130
Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген соршөптер
(галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері
аса көбейіп кетсе жалаңаш
сорға айналады. Сорланған топырақтар көлемі (сортаң
топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектардай, яғни ТМД
елдерінің 5,4%-ы.
Ескеретін жай, сорланған топырақтар, оның
ішінде әсіресе сортаң топырақтар жеке түзілмей, көбінде
зоналы топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.
Жалпы
сорланған
топырақтарды
көп
зоналарда
кездесетін зонааралық
топырақ дегенімізбен, ол негізінен
жауын-шашын аз түсетін, ауа райы жылы,
булануы мол
аймақтарда кездеседі. Олардың
пайда болу жолдары әрқалай:
1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза суларының
жер бетіне жақын болып,
олар буланған кезде топырақ
қабаттарында және оның бетінде су құрамындағы тұздардың
шоғырлануынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ
астындағы ыза сулардың жер бетіне
жақындығы мен олардың
тұздану деңгейі едәуір рөл атқарады.
Төмендегі
кестеде
бұрынғы
КСРО
елдерінде
қабылданған сулардың тұздану деңгейі жүйелері келтірілген
(М.А.Глазовская бойынша, 1981).
4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: