Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет26/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

 
1.8. Топырақ ауасы 
 
Топырақ қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның 
құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың  
ылғалдығына, 
тығыздығына, 
өңделу 
жағдайларына, 
механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге, тағы 
басқа жағдайларға байланысты. 
Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері 
топырақ көлемінің 30-40 пайызына тең. Мұның біраз бөлігі 
топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал 
ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында 
болады. 
Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа 
мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан 
ығыстырып 
жібереді. 
Мысалы 
күріш 
егістерінің 
топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда 
ауа мөлшері мүлдем жоқ. Керісінше, ылғалы аз, жиі 
қопсытылып, жиі өңделетін топырақтарда ауа мол болады.
Топырақ 

көптеген 
өсімдіктер 
мен 
микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс 
алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға 


46 
ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, 
атмосферадағы ауаға қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ 
ауасындағы 
көмір 
қышқылының 
мөлшері 
0,15-1,65% 
шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері не бары - 0,03% 
ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан 
анағұрлым аз. 
Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен 
микроорганизмдерге көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның 
молдығына, аздығына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі 
микроорганизмдер тіршілік етеді. Өсімдіктер тамырының 
тереңдеп немесе көлденең өсуіне топырақтағы ауа режимінің 
дұрыс болуының пайдасы зор. 
Сонымен, топырақтың ауа режимі де - топырақ 
құнарлылығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
1.9. Топырақтың тірі бөлігі
Топырақ - тірі дене. Топырақтың құрамында жоғарыда 
айтылғандай тек өлі минералды заттар емес, әр кезде азды -
көпті тірі организмдер: түрлі микроорганизмдер мен қарапайым 
майда жәндіктер болады. Бұлар топырақтың тірі бөлігін 
құрайды. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына да, 
оттегінің бары-жоғына да, ортаның қышқылдығы мен 
сілтілігіне де қарамайды, барлық жағдайға бейім келеді. Тек 
оларға қажетті ылғал мен қорек зат болса болғаны, сондықтан 
олар табиғаттың барлық бұрышында да кездеседі. Олар 
топырақтың бір бөлігі болып саналады. Топырақтың тірі 
бөлігіне өсімдіктердің тірі тамырлары да жатады, өйткені 
өсімдіктің тамырынсыз топырақ пайда болмайды.
Топырақта микроорганизмдер және төменгі сатылы 
өсімдіктер: 
негізінен 
бактериялар, 
кейбір 
балдырлар, 
саңырауқұлақтар мен қыналар көп кездеседі. Бұлардың ішінде 
топырақта ең көп тарағаны - бактериялар. 
Топырақта микроорганизмдердің түрлері мен санының 
әр түрлі болуы ондағы табиғи жағдайлардың, яғни топырақтың 
түрліше болуына байланысты. 
Құнарлы қара топырақтың бір грамында бактерия саны 
5 млрд, құнары аздау күлгін топырақта оның саны 1 млрд екен. 
Көрнекті 
микробиолог 
ғалымы 
Н.А.Красильниковтың 
есептеуіне 
қарағанда 
топырақтың 
құнарлы 
қабатында 


47 
гектарына 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар болады екен 
(Красильников Н.А., 1954). 
Балдырлардың да топырақта негізінен екі түрі жасыл 
және диатамды түрі тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ 
түзушілер қатарына жатады. Топырақта көп тарағандардың бірі 

саңырауқұлақтар. Олар негізінен орманды, ылғалды 
аймақтардың топырақтарында өседі. 
Саңырауқұлақтардың көп тараған түрі - актиномицеттер 
(немесе сәулелі саңырауқұлақтар). Қыналар - топырақта көп 
кездесетін, 
алғашқы 
топырақ 
түзуші 
төменгі 
сатылы 
өсімдіктердің бірі. 
Микроорганизмдердің 
көбісі 
топырақтың 
жоғары 
құнарлы 
қабатында, 
әсіресе, 
өсімдік 
тамырларының 
айналасында, қала берсе өсімдік тамырларының ішінде 
(түйіршек бактериялар) кездеседі. 
Топырақ құрамында бұл микроорганизмдер мен төменгі 
сатылы өсімдіктерден басқа, төменгі сатылы қарапайым 
жәндіктер: амебалар, тамыраяқтылар, инфузориялар және тағы 
басқалар кездеседі. Бұлардың саны 1 г топырақта 1-1,5 
миллионға шейін жетеді. 
Жоғарыда айтылған микроорганизмдер мен төменгі 
сатылы организмдер топырақта жай ғана өмір сүрмейді. Олар 
өседі, өнеді, өледі, сөйтіп топыраққа күрделі өзгерістер 
енгізеді. 
Микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың 
органикалық 
қалдықтарын 
шірітіп, 
ыдыратып 
жай 
қосылыстарға: суға, көмір қышқылы газына, аммиакқа және 
басқа заттарға айналдырады. 
Егер де жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана 
болса, көп органикалық заттар ыдырамай, жинала бер ер еді де, 
табиғаттағы заттардың айналымына едәуір кедергі келтірер еді, 
тіршілік «санитарларынсызң өмір де болмас еді.
Микроорганизмдер 
органикалық 
қалдықтарды 
тек 
ыдыратып қана қоймайды, олар бұдан жоғарыда айтылған 
гумус сияқты күрделі зат құрайды. Сонымен топырақта өмір 
сүретін микроорганизмдері мен төменгі сатылы қарапайым 
жәндіктер оның қасиеттеріне әсерін тигізетін, тіпті өзі түзуші 
фактордың бірі бола тұрып, оның құрамының бір бөлігі болып 
саналады. Міне, сондықтан да топырақ тірі денеге жақын деп 
танылып, биологиялық ғылымдардың бір саласы ретінде 
қарастырылады. 


48 
Бұл айтылған микроорганизмдер мен төменгі сатылы 
организмдерден басқа топырақты мекендейтін әр түрлі 
омыртқасыз және омыртқалы жәндіктер мен жануарлар көп -ақ. 
Олардың топыраққа тигізетін әсері де аз емес. Дегенмен, олар 
тікелей топырақ құрамына енбейді. Олардың ішінде топырақ 
қасиеттері мен құнарына өте мол әсер ететін жәндік - жауын 
құрты. Ол топырақпен және топырақ араласқан органикалық 
заттармен қоректенеді де, оны денесінен әр түрлі түйір шіктер 
ретінде шығарып, өзіне тән капролитті құрылым түзеді. 
Топырақты денесімен ары-бері тесіп өтетіндіктен, оның 
топырақтың ауа - ылғал режиміне де әсері көп. 
Қазақстанда 
жауын 
құрттары 
суармалы 
егіс 
алқаптарында, терістік қара топырақты аймақта, таулы 
алқаптарда, әсіресе Шығыс Қазақстандағы Алтай таулы 
аймағында көп кездеседі. Алтай аймағында жауын құртының ірі 
түрлері тіршілік етеді. Әрине, олардың топыраққа тигізетін 
әсері де өте мол. Бұл жағдай Қазақстандық топырақ зерттеуші 
география ғылымының докторы А.А.Соколовтың еңбектерінде 
баяндалған (Соколов А.А., 1956). 
Тірі организмдердің топырақ қара шіріндісін түзудегі 
рөлі ерекше. Топырақтың органикалық заттарының ішінде неше 
түрлі 
шіріген 
немесе 
толық 
шірімеген 
жануарлардың 
қалдықтары көп. Жалпы топырақтағы органикалық заттардың 
көзі ретінде топырақтың бетіне түсіп, топырақ қабаттарында 
жиналып, топырақтың түзілу процесіне қатысатын - биоценоз 
қалдықтары. Биоценоздың мөлшері, құрылымы мен динамикасы 
табиғи зоналардың бәрінде бірдей емес. Негізі органикалы қ 
қалдықтар өсімдіктерден қалады. Бұл биологиялық қалдықтар 
омыртқасыз жануарлар мен микроорганизмдер қалдықтарымен 
салыстырғанда бірнеше ондаған немесе жүздеген есе артық, ал 
омыртқалы жануарлармен салыстырғанда мың есе артық. 
Сондықтан өсімдіктердің жер бетіне түскен қалдықтары және 
олардың тамырлары, ыдыраған өсімдіктердің бөліктері - 
органикалық заттарды құрайтын негізгі материалдар. Тундра 
зонасында түскен өсімдік қалдықтарының мөлшері 150 -
25000r/м2, соның ішінде тамырлардың қалдықтары топырақтың 
бетіндегі қалдықтардан 3-4 есе көп. Микроорганизмдердің 
биологиялық массаларының мөлшері 10-15 r/м
2
, топырақтағы 
омыртқасыз жануарлардікі - 1-3 r/м
2
, ал жер бетіндегі 
омыртқалы жануарлардікі - 0,01 r/м
2



49 
Орманды-тайгалық 
зонада 
өсімдіктердің 
топырақ 
бетіндегі қалдықтары 25-40 мың км
2
және тамырлардың 
мөлшері одан 3-5 есе аз болады. Орманды топырақтарда 
микроорганизмдердің тірі бөлшектерінің салмағы 30 r/м
2
, ал 
олардың ішінде саңырауқұлақтар басым келеді. Омыртқасыз 
жануарлардың биологиялық салмақтары күлгін топы рақтарда 2-
3 r/м
2
, ал шымды-күлгін топырақтарда 7-12 r/м
2
, орманды сұр 
топырақтарда 90 r/м
2

Орманды зоналарға қарағанда, далалы зонада түскен 
шөпті өсімдіктердің биологиялық салмақтары едәуір аз 1200 -
2500 r/м
2
және тамырлардың қалдықтарының салмағы жер 
бетіне түскен бөліктерге қарағанда 3-6 есе көп. Далалы 
топырақтардың микрофлорасы өте бай, түрлері де сан алуан. 
Бұл топырақтарда саңырауқұлақтар азайып, бактериялар мен 
актиномицеттер көбейеді. Омыртқасыз жануарлардың саны 
азайып, 12-16 r/м
2
-қа дейін төмендейді, бірақ осылардың ішінде 
жауын құрттары басым келеді. 
Шөл зонасында өсімдіктер қалдықтары өте аз, 
тамырлардың салмағы көбейіп, арақатынасы 1:8 -1:9 болады. 
Топырақтың биологиялық белсенділігі де төмендейді, бірақ та 
ылғал түсетін аз мезгіл ішінде жоғары болуы мүмкін. 
Гумустың түзілуі осы түскен қалдықтардың химиялық 
құрамына 
байланысты. 
Гумус 
қышқылдарын 
түзуге 
қалдықтардың ыдырауынан босаған барлық жеке химиялық 
бөлшектер қатысады. Әр түрлі зонада түскен органикалық 
қалдықтардың салмағы әр түрлі болғандықтан, топыраққа 
түскен белоктардың, көмірсутектерінің, липидтердің және 
басқа да органикалық құрамдардың бір-бірінен айырмашылығы 
бар. 
Органикалық 
қалдықтардың 
ыдырау 
процестерін, 
гумустың түзілу жолдарын зерттеу үш бағытта жүреді: бірінші 
бағыт, 
гумустың 
негізгі 
көзі 
өсімдіктер 
қалдықтары 
болғандықтан, солардың топырақтағы химиялық өзгеру жағына 
көңіл 
бөлінді 
(И.В.Тюрин, 
1937; 
С.Ваксман, 
1937; 
М.М.Кононова, 
1951, 
1964; 
Л.Н.Александрова, 
1980; 
А.Д.Фокин, 1981). Екінші бағыт, топырақ бетіне түскен 
қалдықтар, орман төсеніштерінің ыдырау морфологиясы мен 
жылдамдығы зерттелді (Н.П.Ремезов, 1958; А.Ф.Соколов, 1959 
т.б.). Ал үшіншіде - өсімдіктер қалдықтарын ыдыратуға 
қатысушы 
микроорганизмдерге 
назар 
аударылды 


50 
(П.А.Костычев, 1886; В.Я.Частукин и др. 1948, 1964; 
Т.Г.Мирчинк, 1976; Н.М.Чернова, 1977 т.б.).
Органикалық заттардың ыдырауы - өте күрделі 
құрылымдар мен молекулалардың жартылай жай молекулаларға 
ауысуы, оның ішінде толық ыдырап кеткен заттарға (СО
2
, NH
3

H
2
О т.б.) . Органикалық компоненттердің ыдырауы өте күрделі 
әрі өте ұзаққа созылатын құбылыс, өйткені бұл механикалық 
немесе физикалық бөліну, биологиялық немесе биохимиялық, 
химиялық қосылыстардан тұрады. 
Органикалық заттарды ыдыратуда топырақтағы әр түрлі 
организмдер үлкен рөл атқарады. Барлық топырақтар да 
органикалық заттарды ыдыратуда міндетті түрде бактериялар 
қатысады, өйткені олар заттарды ыдыратуға өте қабілетті. Олар 
өздері шығаратын ферменттермен қоректену үшін белоктарды, 
көмірсутектерді, 
органикалық 
қышқылдарды, 
спирттерді 
пайдаланады. 
Бактериялар 
сияқты 
актиномицеттер 
де 
органикалық заттарды ыдыратуға белсенді қатысады. Олар 
көмірдің қорек көзі ретінде лигнин сияқты әр түрлі 
органикалық қосылыстарды, шірінді заттарды пайдаланады.
Топырақта ұзақ уақыт болып, өздеріне қолайлы жағдай туғыза 
отырып, әсіресе каратопырақта белсенді түрде органикалық 
заттарды шірітуде үлкен рөл атқарады. 
Саңырауқұлақтарда ферменттердің сан-алуан түрлері 
кездеседі, олар органикалық заттардың өзгеруіне жан -жақты 
қатысады, бірақ та бактериялармен салыстырғанда әрекеттесу 
жылдамдығы аз. Ал ароматикалық заттарды шірітуде олар 
белсендірек. Табиғатта лигнин мен таниннің ыдырауы осы 
организмдерге 
байланысты. 
Гумустың 
түзілуі 
де 
саңырауқұлақтардың 
көмегінсіз 
өтпейді. 
Топырақта 
целлюлозаны, триходерма, фузариум, кейбір аспцилиумдерді 
ыдырататын да осылар. 
Органикалық 
заттардың 
құралуына 
балдырлар 

автотрофтар 
қатысады. 
Балдырлар 
түзген 
органикалық 
заттардың салмағы, топырақтың жоғарғы қабатында түзілген 
барлық 
органикалық 
заттардың 
0,05-0,2%-ын 
құрайды. 
Балдырлар көбіне топырақтың беткі қабатында тараған, 10-20 
см-ден төменде олардың саны жоқтың қасы. Амеба, 
инфузориялар, нематодтар, балдырлар үшін таптырмас жем. 
Балдырлар шығаратын әр түрлі заттар саңырауқұлақтар мен 
бактерияларға қорек. 


51 
Топырақтағы органикалық заттардың 
іріп-шіруіне 
негізінен күрделі функциялар атқаратын - омыртқасыз 
жануарлар. Олар өсімдік қалдықтарын физикалық немесе 
механикалық түрде бөлшектеп, майдалап, оларды әрі қарай 
саңырауқұлақтар мен бактериялардың ыдыратуына дайындап 
береді. Омыртқасыз жануарлар ыдырай бастаған өсімдік 
қалдықтарын топырақтың төменгі қабатына апарып, онда 
ауаның алмасуына, құрамын жақсартуға, органо-минералдық 
құрылымдардың түзілуіне жағдай туғызады. Олардың тіршілік 
әрекетінен органикалық заттардың ыдырауы үдемелі жүреді.
Омыртқалы жануарлардың да топырақтағы биологиялық 
заттардың айналымында (2% болса да) біраз рөлі бар. Бұл 
жануарлар 
түрлері 
топырақтың 
физикалық 
қасиеттерін 
қалыптасуға және де топырақты араластыруға қатысады.
Барлық 
жағдайларда 
да 
органикалық 
заттардың 
ыдырауы 
ферменттердің 
белсенді 
қатысуымен 
өтеді. 
Ферменттер - белок молекулаларының ішінде ең ірі және 
ерекше 
органикалық 
құрылым. 
Олардың 
молекулалық 
салмақтары - 10 мыңнан бірнеше миллионға дейін. Бұлар 
топырақта өтетін барлық биохимиялық реакциялардың  үдеткіші 

катализаторлары. Ферменттер зат алмасуды реттейді. 
Сондықтан барлық тіршіліктік процестерінде оның маңызы 
ерекше. Олар топырақта өсімдік бойынан, жануарлар мен ұсақ 
организмдердің денелерінен тарайды. Ферменттер катализатор 
ретінде органикалық заттардың ыдырауы мен синтезделуін, 
химиялық 
реакцияларының 
жүруін 
күшейтеді. 
Барлық 
ферменттер бір құрамды және екі құрамды болып екі топқа 
бөлінеді. Топырақтағы ферменттердің белсенділігі мен қоректік 
элементтердің шоғырлануының арасында тығыз байланыс бар. 
Олардың белсенділігі сұр топырақтан қара топыраққа 
жылжығанда артады. Гумустың түзілуі де ферменттердің 
түрлеріне, белсенділіктеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет