75
Топырақтың көп қасиеттеріне өзінің шешуші әсерін
тигізетіндердің
бірі - топырақтың физико-химиялық немесе
алмасу сіңіруі. Сондықтан бұл процесті зерттеуге академик
К.К.Гедройц баса назар аударған болатын. Оның зерттеуі
бойынша алмасу реакцияларына қатысы бар қосылыстарды
топырақтың
сіңіру комплексі деп атайды. Топырақтың сіңіру
комплексіндегі катиондар әр уақытта өзіне тең мөлшердегі
басқа катиондарға алмаса алады.
Топырақтың сіңіру мүмкіндігі әр түрлі топырақтарда
түрліше.
Топырақ
неғұрлым
қара
шірікке
бай
және
механикалық құрамы ауырлау (балшықты) болса, соғұрлым
оның сіңіру қасиеті де мол болады. Ал топырақта неғұрлым
қарашірік аз, құрамы жеңілдеу (құм, құмдақ) болса, соғұрлым
сіңіру мүмкіндігі шамалы болады.
Топырақтың сіңіру қасиетінің
оның құнарлығына әсері
өте зор. Топырақ әр түрлі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу
арқылы (әсіресе өсімдік тіршілігіне керекті заттарды ұстап қалу
арқылы) құнарлығын арттыра түседі. Осы сіңірілген заттардың
ішінде өсімдіктерге қажетті негізгі макроэлементтер: азот,
фосфор, калий, кальцийлермен қатар, аз да болса көптеген
микроэлементтер кездеседі. Сондықтан да
топырақтарда әр
түрлі өсімдіктер өсіп, нәр алады. Топырақта сіңірілген
заттардың құрамына, әсіресе топырақтың алмасу реакциясына
мүмкіндігі бар, сіңірілген катиондарға байланысты топырақтың
физикалық қасиеттері де әр түрлі болады. Әдетте, құрамында
кальций катионы бар топырақтардың
физикалық қасиеттері
жақсы, ал құрамында натрий катионы мол топырақтардың
физикалық қасиеттері өте нашар, сортаң топырақ болып келеді.
Ал топырақ құрамында СО
3-
, Сl
-
SO
4-
иондары мол
болса, ондай топырақтар өсімдіктер үшін улы, онда ештеңе
өспейді. Олар сорланған, сор, тұзы мол топырақтарға жатады.
Бұл топырақтарды егістікке пайдалану үшін оның тұзын
шайып, мелиорациялау керек.
Достарыңызбен бөлісу: