Топырақ зонасы - зоналық топырақ типінің және соған
қатарласа кездесетін зонааралық топырақтар ареалдары.
Топырақ провинциясы - топырақ зонасының кейбір
топырақ және оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты
(ылғалдану, құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) -
зонаның бір бөлігі.
Топырақ округі - топырақ провинциясының жер бедері
мен
топырақ
түзуші
жынысқа
байланысты
топырақ
жамылғысының біркелкі құрылымда кездесетін топырақ
провинциясының бір бөлігі.
Топырақ ауданы - топырақ округінің жергілікті
жағдайларға, тіпті кейде әкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін
ең кіші бөлігі.
Сонымен бұрынғы Одақ көлемінде келтірілген топырақ -
географиялық аудандастыру өлшемдері бойынша 5 топырақ-
биоклиматтық белдеу, 13 топырақ-биоклиматтық облыстар, 26
топырақ
зоналары
мен
зонашалары,
108
топырақ
провинциялары бөлінген.
Әлемдік топырақтарды географиялық аудандастырудың
соңғы әрекетін М.А.Глазовская (1981) жасады. Бұл автордың
көзқарасы бойынша жоғарыда келтірілген ең ірі аудандастыру
өлшемі - топырақ-биоклиматтық белдеудің орнына топырақ
секторлары, одан кейін топырақ облыстары қабылданған.
109
Біз бұл оқулықта жалпы әлемдік масштабта
қабылданған В.В.Докучаевтың идеяларына сүйенген та биғатта
топырақтардың түзілу және таралуының негізгі заңдылықтарын
баяндаумен ғана шектелдік
110
( 11 сурет орны) 11-сурет. Болжамды континенттің көлде нең зоналығының жалпы сызба - нұсқасы (М.А.Глазовская,1981) Зоналар: Арш - арктикалық шөл, Т - тундра топырағы, Ш - шымды субарктикалық топырақ, От - орманды-тоңды топырақ, Кт - күлгінді топырақты, ОСТ - орманның сұр топырағы, ҚТ - құба топырақ, Ктт - прерийдің қара топырақ түстес топырағы, К - қара топырақты, ҚҚ - қара қоңыр топырақты, Шдқ - шөл даланың құба топырақтары, ҚТ - қоңыр топырақты, СҚ - сұр қоңыр топырақты, С - сұр топырақ, ПҚҚт - прерийдің қызғылт қара топырағы, ҚС - қызыл және сары топырақтар, Шт - шөл топырақтары, Ққ - шөлденген саванналардың қызғылт құба топырақтары, ҚҚ-Ққ - құрғақ саванналардың қызыл құба және құрғақ бұташалардың қоңыр
111
қызыл топырақтары, Қт - саванналардың қызыл топырақтары, Т - қызыл және сары темірлі топырақтар.