр. 



   —  Төке,  Тəуелсіздік,  ең  алдымен,  халқымыздың  рухани  азаттығында 

деп  отырсыз.  Ал,  Бүгінгі  күні  халқымыздың  рухани  азаттық  дамуы 

қаншалықты деңгейде деп ойлайсыз? 

   —  Шынында  да,  амалжоқ,  көптеген  тарихи  жағдайларға  байланысты, 

еліміздің  саяси-экономикалық  еркіндігі  бірінші  орында  тұрғандықтан,  рух, 

əсіресе,  халқымыздың  рухы  туралы  мəселеге  көп  көңіл  бөлінбей  келеді.  Ол 

түсінікті  сияқты.  өйткені,  сонау  кеңес  заманынан  бастап,  рухты  діни 

көзқараспен  шатастырумен  болдық.  Тіпті,  рух  пен  аруақ  деген  сөз  синоним 

сөздерге айналды. Ал, шындығында халықтың рухы — өткен замандарда ата-


бабаларымыздан  қалған  асыл  мұралардың  рухы.  Олардың  ішінде  ерекше 

бағаланған  өнердің,  даналықтың,  мəдениеттің,  əдет-ғұрыптардың,  тəрбиенің 

т.б. рухы. Олар халқымыздың өмірмен біте қайнасқан, мəңгі бақи сақталатын 

мол мұралар. 

   Амал нешік, күні бүгінге дейін рухты тереңірек түсініп, оның мəнін ашып, 

əрі  қарай  дамытуға  мүмкіңдіктер  болмай  отыр.  Оған  басты  себеп — 

халқымыздың  ғасырлар  бойғы  жинақтаған  мол,  сарқылмас  дария  сияқты 

мұрасын  игермек  былай  тұрсын,  соған  жол  аша  алмай  келе  жатырмыз. 

Себебі,  рухтың  негізі,  əрі  кілті  болып  есептелетін  қазақ  тілінің  мемлекеттік 

мəртебеге  жеткенімен,  қолдану  жəне  пайдалану  аясының  тым  тар  болып 

отырғанында. 

   Тіл — рухтың  жаны,  оның  дем  алатын  қос  өкпесі  сияқты.  Осындай 

жағдайда  түрлі  қыспақтарға  тап  болған  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

еркіндікке жете алмай қағажу көріп, аясы тарылып бара жатқан қазақ тілінің 

мүшкіл жағдайы өте қауіпті, əрі қарай дами алады ма, жоқ па, рухтың негізгі 

құралы болуға лайықты ма, деген сауалдың үстінде тұр. 

   Қазақ  халқының  тілдегі  рухы  оның  өмірінің  ерекшелігін,  тек  халқымызға 

ғана  тəн  қасиетін  көрсететін  құдіретті  күш.  Барлық  өнер  салаларында, 

халқымыздың  салт-сана  дəстүрінде  өзіндік  тіл  бар.  Халқымыздың  тілі  өмір 

сүрген  кеңістікте  емін-еркін  өмір  сүруде.  Сондықтан  да  біз  қазақтың  кең 

байтақ  даласының  тілі  бар  десек  артық  айтқандық  емес.  Осы  тілді  ерекше 

түсінетін,  оның  терең  философиялық  байыбына  баратын,  оның  күй  арқылы, 

əн  арқылы  қобыздың  үнімен  сайрататын  ерекшелік  біздің  халқымызға  тəн 

қасиет. 


   Осының  барлығы  өзінің  құнарлы  топырағынан  айырылу,  тілдің 

шұбарлануы,  кең  байтақ  қазақ  даласының  қасиетті  үні  мен  тілін  жарылған 

атом  бомбаларының,  ұшқан  ракеталардың  үнімен  ұштастырып  жіберу, 

халқымыздың  басына  нетүрлі  қасіреттерді  əкелді.  Оның  əлі  күнге  дейін 

зардабынан халқымыз айырыла алмай келеді. 

   — Ал енді осы рухани сана адамзаттың дамуының көзі болғандықтан 

рухты қалай дамытуға болады деп ойлайсыз? 

   Алдымен рухтың дамуы жалпы халқымыздың рухани жəне тарихи өмірімен 

тығыз  байланысты  болуы  керек.  Бұл  жердегі  ең  басты  мəселе  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  деп  жариялаумен  шектелмей,  оның  шын  мəісінде  өріс 

алуына,  бүкіл  халықаралық  тілдердің  деңгейіне  көтерілуіне  барынша  күш 

салуымыз  керек.  Əсіресе,  қазақ  тілінің  дамуына,  оның  өрістеуіне  жеке 

тұлғалардың  қосар  үлесі  зор.  Сондықтанда  рухани  дамудың  көзі  ретіндегі 

тілдің  мəелесі  ерекше  маңызды.  Олай  болса,  тіл  адамға  ананың  ақ  сүтімен 

қоса  пайда  болып,  тал  бесіктен  жер  бесікке  дейінгі  уақытта  өміріне  нəр 

беретін  негізгі  факторға  айналуы  тиіс.  Осылайша  тілді  дамыту  тəрбиеден 

басталып, адамның өмір бойғы рухани азығына айнала алады. 

   — Биылғы тұлпар жылында жеткіншек ұрпаққа не тілейсіз? 

   —  Ең  алды  мен  тілерім,  қандай  азамат  болсын,  оның  ішінде  ең  алдымен 

жас ұрпаққа «өзіңді-өзің таны!» дер едім. өйткені, əркім өзіне-өзі қожа, өзіне-

өзі  билеуші,  тəрбиеші,  ақылшы  болғаны  жөн.  Адам  болу,  не  азып-тозып 



адамдықтан  кету — бұл  екеуі  қыл  көпірдің  үстінде  тұрған  жағдайды  көз 

алдымызға  əкеледі.  Осының  қайсысына  бұрыласың,  ол  сеніңөз  еркінде. 

Ендеше,  адамдыққа  қарай  бет  бұру  қазіргі  ғасырымыз  бен  заманымыздың 

негізгі бағыты. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет