СТРАТИФИКАЦИЯНЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ,
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : Е К І Б А Й К А М И Л Л А
Әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ)
барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды
түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік
топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық –
антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың
мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады,
сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі
конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.
К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы
болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы ек
антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен
пролетариат) зерттеді.
ӘЛЕУМЕТТІК
СТРАТИФИКАЦИЯ
Қоғамның түрліше əлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе əлеуметтік стратификация деген терминмен
(география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің əлеуметтік кұйінің бірдей
еместігін, олардың əлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Бұл əлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мəселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық
қызметтердің маңыздылығы əр түрлі болатындығынан іздейді.
Əлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи жəне əлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын
теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы
дəлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)
Достарыңызбен бөлісу: |