136
мен шалғынды-дала зоналарының ойпаңды, ағынсыз жерлерінің
қайыңды-көктеректі және шалғынды шөптер өскен бөліктерін
алып жатыр. Жер беті ойпаңды ағынсыз болғандықтан, бұл
жерлер қосымша
жер бетінің ылғалдарын жинап, сол арқылы
жер асты ыза сулары аса тереңде болмай, жер бетіне
жақынырақ түзіліп 2,5-3,5 м топырақтарда гидроморфты
жағдайлар қалыптасады. Олардың көлемі не бары 1-1,5 млн
гектардай.
К.К.Гедройц
солодтардың
пайда
болуы
сортаң
топырақтардың жер бедерінің ойпаң жерлеріндегі әрі қарай
шайылып, өзгерістерге ұшырауымен байланыстырады. Ойпаң
жерлерде
ылғал молырақ жиналып, сортаң топырақтардың
ылғалды төмен өткізбеу қасиетіне байланысты топырақ бетінде
ылғал жиналып көп уақыт сақталады. Натрийге қаныққан
органикалық
коллоидтар
мен
балшықты
минералдар
коллоидтары сілтілі ортада еріп топырақтың төменгі қабатына
жылжиды.
Топырақтың жоғарғы қабатына сілтіге,
қышқылға
ерімейтін кварц жиналып, оның түсі ағарып, күлгін тартады.
Осы процесс кезінде сіңірілген натрий ионы орнына сутегі
келеді де натрий топырақтың төменгі қабаттарына жиналады.
Сонымен бұл құбылыстар жыл сайын қайталана беретіндіктен
бұрынғы сортаң қабат түгел бұзылып, оның орнына шайылған
күлгінделінген (солодты) қышқыл қабат түзіледі. Түзілген
қабатта органикалық және минералды коллоидтар өте аз
болады, ал оның есесіне
қалдықты кварц және аморфты
кремний балшығы көп. Осындай қабаты бар топырақтарды
солодталынған топырақтар дейді. Бұл топырақтарды терістік
орманды зонада түзілетін күлгінді топырақтардың құрғақтану
аймақтарда, ойпаң бөлікше жерлерде түзілетін ерекше бір
варианты деп түсінуге болады. Солодты топырақтарда оларға
тән солодты (шайылған)
қабатпен қатар, оның астында
жинақты, натрий катионына бай, сілтілі реакциясы бар сортаң
қабат кездеседі. Сонымен бірге мұнда қышқыл қабат та, сілтілі
қабат та алмасып отырады.
Бұл
жағдайлар, терістік күлгінді топырақтар зонасында
орын алмайды. Зерттеулер солодты топырақтардың пайда
болуы тек сортаң топырақтардың шайылуынан ғана емес,
сорланған, шалғынды-батпақты топырақтардың осындай жер
бедерінің ойпаңды бөлікшелерінде орналасу жерасты ыза
137
суларының
жақын
орналасқан
жағдайларында
түзілу
мүмкіндіктерін анықтады.
Жалпы орманды ағаштар астында түзілген солодты
топырақтар пішіні төмендегідей:
А
о
- орман қалдықтарының қабаты 0 -5 см;
А
1
-
қарашірінді-шайынды қабат, қалыңдығы не бары 5 -
10 см, түсі ақшыл сұр, құрылымы бос-кесекті;
А
2
- шайылған солодты ақшыл қабат, қалыңдығы 10 -15
см, қатайған, қабыршақты-жапырақты құрылымды, көкшіл-
қоңыр-темірлі-марганецті таңбалар бар,
осы қабаттан келесі
жиынтық қабатқа тілшелер жылжиды;
В
1
- жиынтықты-балшықты-темірлі
қабат, көбінде
сортаңданған, бұл қабаттың қалыңдығы 30-40 см-ден 80-100 см-
ге жетеді, түсі күңгірт құба, құрылымы ірі-орта жаңғақты,
қатайған. Одан төмен карбонатты жинақты, балшықты қабат В
2
.
Солодтардың жоғарғы қабатында қарашірінді мөлшері
3-4%, бірақ төмендеген сайын тез кемиді. Негізінен орманды
жерлер.
Кейбір
бөлікшелері
шабындыққа
жақсы
пайдаланылады. Мал жайылымдары үшін де тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: