Жамалбеков Е.Ү


-кесте  Бұрынғы КСРО-ның кейбір аудандарындағы жер суарудың



Pdf көрінісі
бет86/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

10-кесте 
Бұрынғы КСРО-ның кейбір аудандарындағы жер суарудың 
тиімділігі 
(Ф.Ф.Давитая мен С.И.Сапожникова бойынша.) 
№ 
Аудандар және олардың 
негізгі топырақтары 
Астықты дақылдардың өнімділігі, ц/га 
(негізі-бидай, оңтүстікте –күріш) 
Ауадан 
түскен 
ылғал 
бойынша 
Қолдан 
суарған 
кезде 
Суару 
арқылы 
өнімнің 
айыр-
машылығы 

Украина, қара топырақтар 
34 
50 
16 
2. 
Молдавия, қара топырақтар 
40 
51 
11 
3. 
Еділ бойы, қара топырақтар 
30 
43 
13 

Солтүстік Қазақстан, қара 
топырақтар 
15 
32 
17 
5. 
Солтүстік Қазақстан қара-
қоңыр топырақтар 
10 
37 
27 
6. 
Орталық Қазақстан, ашық 
қара қоңыр топырақтар 

45 
45 

Орталық Қазақстан, құба 
топырақтар 

52 
52 
8. 
Оңтүстік Қазақстан, сұр 
және 
тақыртүстес 
топырақтар 

67 
67 

Өзбекстан, 
сұр 
және 
тақыртүстес топырақтар 

72 
72 
10. 
Түркіменстан, 
сұр-құба 
және 
тақыртүстес 
топырақтар 

85 
85 


178 
Игеру кезеңі соңғы жылдары басталған бұл алқаптың 
екінші кезеңінде 60 мың гектар суармалы жер іске қосылады. 
Екінші кезектегі игерілген жерлердегі шаруашылықтардың 
негізгі бағыты мақта шаруашылықтары болмақ. Осы бағытта 
мамандандырылған «Ақ алтын», «Достық» атты мақта 
шаруашылықтары «ақ алтынң өнімін жап-жақсы өткізуде. 
Мұнда суармалы егіншіліктің дамуын тежеп отыраған нәрсе - 
су көздерінің жетіспеуі. 
Қазақстанның негізгі күрішті аймағы Қызылорда 
облысы екені мәлім. Зерттеулерге қарағанда, ауыспалы 
егіншілік жүйесі арқылы күріш егуге жарамды жерлер облыста 
5 млн гектардан астам, оның 2,4 млн гектары күрделі 
мелиорациялауды қажет етпейді. Дегенмен ренспубликадағы су 
тапшылығын ескере отырып, суармалы жер көлемін бұл 
аймақта 150 мың гектарға жеткізіп, оның 70-80 мың гектардан 
астамына тек күріш егілмек. 
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы таза күріш 
егісі 60 мың гектардан артық. Соңғы жылдары судың 
тапшылығына қарамастан, егістің әрбір гектарынан орта 
есеппен 30-40 центнер «күміс дән» алуда. Ал Жалағаш 
ауданының еңбеккерлері 15 мың гектарға жуық күріш егісінің 
әр гектарынан 40-50 центнер жинады. Жекелеген звенолар мен 
бригадаларда гектарына 80-100 центнер өнім жинаған 
күрішшілер саны оннан астам. Сыр суын егістікке, оңтүстік 
Қазақстан облысында мақта, күріш, ал Қызылорда облысында 
негізінен күрішке пайдалану жайын сөз еткенде, қазіргі апатқа 
ұшырап отырған Арал аймағын естен шығармауымыз керек. 
Мойындайтын жай: Сыр суын Өзбекстанда, өз республикамызда 
тиімді пайдаланбаудың нәтижесінде Арал құрғай бастады. Бұл 
дағдарысты ары қарай шиелендіре түспеу үшін Сырдың 
жоғарғы және орта бойындағы суды мол қажет ететін 
дақылдарды 
азайту 
қажет. 
Қазіргі 
кездегі 
облыстың 
Жаңақорған, Шиелі аудандарында бұрынғы күріш егісі орнына 
мақта егу осы саладағы игілікті бастама.
Жайық өзенінің бойы - суармалы егіс үшін мүмкіншілігі 
мол аймақ. Зерттеулер Батыс Қазақстан облысында суаруға 
жарамды, бірақ әр түрлі мелиорациялау жұмыстарын қажет 
ететін жер көлемі 8-10 млн гектарға жететінін анықтап отыр. 
Атырау облысында мұндай жер көлемі 2,0 млн гектарға жуық. 
Бұл жерлердің біраз бөлігін суаруға мұндағы су көздері 
жетіспейді. 
Дегенмен 
біршама 
жерлерді 
суаруға 


179 
мүмкіншіліктер 
бар. 
Ол 
жайында 
зерттеу 
жұмыстары 
жүргізілуде. 
Қазақстанның терістік және орталық аудандарының 
топырақтары өте құнарлы болғандықтан, оларды суару көбінде 
топырақты алдын ала жақсартуды қажет етпейді. Оның үстіне 
бұл аудандарда суару мөлшері аз. Терістік аудандарда негізінен 
дәнді дақылдар егіледі. Сондықтан осы дақылдарды ауадан 
ылғал аз түсетін көктемнің соңғы, жаздың басқы айларында 
бір-екі рет қосымша суарса, астықтың өнімділігі гектарына 30 -
40 
центнерге 
жетеді. 
Бұл 
жерлерді 
суару 
кейбір 
шаруашылықтарда қолданыла басталды. Ақмола облысындағы 
«Степногорң совхозының тәжірибе учаскесінде тыңайтқыш 
енгізіп, жаңбырлатқыш машинамен бір рет суарған кезде 
(гектарына 650 м3 су бергенде) «Саратовская-29» тәлімі 
бидайдың өнімі әр гектарына 40-42 центнерге жеткен. Бұл 
аймақтарда егістіктерді суару үшін мол сулы Ертіс өзенінің суы 
біршама пайдаланады. Біраз егістіктер, негізінен көкөністер 
Ертіс-Қарағанды каналы бойында өріс алған. 
Қазақстанда таяу жылдары суармалы жерлер Еділ-
Жайық өңірі мен Ертіс-Қарағанды каналының жағалауларына 
көшеді. Суармалы егіспен тек оңтүстіктегі аудандар ғана емес, 
терістік, орталық, батыс аймақтар да шұғылданады. Бірақ 
суармалы аймақтардың табиғи жағдайы бір -біріне ұқсамайды. 
Сондықтан оларды суару әр түрлі күтпеген жағдайларға 
соқтыруы 
мүмкін. 
Соншалықты 
көп 
жерді 
ешқандай 
тәжірибесіз бірден суару қауіпті. Ең алдымен табиғи жа ғдайы 
әр 
түрлі 
аудандарда 
егісті 
суландыратын 
тәжірибе 
станцияларын ашу керек. Тәжірибе танаптарында суармалы 
егіншілік жүйесін үйреніп, танысу қажет. Бұл учаскелерде 
суарудың әдісі, топырақтың сулы-тұзды жағдайын реттеу
коллекторлы-керізді жүйелерді сынау, агротехника мәселелері, 
тыңайтқыштар енгізу, дақылдардың әр түрлі сорттарын сынау 
т.б. мәселелер атқарылуға тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін 
Қазақстанның терістік облыстарында 2-3 арнайы тәжірибе 
учаскелерінің ұйымдастырғаны дұрыс. 
Қазақстанның көп жерінің климаты құрғақ, шөл дала, 
шөл, оның үстіне аймақтарда жерді суаратын табиғи су кемшін, 
яғни барлық мәселе суға келіп тіреле береді. Қазақстанның 
құрғақ шөлді аудандарында жер асты суларының мол қоры бар. 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, Социалистік еңбек 
ері У.Ахметсафиннің (1965) көп жыл жүргізген зерттеулерінің 


180 
нәтижесінде Қазақстанда жерасты теңіздері табылды. Дегенмен 
мұны егісті суаруға кең көлемде пайдалану республикамызда 
ойдағыдай жүзеге асырылмай келеді. 
Қазақстандағы суармалы жер азайып бар болғаны 1,0 
млн гектардай, жалпы егіс көлемінің 5,0%. Осы суармалы 
жерлерден алынған өнімнің құны республика бойынша алынған 
жалпы өнімнің 25% тең, яғни алты гектар тәлімі егістен 
алынатын өнімді бір гектар суармалы егістен алуға болады 
екен. Рас, суармалы жерлерді игеру арзанға түспейді. Каналдар 
қазып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға аз қаржы 
жұмсалмайды. 
Алайда мұндай шығындар ол жерлерді игергеннен кейін 
бірнеше жылдарда-ақ өтелетіні сөзсіз. Қазақстан жағдайында 
мақта егу үшін жұмсалған қаржы 3 жылда, қант қызылшасын 
егу үшін жұмсалған қаржы 4-5 жылда, күріш етуге жұмсалған 
қаржы 5-7 жылда, ал көкөніс пен мал азықтық егістерге 
жұмсалған қаржы 2-3 жылда өтеледі екен (Сарыкулов Д.С., 
1971). 
Суармалы жердің тағы бір артықшылығы: бір жылда екі 
өнім алуға мүмкіндік береді. Мәселен, тез пісетін астық 
дақылдарынан кейін немесе жазда пісетін картопты жинап 
алғаннан кейін вегетативтік уақыт Алматы облысында 70 -80 
күн, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 90-110 күнге дейін 
созылады. Бұл уақыт ішінде аңыздыққа тез пісетін тары немесе 
сүрлем жүгері сияқты дақылдарды егуге болады, былайша 
айтқандай суармалы егістіктердің экономикалық тиімділігі мол. 
Біріншіден, ешқандай өнім бермейтін, тіпті жайылымға 
жарамайтын шөлді жерлер суарылса, ол табиғаттың қолайсыз 
құбылыстарына тәуелсіз болып, тұрақты әрі мол өнім береді, 
жұмсалған 
шығын 
көп 
ұзамай 
есесімен 
қайтарылады. 
Екіншіден, суармалы егіншілік аймақтарында күн шұғыласын 
мол қажет ететін, халық шаруашылығына өте керек техникалық 
дақылдар - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау-
бақшалар, дәрілік шөптер өсіп, мол өнімдер береді.
Сондықтан мемлекетіміз бұрынғы Одақ құрамында 
жерді кең көлемде мелиорациялауды қолға алды. Қазір бұл 
бағыттағы жұмыстар өріс алуда. Жерді суарғанда жер бедеріне, 
топырақтың құрамы мен физикалық қасиеттеріне, топырақтың 
төсеніш қабаттары мен жерасты суларының құрамы мен 
тереңдігіне т.б. қарай қолданатын арнайы ережелер, шаралар 
бар. Бұл шараларды дұрыс қолданбайынша, көп қаржы жұмсап 


181 
игерген жерлердің тез арада сорланып немесе батпақтанып,
істен шығып қалуы ықтимал. Жерді мелиорациялау дегеніміз - 
жерді жақсарту деген сөз. 
Нақты мәліметтерге қарағанда, оңтүстіктегі суармалы 
егіншілік 
дамыған 
облыстардың 
40% 
астам 
жерінің 
мелиорациялық жағдайы нашар, сорлануға бейім. Топырақтың 
сорлануы мен батпақтануы ең алдымен ол жерлердің табиғи 
жағдайларына тығыз байланысты. Мәселен, кейбір жерлерді 
қалай суарса да, сорланып, батпақтанбайды, ал кейбір жерлер 
суару барысында жіберген болмашы қатеден тез істен шығады. 
Осыларды ескере отырып, енді суармалы аймақтарымыздың 
табиғи жағдайларына қысқаша тоқталып өтейік.
Белгілі 
ғалым, 
академик 
В.М.Боровский 
(1967) 
оңтүстіктегі суармалы егістікке игерген жерлерде қолдануға 
қажетті ирригациялық, шаруашылық жұмыстардың әр түрлі 
болатынына қарап, негізгі үш мелиоративтік алқапқа бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет