18
1. Өздерінің көптігіне байланысты олар белок молекуласының конформациялық
тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
2.Екі молекуладан функционалды комплекстердің түзілуіне қатысады.
Бұл белгілі бір
құрылымдық комплементарлықты талап етеді. Мысалы, антиген-антидене, фермент-субстрат
жұптарын алуға болады. Әлсіз байланыстар ферменттердің қатысуынсыз пайда болады,
үзіледі. Ковалентті емес байланыстарға сутектік, иондық, гидрофобтық байланыстар жатады.
Сутектік байланыстар – полипептид тізбектерінің жеке бөлімдерінің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Олар бір немесе екі полипептид тізбектеріндегі
жақын орналасқан
карбонил тобындағы біршама теріс заряды бар оттегі мен амин тобындағы біршама оң заряды
бар сутегінің арасында түзіледі (3а сурет). Амин қышқылдарының (серин, треонин) бүйір
тізбектерінде сутек атомдары (серин, треонин) гистидин азотындағы, карбониль
тобындағы
оттегі атомы, α-амин тобы сияқты электрондарға бай атомдармен сутектік
байланыстар түзуге қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: