87
бетіне жер астындағы құнарсыз
тау жыныстары шығып
көптеген жерлер құнарсызданады. Оған қоса көптеген зауыт -
фабрикалар мен жылу электростанциялардан шығатын күл -
қоқыстармен ластанып, құнарларынан айырылатын жерлер
баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына
келтіруді қайта культивациялау (рекультивация земель) деп
атайды. Мұндай жағдайларда,
шын мәнінде, топырақтар адам
қолынан
жасалған
антропогенді
топырақтар
түзіледі.
Топырақтанудың бұл саласы әлемде соңғы жылдары қолға
алына бастады.
Сонымен топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны
арттыру
жолдары
жалпы
ауылшаруашылық
ғылымдар
жетістіктеріне
агрономия,
агрохимия
сонымен
қатар
топырақтану ғылымының салаларына (топырақ мелиорациясы,
топырақ эрозиясы және одан қорғау,
топырақты қайта
құнарландыру) тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен
маңызы арта түспек. Табиғат қорларының барлық салаларын,
оның ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді пайдалану
сияқты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғатты
және оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында
қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның
экологиялық
жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап
тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мәселе -
осы заңдарды бұлжытпай орындау.
Достарыңызбен бөлісу: