Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Pdf көрінісі
бет22/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

Тарауих намазы қалай оқылады?
Үтiр намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. 
Тарауих намазын екi бас қылып, он сəлеммен жəне əрбiр төрт рəкатта 
бір  тəсбих  айтып  оқу  мустаһаб.  Қазасы  болғандар  бос  уақытында 
бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын 
ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих на-
мазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде 
тарауих намазын оқуы күнə болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сау-
абынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның 
сауабы жалғыз оқығаннан жиырма жетi есе көп болады. Əрбiр иф-
титах  тəкбiрiнде  ниет  еткен  жақсы.  Құптан  намазын  жамағатпен 
оқымаған  кісілер  тарауих  намазын  да  жамағатпен  оқи  алмайды. 
Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі парызды жалғыз оқып, 
кейін тарауихті жамағатпен оқи алады

Бесiншi бөлiм
ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
Ханафи  мазһабындағы  адам  он  бес  күннен  аз  мерзiмге  қалу 
ниетiмен 104 км немесе одан да ұзақ жолға шықса, ол кiсi мусафир
 
болады.
Жолаушыны сафари немесе мусафир деп атайды.
Жолаушы  төрт  рəкат  намаздарды  екi  рəкат  қылып  қысқартып 
оқиды. Ал муқим (жергiлiктi) имамға ұятын болса, толығымен төрт 
рəкат  оқиды.  Бір  сафари  муқим  жамағатқа  имам  болса,  екi  рəкат 
оқып, сəлем берiп намаздан шығады. Ал жамағат төрт рəкат парызды 
толықтыру үшiн тұрып, қалған екi рəкатты өздерi оқиды.
Жолаушы  киген  мəсісіне  үш  күн,  үш  түн  бойы  мəсих  тартып 
кие алады. Оразасын бұза алады. Бiрақ қиналмаса, оразасын бұзбай 
жалғастырғаны жақсырақ. Жолаушы кiсiге құрбан шалу уəжiп емес. 
Жұма намазы жолаушыға парыз емес.
Егерде  бiреу  намаз  уақытының  соңында  сол  намазды  оқымай 
жолға шықса, сол намазды екi рəкат етiп қысқартып оқиды. Ал егер-
де  уақыттың  соңында  елiне  оралып,  жолаушы  үкiмiнен  шығатын 
болса, сол уақыттың оқылмаған намазын төрт рəкат етiп оқиды.
  «Нимет-и  Ислам»  атты  кiтапта  былай  дейді:  Нəпiл  намаз-
дарын  тұрып  оқуға  күшi  жете  тұрып  отырып  оқу  əр  жерде  жəне 
əрқашан да жаиз. Отырып оқығанда рүку жасау үшiн денесiмен сəл 
еңкейедi. Ал сəжде үшiн маңдайын жерге тигiзедi. Бiрақ ешбiр үзірі 
болмастан нəпіл намазын отырып оқыған кiсiге тұрып оқыған кiсiнiң 
сауабының жартысы берiледi. Бес уақыт намаздың сүннеттерi жəне 
тарауих  намаздары  да  нəпiл  намазы  болып  есептеледi.  Жол  жүрiп 
бара  жатып,  яғни  қала,  ауыл  сыртында  нəпiл  намаздарын  жануар, 
көлік үстiнде оқу жаиз. Қыблаға қарау, рүку жəне сəжде жасау шарт 
емес.  Ишаратпен  оқылады.  Рүку  үшiн  бiраз  иiлiп,  ал  сəжде  үшiн 
одан төменiрек еңкейеді. Жануардың үстiнде нəжіс болуы намазға 
кедергi болмайды. Жерде тұрып нəпiл намазын оқып шаршаған адам 
асаға, адамға, дуалға сүйенiп оқи алады. Өзі жүрiп бара жатып намаз 
оқу сахих емес.
Парыз  жəне  уəжiп  намаздарын  ешбiр  машақат  болмағанша 
жануардың үстiнде оқуға болмайды. Тек үзірмен ғана оқуға болады. 

- 112 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 113 -
НАМАЗ КІТАБЫ
1 - Алғашқы тəкбiр алынып қолды байлағаннан кейiн  «Субаха-
нака» дұғасы оқылады. Бұл кезде «уə жəллə сəнəукə» да айтылады. 
Фатиха оқылмайды. 
2 - Екiншi тəкбiрден кейiн «Аллаһумма салли-барик» дұғалары 
оқылады.
3  -  Үшiншi  тəкбiрден  кейiн  жаназа  дұғасы  оқылады.  Жаназа 
дұғасының орнына «Раббана атина» немесе тек қана «Аллаһуммағфир 
лəһ» деп яки дұға ниетiмен Фатиха оқу да жеткiлiктi болады.
4 - Төртiншi тəкбiрден кейiн алдымен оңға, кейiн солға сəлем 
берiледi. Сəлем бергенде жаназаға жəне жамағатқа ниет етiледi.
Имам төрт тəкбiрмен екi иығына берген сəлемдi дауыстап айта-
ды. Өзге дұғаларды iшiнен оқиды. Жаназа намазынан кейін табыттың 
қасында дұға ету жаиз емес мəкрух.
Тарауих намазы
Тарауих  намазы  еркектерге  де,  əйелдерге  де  сүннет  болған 
намаз.  Тарауих  намазы  Рамазан  айының  əр  кешiнде  оқылады. 
Жамағатпен  оқылуы  кифая  сүннет.  Оқылатын  уақыты  құптан  мен 
үтiр  намазының  арасы.  Мəселен:  тарауих  намазының  бiр  бөлiгiне 
үлгерген адам имаммен бiрге үтiр намазын оқып болған соң тарауих 
намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай 
қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса, 
тарауих намазы емес, нəпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма 
рəкаттан тұрады.
Тарауих намазы қалай оқылады?
Үтiр намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. 
Тарауих намазын екi бас қылып, он сəлеммен жəне əрбiр төрт рəкатта 
бір  тəсбих  айтып  оқу  мустаһаб.  Қазасы  болғандар  бос  уақытында 
бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын 
ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих на-
мазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде 
тарауих намазын оқуы күнə болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сау-
абынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның 
сауабы жалғыз оқығаннан жиырма жетi есе көп болады. Əрбiр иф-
титах  тəкбiрiнде  ниет  еткен  жақсы.  Құптан  намазын  жамағатпен 
оқымаған  кісілер  тарауих  намазын  да  жамағатпен  оқи  алмайды. 
Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі парызды жалғыз оқып, 
кейін тарауихті жамағатпен оқи алады

Бесiншi бөлiм
ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
Ханафи  мазһабындағы  адам  он  бес  күннен  аз  мерзiмге  қалу 
ниетiмен 104 км немесе одан да ұзақ жолға шықса, ол кiсi мусафир
 
болады.
Жолаушыны сафари немесе мусафир деп атайды.
Жолаушы  төрт  рəкат  намаздарды  екi  рəкат  қылып  қысқартып 
оқиды. Ал муқим (жергiлiктi) имамға ұятын болса, толығымен төрт 
рəкат  оқиды.  Бір  сафари  муқим  жамағатқа  имам  болса,  екi  рəкат 
оқып, сəлем берiп намаздан шығады. Ал жамағат төрт рəкат парызды 
толықтыру үшiн тұрып, қалған екi рəкатты өздерi оқиды.
Жолаушы  киген  мəсісіне  үш  күн,  үш  түн  бойы  мəсих  тартып 
кие алады. Оразасын бұза алады. Бiрақ қиналмаса, оразасын бұзбай 
жалғастырғаны жақсырақ. Жолаушы кiсiге құрбан шалу уəжiп емес. 
Жұма намазы жолаушыға парыз емес.
Егерде  бiреу  намаз  уақытының  соңында  сол  намазды  оқымай 
жолға шықса, сол намазды екi рəкат етiп қысқартып оқиды. Ал егер-
де  уақыттың  соңында  елiне  оралып,  жолаушы  үкiмiнен  шығатын 
болса, сол уақыттың оқылмаған намазын төрт рəкат етiп оқиды.
  «Нимет-и  Ислам»  атты  кiтапта  былай  дейді:  Нəпiл  намаз-
дарын  тұрып  оқуға  күшi  жете  тұрып  отырып  оқу  əр  жерде  жəне 
əрқашан да жаиз. Отырып оқығанда рүку жасау үшiн денесiмен сəл 
еңкейедi. Ал сəжде үшiн маңдайын жерге тигiзедi. Бiрақ ешбiр үзірі 
болмастан нəпіл намазын отырып оқыған кiсiге тұрып оқыған кiсiнiң 
сауабының жартысы берiледi. Бес уақыт намаздың сүннеттерi жəне 
тарауих  намаздары  да  нəпiл  намазы  болып  есептеледi.  Жол  жүрiп 
бара  жатып,  яғни  қала,  ауыл  сыртында  нəпiл  намаздарын  жануар, 
көлік үстiнде оқу жаиз. Қыблаға қарау, рүку жəне сəжде жасау шарт 
емес.  Ишаратпен  оқылады.  Рүку  үшiн  бiраз  иiлiп,  ал  сəжде  үшiн 
одан төменiрек еңкейеді. Жануардың үстiнде нəжіс болуы намазға 
кедергi болмайды. Жерде тұрып нəпiл намазын оқып шаршаған адам 
асаға, адамға, дуалға сүйенiп оқи алады. Өзі жүрiп бара жатып намаз 
оқу сахих емес.
Парыз  жəне  уəжiп  намаздарын  ешбiр  машақат  болмағанша 
жануардың үстiнде оқуға болмайды. Тек үзірмен ғана оқуға болады. 

- 114 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 115 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Үзір бола алатын себептер: мүлкіне, өміріне, жануарына (көлігіне) 
қауiп  төну,  көлігінен  (жануарынан)  түскенде  көлігіндегі  неме-
се  қасындағы  дүниесінің  тоналу  қауіпі,  жыртқыш  хайуан,  дұшпан 
қауіпі, жердiң лай, балшық болуы, қатты жаңбыр, ауру кiсiнiң түсіп-
міну кезінде ауруының асқынуы немесе жазылу уақытының ұзаруы, 
көлігінен  түскенде  жолдастары  күтпейтін  болып  қатерде  қалуы 
жəне көлігіне біреудің жəрдемінсіз өзі міне алмайтын болуы. Осы 
аталған үзірмен жануар үстінде намаз оқитын кісі мүмкін болғанша 
жануарын қыблаға қаратып тоқтатып оқиды. Мүмкін болмаса, кетіп 
бара жатқан бағытына қарай оқиды. Жануардың, түйенің үстіндегі 
махмил  деп  аталатын  жүк  сандығының  ішінде,  үстінде  оқитын 
кісі де жоғарыдағыдай əрекет етеді. Жануарды тоқтатып, əлгі жүк 
сандығының бір шетіне тірегіш қойылатын болса стол, кереуіт сияқты 
болып, жерде оқылғандай болады. Яғни жерде оқып жатқандай ор-
нынан тұрып қыблаға қарап оқылады. Жерге түсе алатын болса, па-
рыздарды жүк сандықтарының үстінде оқу да дұрыс болмайды. 
Кемеде  намаз  оқу  хазреті  Жафар  Таяр  Хабашстанға  (Эфио-
пия)  кетiп  бара  жатқанында  хазреті  Пайғамбар  алейһиссалам  оған 
үйреткендей оқылады: Қозғалып кетiп бара жатқан кемеде үзірі бол-
маса да, парыз жəне уəжiп намаздары оқылады. Кемеде жамағатпен 
оқу да мүмкін. Қозғалып кетіп бара жатқан кемеде ишаратпен намаз 
оқуға рұқсат етiлмей, рүку əрi сəжденi толық жасау, қыблаға қарау 
шарт. Намазды қыблаға қарап бастайды, ал егер кеме қыбладан басқа 
бағытқа бұрылатын болса, намазда тұрып қыблаға қарай бұрылады. 
Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, жүзiп бара жатқан ке-
меде парыз намаздарды да үзірсіз отырып оқуға рұқсат бар.
Теңiз ортасында тоқтап тұрған кеме, қатты шайқалып қозғалып 
тұрса, оның үкiмi жүзiп бара жатқан кеме сияқты болады. Ал егерде 
толқу  аз  болса  жағажайда  (портта)  тұрған  кеме  үкiмiне  кiредi.  Ал 
жағажайда тұрған кемеде парыз намаздары отырып оқылмайды. Егер 
жағаға түсуге мүмкіндік бар болса, кемеден жағаға шығып оқуы ке-
рек. Мал-мүлкіне, өміріне қауіп төнсе жəне кеменің кетіп қалу қауіпі 
болса, кемеде оқуы жаиз болады. 
Ислам  ғалымдарынан  Ибни  Абидиннің  кітабында:  «Екi 
дөңгелектi  болып,  жануарға  жегiлмесе  түзу  тұра  алмайтын  ар-
бада  тоқтап  тұрғанда  да,  қозғалып  бара  жатқанында  да  намаз 
оқу жануар үстiнде оқығандай оқылады. Ал төрт дөңгелектi арба 
болса,  тоқтағанда  стол  үкімінде  болады.  Жүріп  бара  жатқанда, 
жануар үстінде оқуға рұхсат беретін жоғарыда жазылған үзірлі 
себептермен  ғана  парыз  намазды  оқуға  болады.  Бұл  кезде  арба 
қыблаға қарап тоқтатылған болуы шарт. Тоқтата алмаса, жүзіп 
бара жатқан кемедегідей етіп оқиды.»-делінген. Жүрiп бара жатқан 
көлікте қыблаға қарай алмаған кiсi Шафии мазһабын тақлид етумен 
екi  намазды  жəм  етіп  оқиды.  Бұны  iстеуге  де  мүмкiндiгi  болмаса, 
қыблаға қарау міндеті жойылады, яғни қарай алатын жағына қарап 
оқиды. Орындықта, креслода отырып ишаратпен намаз оқу ешкiмге 
еш уақытта жаиз емес. Автобуста, ұшақта намаз арба үстінде намаз 
оқыған сияқты оқылады. 
Парыз, уəжiп намаздарын жолда мүмкiндiгiнше жануар үстiнде 
оқымауға тырысу керек. Көліктерді тоқтатып, қыблаға қарап тұрып 
оқу  тиіс.  Сондықтан  көліктерге  мінбей  тұрып  осы  жағдайларды 
келісіп алу керек.
Жолаушы  кiсi  паромда  жəне  поезда  парыз  намазын  оқыған 
кезде  қыблаға  қарап,  орнынан  тұрып  бастауы  жəне  сəжде  ететін 
жердің  қасына  компас  қоюы  керек.  Паром  немесе  поезд  бұрылған 
сайын  бүкiл  денесiмен  қыблаға  бұрылады.  Егерде  көкірегі  қыбла 
бағытынан басқа жаққа қарап қалса, намазы бұзылады. Автобуста, 
поезда, қатты толқынды теңiзде қыблаға бет бұра алмаған кiсiлердiң 
парыз  намаздары  қабыл  болмайтындықтан  бұлар  сапар  бойынша 
Шафии мазһабының үкімін пайдаланып, яғни тақлид етіп, бесiн мен 
екінді, ақшам мен құптан намаздарын жəм етiп бiрге оқиды. Яғни, 
осы  екі  жұп  намазды  бірінен  кейін  бірін  оқиды.  Өйткенi,  Шафии 
мазһабында  80  км.ден  асатын  сапарда  жолаушы  кiсiге  екінді  на-
мазын  бесiн  уақытында  жəне  құптан  намазын  шам  уақытында  не-
месе  бесiн  намазын  екінді  уақытында  жəне  шам  намазын  құптан 
уақытына кешiктiрiп, екi намазды бiр уақытта оқуға болады. Шафии 
мазһабының өкiлi жолда намаз оқитын кезде қыблаға қарай алмай-
тын болса, жолға шыққаннан кейiн күндiз бiр жерге тоқтаған сəтте, 
түс уақытында бесiн намазын оқып болғаннан кейiн артынша екінді 
намазға ниет етiп оқуы керек. Ал түннiң бiр уақытында тоқтаған кез-
де қыблаға қарап құптан намазы уақытында алдымен ақшам нама-
зын, кейiн құптан намазын өтеуiне болады. Бұл төрт намазды оқыған 
кезде: «Шафии мазһабын тақлид етіп (жолын ұстап) өтеуге ниет 
еттiм»- деп оқиды. Сапар бiткеннен соң бұл екi намазды бiр уақытта 
оқи алмайды. 

- 116 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 117 -
НАМАЗ КІТАБЫ
 
НАУҚАСТАНҒАН КЕЗДЕГI НАМАЗ
Дəреттi бұзатын нəрсенiң денеден шығуы тоқтамаса, оған  үзiр 
дейдi. Сiдiк, iшi өту, жел шығару, мұрынның қанауы жəне жарадан 
қан, сары су ағуы намаз уақыты iшiнде тоқтамаса, осындай адам жəне 
истихаза қаны келген əйел үзiрлi (кешірімді хал) болып есептеледi. 
Бiтеу арқылы дəрiмен немесе намазды ыммен отырып оқып, бұларды 
тоқтату  керек.  Сiдiгi  тамшылап  тоқтамайтын  ер  кісі  сiдiк  жолына 
мақта  кіргізіп  қояды.  Осылайша  шыққан  зəр  мақтаға  сіңіп  сыртқа 
шықпайды, яғни дəрет бұзылмайды. Кіші дəретке отырғанда мақта 
өздiгiнен шығып кетедi. Егер зəр көбірек сызса, артығы мақтадан да 
өтіп сыртқа шығады жəне дəретті де бұзады. Бұндай кезде аққан зəр 
киiмдi ластамауы керек. Əйелдер зəр шығатын жерiне үнемi күрсүф 
деп аталатын мата қоюлары керек. Аққан нəрсенi тоқтата алмаса, əр 
намаз уақытында бөлек дəрет алып намазды осылайша оқиды. Осын-
дай бір себеппен үзiрлi болған адам дəретпен уақыт шыққанға дейiн 
парыз,  қаза,  нəпiл  намаздарын  оқи  алады.  Құранды  ұстай  алады. 
Намаздың уақыты шығысымен дəрет бұзылады. Уақыт шықпастан 
бұрын үзiр болған себептен басқа дəрет бұзатын нəрсе болса, дəрет 
бұзылады.  Мысалы,  мұрын  тесіктерінің  біреуінен  тоқтамай  қан 
тамшылағаны  үшін  үзiрмен  дəрет  алған  кісінің  мұрнының  екiншi 
тесігінен  де  қан  аға  бастаса,  дəреті  бұзылады.  Үзiрлі  болу  үшiн 
дəреттi бұзған нəрсе намаз уақыты бойы тоқтамай ағып тұру керек. 
Дəрет  алып  сол  уақыттың  парызын  орындай  алатындай  уақытта 
ақпаса, үзiр болып саналмайды. Малики мазһабының бiр үкімі бой-
ынша бiр тамшы ақса да үзiрлі болады. Бiр кісі үзiрлi болғаннан кейін, 
келесi намаз уақытында үзірі бiр рет бiр тамшы ақса, үзiрлiк халі сол 
уақытта да жалғасады. Намаз уақытында еш нəрсе ақпаса, үзiр халі 
біткен болады. Үзiрге себеп болған нəжiс киiмге дирхам көлемiнен 
аса жайылған болса, қайта жайылуына кедергi болу мүмкiн болса, 
нəжiс тиген жердi жуу керек.
Ғұсыл  алғанда  ауырып  қалудан  немесе  аурудың  күшеюiнен 
жəне жалғасуынан қорыққан адам тəйəммум алады. Бұл қорқыныш 
мұсылман жəне əділ дəрiгердiң айтуымен болу керек. Пасықтығы, 
күнəһарлығы  беймəлім  дəрiгердiң  сөзi  де  қабыл  етiледi.  Суық  ауа 
райы,  жан  сақтайтын  үйі  болмау,  суды  ысытатын  нəрсе,  қалада 
моншаға баруға ақша таппау ауыруға себеп болуы мүмкін. 
Шафииде 
бiр тəйəммуммен қалағанша парыз намаз оқи алады. Шафииде жəне 
Маликиде əрбiр парыз намаз үшiн жаңадан тəйəммум алады.
Дəрет мүшелерінің жартысында жарасы болған адам тəйəммум 
алады. Жара жартысынан аз болса, сау болған жерiн жуып, қалған 
жерлеріне мəсих тартады. Ғұсыл алатын кезде дененiң жартысынан 
көбi жара болса, тəйəммум алады. Жарасы жартысынан аз болса, сау 
жерiн жуып, су тигізе алмаған жерлеріне мəсих тартылады. Жараға 
мəсих тарту зиянды болса, үстіндегі бинтке мəсих тартылады. Бұл 
да  зиянды  болса,  мəсих  тартылмайды.  Дəрет  пен  ғұсылда  басқа 
мəсих тарту зиянды болса, басқа мəсих тартылмайды. Қолы шолақ 
(жара)  адам  суды  қолдана  алмағандықтан  тəйəммум  алады.  Жүзiн 
жəне қолдарын жерге (əкпен, топырақпен сыланған дуалға) үйкейдi. 
Қолдары жəне аяқтары кесiлген адамның жүзi де жара болса, дəретсiз 
намаз оқиды. Дəрет алдыратын ешкiмдi таппаған адам да тəйəммум 
алады. Сонымен қатар баласы, жалдамалы қызметшiсi жəрдем ету-
ге міндетті. Жəрдемдi басқа кiсiлерден де алса болады. Бiрақ олар 
жəрдем  етуге  міндетті  емес.  Ерлі-зайыптылар  да  бiр-бiрiне  дəрет 
алғызуға міндетті емес.
Қан  алдырып,  сүлiк  қолданып,  жара,  сыздауық,  сүйегi  сынып 
үстіне бинт (мақта, марля үстiне лейкопластырь, крем, мазь)  байлаған 
кісі  бұл  жерлерiн  сумен  жуа  алмаса,  мəсих  ете  алмаса,  дəрет  пен 
ғұсылда осы жерлердің жартысынан көбiнің үстіне мəсих тартады. 
Бинтты шешу зиянды болса, онда астындағы сау жерлерiн жумайды. 
Бинттың арасынан көрініп тұрған сау терiлер мəсих етiледi. Бинтты 
дəрет алып болған соң орау да мiндеттi емес. Мəсихтен кейiн, бинт 
ауыстырылса немесе үстiне тағы бір неше қабат оралса, жаңасына 
мəсих тарту керек болмайды.
Тiк  тұра  алмайтын  адам  намазын  отырып,  рүку  үшiн  денесiн 
бiраз иедi, сосын денесiн түзу ұстап, кейiн жерге екi рет сəжде жа-
сайды. Қалай отыру ыңғайлы болса солай отырады. Тiзерлеп оты-
руына  да,  малдас  құрып  отыруына  да  болады.  Бас,  тiс,  көз  ауруы 
да науқасқа жатады. Тұрғанда дұшпанға көрiнiп қалу қауіпі де үзiр 
саналады. Бiр нəрсеге сүйенiп тіке тұра алатын адам сүйенiп намаз 
оқиды. Көп тұра алмайтын адам ифтитах тəкбiрiн тұрып, ал ауыра 
бастағанда намазын отырып жалғастырады. 
Жерге сəжде жасай алмайтын адам аяқта оқып, рүку жəне сəжде 
үшiн отырып ишарат етедi. Отырып оқығанда рүку үшiн азырақ, ал 
сəжде үшiн одан көбiрек иiледi. Денесiн ие алмаған адам басын иедi. 
Бiр нəрсенiң үстiне басын қою шарт емес. Бiр нəрсенің үстiне сəжде 
ететiн  болса,  сəжде  үшiн  рүкуден  көп  иiлген  болса  ғана  намазы 
дұрыс болғанымен мəкрух болады. Сүйенiп отыруға мүмкiндігі бар 
кісінің ишаратпен жатып оқуы жаиз емес. Хазреті пайғамбарымыз 

- 116 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 117 -
НАМАЗ КІТАБЫ
 
Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет