Биохимия кафедрасы


Хромопротеидтер, жалпы сипаттама, жіктелуі (гемопротеидтер, пигменттер



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
4.Хромопротеидтер, жалпы сипаттама, жіктелуі (гемопротеидтер, пигменттер, 
магнийпорфириндер). 
 Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар: жай белоктан және құрамында металы бар 
простетикалық топтан құралған. Алайда, металдар гемнің құрамында болады. 
Хромопротеидтердің маңызы зор, кейбір өкілдері фотосинтезге, бүкіл организмнің тыныс 
алуына, оттегіні және СО
2
тасымалдауға, сәуле және түсті ажыратуға, тотығу-тотықсыздану 
реакцияларына қатысып, энергияны бөліп шығарады.
Хромопротеидтер құрамындағы металдарға байланысты үш топқа бөлінеді:
1.Гемопротеидтер, құрамында гемі бар күрделі белоктар.
2. Магнийпорфириндер, простетикалық тобының құрамындағы порфирин сақинасында 
магний элементі бар зат. Магнийпорфириндердің негізгі өкілі хлорофилл.
3. Пигменттер теріге, шашқа, көзге түс беретін зат. Пигмент құрамы жай белок және 
меланоидты компоненттен тұрады. Меланоид құрамына кіретін негізгі заты меланин.
5. Тыныс алу белоктары (миоглобин, гемоглобин), құрылысы, рөлі. 
Тыныс алу белоктарына гемоглобин (Нb) және миоглобин (Mb) жатады. 
Миоглобин –жай белоктан (полипептидтік тізбегінде 153 амин қышқылы бар) және 
простетикалық топ – 1 гемнен тұрады. 
Гемінің құрамында темірі бар порфин сақинасынан тұрады. Порфин 3 пиррольды және
бір пирролинді сақиналар метин көпіршелері арқылы байланысқан циклды қосылыс (с. 8). 
Молекулалық массасы 17000 Д.


37 
N
N
N
N
CH
CH
CH
CH
Fe
2+
H
3
C
CH
3
CH
3
H
3
C
CH
CH
2
CH
CH
2
CH
2
CH
2
COOH
CH
2
CH
2
COOH
8-cурет. Миоглобиннің гемі 
Сурет 9. Миоглобиннің моделі 
Миоглобин цитоплазманың митохондрияға жақын жерінде кездеседі, ол гемоглобиннен 
оттегін тыныс алу ферменттеріне тасымалдайды. Миоглобин гемоглобинге қарағанда оттегімен 
жақсы байланысқан. Сондықтан да суда жүретін жануарлардың бұлшық етінде миоглобин көп 


38 
болады. Адамдарда миоглобин қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді.
Шыныққан адамдардың бұлшық етінде оксимиоглобиннің мөлшері көп болады. 
Миоглобин бұлшық еттің арнайы белогы, сондықтан қанның сары суында оның кездесуі 
бұлшық еттің жарақаттанғандығын көрсетеді. Миоглобинді анықтаудың диагностикалық 
маңызы зор. Миокард инфаркты кеселінің дамуының екінші сағатында қанда көп мөлшерде 
миоглобин пайда болады. Сондықтан миоглобинді қанда табу миокард инфаркты кеселін 
жылдам және дәл анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет