24
25
Дәлелдемелер
Тренердің түсініктемесі
Жақсы
Мұғалім мектепте тәжірибе өту барысында оқушылардың
жұмысы, фото және видео материалдарды сенімді дәлелдер ретінде
қамтығанын көрсетеді.
Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен
логикалық байланысты.
Дәлелдемелер мұғалім мен оқушыларды оқытуының нәтижелері
туралы айтуға мүмкіндік береді.
Көбінесе, таныстырылымда мұғалімдер «Сабақ соңында оқушылар
«Менің өлкем» тақырыбында шығарма жазды» деп, дәлелдеме
ретінде оқушылардың жазып отырған фотоларын ұсынатынын
байқадым. Мұндай сүрет шынында олар шығарма жазғанын
түсіндіре ме?
Меніңше, бұл жағдайда, шығармалардың өзін, оған арналған
бағалау критерийлерін, тексергеннен кейінгі мұғалімнің түсінік-
темелерін дәлелдеме ретінде ұсыну әлдеқайда сенімді болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: