Лекция 1 Тақырыбы : Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет50/82
Дата05.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#71609
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Лекция 10 
Тақырыбы: Электрохимия пәні, оның міндеттері мен мақсаттары. 
Электролиттер теориясы. Аррениус теориясының кемшіліктері. Кристалдық тор 
энергиясы. Сольваттану энергиясы 


 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу – әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым 
Қарастырылатын сұрақтар:
2. 
Электрохимия пәні, оның міндеттері мен мақсаттары. 
3. 
Электролиттер теориясы. 
4. 
Аррениус теориясының кемшіліктері.
5. 
Кристалдық тор энергиясы.
6. 
Сольваттану энергиясы 
Электрохимия 
физикалық 
химияның 
маңызды 
бөлімдерінің 
бірі. 
Электрохимия жалпы айтқанда химиялық энергияның электр энергиясына 
және, керісінше, электр энергиясының химиялық энергияға айналу 
заңдылықтарын зерттейді. 
Электрохимиялық реакциялар электр тогының әсерінен өтеді немесе өздері 
электр тогын беретін ток көздері болады. Химиялық реакциялар мен 
электрохимиялық реакциялардың көптеген жалпы қасиеттері болғанымен, 
олардың айырмашылықтары да бар. Ғе
3+
+Си

→Ғе
2+
+Си
2+
реакциясын мысалға ала 
отырып, химиялық және электрохимиялық реакциялардың ерекшеліктерін 
қарастырайық. 
Реакциялардың ерекшеліктері 
Химиялық 
Электрохимиялық 

Реакцияласатын заттардың 
(мысалы Ғе3++Си+ ) бір-бірімен 
араласуы қажет. 

Реакцияласатын заттар (мысалы 
Ғе3++Си+ ) бір-бірінен 
кеңістікпен бөлініп тұруы қажет. 
2 Электрондардың ауысу жолы 
қысқа. 

Электрондардың ауысу жолы 
ұзын. 
3 Электрондардың қозғалысы 
хаосты, ретсіз және бағытсыз 
қозғалыс. 

Жүйеде электрондар қозғалысы 
бағытталған қозғалыс 

Химиялық реакцияның 
жылдамдығы концентрацияға, рН-
қа, температураға, катализатор 
қатысына тәуелді:

Электрохимиялық реакцияның 
жылдамдығы концентрацияға,
температураға, ток 
тығыздығына, электрохимиялық 
потенциалға т.с.с. тәуелді:
Сөйтіп, электрохимиялық реакциялар өзіне тән ерекше жағдайларда және 
электрохимиялық жүйеде өтеді. Сондықтан электрохимия пәнінің мақсаты 
электрохимиялық жүйеде жүретін реакцияларды зерттеу, иондық жүйелердің 
физика-химиялық қасиеттерін және фазалар арасында, зарядталған бөлшектер 
қатысында өтетін құбылыстар мен процестерді зерттеу болып табылады. 
Электрохимия негізгі екі бөліктен тұрады: электролит ерітінділерінің теориясы; 
электрохимиялық процестің термодинамикасы және кинетикасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет