Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§8.3 Фольклор жадығаттарын жинақтаушыға басшылықтар



Pdf көрінісі
бет32/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§8.3 Фольклор жадығаттарын жинақтаушыға басшылықтар. 
Фольклор үлгілерін айтушы, орындаушы, автор туралы құжаттама: 
1. Айтушы, орындаушының аты-жөні_____________________________ 
2. Шыққан тегі____________________________________ 
3. Әлеуметтік ортасы_____________________________________ 
4. Мамандығы, жұмыс орны _____________________________________ 
5. Білімі______________________________________ 
6. Шығарманы айтушы өзі шығарды ма, әлде біреуден естіді ме?________ 
7. Біреуден үйренсе, кімнен, қайда, қашан үйренді?____________________ 
8. Бұл шығарма алғаш рет қағазға түсіп отыр ма, әлде бұрын жазылған ба? 
______________________________________ 
9. Жазып алынса қашан, қайда, кім жазып алған?______________________ 
10. Шығарма бұрын жарық көрген бе? Қайда, қашан, кім шығарған?______ 
11. Орындаушының не автордың нақты мекен-жайы___________________ 
12. Жазып алған кім? Аты-жөні, жазып алған жері, уақыты, 
күні__________________________________________ 
Бұған қоса әр кездегі орындаушының өміріндегі ерекше жайларын да 
жазып алғанның артықтығы жоқ. Мұның өзі орындаушының фольклорлық 
ортадағы өзіне тән ерекшелігі мен фольклор тарихы үшін маңызды. Жазып 
алған шығармаларды тіркегенде, фольклорлық туындының толықтығы мен 
анықтығына назар аудару қажет.
Сол себептен де, фольклор үлгілерінің құжаттамасы төмендегідей болуы 
тиіс: 
1. Шығарманың реттік нөмері ____________________________ 
2. Жазып алынған жері ______________________________ 
3. Қандай жағдайда жазылды (тойда ма, үйде ме? т.б.)_________________ 
4. Орындаушының төлқұжатының нөмірі____________________________ 
5. Фольклордың қай жанры (ертегі, аңыз, жұмбақ т.б.)__________________ 
6. 
Орындаушы 
шығарманы 
қандай 
музыкалық 
аспаппен 
сүйемелдеді?___________________________________ 
7. Әлдекім сүйемелдейді (музыкалық аспапты сипаттап, жазып кету 
керек)?____________________________________ 
8. Егер шығарма жаңа шыққан болса, кім, қашан, қайда шығарды?_______ 
9. Ол туынды ел ішінде қай дәрежеде тарады?_________________________ 


69 
10. Шығарманы қайталап айтқандағы өзгерістерді қадағалап отырып, 
өзгеріс енген нұсқаларын көрсету т.б.____________________________________ 
11. Орындаушының не автордың нақты мекен-жайы___________________ 
12. Жазып алған кім? Аты-жөні, жазып алған жері, уақыты, 
күні________________________________________________ 
Ауызша халық туындыларын жинақтауға септігін тигізетін сұхбат 
сұрақтарының үлгілері төмендегідей: 
1. Тұрмыс-салт жырлары қақындағы сұрақтар: 
1.1 Өлкеде (ауылда, ауданда) тұрмыс салтқа байланысты қандай өлеңдер 
сақталған? Олар ел ішінде айтыла ма? 
1.2 Еңбек-кәсіпке (төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа) қатысты 
білетін өлеңдері бар ма? Қайда, қашан, кімнен естіген? 
1.3 Наурыз, жарапазан жырларын орындай ма? Кімнен үйренген? Әуені 
халықтікі ме, әлде өз жанынан шығарған ба? 
1.4 Ауылда той бастар, той тарқар, беташар, жар-жар айтыла ма? Ескі 
үлгілерін айтатын көнекөз қариялар кедесе ме? 
1.5 Бесік жыры, уату, тұсау кесу, майлау, сылау сияқты ырым өлеңдерін 
біле ме? Ауылда сәбиге арналған жырларды айту дәстүрі жалғасын тапқан ба? 
1.6 Ауылда қыз ұзату тойы дәстүрге сай өткізіле ме? Сыңсу, жұбату, 
құттықтау жырлары туралы не біледі? 
1.7 Халықтың көңіл-күйіне байланысты (естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға) 
қандай өлең, жыр естіген? 
1.8 Әдет-ғұрып өлеңдері (алғыс, қарғыс, амандасу, көрісу, аңсау) жайында 
не айтады? Ел ішінде осындай өлең айтқан кісілер кездесе ме? 
1.9 Наным-сенімге (бәдік, арбау-байлау, жалбарыну, бақсы сарыны, 
дуалау, бал ашу, түс жору, ұшықтау, үшкіру, аластау, құрт көшіру, жын 
шақыру) қатысты қандай өлеңдер есінде қалған? 
Кімдер айтқан еді? Қазір осы өлеңдерді білетін ауылдастары, таныстары 
бар ма? Бұл өлеңдер әуенмен бе, әлде тақпақтап айта ма? Бақсы жайлы қандай 
мәліметтер бар? 
2. Салттан тыс фольклорға қатысты сұрақтар: 
2.1 Халық арасында қандай ертегілер (қиял-ғажайып, хайуанаттар, салт, 
сатиралық) мен аңыз, әңгімелер сақталған? 
2.2 
Ілгері-бергі замандарда осы өлкеде өткен ертегішілерден, 
әңгімешілерден, шежірешілерден кімдерді біледі немесе естиді? Олар туралы 
ел ішінде дерек көздері сақталған ба? Ертегілерді кімдерден, қашан, қайда 
үйренген және қай мезгіл ертегі айтуға ыңғайлы? Ауылда ертегішілік дәстүр 
жалғасын тапқан ба? 
2.3 Ертегіші мен тыңдаушының арасындағы қарым-қатынас бұрын қай 
деңгейде еді? Қазір ше? 
Кеңес дәуірінде ертегішінің саяси қуғынға ұшыраған кездері болды ма? 
Кімдер тарапынан қуғындалды? 


70 
2.4 Қанша жасында ертегі айтуға машықтанған? Бұл жолға түсуіне кімдер 
себепкер болды және алғашқы ұстазы кім? Үйретуші ұстазы қай ертегіні 
шабыттана жиі айтушы еді? Өз репертуарында неше ертегі жинақталған? 
2.5 Айтушы ертегінің ішкі мағынасын қалай пайымдайды? Оның өнегелік, 
тәлімдік мәні бар ма? Ертегілердегі кейіпкерлерге байланысты пікірі қандай 
(жалмауыз кемпірлерге, жезтырнақ, дәу, жын т.б.)? 
2.6 Қандай ертегі, аңыз, әпсана, миф тыңдаушының құрамына, жасына 
қарамай айтыла береді? 
Айтушыны өз жанынан ертегі шығара біле ме? Ол қандай ертегілер? 
Кейінгі кездері репертуары жаңа туындылармен толықты ма? Оны қашан
қандай оқиғаларға байланысты шығарды? 
2.7 Осы өлкеде батырлықты, ерлікті, өнерді дәріптейтін аңыз, әңгімелер 
кездесе ме? Ертегі мен аңыздың айырмашылығын қалай түсінеді? 
3. Эпикалық жырларға байланысты сұрақтар: 
3.1 Осы өлкеде (ауылда, ауданда) қандай эпостық жыр кеңінен таралған? 
Көне эпостық, батырлық, ғашықтық, діни қисса-дастандар мен тарихи 
жырлардың арасында қандай өзгешіліктер бар (нақты сюжеттін көрсету керек)? 
Орындаушы өзін «өлеңші», «жыршы», «жырау», «ақын» атауларының 
қайсысына жатқызады? 
3.2 Жыршының репертуарында батырлық жырлардан өзге фольклорлық 
туындылар сақталған ба (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, 
жаңылтпаштар)? 
Ұмытылғаны қанша? 
3.3 Орындаушының қандай жағдайларға байланысты (мейрамда, отырыста, 
жиын-тойда, клубта т.б.), кімдердің алдында шабыты келеді? Жыр алдында 
тыңдаушыларға айтары түсініктеме, алғы сөзі бар ма? 
Жырлау кезінде сүйемелдеуші музыкалық аспаптар қолдана ма? Қандай 
аспаптарда ойнай біледі? 
3.4 Жырлаушы көнеден келе жатқан дәстүрлік жырларды көбірек орындай 
ма немесе кейінгі кеңес дәуірінде шыққан жырлармен ғана шектеле ме? 
Дәстүрлі жырларды мейлінше өзгертіп жырлай ма, әлде бұрынғы үйренген 
күйінде, қоспасыз орындай ма? 
3.5 Өзі білетін эпостық жырлардың қайсысын шабыттана жырлайды? 
Оларды жыр жинақтарынан жаттады ма, әлде ел аузынан үйренді ме? 
3.6 Кеңес дәуірінде өнер иесіне тиым салу, шек қою сияқты саяси 
қысымшылық жасалған ба? Қазіргі кезеңде эпостық мұраларға деген 
тыңдаушылардың көзқарастары қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет