Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет48/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Саяхат. Бұл өлкетанулық жұмыстардың табиғи жағдайдағы жергілікті 
объектіні зерттеуге негізделген формасы. Мұндай саяхаттар қатарында тарихи 
ескерткіштерге және тарихи орындарға саяхат жасау, сонымен бірге тарихи-
өндіруші саяхат кіреді. Арнайы таңдалған және оның ғылыми, идеялық-саяси 
құндылығы ескеріліп экспозицияға шығарылған, педагогикалық және тарихи 
ғылымда қабылданған кезеңдеуге бөлінген экспонаттары бар музейге саяхат 
өзгеше сипаттағы саяхат болып табылады. 
Саяхаттың педагогикалық маңызы зор. Біріншіден, олар оқушыларға 
тарихи-өлкетанулық объектілермен, олардың табиғи жағдайында танысуға 
мүмкіндік береді. Екіншіден, педагогикалық қатынаста саяхат өте өнімді. 


108 
Өйткені, саяхатта мұғалім өткен кезеңнің оқиғасын нақты тарихи 
ескерткіштермен байланыстыруға, яғни оқушыларға өткен кезеңнің оқиғасы 
туралы біршама дәл көзқарас қалыптастыруға жағдай жасайды. Үшіншіден, 
саяхат оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады.
Мектептік өлкетанулық саяхат сабақтық және сабақтан тыс болып 
бөлінеді. Олар тақырыптық және жалпылама болып келеді. Егер сабақтық 
саяхат бағдарлама талаптарынан шықса және уақыты шектеулі болса, ал 
сабақтан тыс саяхат жағдай керісінше. 
Саяхат үш басты кезеңнен тұрады: 1. мұғалім мен оқушылардың 
дайындығы; 2. саяхатты жүргізу және оның қорытындысын шығару; 3. оның 
жадығаттарын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану. Саяхаттың барысының өзі 
екі кезеңнен тұрады: ақпараттық және жұмыстық. Ақпараттық кезеңі – бұл 
мұғалімнің, белгілі бір маманнның, музей қызметшісінің әңгімесі, түсіндірмесі; 
жұмыстық кезеңі - оқушылардың зерттемелі және тіркеу жүргізетін жұмыстары 
(коллекцияларды жинақтау, сипаттау, бейнесуретке түсіру, өлшеу және т.б.). 
Өлкетанулық саяхат бірнеше түрлерге бөлінеді: 1. кіріспе саяхат. Бұлар 
алдағы сабақта қолданылатын жадығаттарды зерттеуге бағытталады. Мұнадай 
саяхат түрі келесі сабақтарда жеке теориялық шолу мен жалпы тарихи 
сипаттағы қорытындылар жасауға, фактілік жадығаттарды жинақтауға 
мүмкіндік береді; 2. сабақтағы жадығаттарды одан әрі зерттеу үшін жүргізетін 
саяхат; 3. жалпы тарихи жадығаттарды заттай және жазба ескерткіштер 
негізінде тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді; 4. оқулықта көрсетілген 
жадығаттардың қазіргі заман жадығаттарымен байланысын анықтау 
мақсатындағы саяхат; 5. тарихи - өндірістік саяхат. Мұндай саяхатта еңбек 
қатынастары, өндіріс мәселелері қаралады. 
Саяхат біткен соң мұғалім оқушылардан ауызша немесе жазбаша есеп 
алады. Ауызша есепке сабақ барысында оқушыдан сұрақ-жауап алу, жеке 
әңгімелесу, оқушылардың баяндамаларын тыңдау, бағалау жатады. Жазба 
есепке сауалнама немесе шығарма түріндегі есептер жатады.
Факультативті сабақ. Факультативті сабақтар сабақтық жұмыстар 
категориясына жатады, бірақ сабақтан тыс жұмыстармен ортақтығы көп. Себебі 
онда сыныптық-сабақтық жұмыстармен қатар кең көлемде сабақтан тыс 
жұмыстар да ұйымдастырылады. 
Өлке тарихы бойынша факультативті сабақты жүргізу оған деген 
мұғалімнің 
дайындығына, 
өлке 
тарихына 
деген 
оқушылардың 
қызығушылығына, факультатив сабағының қарастыратын мәселелеріне сәйкес, 
оқу базасының бірлігіне қарай жүзеге асады. 
Факультативті сабақтардың басты ерекшелігі – жадығаттың теориялық 
зерттелуін тереңдетуінде, жұмыстар түрлігі мен әдістерінде жатыр. Оның 
негізін оқушылардың еркі мен терең қызығушылығы, олардың өз бетімен 
жұмыстануы құрайды.
Өлкетану бағытындағы факультативті сабақтар өздерінің мазмұны 
жағынан өлкетанулық жадығаттарға негізделген және жергілікті жадығаттарды, 
жалпы тарихи құбылыстарды түсіндіруге бағытталған факультативті сабақтар 


109 
деп бөлінеді. Бірінші жағдайда факультативті сабақ оқушыларға өлке тарихы 
туралы жүйелі білім алуға мүмкіндік берсе, екінші жағдайда өлкетанулық 
жадығаттар логикалық байланыстар негізінде ғана кірістіріледі. 
Өлке тарихы бойынша құрылған факультативті жұмыстың зерттемелі 
бағыты оның жемісті қызметіне негізделеді. Сондықтан факультативті сабақта 
оқушылардың жекеленген жұмыстарын ұйымдастыруға үлкен мән беріледі. 
Мұндай сабақтар оқушылардың бойында өз бетімен білімге қол жеткізу 
дағдыларын қалыптастырады. 
Факультативті сабақты ұйымдастыруда мынадай принциптер басшылыққа 
алынады: 
1. Оқытудың сабақтастық принципі; 
2. Білім беру принципі; 
3. Дамытушылық; 
4. Тәрбиелік. 
Факультативті сабақты ұйымдастырудың басты шарттары: 
- факультативтік сабақ бағдарламалары оқушылардың даму деңгейіне 
лайықталып құрылуы керек; 
- факультативтік сабақтарда таңдап алынған жадығаттар оқушылардың 
игеруі үшін қолайлы болуға тиіс. 
Факультативті сабақтардағы оқыту бағыттары: 
- тарих сабағында оқытылатын қиын тақырыптарды тереңірек ашу; 
- мәдениет тарихы; 
- өлке тарихы; 
- этнографиялық-әлеуметтік мәселелер
- қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар мен мәселелер. 
Факультативті сабақтағы оқу жұмыстарының нәтижелі формасының бірі – 
семинар. Олар өзекті және күрделі мәселелерді сараптауға арналады. Семинар 
сабақтарына дайындалу барысында оқушылар жергілікті жадығаттарды 
жинақтаумен, сараптаумен, жүйелеумен, алғашқы тұжырымдар жасаумен 
айналысады. Біршама дайындығы жоғары оқушы рефераттар, баяндамалар, ал 
қалғандары жеке мәселелерді өңдейді және семинарларда қосымша 
баяндамашылар ретінде жауап береді. 
Факультативті сабақтар өлкетану бағытындағы сабақтық және сабақтан 
тыс жұмыстардың түрлі формалары мен әдістерін сәтті үйлестіреді. Олар 
жергілікті мұрағатта, музейде, кітапханадағы практикумдар (жаттықтыру 
сабақтары - Ж.М.) ұйымдастыруды, сонымен бірге саяхаттар, кездесулер
жорықтар, экспедициялар, кештер, конференциялар және т.б. өткізуді 
қарастырады.
Мұрағаттағы практикум оқушыларды құжаттармен жұмыс жасау, 
өлкетанулық музейдегі практикум оқушылардың тарихи жадығаттарды өңдеу, 
құжаттау, рәсімдеу, кітапханадағы практикум өлкетанулық каталогтармен, 
анықтама әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады, өлке 
тарихы 
бойынша 
библиографиямен 
таныстырады. 
Сонымен 
қатар, 


110 
факультативті сабақтарда реферат, дөңгелек үстел, дискуссия және т.б. әдістер 
қолдануға болады. 
Тарихи-өлкетанулық кештер. Мақсаты өнердің түрлі жолдары арқылы 
(көркемдік мәтінді өлеңдер оқу, ән айту, инценировка т.б.) оқушыларға тарихи 
оқиғалардың, фактінің, құбылыстың маңызы мен мазмұнын эмоциональды 
қабылдауға септігін тигізу. 
Тарихи-өлкетанулық кешті ұйымдастыру мен өткізу белгілі бір талаптарды 
ескеруді қажет етеді: кеш әрқашанда білімділік-тәрбиелік мақсаттарды көздеуі 
керек; ол өте қызықты өтуі тиіс және мерекелік сипатта болуы керек. 
Тарихи-өлкетанулық кешті өткізу үлкен ұйымдасқан жұмыстарды қажет 
етді: жоспар құру, баяндамаларды даярлау, кеш өтетін бөлмені безендіру, 
кешке шақыру билеттерін үлестіру және т.б. 
Кеш баяндама мәтіні әуенмен қошталып, иллюстрациялар, кейде 
инценировка көрсету арқылы ашылады немесе жеткізіледі. 
Тарихи-өлкетанулық олимпиада. Олимпиада – бұл өлке тарихы бойынша 
оқушылардың білімін тексеру мақсатындағы жарыс формасындағы сабақтан 
тыс жұмыс. Олар өлке тарихын зерттеудегі алдыңғы қатарлы педагогикалық 
тәжірибені қамту мен таратуға көмектеседі.
Мектептік олимпиадалар жекеленген тақырыптармен қатар, өлкетанулық 
жұмыстардың кешенін де қамтиды. Олимпиадаға дайындық барысында 
сұрақтар ортасы, сабақтан тыс оқылған әдебиеттер көлемі, оқушылардың 
жауабына қойылатын талаптар анықталады. Олимпиадалар жеңімпаздары 
жауаптараны алған балдар арқылы анықталады. 
Викторина. Оның негізгі мақсаты – оқушыны өз өлкесі туралы білімге 
деген қызығушылықтарын ояту, өлкетанулық әдебиеттерді, жергілікіті 
басылымдарды оқуға ынталандыру. Ол ауызша және жазбаша сұрақ-жауап 
түрінде өткізіледі. Жауап бес балды жүйемен бағаланады. 
Тарихи-өлкетанулық конференция. Конференция терең ғылыми қатынасты 
және қатал жүйелілікті талап етеді. Олар көбінесе үйірменің, қоғамның белгілі 
бір зерттемелі жұмыстарының кезеңі бойынша жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет