1. Адам және Ғалам.
2. Зат әлемі
3.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі
Мазмұны
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену.
Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы. Адам, и
ндивид, индивидуалдылық, тұлға. Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағ
ынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20жылдарында, ең алдымен, неміс же-
рінде пайда болған. Көрнекті өкілдерінің бірі – М.Хайдеггер (1889 -1976 неміс философы.
1927 ж. «Болмыс пен уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының
себебі мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бір
ақ сол кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға
емес, болмысқа аударады.
Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы
ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М.Хайдеггерге болмыс туралы ілім
қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады.М.Хайдеггер үшін философия болмыс туралы
ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар
тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен
тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М.Хайдеггер Батыс философиясының
классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз -
философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, Хайдеггер
-ше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы фи-
лософияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану
бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді
соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал
жалпы болмыстың үйі -тіл.
Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым-
қатынасынан тұрады. Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-
жылдарының басында Франция жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекш
елігі - оның өкілдері шетінен жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді.
Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (19131960) жатқызуға
болады. Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның рома
ндары «Еркіндікке қарай жолдар», «Қабырға», «Бөлме», «Герострат сияқты бірнеше новел
лалары әлемге әйгілі. Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі адам және он
ың еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзист
енциализм ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бой
ынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Б
із, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас
адамды тірі жан ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын б
ірдеңені, айталық, пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз кү
ні бұрын мақсат қоямыз. Пышақ сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам зат емес. Оны күні
бұрын жоспарлап, дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам
деген ол өзінөзі жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені ө
зіне-өзі ерікті.
«Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондайақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе
қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам -
болашақ, болашақтың жобасы болып шығады.
Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде
заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз
жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз»,
«Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін
айқындайды.
А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге
болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде
абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф
туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең
тіршілігі, барлық өмірі абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық.
Екінші кезең
- абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен,
терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже бе
ріп, жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көр
сете бастады.
Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең
күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің
мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын,
тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну,
аңсау сарыны бар.
Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы-қасыретін,
адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап
өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философ
ия деуге әбден болады.
Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Адамның
табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін
және ерекшелігін анықтайды. Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың
жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген
сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез
процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын
негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның
тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды
адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды.
Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/
мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және
биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің
классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды. Бірыңғай әлемдік
қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда
адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын адам мен
адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз етіп алады. Адам
туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады.
Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер
мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия
мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы
алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды. Адамдардың
антропологиялық жалпы белгілері бойынша топтасқан бірлестігі – нәсіл деп аталады.
Нәсіл – шығу тегіне және әртүрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне байланысты
бірлескен – адамдар тобы.
Ру – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында туыстық
байланыстармен топтасқан адамдар бірлестігігінің түрі. Рудың экономикалық негізі жерге
деген қоғамдық меншіктік қатынас.
Алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды қауымдастың түрі – тайпа болды. Ол –
белгілі бір территорияда тұратын, ортақ тілі, діні, әдет – ғұрпы бар рулар мен рулық
қауымдастықтың одағы. Тайпаның ыдырауына мүліктің оқшаулану мен ақсүйектердің
жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы себеп болды. Рулық қатынастардың товарлық
қатынастармен алмасуына байланысты тайпалар халықтарға біріге бастады.
Әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Менталитет – қазақша, «діл» деген
ұғыммен барабар. Менталитет дегеніміз – ұлттың «қоршаған әлемді белгілі бір кейіппен,
қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну және іс - әрекеттер жасау мақсатында қордаланған табиғи
– тарихи дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі» деп жазды С.Е.Нұрмұратов.
А.Айталиев философия және саяси ойлар тарихында этнос болмысын белгілі бір
бастаулармен байланыстыру орын алғандығын атап көрсетеді. Оған биологиялық,
географиялық, діни, экологиялық, мәдени, тіл, таптық тағы басқалар жатады. Осы
сипаттағы барлық теориялардың жинақтап, сұрыптап, саяси - әлеуметтік және табиғи –
биологиялық тұжырымдамалар деп екіге бөле отырып, ғалым Л.И.Гумилевтің
пассионарлық теориясын ерекше атап өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |