Физика-математика факультеті Информатика кафедрасы «Компьютер жҥйелерінің сәулеті»



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7000
1   2   3   4   5   6

17,18 дәріс 

Сыртқы жады (СЖ) деректерді жғне программаларды ұзақ мерзімді сақтауға 

арналған жғне оның құрамының тұтастығы компьютердің қосылып немесе айырылып 

тұрғанына байланысты емес. Оперативті жадыға қарағанда сыртқы жадының 

процессормен тікелей байланысы жоқ. Ақпарат процессорда СЖ-ға жғне керісінше 

шамамен келесі тізбек бойынша жіреді.  

Компьютердің СЖ-ның құрамына жататындар: 

 



Иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыштар 

 



Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыштар 

 



Компакт-дискідегі жинақтауыштар 

 



Магнитті-оптикалық компакт-дискідегі жинақтауыштар 

 



Магниттік таспалардағы жинақтауыштар жғне т.б. 

Иілгіш диск, дискета  (ағ. Floppy disk) – шағын кӛлемді ақпаратты сақтауға арналған 

құрылғы,  қорғаушы  қабықта  орналасқан  иілгіш  пластикалық  диск. 

Бір 


 компьютерден  басқа  компьютерге  деректерді  тасымалдау    жғне  программалардың 

жабдықты тарату ішін қолданылады.  

Дискета дӛңгелек полимер астардан тұрады, екі жағынан да магниттік қышқылмен 

(окислом) жғне пластикалық қорапқа орналастырылған. Оның ішкі бетінде тазартушы 

қабаты  бар.  Қораптың екі  жағынан  ойықтар жасалған,  солар  арқылы  жинақтауыштың 

оқу/жазу бастиегі дискіге қатынас құрады.  

Магниттік  ортада  екілік  ақпартта  жазу  ғдісі  магниттік  кодтау  деп  аталады. 

Магниттік домендар ортада ӛздерінің солтістік жғне оңтістік полюстерімен ұсынылған 

магниттік ӛрістің бағытында жолдар бойымен  қатарласады. Єдетте магниттік домендар 

бағытымен екілік ақпараттың арасында бірмғнді сғйкестік орнатылады.  

Ақпарат  концентрлі  жолдарға  (тректер)  жазылады.  Олар  сектрлерге  бӛллінеді. 

Жолдар мен  сектрлердің саны дискетінің форматына жғне типіне байланысты. Сектор 

дискіге  жазылуы  жғне  оқылуы  мімкін  ақпараттың  минималь  порциясын  сақтайды. 

Сектордың сыйымдылығы тұрақты жғне 512 байт құрайды. Дискетада 360 Кбайт 2,88 

Мбайтқа дейін апарат сақтауға болады.  

Қазіргі  таңда  келесі  қасиеттері  бар  дискеталар  кең  тараған:  диаметрі  3,5дюйм  (89 

мм), сыйымдылығы 1,44Мбайт, жол саны 80, жадыға секторлар саны 18. 

Дискета  иілгіш  магниттік  дискідегі  жинақтауышқа  (ағ.  Floppy  disk    drive) 

орналастырылады, онда автоматты тірде бекітіледі,  содан соң жинақтауыш  механизмі 

360  мин. 

–1

  айналу  жиілігіне  дейін  айналдырылады.  Жинақтауышта  дискетаның  ӛзі 



айналдырылады,  магниттік  бастиектер  қозғалыссыз  қалады.  Дискета  оған  қатынас 

тұрған кезде ғана айналады. 

Жинақтауыш 

процессормен 

иілгіш 

дискілер 



контроллері 

арқылы 


байланыстырылады. 

Оперативтік жады. 

Оперативтік    жады  (ОЕСҚ,  ағыл.  RAM,  RANDOM  ACCESS  Memory-  кездейсоқ 

қатынасты  жады)  -  бұл  орындалатын  программалар  мен  осы  программалар  арқылы 

ӛңделетін  мәліметтерді  жазуға,  оқуға,  сақтауға  арналған,  процессормен  тығыз 

байланысты, тез есте сақтайтын, шағын кӛлемді құрылғы. 

Оперативтік жады программалар мен мәліметтерді уақытша сақтау үшін қолданылады. 

Машина cӛндірілгенде ОЕСҚ-да орналасқанның барлығы жойылып кетеді. Оперативтік 

жады элементтеріне қатынас тура-бұл жадыдағы әр байттың дербес адресі бар дегенді 

білдіреді. 



ОЕСҚ-ның 

кӛлемі 


негізінен 

32-512 


МБайт, 

ал 


қазіргі 

программалық 

жабдықтамалардың  тиімді  жұмыс  жасауына  кӛлемі  256  МБайттан  кем  емес  ОЕСҚ 

қажет.  Негізінде  ОЕСҚ  DRAM  жадысының  (Dynamic  RAM-  динамикалық  ОЕСҚ) 

интегралды  микросхемасынан  орындалады.  DRAM  микросхемасы  басқа  жады 

түрлеріне қарағанда жай жұмыс істейді, бірақ арзан. 

Әрбір  ақпараттың  бит  DRAM-да  жартылай  ӛткізгіш  кристалл  құрылымында 

қалыптасқан,  шағын  конденсатордың  электрлік  заряды  түрінде  сақталады.    Токтың 

шығынынан  мұндай  конденсаторлар  тез  разрядталады  және  оларды  арнайы 

құрылғылар  периодты  түрде  (әр  2  миллисекунт)  зарядтайды.  Бұл  процесті  жадыны 

регенерациялау деп атайды (Refresh Memory). 

Қазіргі  микросхемалар  сиымдылықтары  1-16  МБит  және  одан  үлкен.  Олар  корпусқа 

орнатылады және жады модульдеріне жинақталады.  

Кең тараған модуль типтері DIMM және SIMM. 

SIMM модулінде жады элементтері ұзындығы шамамен 10 см болатын кішкентай баспа 

платасында жинақталады. Мұндай модульдердің сиымдылықтары әр түрлі-256Кбайт, 1, 

2, 4, 8, 16, 32, және 64 Мбайт. Әр түрлі SIMM модульдері бірнеше микросхемалармен-

9, 3 немесе 1 және әр түрлі контакт сандарымен-30 немесе 72 ерекшеленеді. 

Жады модулінің негізгі сипаттамасы- мәліметтерге қатынас құру уақыты, әдетте ол 60-

80 наносекунд құрайды.  

Қазіргі кезде SIMM-дар қолданылмайды. Олардың орнына  DIMM, ал DIMM  орнына 

DDR  мен  RIMM  келді,  бірақ  DIMM  мен  салыстырғанда  олардың  бағалары  едәуір 

қымбат және сәйкесінше алмастыру жылдамдығы жоғары. 

КЭШ- жады. 

Кэш  (ағыл.cache)  немесе  аса  оперативті  жады-  ӛте  тез  кіші  кӛлемдегі  есте  сақтау 

құрылғысы.  Микропроцессор  мен  оперативті  жады  арасында  процессордың 

ақпараттарды  ӛңдеу  жылдамдығындағы  айырмашылықтарды  компенсациялау  үшін 

мәліметтер алмасуда қолданылады. 

Кэш  жадыны  арнайы  құрылғы  -  контроллер  басқарады.  Ол  орындалып  жатқан 

прогрмманы  талдап,  процессорге  жуық  уақытта  қандай  мәліметтер  мен  командалар 

қажет  екенін  саралап,  оларды  кеш  жадыға  кӛшіреді.  Дәл  келген  жағдайда,  яғни  кэш 

жадыға қажетті мәліметтер түссе, оларды жадыдан алу кедергісіз жүреді. Егер қажетті 

ақпарат  кэш  жадыда  жоқ  болса,  онда  процессор  оларды  оперативті  жадыдан  тікелей 

оқиды. Дәл келгендер мен келмегендер санының қатынасы кэш тиімділігін анықтайды.  

Кэш  жады  SRAM  статикалық  жады  микросхемаларында  жүзеге  асырылады.  Олар 

DRAM-ға қарағанда тез әрекетті, қымбат, сиымдылығы аз. 

Қазіргі  микропроцессорлер  ӛлшемі  8-16  КБайт  бірінші  деңгейдегі  кэш  деп  аталатын 

кэш  жадыларынан  тұрады.  Сонымен  қатар,  компьютердің  жүйелік  платасында 

сиымдылықтары  64  КБайттан  256  Кбайтқа  дейінгі  және  одан  да  жоғары  екінші 

деңгейдегі кэш орналасуы мүмкін. 

АРНАЙЫ  ЖАДЫ. 

Арнайы  жады  құрылысына  тұрақты  жады  (ROM),  қайта  программаланатын  тұрақты 

жады  (FLACH  MEMORY),  батарейкамен  қоректендірілетін  CMOS  RAM  жадысы, 

видиожады т.б. жады түрлері жатады. 

Тұрақты  жады  (    ТЕСҚ  ағыл.  ROM,  READ  Only  Memory-тек  оқуға  арналған  жады)  -

энергияға тәуелсіз жады, ешқашан ӛзгертуді қажет етпейтін мәлеметтерді сақтау үшін 

қолданылады. 

Жады мазмұны тұрақты сақтау үшін, оны дайындау кезінде арнайы әдіспен құрылғыда 

«тігіледі». ТЕСҚ-дан тек оқуға болады. 

Қайта  программаланатын  тұрақты  жады  (Flash  Memory)  -  энергияға  тәуелсіз  жады, 

ӛзінің мазмұнын дискеттен бірнеше рет қайта жазуға әкеледі. 



Ең  алдымен  т.ж-ға  процессордың  ӛзінің  жұмысын  басқару  программасы  жазылады. 

ТЕСҚ-да 


дисплейді, 

клавиатураны, 

принтерді, 

сыртқы 


жадыны 

басқару 


программалары,  компьютерді  іске  қосу  және  айыру  программалары,  құрылғыларды 

тестілеу программалары бар. 

Тұрақты немесе Flash жадының басты микросхемасы - BIOS модулі. 

BIOS  (Basic  input/Output  system  енугізу-шығарудың  базалық  жүйесі)-компьютердің 

қоректендіргішін іске қосқаннан кейінгі құрылғыларды автоматты тестілеуге; 

Операциялық жүйені оперативті жадыға жүктеуге арналған программалар жиынтығы.       

BIOS  қызметі  екі  жақты:  бір  жағынан  бұл  аппаратураның  (Hardware)  бӛлінбейтін 

элементі, екінші жағынан кез келген операциялық жүйенің басты модулі (Software). 

ТЕСҚ-ның бір түрі - CMOS RAM. 

CMOS RAM - бұл тез әрекететкіштігі тӛмен және батарейкадан минималды энергияны 

қажет  ететін  жады.  Компьютер  құралдарының  құрамы  мен  конфигурациясы  туралы 

мәліметтерді есте сақтау үшін қолданылады. 

CMOS  мазмұны BIOS-та орналасқан арнайы SETUP прогаммасымен ӛзгертіледі. 

Графикалық мәліметтерді сақтау үшін видеожады қолданылады. 

Видеожады (VRAM) - ОЕСҚ-ның бір түрі, мұнда кодталған кескіндер сақталады.  Бұл 

ЕСҚ  былайша  ұйымдастырылған:  оның  мазмұны  бірден  2  құрылғыға  қатынас  жасай 

алады-процессорге және дисплейге. 

Сондықтан  экрандағы  кескін  жадыдағы  видеомәліметтердің  жаңартылуымен 

бірмезгілде ӛзгереді. 

 

19,20 дәріс 

 

 

Қосымша оқуға арналған материалдар 

Арифметика-логикалық қҧрылғы       

Арифметика-логикалық  құрылғы  (АЛУ)  –  символдық  және  сандық  ақпараттармен 

барлық  арифметикалық  және  логикалық  амалдарды  орындауға  арналған  (кейбір  ДК 

модельдерінде  амалдарды  орындауды  үдету  үшін  АЛҚ-ға  қосымша  математикалық  

сопроцессор қосылады);  

Сумматор – есептеуіш схема, оның кірісіне келетін екілік кодтарды қосу  процедурасын 

орындайды, сумматр екі машиналық сӛз разрядтылыққа ие. 

Регистрлер  әр  түрлі  ұзындықтағы  шапшаң  қызметті  жады  ұяшықтары:  регистр  1-дің 

разрядтылығы екі сӛз, ал  регистр2 разрядтылығы бір сӛз. 

Амалдарды  орындағанда  регистр1-ге,  амалда  қатысатын  бірінші  сан,  ал  амалды 

аяқтағанда  –  нәтиже  орналасады.  Регистр2-ге  амалда  қатысатын  екінші  сан  (амал 

аяқталғанда онда ақпарат ӛзгермейді). 

Регистр1  ақпаратты  деректердің  кодтық  шинасынан  ала  алады  және  сол  шиналармен 

ақпаратты бере алады. 

Басқару  схемасы  басқару  құрылғысынан  басқару  сигналдарын  нұсқаулардың  кодтық 

шинасы арқылы қабылдайды және АЛҚ-ң  сумматорын және регистрлерінің жұмысын 

басқару үшін оларды сигналдарға түрлендіреді. 

АЛҚ  тұрақты  үтірлі  екілік  ақпаратпен,  яғни  бүтін  екілік  сандармен  арифметикалық 

амалдар орындайды. 

Жылжымалы  үтірлі  екілік  және  кодталған-екілік  ондық  сандармен  амалдар 

математикалық  сопроцессорды  қатыстыру  немесе  арнайы  құрылған  программалар 

арқылы орындалады. 



Микропроцессорлік жады. 

МПЖ – шағын кӛлемді жады, бірақ ерекше шапшаң қызметті. (МПЖ-ға қатынас құру 

уақыты,  яғни  осы  жадыдан  ақпаратты  іздеуге,  жазуға  және  оқуға  қажетті  уақыт 

наносекундтармен  ӛлшенеді).  Ол  машина  жұмысының  алдағы  тактілерінде 

есептеулерге тікелей қатысатын ақпаратты қысқа мерзімді жазуға, сақтауға және беруге 

арналған. 

МПЖ  машинаның  жоғары  шапшаңдығын  қамтамассыздандыру  үшін  қолданылады, 

себебі  шапшаң  қызметті  МП-ң  тиімді  жұмысы  үшін      қажетті    ақпаратты  іздеу,  оқу 

және жазу жылдамдығын, негізгі жады әрқашан қамтамассыздандыра алмайды. 

МПЖ машиналық сӛзден кем емес разрядты шапшаң қызметті регистрлерден тұрады. 

МПЖ регистірлері арнайы және жалпы қолдану регистрлері болып бӛлінеді: 

Арнайы  регистрлер  әртүрлі  адрестерді  (мысалға,  нұсқау  адрестерін),  амалдарды 

орындау  нәтижесінің  белгілерін  және  ДК  жұмысының  режимдерін  сақтау  үшін 

қолданылады. 

Жалпы  қолдану  регистрлері  әмбебап  болып  табылады  және  кез  келген  ақпаратты 

сақтау үшін қолданыла алады, дегенменде олардың кейбірі  бір қатар процедураларды 

орындағанда міндетті түрде қарастырылуы тиіс. 



Микропроцессордың интерфейстік жҥйесі 

Микропроцессордың  интерфейстік  жүйесі  –  ДК-ң  басқа  құрылғыларымен  байланыс 

және жалғауды ұйымдастырады; жүйелік шинасы және енгізу-шығару портарын (ПВВ)  

басқару схемасы және буферлік есте сақтау регистрлері бар,  микропроцессордің ішкі 

интерфейсінен тұрады. Интерфейс (interface)  – компьютердің құрылғыларының тиімді 

қарым  қатынасын  қамтамасыздандыратын,  байланыс  және  жалғау  құралдарының 

жиынтығы.  Енгізу-шығару  порты  (I/O  -  Input/Output  port)  –  микропроцессорге  ДК-ң 

басқа құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін, жалғау аппаратурасы.  

Тактілік  импульстер  генераторы.  Ол  электрлік  импульстердің  тізбегін 

генерациялайды;  генерацияланатын  импульстердің  жиелігі  машинаның  тактілік 

жиелігін анықтайды. 

Кӛрші  импульстердің  арасындағы  уақыт  аралығы  машина  жұмысының  бір  тактісінің 

уақытын анықтайды немесе жай машина жұмысының такті. 

Тактілік  импульстер  генераторының  жиелігі  дербес  компьютердің  негізгі 

мінездемелерінің  бірі  болып  табылады  және  кӛбіне  оның  жұмысының  жылдамдығын 

анықтайды, себебі машинада әр бір амал белгілі бір тактілер санында орындалады. 

 

Ішкі машиналық жүйелік интерфейс. 

Ішкі  машиналық  жүйелік  интерфейс  –  электр  сызықтарының  байланысының(сымдар), 

компьютер  компоненттерімен  қабысу  схемаларының,  сигналдардың  пайда  болу  және 

берілу  алгоритмдерінің  бірігуі  ЭЕМ-нің  блоктары  мен  түйіндерінің  қабысу  және 

байланыс жүйесі. 

  Ішкі машиналық интерфейсті ұйымдастырудың екі варианты бар: 



1.  Кӛп  байланыстық  интерфейс.  ДК-дің  әрбір  блогы  басқа  блоктармен  ӛзінің 

жергілікті сымдары арқылы байланысқан. Интерфейс жай ғана тұрмыста қолданылады. 



2.  Бір  байланыстық  интерфейс.  ДК-дің  барлық  блоктары  бір-бірімен  жалпы  немесе 

жүйелік шиналар арқылы байланысқан.  

  Қазіргі ДК-рдің кӛбінде жүйелік интерфейс ретінде жүйелік шина алынады. Жүйелік 

шинаның  құрылымы  мен  құрамы  ерте  зерттелген.  Жүйелік  шинаның  басты 

функционалдық сипаттамасы оның қызмет ететін құрылғылардың санымен және оның 

ӛткізу  қабілеттілігі,  яғни  мәліметті  берудің  максимал  мүмкін  жылдамдығы  болып 

табылады. Шинаның ӛткізу қабілеттілігі оның разрядтылығымен шина жұмыс істейтін 

тактылық жүйелілігіне тәуелді. 



  Әр  түрлі  ДК-рлерде  жүйелік  шина  ретінде  мыналар  қолданылады  және  қолданылуы 

мүмкін: 


Ұлғайту шинасы – кӛптеген әр түрлі құрылғыларды қосуға мүмкіндік беретін шиналар. 

  Жергілікті  шина  –  белгілі  бір  кластың  аз  ғана  құрылғыларының  қызмет  етуіне 

бағытталған. 

Ұлғайту шиналары. 

Multibus1 шинасының екі модификациясы бар: 

 PC/XT  bus(Personal  Computer  Extended  Texnology)  –  кең  ауқымды  технологиялы  ДК 

және PC/AT bus (PC Advachnology – жетілдірілген технологиялы ДК). 

    PC/XT  bus  шинасы  –  4,77  МГц  тактылық  жиілікке  арналған  20-разрядты  адрес 

шинасы  және  8-разрядты  берілгендер  шинасы;  адаптерлік  үзілістерге  арналған  үш 

сызығы және желіге тікелей кіре алатын үш канал  (DMA каналдары  - Direkt Memory 

Access).  Адрес  шинасы  1  Мбайт  ӛлшемді  микропроцессордың  адрестік  кеңестігін 

шектейді. МП 8086,8088 –бенен қолданылады. 

PC/AT bus шинасы – 24-разрядты адрес шинасы және 16-разрядты берілгендер шинасы. 

Жұмысының тактикалық  жиілігі  8 МГц-ке дейін, бірақ тактикалық жиілігі  16 МГц-ке 

дейінгі  МП-де  де  қолданылады.  Себебі  шина  контроллері  жиілікті  тең  бӛле  алады; 

адаптерлік  үзілістерге  арналған  7  сызығы  және  DMA  4  каналы  бар.  МП  80286-мен 

қолданылады. 

ISA шинасы (Industry Standard Architecture – тұрмыстық стандарт архитектурасы) – 16-

разрядты берілгендер шинасы және 24-разрядты адрес шинасы. Жұмыстық тактикалық 

жиілігі  16  МГц,  бірақ  тактылық  жиілігі  50  МГц-пен  МП-де  де  қолданылады  (бӛліну 

коэффициенті  үлкейтілген).  7-ден  11-ге  дейін  DMA  жадысына  тікелей  ену  каналдары 

және  7-ден  11-ге  дейін  аппараттық  үзіліс  сызықтарының  саны  PC/XT  және  PC/AT 

шиналарымен  салыстырғанда  үлкейтілген.  24-разрядты  адрес  шинасы  кӛмегімен 

адрестік  кеңестік  1-ден  16  Мбайтқа  дейін  үлкейтіледі.  Берілгендер  шинасының 

теориялық  ӛткізу  қабілеттілігі  16  Мбайт/с,  бірақ  ол  қолдану  ерекшеліктеріне 

байланысты  шынайы  кезде  ол  тӛмен  3-5  Мбайт/с  шамасында  32-разрядты  жоғары 

жылдамдықты МП-дің пайда болуымен ISA шинасы ДК қызметінің жылдам үлкеюіне 

маңызды кедергі болды. 

EISA  шинасы  (Extended  ISA)  –  1989  жылы  пайда  болған  32-разрядты  берілгендер 

шинасы және 32-разрядты адрес шинасы. 

      Шинаның адрестік кеңестігі 4 Гбайт, ӛткізу қабілеттілігі 33 Мбайт/с, МП-КЭШ-ОП 

каналымен айырбас жылдамдығы жады микросхемасының ӛлшемдерімен анықталады. 

Оның  кеңейту    саны  үлкейтілген  (теориялық  15-құрылғыға  дейін  қосылуы  мүмкін,  ал 

практикалық 10-ға дейін). Үзіліс жүйесі жақсартылған. EISA шинасы DMA басқаруын 

және  жүйенің  кескінделуін  автоматты  түрде  қамтамасыздандырады.  ISA  шинасы 

толықтай  үйлесімді  (EISA-ны  қосуға  разъемдар  бар),  шина  есептеу  жүйесінің  кӛп 

процессорлық  архитектурасын  қолдайды.  EISA  шинасы  қымбат,  сондықтан 

жылдамдықты  ДК-рде,  қызмет  кӛрсету  желілерінде  және  жұмыс  станцияларында 

қолданылады.  

    MCA  шинасы  (Micro  Channel  Architecture)  –  1987  жылы  IBM  фирмасында  PC/2 

машиналарына  арналып  жасалған  32-разрядты  шина.  Ӛткізу  қабілеттілігі  76  Мбайт/с, 

жұмыс жиілігі 10-20 МГц. Ӛзінің кейбір сипаттамаларына байланысты. EISA шинасына 

жақын,  бірақ    ISA,  EISA-лармен  үйлеспейді.  ЭЕМ  P  С/2  кең  ауқымды 

тарамағандықтары  біріншіден  онда  кӛптеген  қолданбалы  программалардың  жоқтығы. 

MCA шинасы да кең ауқымды қолданылмайды. 



Жергілікті шиналар. 

   Қазіргі кезде есептеу жүйелері былай сипатталады: 



-

 

микропроцессорлердің биікке ұмтылуының тез іс-әрекетімен (мыс. Pentium МП 



64-разрядты  берілгендер  шинасына  берілгендерді  528  Мбайт/с  жылдамдықпен 

бере  алады)  және  тағы  да  бірнеше  сыртқы  құрылғылармен  (сандық  толық 

экранды  видеоның  жоғарғы  сапалықпен  бейнелеуі  үшін  ӛткізу  қабілеттілігі  22 

Мбайт/с болуы керек); 

-

 

Кӛптеген 



интерфейстік 

операциялардың 

орындалуын 

талап 


ететін 

программалардың  пайда  болуымен(мысалы,  Windows-тағы  графиктерді  ӛңдеу 

программалары, Multimedia ортасындағы жұмыс). 

   Бұндай  жағдайларда  ұлғайту  шиналарының  ӛткізу  қабілеттіліктері,  бір  уақытта 

бірнеше  құрылғыны  қамтамасыз  ететін,  қолданушылардың  жұмысына  қолайлы 

болмады не компьютерлер ұзақ  «ойлайтын » болды. МП – дің тактылық жиелігінде 

жұмыс  істейтін  (  бірақ  жиелігінің  ішкі  жұмысында  емес)  МП  шинасына  тікелей 

қосылатын  және  МП-ге  байланысты  сыртқы  кейбір  жылдамдықтарын  мына 

байланыс  құрылғыларымен:  негізгі  және  сыртқы  жады,  видео    жүйелермен  және 

басқалармен  қамтамасыздандыратын  интерфейзті  шығарушылар  жергілікті 

шиналарды шығару жолымен жүрді. 

    Қазіргі таңда әмбебап жергілікті шиналардың 2 негізгі стандарты бар. Олар: VLB   

және PCI .    

   VLB  шинасы(    Vesa  Local  Bus-Vesa  жергілікті  шинасы  )-  1992  жылы  видео 

құрылғылар    стандарттарының  Ассоциациясы  жасап  шығарған,  сондықтан  оны 

кӛбіне Vesa шина деп атайды. ( Vesa –Video Electronics Standards Association). VLB 

шинасы МП-дің кең ауқымды ішкі шинасы болып табылады. Бұл видеоадаптермен 

және  шинаның  64-разрядты  варианты  винчестермен  байланысқа  қолданылады. 

VLB-ның  берілгендерінің  шынайы  берілу  жылдамдығы  80  Мбайт/с  (теориялық 

жетістікті -132 МБайт/с ).  

Шинаның кемшіліктері: 

-

 



МП  80386,80486 мен жұмыс жасауға есептелген, Pentium, Pentium Pro, Power PC  

процессорларына адаптерлерленбеген. 

-

 

МП-дің  тактілік  жиелігінен  қатты  тәуелділігі  (әрбір  шина  VLB  тек  нақты 



жиілікке есептелген).   

-

 



Қосылатын құрылғылардың азғана бӛлігі  – VLB шинасына тек 4 қана құрылғы 

қосыла алады. 

-

 

Қосылған  құрылғылардың  арасында  келіспеушілік  пайда  болуы  мүмкін,  себебі 



шинаның арбитражы болмайды. 

-

 



PCI шинасы ( Peripheral Component Interconnect – сыртқы құрылғыларды қосу ) – 

1993 жылы Intel фирмасында жасалып шығарылған. 

-

 

PCI    шинасы  VLB  шинасына  қарағанда  әлдеқайда  әмбебапты  болып  келеді. 



80486,  Pentium, Pentium Pro, Рower pc және басқа да МП-лердің кез келгенінің 

жұмысына  келтіретін  ӛзінің  адаптері  бар.  Ол  автокескіндік  мүмкіндігі  бар 

әртүрлі  кескінді  10  құрылғыны  қосуға  мүмкіндік  береді.  Берілгендерді  тарата  

басқаратын тәсілінің ӛзіндік ―арбитражы‖ бар. РСІ шинасы қазір әліде қымбат.  

-

 

РСІ  разрядтылығы  аз  –  ұлғаю  мүмкіндігі  64  битке  дейінгі  32  бит,  теориялық 



ӛткізу қабілеттілігі 132 Мбайт/с (шынайысы 2 есе кіші). 

 РСІ  шинасы  жергілікті  болғанымен  ұлғаю  шинасының  кӛптеген  функцияларын 

орындайды,  соның  ішінде  МСА,  ЕІSA,  ISA  ұлғаю  шиналарының  (ол  осылармен 

үйлеседі).  РСІ  шинасы  бар  шинамен  тек  МП-ге  қосылады  (себебі  мұнда  VLB 

шинасын қолданғанда орын болады), ал РСІ шинасының ӛзіне (ұлғайту интерфейсі 

арқылы). 

  РСІ 

және 


VLB 

шиналарының 

кескіндерінің 

жүйесінің 

варианттары 

сәйкестендіріліп 4,3 және4,4 суреттерде кӛрсетілген. РСІ және VLB  шиналарының 



ДК-рде қолданылуы тек VLB немесе РСІ – аналық платасының сәйкестендірілуімен 

мүмкін.  ISA/  ЕІSA-  ларды  қолданатын  мультишиналық  құрылымды  аналық 

платалар  шығарыла  бастады.  VLB  және  РСІ  шиналары  VІР  шиналы  аналық 

платалар деп аталады. (бастапқа әріптерінен VLB, ISA және РСІ). 

   Бірақ  қазіргі  таңда  VLB  шиналы  платалар  шығарылмайды,  сондықтан  ISA 

шиналары  да  жойылады.  Жоғары  қабілеттілігі  бар  видеоадаптерлерге  арналған 

жаңадан AGP сияқты шиналар пайда болды немесе оларды ЗД үдеткіштері дейді. 

29,30 -дәріс 

ДК негізгі сыртқы қҧрылғылары.  

Клавиатура  компьютерге  ақпаратты  енгізу  және  басқару  сигналдарын  беру  үшін 

қолданылады. Ол алфавитті-цифрлық пернелердің стандартты жиынтығын және кейбір 

қосымша  пернелерді  –  функционалды  және  басқару,  курсорды  басқару  пернелерін, 

сонымен қатар кіші цифрлық клавиатураны қамтиды. 



Курсор  –  клавиатурадан  келесі  енгізілетін  таңба  позициясын  кӛрсететін,  монитор 

экранындағы жарық символ. 

Клавиатурадан  терілетін  барлық  символдар,  курсор  позициясында  монитордан  бірден 

кӛрсетіледі. 

Қазір  кӛбіне  тарағаны  101-пернелік  клавиатура,  пернелік  орналасуы  QWERTY    деп 

аталады. 

Мұндай клавиатура 12 функционалдық пернеден тұрады. Функционалдық пернені басу 

компьютерге бір символды емес, толық символдар жиынтығын береді. 

Функционалдық пернелер қолданушымен программалануы мүмкін. Мысалға, кӛптеген 

программаларда  кӛмек  алу  үшін  F1  пернесі,  ал  программадан  шығуға  F10  пернесі 

жүзеге асырылған. 

Басқару  пернелері келесі қызметтерге ие:  

Enter — енгізу пернесі;  

Esc  (Escape  —  шығу)  қандай  да  бір  іс-әрекеттерді  алып  тастауға,  менюден, 

программадан және соған ұқсас нәрселерден шығуға арналған перне;  

Ctrl және Alt — бұл пернелердің ӛзіндік мағынасы жоқ, бірақ басқа пернелермен қатар 

басқанда олардың іс әрекетін ӛзгертеді;  

Shift  (регистр)  —  пернелердің  регистрін  ӛзгертуді  қамтамасыз  етеді  (жоғарғыны 

тӛменгіге және керісінше);  

Insert (орнату) — орнату және ауыстыру режимін қосады;  

Delete (жою) — курсордың оң жағындағы (соңындағы)  символды жояды;  

Back Space немесе 

— курсордың сол  жағындағы (алдындағы) символды жояды;  

Home  және  End  —  курсордың  сәйкесінше  жолдың  бастапқы  және  соңғы  позициясына 

орын ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Page Up және Page Down — сәйкесінше текст ішінде бір бет жоғары және тӛмен орын 

ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Tab  —  табуляция  пернесі,  курсордың  оңға  қарай  бірден  бірнеше  позицияға  орын 

ауыстыруын қамтамасыздандырады;  

Caps  Lock  –  жоғарғы  регистрді  бекітеді,  кіші  әріптердің  орнына  үлкен  әріптерді 

енгізуді қамтамасыз етеді;  

Print  Screen  —  осы  сәтте  экранда  кӛрініп  тұрған  ақпаратты  алмастыру  буферіне 

кӛшіреді.  

Space – бос орындарды енгізуге арналған. 



және 



пернелері курсорды жоғары, тӛмен, солға және оңға бір позицияға 

немесе жолға орын ауыстыруға қызмет етеді. 



Кіші цифрлік клавиатура екі режимде қолданылады – сандарды енгізу және курсорды 

басқару. бұл режимдерді айырып қосу Num Lock пернелерімен жүзеге асырылады. 

Клавиатураның  енгізілген  микроконтроллері  (жергілікті  басқару  құрылғысы)  бар,  ол 

келесі қызметтерді атқарады:  

-  енгізілген  сингналдыоқып  және  перненің  екілік  скан-кодын  қалыптастыра  отырып, 

тізбектей пернелерді қарастырады; 

- клавиатураның жарықтық индикаторын басқарады

-  клавиатураның  енгізу-шығару  порты  арқылы  орталық  процессормен  қарым 

қатынасты жүзеге асырады; 

- бұзылыстардың ішкі диагностикасын жүргізеді. 

Клавиатураның  енгізілген  буфері  –  кіші  ӛлшемді  аралық  жадысы  бар,  онда  енгізілген 

символдар  орнатылады.  буфер  толып  кеткен  жағдайда  пернені  басу  дыбыстық 

сигналмен ілеседі – бұл символдың енгізілмегендігін білдіреді. 

Клавиатураның  жұмысын  BIOS-қа  «тігілген»  арнайы  программалар,  сонымен  қатар 



клавиатураның драйвері қамтамасыз етеді, ол орыс әріптерін енгізуге, клавиатураның 

жұмыс жылдамдығын басқаруға мүмкіндік туғызады және т. б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет