Жамалбеков Е.Ү


  Сортаң топырақтардың пайда болуы және



Pdf көрінісі
бет91/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

3. 
Сортаң топырақтардың пайда болуы және 
мелиорациялаудың теориялық мәселелері. Осы жоғарыда 
айтылған сортаң жерлерді игерудің практикалық -өндірістік 
бағыттарымен қатар, сортаң топырақтардың пайда болуын, оны 
мелиорациялаудың 
теориялық 
мәселелері 
де 
зерттелді. 
Қазақстан ғалымдарының көптеген теориялық мәселелерге 
арналған еңбектері белгілі.
Жалпы сортаң жерлерді игеру ісі ғылыми негізделген 
әдісті мұқият сақтықпен қолдануды қажет етеді. Ал біздің 
республикада, әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 
сортаңды игеру қайырмалы соқамен сортаң қабатын жер бетіне 
шығарып жырту деп ұғып, бұрын шабындық немесе жайылым 
болған алқаптар қазір жарамсыз қалған жағдай бар. Негізінен 
сортаң жерлерді тек малазықтық шөптер егуге пайдалану керек, 
және де сортаң жерлердің жалпылама жыртуға жарамсыз 
екенін ескеру қажет. 
5.8. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және 
топырақты 
эрозиядан қорғау 
Топырақтану ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының 
көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты
кең болғанмен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен 
қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан 
жыртылған, егістікке айналған жердің әрбір гектарын тиімді 
пайдалану - бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді 


190 
пайдалану - оның әр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу 
деген сөз. Ал мол өнім алу үшін егістік жерлерге жыл сайын 
негізгі ғылыми негізделген егіншіліктің ауыспалы жүйесін 
енгізумен қатар, егіншілікке барынша аудандастырылған дақыл 
сорттарын егіп, озат агротехниканы қолдану қажет. 
Көпжылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық 
астық 
егілетін 
солтүстік 
аудандарында 
қолданылатын 
егіншіліктің парлы-астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл 
құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын 
астық егілетін танаптарға қарағанда гектарынан 5-7 центнер 
артық өнім береді. Себебі танапты бір жылдай қара пар етіп 
өңдеп, «тынықтырсаң, арамшөптерден арылып, ылғалдың 
қажетті қоры жиналады да, микробиологиялық құбылыстардың 
нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты затта р), 
бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім 
беруіне себеп болады. 
Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ 
құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты 
тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, 
құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда 
топырақ құнары тіпті жойылып кетеді. 
Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін 
есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір 
гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы 
азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді 
жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар 
болған жердің әрбір гектары екі тоннаған дейін жалпы азотты, 
120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийді 
жоғалтады екен (Жанпейісов Р.Д., 1977). Республикамыздың 
солтүстігінде тың игеру жұмыстарын жаппай жүргізген кезде 
жыртуға жарамды жер таңдауда жіберілген қателіктерден 
көптеген құмдақ-құмды жерлер жыртылып, жел эрозиясына 
қатты ұшырағаны баршаға белгілі. Мұндай жерлер тек 
Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. Қостанай, 
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көптеген 
алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген түбегейлі 
зерттейлердің нәтижесінде, солтүстіктегі аудандарда жел 
эрозиясына ұшыраған 1,5 млн гектар егістікке жарамай, ол 
жерлерге әр түрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл 
апатымен 
күресуде 
Шортанды 
астық 
шаруашылығы 


191 
институтының академик А.И.Бараев басқарған ұжымы кезінде 
жақсы жетістіктерге жетті (Бараев А.И., 1972). 
Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозия сынан 
қорғап, ауадан түсетін ылғалдан топырақ қабатында сақтау мен 
арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізілуде. 
Топырақты кәдімгі соқамен (плугпен) қайырмалы етіп жырту 
орнына, оны арнайы соқамен қопсытып, егілген егіс сабақтары 
қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды. 
Танаптарға қар тоқтатып, жел күшін бәсеңдету үшін парды 
белдеу-белдеу етіп орналастырады, яғни пар танаптарының 
араларына биік сабақты өсімдіктерді жолақтатып егеді. 
Егіншіліктің қысқа ротациялы - парлы-астықты ауыспалы 
жүйесін қолданады, әдетте үш жыл астық егіп, төртінші жылы 
пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясына 
ұшыраған облыстарда, Сібір және Алтай өлкесінің кейбір 
аудандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты 
дақылдар тұрақты өнім бере бастады. 
Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда тың 
игерумен, 
тыңдағы 
егіншілікпен 
тығыз 
байланысты 
болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда 
қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь, 
тіпті Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін 
өздерінің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп 
қолдануда. 
Егіншіліктің 
терістік 
облыстарында 
негізінен 
қолданылып келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі 
жоқ емес. Жалпы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы 
егістік жүйесіне жатқызу күмәнді. Бұл егістік жүйесінде жерді 
органикалық тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты 
егіс жоқ. Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға да кесірін 
тигізуде. Парлы танапты да тиімді пайдалану қажет сияқты. 
Міне осы бағыттарда Қазақ ауылшаруашылығы академиясының 
академигі, Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу 
институтының 
бұрынғы 
директоры 
М.Сүлейменовтің 
жетекшілігімен жүргізілген соңғы жылдарғы зерттеулер жақсы 
нәтижелерге меңзейді. 
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарды
негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе 
топырақтағы азотты арттыратын дақыл - беде (люцерна). 
Сонымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. 
Сондықтан бұл аймақтарда беделі-күрішті, беделі-мақталы, 


192 
беделі-қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. 
Топырақтың мелиоративтік жағдайларына, шаруашылықтың 
мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыспалы егістерде 
алатын орны әр түрлі (әдетте, 30%-тен 50%-ке дейін). 1961-
1962 жылдары академик В.Р.Вильямстің шөп танапты ауыспалы 
егісіне қарсы «шабуыл» басталған аймақтарда, оның ішінде 
біздің оңтүстік облыстарымыз да беде егістері жөнсіз 
жыртылып тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы әлі 
күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы 
аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін 
ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде 
беде өзінің заңды орнын алуы қажет. 
Егер 
республикамыздың 
солтүстік 
облыстарында 
топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы 
алқаптарында су эрозиясы орын алған. 
Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен 
топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті 
төменгі қабатының жуылып-шайылып, жыралар мен сай-
салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. 
Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы 
аймақтарында орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, 
топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су 
эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан (лесс -типтес) 
құралуы септігін тигізеді. 
Су эрозиясының негізінен екі түрі болады: топырақ 
бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе 
суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың 
беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген 
жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер 
жер 
жыртылған 
кезде 
егістің 
аралығы 
өңделіп, 
культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың 
шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын 
қайталанған ретте, топырақтың құнарлы қабатының біразы 
шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы 
деп атайды. 
Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлерде әуелі жіңішке 
болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан 
екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. 
Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі-ұсақты арықтар 
бойында көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір 


193 
жерлерінде осындай арықтардың табаны бірте -бірте шайылып, 
жер бетінен тереңдеп кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз 
ағысымен айналадағы жерді суару мүмкін болмай қалды. Су 
эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды. 
Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар. 
Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су 
ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз 
жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін 
кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын қалдыру, 
топырақ құрылымын жақсарту т.б. 
Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар 
жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына 
міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық 
шаралар: 
жыраларды 
бекітетін 
инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас 
үшін арықтар мен каналдардың табаны мен ішкі қапталын су 
өткізбейтін заттармен (плита, латоктар, полиэтилен т.б.) 
қаптау. 
Осы 
шараларды 
ұқыпты 
қолданған 
жағдайда 
топырақтың су эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы 
жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі Р.Жанпейісовтің мәліметі 
бойынша, 70 млн гектардан асады, яғни республика 
территориясының 26%-ті топырақ эрозиясына, оның 52 млн 
гектардан астамы жел эрозиясына бейім болса, 18 млн га астам 
су эрозиясына ұшыраған. Олардың жартысына жуығы егістікке 
жарамды жерлер. Су эрозиясы бұл аймақтарда жер бетін 
бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар жылына 2,5 млн тоннаға 
жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді.
Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті 
апатты түрі екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел 
тасқындарын болдырмау үшін Кіші және Үлкен Алматы өзен 
бойларында салынған тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. 
Алматы төңірегіндегі аласа таулар мен Ақсай трассасы 
бойындағы, негізінен тас басқан тау етектеріндегі жерлерді 
көгалдандыру арқылы бау-бақша отырғызып, қала халқының 
демалыс аймақтарына айналдырып, қала тұрғындарын саяжай 
ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте ұтымды болады. 
Сонымен 
қатар бұл жағдай 
қала халқының қосалқы 
шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, әсіресе 
жеміспен, көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. 
Дәл осындай жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі 


194 
басқа да облыстарда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген әдіспен 
бұл жерлерді де тиімді пайдалану құптарлық мәселе.
Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, 
құнарын арттырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші 
саласы 

мал 
шаруашылығын 
өркендету 
үшін 
республикамыздың мол байлығы - миллиондаған гектар 
жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. 
Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер бар, олар 
бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан 
астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін 
дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті 
және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін 
жақсы суландырылмай келеді. 
Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын 
өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру - 
кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді 
топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі м алды 
бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және 
мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда 
болады. Мұндай «тұяқтесті» жайылымдар республикамызда 
миллиондаған гектарды алып жатыр. Мұндай жайылым 
эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен 
малды суаратын аймақтарда көп орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет