Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет48/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Жер кадастры 
Жер кадастрының шаралары
Жерді бағалау шаралары: 
Мемлекеттік жерді есептеу кітабы. 
Кадастрлық карта. 
Жерді пайдалануға рұқсат құқық актісі 
Кадастрлық кітап. 
Жерді пайдаланудың жоспары. 
Топырақ бонитировкасы. 
Топырақ жамылғысының бонитировкасы. 
Топырақтың агроөндірістік тобы. 
Жерді экономикалық бағалау 
Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану 
шаралары. 
Жер қоры (фонд) оның халық шаруашылығында
пайдалануы бойынша 5 топқа бөлінеді: 
1. Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер. 
2. Халық тұратын жерлер. 
3. Өндірістік, транспорттық, курорттық, қорықтық т.б. 
ауылшаруашылығы 
мақсатында 
қолданылмайтын 
жерлер. 
4. Мемлекеттік орман қоры. 
5. Мемлекеттік қор. 
Көрсетілген 
жер 
қорының 
категориялары 
жерді 
пайдаланушыларға бөлініп, мемлекеттік актілермен бекітілген.


90 
Топырақты агроөндірістік топтастыру - топырақтың 
агрономиялық 
жағдайына 
және 
ауылшаруашылығында 
пайдалану өзгешеліктеріне қарай ірі аймақтық топтарға 
біріктіру 
болып 
табылады. 
Агроөндірістік 
топтастыру 
картограмма 
күйінде 
ауылшаруашылығына 
беріледі. 
Топырақтың агроөндірістік топтастыруы ауыл шаруашылығы 
дақылдарының өніп-өсетін ортасы ретінде сипатталатын табиғи 
қасиеттеріне негізделген. Осы қасиеттерден топырақ түзілуінің 
гидротермикалық және геоморфологиялық жағдайлары, гумус 
қабатының қалыңдығы, механикалық құрамы, қоректік тәртібі
су-ауа режимі, физикалық қасиеттері ескеріледі. Сондай-ақ 
агроөндірістік топтастыру батпақтануға, кебірленуге, сорлану 
мен эрозияға қарсы қажеттілігін көрсетіп, топырақты тиімді 
пайдалану мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Бонитировка және агроөндірістік топтастыру жерді 
экономикалық бағалаудың негізгі әдісі болып табылады. Жерді 
экономикалық бағалау дегеніміз - жер қорларын өзара 
салыстыру 
арқылы 
тиімділігін 
анықтау. 
Экономикалық 
бағалаудың әдістемелік негізі табиғи және жасанды топырақ 
құнарлылығының 
бірлігі. 
Экономикалық 
бағалау 
тек 
топырақтың құнарлылығын анықтап қана қоймай, ауыл 
шаруашылығы өндірісінің басты құралы ретінде белгілі 
территорияның өнім алудағы шығыс мөлшерін анықтайтын 
құрлықтағы өзгешеліктерін жер бедері, топырақ жамылғысы, 
өнім өткізетін орынның алыстығы, экологиялық жағдайлары
т.б. есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен 
(ақшалай) жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған 
өнімнің жалпы бағасы (табыс), түсім алуға шығарған 
шығынның жалпы көлемі және таза табыс жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет