Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет31/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Микроэлементтер. Кейбір химиялық элементтердің 
мөлшері топырақта өте аз ((n10
-3
) болғандықтан, оларды: бор, 
молибден, мыс, жез, марганец, кобальт, мырыш, иод, фторды 
(B, Mn, Mo, Cu, Zn, Co, І, F) т.б. жеке топқа жатқызады. 
Микроэлементтер өсімдіктерге қоректік элемент ретінде 
тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтермен бірге сіңіріледі 
және тірі организмдердің ферменттік құрамына кіреді де 
топырақта биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. 
Өсімдіктер өнімі мен оның сапасының және топырақта ғы 
микроэлементтер мөлшерлерінің арасында тікелей байланыс 
бар. Топырақта микроэлементтердің жетіспеуінен өсімдіктердің 
өнімі де, сапасы да төмендеп, тіпті ауруға шалдығады. 
Микроэлементтер жетіспесе немесе артық мөлшерде болса, 
онда ондай топырақты биохимиялық зарарлы эпидемия 
провинциялары деп атайды. Бұл табиғи факторлармен қатар, 
техногендік 
ластану, 
тыңайтқыштарды 
артық 
қолдану 
салдарынан болуы мүмкін. Топырақтағы микроэлементтердің 
мөлшері олардың топырақ түзуші аналық жынысындағы 
бастапқы мөлшерлеріне байланысты. Гумус белсенді түрде 
жиналатын процестерде микроэлементтер топырақтың беткі 
қабатында мол болады, ал шайылу процесі басым болған 
топырақтарда едәуір аз болады. 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Топырақ деген не? Басқа табиғи денелроден 
айырмашылығы қандай?
2. Топырақтың табиғаттағы орны және маңызы.


58 
3. Топырақтың экологиялық функциялары.
4. Топырақтану ғылымының даму кезеңдері.
5. Топырақтану ғылымының басқа ғылымдармен 
байланысы. 
6. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
7. Топырақ түзілу процесі.
8. Тау жыныстарының угілулерінің түрлері. 
9. Топырақ түзуші факторлар. 
10. Топырақтың түзілуіне климаттың әсері.
11. Негізгі топырақ түзуші тау жыныстары.
12. Топырақ түзуде өсімдіктер мен жануарлардың ролі.
13. Адамның іс-ірекетінің топырақ түзу процесіне әсері.
14. Топырақтың фазалық құрамдары.
15. Топырақтың бастапқы материалдық негіздері, олардың 
құрамдары. 
16. Топырақтағы алғашқы минералдар.
17. Топырақтағы екінші (балшықты) минералдар . 
18. Тау жыныстарының минералдық құрамдарының 
топырақ түзуге әсері. 
19. Топырақтағы органикалық заттардың көздері.
20. Топырақтағы органикалық заттардың топтары.
21. Топырақ қарашіріндісі деген не, оның маңызы.
22. Гумин қышқылдарының қасиеттері, оның ролі.
23. Фульвоқышқылдарының қасиеттері, оның ролі
24. Органикалық заттардың топырақ құнарлылығына әсері.
25. Топырақтың гумус жағдайларының көрсеткіштері.
26. Топырақтардағы ылғалдың түрлері.
27. Топырақтағы судың маңызы. 
28. Топырақ ауасының құрамы.
29. Топырақтың ауа режимін қалай жақсартуға болады.
30. Топырақтағы тірі организмдердің түрлері.
31. Топырақ құнарлылығын қалыптастырудағы 
микроорганизмдердің қызметі. 
32. Топырақ түзу процесіне қатысатын жануарлардың 
түрлері. 
33. Топырақтың механикалық құрамы деген не.
34. Топырақтағы механикалық бөлшектердің мөлшерлері.
35. Топырақты механикалық бөлшектері бойынша жүйелеу.
36. Әртүрлі топырақтардың механикалық құрамдары.
37. Топырақтың механикалық құрамының топырақ 
қасиеттеріне әсері. 


59 
38. Топырақтың химиялық құрамының тау жыныстарының 
химиялық құрамынан айырмашылығы. 
39. Топырақтағы макроэлементтер, олардың мөлшерлері.
40. Топырақтағы микроэлементтер, олардың мөлшерлері.
41. Топырақтағы биогенді элементтер, олардың маңызы . 
42. Антропогендік факторлардың топырақ құрамына 
тигізген әсері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет