Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет73/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

 
Сортаң топырақтар деп топырақтың коллоидты сіңіру 
кешені негізінен натрий катионына қаныққан топырақтарды 
айтады. Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі реакция 
береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ 
жағдайда қатып-семіп, бағаналы құрылым түзеді. Сондықтан 
олардың физикалық қасиеттері өте ыңғайсыз, осы себептен 
олар құнарсыз. Топырақтардың сіңіру кешендерімен көп жыл 
бойы 
шұғылданған 
орыс 
ғалымы 
К.К.Гедройцтың 
тұжырымдауы бойынша қазіргі осы сортаң топырақты жерлерде 
бір кездері сор топырақтар болғандығын, кейінірек табиғи 
жағдайлардың өзгеруімен бұл аймақтарда ылғал көбейіп, 
топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, 
топырақ астына кеткендігін айтады. Сонымен қатар ол осы 
тұздардың шайылу процесінде суға ерігіш тұздар құрамындағы 
натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне мол сіңіп, 


132 
қаныққандығынан топырақтардың жоғарғы қабаттарында
суға тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға шайылып 
кеткендігін, топырақтың беткі қарашірінді қабатынан кейін 
зиянды сортаң екінші қабаттың түзілетінін дәлелдейді.
А - сортаң қабаттың үстіңгі гумусты-шайынды қабат, 
қалыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос, 
түсі ашық сұр. 
В
1
- жиынтықты-сортаң қабат, түсі қоңыр құба, күңгірт 
қоңыр, қатты бағаналы құрылымды, қазғанда ірі кесекті 
бағаналы бөліктерге бөлінеді, құрғақ кезінде өте қатты, 
ылғалданғанда тез ісініп құрылымсыз жағдайға ұшырайды. 
Міне осы сортаң қабаттан төменірек жоғарыдан шайылған 
тұздар кездеседі. 


133 
5 кесте 


134 
6 кесте 


135 
Кейбір сортаң топырақтарда шайылу процесі көптен 
басталған жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек 
қабаттарына жиналады. 
Сортаң топырақтардың негізгі белгісі - натрий катионына 
қаныққан қатты сортаң қабаттың болуы. Табиғи жағдайларда 
сортаңдарды осы қабаттың тереңдігіне қарай бөледі: жоғарғы 
сортаңданған, терең сортаңданған немесе орта қабатында 
сортаңданған. Ал әрі қарай бөліп, жүйелеу олардың 
құрамындағы сіңірілген 
натрий катионының мөлшеріне 
байланысты. Егер жалпы топырақ сіңіру кешенінің 25 -30%-дан 
астамы натрий үлесіне тисе, онда оны сортаң топырақтар 
қатарына жатқызады. Сонымен натрий үлесіне сіңірілген 
катиондардың 40-60% тисе, ол топырақтар қатты сортаң 
топырақтар қатарына, ал оның үлесі сіңірілген катиондардың 
15-20%-ын құраған жағдайда жай сортаңданған топырақтар 
қатарына жатады. 
Сортаңданған топырақ зонааралық топырақ қатарында 
болып, барлық топырақ зоналарында кездесе бермейді. Олар 
орманды-далалы зонасынан бастап, далалы, құрғақ-далалы, 
жартылай шөлді зоналарда орын алған. Сортаң топырақтардың 
біршама бөлігі шөлді жағдайда да кездеседі. Дегенмен бұл 
зонада басымырақ кездесетіні сорланған топырақтар.
Сортаңданған топырақтардың құнарын кемітіп, оны 
ауыл шаруашылыққа игеруге кедергі келтіретін жағдай оның 
нашар физикалық және химиялық қасиеттерге ие сортаң 
қабаты, мұны жақсарту жолын да осы қабаттан бастау керек. 
Алдымен натрий катионынан құтылудың амалын іздестіру 
керек. Дәлірек айтсақ, сіңірілген натрийді басқа катионмен 
ауыстыру. Бұл сортаңданған топырақты гипстеу арқылы жүзеге 
асырылады. Реакция төмендегідей жолмен жүреді.
(Топырақтың сіңіру кешені) Na
+
+ Ca SO4 Топырақтың сіңіру 
кешен 
Ca
++
+ Na
2
SO
4

Cортаң 
түрлері 
әрқалай 
болғандықтан, 
олардың 
мелиорациялау жолдары да әр алуан болады. Бұл жайында 
Қазақстандағы сортаң жерлерді жақсарту мәселелері деген 
бөлімде айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет