131
атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан
тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді. Қазақ халқындағы
мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге болады. Орта жүздің
қаракесек руында XVII ғасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды».
Қарадан шығып, би болу мүмкіндігінің де ара жігін ашып берді. «Қазақтарда би
атағы мұрагерлік жолмен беріледі екен деп те ойлауға болмайды. Шорман би
Қаржас руынан шыққан атақты әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес.
Ата-бабасында би болмаған Шорман он үш жасында жиын топта топ жарып,
дау шешеді де, өле-өлгенше бала би атанып кетеді. Әкесі атақты би болса да,
балаларының ол атаққа қолы жетпеген талай қазақты білеміз».
Бодан болған далада қазақы салт-дәстүр мен осы билер кеңесін сақтап
қалудың себептері мен маңызын Шоқан былай көрсеткен: «Қазақты орыс
заңымен соттауға болмайды. Оның себебі мынада: біріншіден, өзге тайпалық
құрамдағы, өскен ортасы, тіршілігі бөлек қазақтардың қылмыс пен жат
қылыққа көзқарасына, түсінігіне орыстармен, өзге еуропалықтармен қатар
қарауға болмайды; ақыры қазақтар тергеу кезінде қатар заңды білмейтіндігінен
бас тарта алмағанымен, олар орыс заңдарын білмейді, біле де алмайды. Орысша
бірауыз сөз түсінбейтін қазақ орыс заңын білмеймін деп аузын аша алмайды!».
Шоқан қазақтар арасында озбырлық нышаны болған барымта және оның
жазасы туралы пікірі қазіргі құқықтық қоғамға қол созған қазақстандық қоғам
үшін маңызды. «Біздің ойымызша, жасырын барымтаны, ұрлық барымтаны
ұрлықтың түрі ретінде билердің сотына түсіру керек те, ашық, жария барымтаға
екшіріммен, яғни жеңілдеу қарау керек. Егер кісі өлімі болмаса, барымтаны би
сотына неге бермеске, өйткені бұл да мал тонау ғой».
Достарыңызбен бөлісу: