В., Райымбекова Ж. Е. Студенттік «Шаңырақ» театрының Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай » атты әдеби музыкалық ән кеші өтті



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі184,61 Kb.
#6953

Муравьева О.В., Райымбекова Ж.Е. 

 

Студенттік  «Шаңырақ»  театрының  Абай  Құнанбаевтың  «Желсіз  түнде 

жарық-ай...» атты әдеби - музыкалық ән кеші өтті 

 

     Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  әлеуметтік  және 



азаматтық  даму  департаменті,  «Шабыт»  шығармашылық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  студенттік  «Шаңырақ»  театры  Абай  Құнанбаевтың 

«Желсіз түнде жарық-ай...» атты әдеби - музыкалық ән кешін өткізді. 

Кеш дана Абайдың жыры мен сырына толы «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен 

басталып, студенттік театрдың Дулат, Есбол, Арайлым, Тоғжан, Мұрат және 

Дана сынды әртістері ақынның өміршең өлеңдері мен әндерін өз нақышына 

келтіріп орындады. 

                 

 

          Қойылым  режиссері  -  Жамбыл  Амангелді  Ұлы  Абайдың  кемелденген, 



толысқан  шағын  сомдап,  жыр  сүйер  қауымның  жүрегіне  терең  бойласа, 

Қажығали,  Ақбота  -  жас  Абай  мен  Тоғжан  рөлін,  Бұхар  мен  Елімай  -  орта 

жастағы  Абай  мен  Әйгерімнің  кіршіксіз  махаббатын  паш  етіп,  Онегин  мен 

Татьянаны  Махамбетәлі  және  Мөлдір  сомдап,  өткен  ғасырдың  дара 

тұлғасына қайта жан бітіргендей болды. 


         Театр  мүшелері  кеш  қонақтарын  Абайдың  саралы  сөздерімен 

сусындатып, әсем әні мен тәтті күйін арнаған бұл кеш көрермендерге өмірлік 

рухани азық боларлықтай өнер көрсетті. Ал көрермен өздерінің көңіл – күйі 

мен тоқтаусыз соққан қошеметтері арқылы қойылымның өз бағасын берді. 

              

 

          Студенттік «Шаңырақ» театры болашақта да Абайдай теңдессіз ақын – 



жазушылардың шығармашылығы мен өмір руханиятын бүгінгі ұрпаққа паш 

етіп, қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына қосар үлесі мол деп сенеміз. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет