152
Қазақстан Республикасы
Білім министрлігі - Ғылым
академиясының Еңбек Қызыл Ту орденді топырақтану
институтының көп жылдық жұмыстары төмендегіні көрсетеді.
Республикада күрделі мелиорацияны қажет етпейтін, жыртуға
жарамды 61 млн гектардай жер бар , оның 20 млн гектары -
егістіктер,
тыңайған жерлер, көпжылдық ағаштар мен меншікті
учаскелер. Осы жерлердің көбі (15 млн гектарға жуығы)
терістік, шығыс, терістік батыс қара топырақты және қара -
қоңыр топырақты, көпшілік жағдайларда табиғи ылғалмен
қамтамасыз етілген аймақтарда. Ал ылғалмен қамтамасыз
етілмеген, топырағы
жай және ашық қара-қоңыр, құрғақ және
шөлейтті зонашаларда жыртылған жер көлемі соңғы жылдарға
шейін 5,0 млн гектар шамасында еді. Қазір олар егіншіліктен
толық шығарылды. Ал қалған 4,0 млн гектар егістік жерлер
Оңтүстік Қазақстан, аздап
Шығыс Қазақстан және Батыс
Қазақстан облыстарында. Бұлар негізінен тау етегіндегі шөлді -
далалы белдеуде тараған суарылмайтын және суарылатын
егістіктер мен бау-бақшалар. Суармалы жердің біраз көлемі
шөл аймағында өзен бойлары мен сағаларында орналасқан.
Республикадағы жалпы суармалы жер көлемі кезіндегі 2,4 млн
га орнына, қазір кеміп 1 млн гектары қалған Бұл жағдайды
қалпына келтіру керек.
Ылғалмен
қамтамасыз
етілген,
күрделі
мелиорациялауды қажет етпейтін,
терістік аудандардағы
жыртуға жарамды жерлер түгелдей игерілген. Б ұл жерлердің
көбісі 1950 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру
жөніндегі үкіметтің шешімдері нәтижесінде егістік жерге
айналды. Мысалы, 1953 жылы республикамыздың бүкіл егістік
жер көлемі 10,6 млн гектар болса,
тың игеруден кейінгі
жылдары жыртылған жалпы жер көлемі 36 млн гектардан асты,
яғни 1953 жылға қарағанда, Қазақстанның егістік жері 3,4
еседей көбейіп, ол ірі астықты өлкеге айналды.
Қазақстандағы тың игеру негізінен мамандырылған
(совхоздарды) кеңшарларды ұйымдастыру арқылы жүзеге
асқаны белгілі. Егер 1950 жылы республикада не бары 22 астық
совхозы болса, тың көтерілгеннен кейін астық өндіруші
совхоздар саны Қазақстанда 620-ға жетті. Жалпы республикада
кеңестер кезінде совхоздар саны - 2060, 400-ден астам колхаз
бар еді, сондықтан Қазақстан аграрлы республика болды. Оның
басым
көпшілігі астықты совхоздар, 572-сі қой совхозы, 142-і
153
сүт, ет совхоздары, ал 50-і шошқа, өзгесі мақта, техникалық
дақылдар, бау-бақша, жүзім т.б. совхоздар еді.
Қазақстанның
кең
байтақ
жерінде
орналасқан
шаруашылықтар
-
өте
ірі,
жақсы
жабдықталып,
механикаландырылған шаруашылықтар болған. Мәселен, орта
есеппен Қазақстандағы әр совхоз 90 мың гектардай ауыл
шаруашылық
жеріне иемденсе, оның 16 мың гектарға жуығы
жыртылған егістіктер. Қостанай облысындағы Козлов
атындағы алып совхоздың жалпы жер көлемі - 400 мың
гектардай, ал егістік көлемі 100 мың гектардан астам болған.
Жалғыз совхоздың өзі бұрынғы КСРО кезінде өнімді жылдары
8 млн пұттан астам алтын дән тапсырған (15, 16 суреттер)
15 сурет орны
Достарыңызбен бөлісу: