Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет32/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

 
 
2 -тарау ТОПЫРАҚТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
2.1. Топырақтың морфологиясы 
Топырақтың 
пайда 
болу 
процесінде 
өзіне 
тән 
құрылымның бірі - топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың 
морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер 
арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау 
жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды 
жалпы 
топырақтың 
құрылымымен 
шатастырмау 
керек. 
Морфологиялық құрылым - топырақтың сыртқы пішіні. 
Топырақ әр түрлі морфологиялық көріністерден құрылған 
табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір -бірінен сыртқы 
пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық 
қабаттарынан көруге болады. 
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін 
далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл 
әдісті алғаш рет В.В.Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл 
топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, бір 
бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, 
топырақтың 
бірнеше 
қабаттарға 
бөлінгені 
байқалады. 
Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. 
Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі 
туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әр түрлі топырақ 
типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады. 
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына 
топырақтың түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы, 
әр түрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСІ-мен әрекеті 
т.б. жатады. 
Топырақ профилі. Топырақтың қазылғандағы тік 
қабаттары 
топырақтың 
профилі 
(пішіні) 
деп 
аталады. 


60 
В.В.Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш 
қабатқа бөлді. А - қара шірікті қабат. В - өтпелі қабат, С - 
топырақ түзуші аналық тау жынысы қабаты. Олар тағы да 
өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты әрқайсысы 
бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А
1
А
2
, В
1
В
2
Na
2
HPO
4
, С
1
С
2
Na
2
HPO
4
т.б. деп белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет