1. Эпителий ұлпасы – тек эпителиоциттерден құралған, жасушааралық тірі зат
болмайды. Тірі организмде эпителиоциттер аралықтарындағы (жарғақүсті кешен –
гликокаликс ғана болады) ені 10-50 нм жарғақаралық саңлаулар арқылы ұлпа сұйығы
(зат алмасуды қамтамасыз етеді) тұрақты түрде қозғалыста болады.
2. Эпителиоциттер бір-бірімен өзара тығыз байланысып (тығыз жабысу – десмосома;
құлып - саусақша жанау; саңлаулы жанасу, нексус – жасушааралық зат алмасу; тығыз
жанасу, оқшаулау – сыртқы ортадан дененің ішкі ортасын бөлу), эпителий ұлпасы
қабаттарын құрайды
3. Эпителий ұлпасы қалыңдығы 100 нм – 1мкм (гликопротеидті жіпшелер мен
аморфты заттан құралған) негіздік жарғақта (НЖ) немесе базальды мембранада (НЖ-
пен төменгі эпителий қабатының эпителиоциттері жартылай десмосома арқылы
байланысып, оны түзуге эпителиоциттермен қатар, шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасы
да қатысады) орналасады. НЖ-пен бірқабатты эпителий ұлпасының барлық
эпителиоциттері, ал көпқабатты эпителийдің тек төменгі қабатындағы эпителиоциттері
ғана жанасады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды (қоректік зат – БДҰ-дағы
қан тамырларынан пайда болып, НЖ арқылы диффузды жолмен сүзіліп өтетін ұлпа
сұйығымен келеді), ол сезімтал жүйке ұштарына бай.
4. Жануар организмінде эпителий ұлпасының шекаралық орын алуына байланысты,
оның эпителиоциттерінің құрылысында полярлық айырмашылықтар болады. Бірқабатты
эпителий ұлпасы эпителиоциттерінің ядролары НЖ-пен жанасатын төменгі базальды
ұшына жақынырақ орналасады. Олардан жоғарырақ Гольдж кешені (секрет, экскрет
бөлу), төменірек эндоплазмалық тор (заттарды синтездеу процесі) мен плазмолеммалық
қатпарлар, ал – қарама-қарсы апикальды /бос/ ұшында микробүрлер (сіңіру, сору) мен
кірпікшелер
(қозғалу
процесі)
орналасады.
Көпқабатты
эпителий
ұлпасы
эпителиоциттеріндегі полярлық айырмашылықтар – төменгі негіздік қабаттағы және
жоғарғы қабаттағы эпителиоциттерге тән.
5. Эпителий ұлпасының қайтадан қалпына келу қабілеті (регенерациясы) жақсы
деңгейде жетілген. Бұл процесс негіздік қабаттағы діңгекті жасушалардың қатысуымен іс
жүзіне асады.
3-сұрақ. Жабынды эпителийдің морфологиялық жіктелуі: бірқабатты және
көпқабатты эпителий ұлпалары болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий
үлпалары: бірқатарлы эпителий және көпқатарлы эпителий болып бөлінеді.
Бірқабатты бірқатарлы эпителий ұлпалары: 1) бірқабатты бірқатарлы жалпақ
эпителий (мезотелий) - өкпеқап, жүрекқап, ішперде, плевра, шажырқай, шарбы, сірлі
байламдар, үңгілер, өкпе альвеолалары, ортаңғы құлақ қуысын астарлайтын эпителий, ен
торы қабырғасын, бездердің ендірме өзектерін, бүйрек денешігі қапшығын, нефронның
жіңішке бөлімін қаптайтын эпителий; 2) бірқабатты бірқатарлы текше (куб) тәрізді
эпителий - без өзектерінің қабырғаларын, бүйрек нефрондарының проксимальды және
дистальды бөлімдерін, қалқанша без фолликулдары қабырғасын құрайды; 3) бірқабатты
бірқатарлы призма (цилиндр) тәрізді эпителий – безді эпителий – безді қарынның
кілегейлі қабығын, жатыр мойнының ішкі бетін, жиекті эпителий – ащы ішектер мен жуан
ішектердің кілегейлі қабықтарын, өт қабын астарлайтын, ұйқы безі ацинустарының
қабырғасын құрайды; 4) бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий – тыныс
жолдары кілегейлі қабықтарын, ен қосымшасы мен жұмыртқа жолын астарлайды.
Көпқабатты эпителий ұлпалары: көпқабатты жалпақ және көпқабатты
ауыспалы эпителий болып екі топқа бөлінеді. Көпқабатты жалпақ эпителий:
көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий және көпқабатты жалпақ мүйізделетін
эпителий болып бөлінеді: 1) көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий (1)
базальды қабат, 2) қылтанақты қабат, 3) жалпақ эпителиоциттер қабаты) – ауыз
қуысын, өңештің кілегейлі, көмекей бөбешігін, тік ішектің соңғы бөлігі кілегейлі
қабығын, қынаптың ішкі бетін астарлайды, көздің қасаң қабығын қаптайды; 2)
көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий (1) базальды қабат, 2) қылтанақты қабат,
3) дәншелі қабат, 4) жылтырауық қабат, 5) мүйізді қабат) – тері эпидермисін құрайды.
Көпқабатты ауыспалы эпителий – бүйрек түбегін, несепағар мен қуықты астарлайды.
Ол үш қабат эпителиоциттерден құралған: базальды қабат, аралық қабат, жабынды
қабат (күмбез тәрізді эпителиоциттер - полиплоидті).
4-сұрақ. Безді эпителий (БЭ) жануарлар организмінде бөлінділер (секрет, инкрет,
экскрет) бөлу қызметін атқарады. БЭ-лер гландулоциттерден (безді эпителиоциттер)
тұрады (мөлшері ірі келеді, ядролары мен ядрошықтары салыстырмалы үлкен,
эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольдж кешені жақсы жетілген). Гландулоциттердің
бөліндіні бөлу процесін бөліндіні (секретті) бөлу айналымы (ББА) деп атайды. ББА-н 5
кезеңге бөледі: 1) бөліндіні синтездеуге керекті заттарды (органикалық және
минеральдық заттар қан тамырларымен ұлпа сұйығына шығарылып, негіздік жарғақ
арқылы гландулоциттердің базальды полюсі цитоплазмасына өтеді) жинақтау кезеңі, 2)
гландулоциттер эндоплазмалық торында қоректік заттардан (белокты секреттер,
инкреттер гранулалы эндоплазмалық торда, бөліндінің белоксыз құрамдары – көмірсулар,
липидтер т.б. агранулалы эндоплазмалық торда) бөліндінің түзілу кезеңі, 3)
гландулоциттер эндоплазмалық торларында синтезделген заттардан Гольдж кешендерінде
бөлінділер тамшылары мен дәншелерінің түзілу және гландулоциттер цитоплазмасының
апикальды полюстерінде жинақталу кезеңі, 4) бөліндінің гландулоциттерден сыртқа
немесе организмнің ішкі ортасына бөлу кезеңі – экструзия (гландулоциттерден бөліндінің
сыртқы ортаға бөлініп шығуының үш түрі болады: бөлінді бөлудің мерокринді түрінде
гландулоциттер плазмолеммасының бүтіндігі бұзылмайды, бөлінді диффузды жолмен
сүзіліп шығарылады, апокринді түрінде гландулоциттер жартылай бұзылады, бөлінді
тамшылары
немесе
дәншелері
қоршаған
жасуша
плазмолеммасымен
бірге
гландулоциттердің апикальды полюсінен үзіліп бөлінеді де, без ацинусының қуысына
өтеді), 5) бөлінді бөлінгеннен кейінгі гландулоциттердің қалпына келу кезеңі.
Бездердің жіктелуі. Бездер – құрылысына байланысты: біржасушалы бездер және
көпжасушалы бездер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бөліндіні (секретті, инкретті)
бөліп шығару ортасына байланысты: сыртқы секреция бездері (экзокринді бездер) және
ішкі секреция бездері (эндокринді бездер) болып бөлінеді.
Эндокринді бездер (ЭБ) бөлінділерін (инкреттерін): 1) организмнің ішкі сұйық
ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарады. 2) Бұлардың инкреттерін гормон
(грек тілінен - қоздырушы зат, қоздырамын) деп атайды. 3) Эндокринді бездер инкрет
бөлетін тек соңғы бөлімдерден ғана тұрады. ЭБ-дің сыртқа ортаға бөлетін шығару
өзектері болмайды.
Экзокринді бездердің (ЭкБ) бөлінділерін секрет деп атайды. ЭкБ секреттерін
организмнің сыртқы бетіне (қоршаған сыртқы ортаға) немесе сыртқы ортамен тесіктер
арқылы қатысатын түтікше мүшелердің қуыстарына шығарады. Сондықтан, ЭкБ екі
бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімдерден және шығару өзектерінен тұрады.
Құрылысына байланысты ЭкБ: қарапайым (бір шығару өзегі) және күрделі
(шығару өзегі тарамдалған) бездер болып бөлінеді. Қарапайым бездер: тарамдалған
және тарамдалмаған бездер болып бөлінеді.
Соңғы безді бөлімнің пішініне байланысты ЭкБ: көпіршікше, түтікше,
көпіршікше-түтікше (аралас) бездер болып бөлінеді.
Секретінің құрамына байланысты ЭкБ: кілегейлі (құрамында муцин болады),
сірлі (құрамында белоктық ферменттер болады), кілегейлі-сірлі (аралас) бездер болып
бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлпаның анықтамасы, жіктелуі.
2. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы, жіктелуі.
3. Жабынды эпителий: түрлері, олардың құрылысы, денедегі орындары, шығу
тектері, қызметтері.
4. Безді эпителий: бездің анықтамасы, жіктелуі, түрлері, құрымы.
5. Экзокринді бездер, олардың бөлімдері, сипаттамасы.
6. Бөліндіні (секретті) бөлу айналымы.
7. Эндокринді бездердің сипаттамасы.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 110 – 127
беттер.
№ 4 ДӘРІС
Дәрістің тақырыбы: Тірек-трофикалық ұлпалардың морфологиясы.
Дәрістің мақсаты: студенттерді тірек-трофикалық ұлпалардың шығу тегімен,
жіктелу принципімен, ұлпалардың құрылысымен, олардың жануарлар денелеріндегі
орналасу орындары мен атқаратын қызметімен таныстыру.
Түйінді сөздер: қан, қан тамырлары, қантүзілу, дәнекер ұлпалары, шеміршек
ұлпалары, сүйек ұлпасы.
Иллюстрация: қан, қантүзілу, борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалары, май
ұлпасы, ретикулалы ұлпа (таблицалар, слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Тірек-трофикалық ұлпалардың жалпы сипаттамасы.
2. Қан және лимфа. Қан түзілу.
3. Талшықты дәнекер ұлпалары.
4. Арнайы қасиеттері бар және қаңқа дәнекер ұлпалары.
Дәрістің мазмұны:
1-сұрақ. Тірек-трофикалық ұлпалар (ТДҰ) немесе ішкі орта ұлпалары –
жануарлар филогенезінде эпителий ұлпасымен қатар қалыптасып дамыған көне ұлпалар.
ТДҰ мезенхимадан дамиды, олар жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.
Бұлардың жасушаларында полярлық айырмашылық болмайды. Полярлық айырмашылық
тек эндотелиоциттерде ғана болады. Жасушааралық зат (жасушалар өнімі) – тірек-
трофикалық ұлпаларда маңызды роль (трофикалық, қорғаныс, тіректік, механикалық)
атқарады. Жануарлар организмдерінде құрамына ішкі орта ұлпалары кірмейтін мүшелер
болмайды. ТДҰ - түрлі мүшелердің дәнекерұлпалық қабықтары мен қабаттарын,
паренхималы мүшелердің стромасын (перделіктер, қапшықтар), бұлшық ет шандырларын,
бұлшық ет сіңірлерін, қаңқа сүйектерін, организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды.
Мезенхима (М) – негізінен ұрық жапырақшалары – мезодерманың дерматом,
склеротом, спланхнотом бөліктерінен және ұрықтың бас аумағындағы эктодерма
туындысы – ганглионды тақташадан (нейромезенхимадан) қалыптасып дамып,
эктодерма, мезодерма және энтодерма аралықтарындағы саңлаулы қуысты толтырып
тұратын эмбриондық дәнекер ұлпасы. М – бір-бірімен жанаса жалғасқан өсінділі
жасушалардан тұрады. Олардың арасында эмбриондық дамудың алғашқы сатыларында
ұрық организміндегі зат алмасу процестерін іс жүзіне асыратын аморфты (пішінсіз) зат
орналасады. Мезенхима жасушалары митоз арқылы көбейеді. М-дан бірінші кезекте ұрық
организмі үшін зат алмасу, тасымалдау, қорғаныс қызметтерін атқаратын тым қажет
эндотелиймен астарланған тамырлар жүйесінің мүшелері және қан түзіледі.
Эндотелий (Э) – қан және лимфа тамырлары мен жүректің ішкі бетін астарлайтын М
туындысы. Э – бір-бірімен тығыз байланысып, бірқабатта орналасқан жұқа келген жалпақ
жасушалар – эндотелиоциттерден (ұзындығы 5-175 мкм, биіктігі 1- 5 мкм) құралған. Э-
дің
құрылысы
бірқабатты
жалпақ
эпителий
ұлпасына
ұқсас,
полярлық
айырмашылықтары
(апикальды
және
базальды
ұштары
бар)
болады.
Эндотелиоциттердің тамырлар қуыстарына қараған апикальды ұшында зат алмасуды іс
жүзіне асыратын микробүрлер және жасуша цитоплазмасында пиноцитозды
көпіршіктер болады.
2-сұрақ. Қан (Қ) – сұйық тірі ішкі орта ұлпасы. Қ денедегі тұйық қан айналым
жүйесінде үздіксіз қозғалыста болып, организмде үздіксіз жүретін жасушалық және
ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іс жүзіне асырады: тасымалдау, газ алмасу, қорғаныс,
реттеу, бөлу, дене қызуын реттеу.
Жануарлар организміндегі Қ-ның салыстыру массасы – 7-10%, жасушалар – 40-
45%, жасушааралық зат - плазма – 60-55 %. Қ-ның құрамы: су – 90-92%, құрғақ зат – 8-
10%: белоктар – 7,6-8,5%; Қ-ның қалған бөлігі – басқа органикалық (1,0-3,5%) және
минеральдық заттар. Белоктар: альбумин, глобулин, фибриноген. Альбуминдер –
глобулиндерге қарағанда 2 еседей көп: тасымалдау қызметі – бос май қышқылдары,
билирубин (бояғыш зат), дәрі – дермектер, витаминдер, гормондар. Глобулиндер –
антидене гуморальдық иммунитетті қалыптастырады. Фибриноген – қанның ұюына
қатысады (ертінді түріндегі фибриноген белогі ерімейтін фибрин талшықты белокқа
ауысады). Талшықты фибрин белогі түскеннен кейін, қан плазмасынан қан сарысуы
бөлінеді.
Қан жасушаларына қанның қызыл жасушалары (эритроциттер), қанның ақ
жасушалары (лейкоциттер), қан табақшалары (құстар мен төменгі сатыдағы жануарларда
ядролы тормбоциттер) жатады. Эритроциттер ( гр. еrythros – қызыл) – сүтқоректі
жануарларда дөңгелек (түйе, лама - сопақ) пішінді ядросыз, басқа жануарларда сопақ және
ядролы жасушалар. Бұлардың екі бүйірінің орта тұсы ойыстау келіп, сыртқы жанасу
ауданының бетін 1,64 есе ұлғайтады. 1 мм
3
қанда (мкл) – млн.-дап саналады. Нормоциттер
– 80%, 7-8 мкм, қалғандары – микро- және макроциттер. Эритроциттердің құрамы:
белоктар – 47%, липидтер – 44%, көмірсу – 7%. Эритроцит плазмолеммасы – Na
иондарын, аминқышқылдарын, ферменттер мен глюкозаны тасымалдайды. Ішкі
цитоплазмасының 34 % - гемоглобин – хромопротеид = глобин + гем (Fe
2
). Эритроцит –
100-130 күндей қызмет атқарады. Тұз – 0,9%. Гемолиз, ЭТЖ (эритроциттердің тұну
жылдамдығы) – қалыпты жағдайда жануарлардың түріне, жасына, жынысына,
байланысты тұрақты көрсеткіш. Бұл көрсеткіш арқылы мал түліктері аураларын
анықтауға көмегін тигізеді (ветеринариядағы маңызы).
Лейкоциттер – ядролы қанның ақ жасушалары: қорғаныс (фагоцитоз, уларды
бейтараптандыру, жасушалық, гуморальдық иммунитет), регенерация. 1 мм
3
(мкл) –
мыңдап саналады. Лейкоцитоз (қандағы лейкоциттер санының қалыптан тыс көбеюі).
Органеллалары жақсы жетілген. Гранулалы және аграрулалы лейкоциттер.
Нейтрофилді гранулоцит – 65-70% - сегментті ядролы нейтрофилдер, диаметрі – 9-
12 мкм. Гранулалар: 1) ірі азурсүйгіш – 20%, 2) майда арнайы – 80%. Фагосомалармен
алдымен майда арнайы гранулалар әрекеттеседі, соңынан ірі азурсүйгш (лизосомалар)
гранулалардың гидролаза ферменттері фагосомаларды толығымен ыдыратып қорытады.
Таяқшы ядролы нейтрофильдердің үлесі – 3-5%. Жас (балғын) нейтрофильдер – 0,5%.
Эозинофилді гранулоцит – 2-12%, диаметрі – 12-18 мкм. Эозинофилді гранулоцит
гранулаларының ферменттері қабыну аймағындағы гистоминді бейтараптандырады да,
қабыну процесінің тоқтауына көмектеседі, антипаразиттік иммунитеттің қалыптасуына
(фасциолез, эхинококкоз) ат салысады.
Базофилді гранулоцит – 0,5-2,0% (құста – 3-4%, қосмекенділерде – 20%). Диаметрі –
10-12 мкм. Ядросы таяқ тәрізді. Базофилдің сыртқы бетінде Е-иммундыглобулиндермен
байланысатын арнайы рецепторлар бар. Антиген мен антидененің әсерлесуінен түзілген
кешендер – базофил гранулаларының бөлінуіне әсер етеді. Базофилдер иммунологиялық
реакцияларға қатысып, аллергиялық реакциялардың өрбуіне ықпал етеді.
Моноциттер – 1-8%, диаметрі – 18-20 мкм. Цитоплазмасында лизосомалар, пиноцитоз
көпіршіктері, Гольдж кешені, ұсақ митохондриялар, азурсүйгіш гранулалар болады.
Моноциттер – ұлпалар макрофагтарының бастамасы – ізашар жасушалары. Олар қанда
12-36 сағат болады, одан соң ұлпаларға шығып ұлпалар макрофагтарына айналады.
Макрофагтарда – лизосомалар мен фагосомалар дамып жетіледі, созылмалы қабыну
ошақтарында маңызды қызметтер атқарады.
Лимфоциттер – иммунологиялық реакцияларға қатысады. Кіші лимфоциттер – 4,5 -
6 мкм, орташа – 7-10 мкм, үлкен – 10 мкм үлкен. Жылқы мен шошқада – 20-40%, күйісті
жануарларда – 40-65 %. Т-лимфоциттер – киллер, хелпер, супрессорлар – 70% (кіші
лимфоциттер). В-лимфоциттер – плазмобластар, плазмоциттер – антиденелер. Т-
лимфоциттер – жылдар бойы, В-лимфоциттер – апта-айлар бойы қызмет етеді.
Қан табақшалары (тромбоциттер) ҚТ – көпядролы мегакариоциттерден дамып
жетіледі. 1 мм
3
- 200-350 мың. Мөлшері – 2-5 мкм. Сүтқоректі жануарларда
мегакариоциттер цитоплазмасы бөлікшелерінен түзілген қан табақшалары болады.
Боялған гистологиялық препараттардағы қан табақшаларының орта тұсында көкшіл түсті
(метахромды боялған) дәншелер жиынтығы көрінеді. бұларды хромомерлер немесе
грануломерлер деп атайды. Қан табақшаларын сыртынан гликокаликспен қапталған
жарғақ шектеп жатады. Қан табақшаларының қимыл-қозғалысын іс жүзіне асыратын
актин микрофиламенттері мен микротүтікшелері жарғақтың астында, оған параллельді
орналасады. ҚТ-ның ішкі грануломерлер аймағында дәншелердің (гранулалардың) екі
түрі ажыратылады: 1. тығыз дәншелер (АТФ-тен, серотониннен, катехоламиннен
тұрады) және 2. лизосомалар. Бұлардан басқа бұл аймақта бірнеше митохондриялар
кездеседі. ҚТ-ның қызғылт-сұр түске боялған шеткі аймағын гиаломерлер (мөлдір бөлік)
деп атайды. Шеткі аймақта ҚТ жарғақтары ішке қарай үңги енген кең қуысты
өзекшелерден басқа ешнәрсе болмайды. Құстардан бастап төменгі сатылардағы
жануарлар қанында ҚТ орнында ірі ядролы , аздаған цитоплазмалы сопақша келген
жасушалар – тромбоциттер болады. Қан табақшалары мен тромбоциттерде қанның
ұюына қатысатын - тромбопластин заты болады.
Лимфа (сөл) – тірі сұйық ұлпа: жасушалардан және лимфа плазмасынан
(жасушааралық зат) тұрады. Жасушаларының 98% - лимфоциттер. Аздаған моноциттер
және эритроциттер болады. Лимфоплазмада қан плазмасына қарағанда белоктар
салыстырмалы аздау болады. Олардың ішінде альбуминдер глобулиндерге қарағанда
көбірек болады. Фибриноген де кездеседі. Жануарлардың әр түрлі дене бөліктерінде
ағатын лимфаның құрамы бір-біріне ұқсас болмайды. Мысалы, ішектен ағып шығатын
лимфа құрамында, қорытылған май қышқылдары мен глицеринді сіңірудің нәтижесінде 4
% дейін май болады.
Қантүзілу (гемопоэз) – қан жасау мүшелеріндегі қан жасушаларының түзілу
процесі. Жануарлар организмінің дамуы барысында қантүзілудің екі түрі ажыратылады:
ұрықтық қантүзілу (гемопоэз) және туғаннан кейінгі қантүзілу (гемопоэз).
Ұрықтық қантүзілу – ұрық организміндегі қанның ұлпа ретіндегі дамуы мен
қалыптасу процесі. Қантүзілу процесң ұрықтың алғашқы даму сатыларында сарыуыз
қапшығы қабырғасындағы мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып
жетілген қан тамырлары қуысында мезенхима жасушаларынан алдымен ірі біріншілік
эритроциттер (мегалобласттар, мегалоциттер) жетіледі. Эмбриондық кезеңге тән
қантүзілуді мегалобласттық қантүзілу деп атайды.
Мегалобласттық қантүзілумен қатар қан тамырлары қуысындағы мезенхима
жасушаларынан ересек жануарларға тән екіншілік эритроциттер де дамып жетіледі.
Сарыуыз қапшығы қабырғасындағы қан аралшықтарынан жетілген қан
тамырларының сыртындағы мезенхамадан дамыған біріншілік қан жасушаларынан
миелопоэз процесі нәтижесинде гранулалы лейкоциттердің діңгекті жасушалары
қалыптасады. Діңгекті жасушалар қанның ағысымен сарыуыз қапшығы тамырларынан қан
жасау мүшелеріне ағып барып қоныстанып (ұрықта негізінен бауырда, төл туғаннан кейін
– сүйектің қызыл кемігі майында), организмдегі қантүзілу процесінің бастамасын түзеді.
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, сүйектің қызыл кемігі майының әрбір 100000
жасушалары ішінде 50 діңгекті жасушалар боладыекен. Жануарлар организмінде діңгекті
жасушалар (ДК) - сан жағынан әруақытта салыстырмалы тұрақты деңгейде болады.
Қантүзілу процесіне жұмсалған ДК-дың орнын митоз арқылы көбейген жаңа ДК
ауыстырады. Олардың мөлшері мен пішіні кіші лимфоциттерге ұқсас. Туғаннан кейінгі
қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемігі майының миелоидты және лимфоидты,
тимустың, көкбауырдың, лимфа түйіндері мен түйіншілерінің лимфоидты ұлпаларында
жүреді.
Гемопоэз: көпмүмкіндікті (полипотентті) ДК – көпмүмкіндікті (полипотентті)
ЖДК (жартылай ДК) – биологиялық белсенді зат – поэтиндердің әсерінен
бірмүмкіндікті (унипотентті) бастама жасушалар (өздігінен қалпына келу мүмкіндігі
шектелген). Қазіргі кезде эритроциттердің, гранулоциттердің, моноциттердің,
мегакариоциттер қатарларының бастама жасушалары тәжірибе жүзінде анықталған. Ал
Достарыңызбен бөлісу: |