Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет37/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Әдебиеттер 
1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000. 
2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000. 
3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003. 
4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997. 
5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998. 
6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999. 
7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995. 
8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997. 
9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998. 
10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994. 
11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996. 
12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 
20 қараша. 
13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б. 
8- Дәріс Саяси режимдер
Сабақтың мақсаты: Студенттердің саяси режим және оның типтері туралы түсініктерін 
қалыптастыру. 
Сұрақтар: 
1. Саяси режим ұғымы, типтері. 
2. Антидемократиялық саяси режим ұғымы, оның түрлері. 
3. Демократиялық саяси режим. 
1. Саяси режим – елде саяси өмірді анықтайтын мінез құлық, саяси бостандықты көрсету 
деңгейі және билік органдарының құқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы саяси 
өмір сүру тәсілі.
«Саяси режим» ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим 
(тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың 
еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» деген түсінікті «мемлекетті басқару 
түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси 
тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын 
айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді.
Саяси жүйе: билік – жүзеге асатын саяси институттар мен қарым-қатынастар жиынтығы. 
Саяси биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Саяси тәртіп (ішкі ахуалы): Биліктің қалай жүзеге асатынын, институттардың қалай қызмет 
ететінін, саяси жүйенің динамикасын көрсетеді. Саясат мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Саяси тәртіп не режимнің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? 
– Қоғамдағы қоғамдық-саяси процестердің даму деңгейі мен қарқыны; 
– Билеуші элита құрылымы, қалыптасу механизмдері; 
– Қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы; 


– Бюрократиямен қарым-қатынасы; 
– Қоғамдағы үстем етуші легитимділік түрі; 
– Саяси сана мен іс-әрекеттегі қоғамдық-саяси дәстүрлердің дамығандығы.
Саяси тәртіп не режимнің ықпалы қандай? Қоғамда ол нені анықтайды? 
Біріншісі саяси тәртіп, мемлекеттік органдардың қызмет ету тәсілін, саяси жетекшілерді 
іріктеу шараларын қамтиды. Екінші әртүрлі әлеуметтік топтар және олардың мүддесін 
қорғайтын саяси ұйымдар арасындағы шынайы биліктің бөлінісін көрсетеді. Үшіншісі саяси 
биліктің жүзеге асыруын кім және қалай бақылайтынын, биліктің заң шығарушы, атқарушы, 
сот тармақтарға бөлінісу принциптерінің қаншалықты шынайы жүзеге асатынын қадағалайды. 
Төртінші билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі, яғни, рұқсат беруші немесе тыйым салушы, 
сендіру немесе мәжбүрлеу, экономикалық және экономикалық емес шаралар. 
Саясатқа халықтың қарым-қатынасы, яғни, халық саясатта белсенді болуы мүмкін, 
индифирентті болуы мүмкін немесе енжар болуы мүмкін немесе ұйымдасқан топ ретінде 
болуы мүмкін.
Әлеуметтік және саяси шиеленістерді реттеу әдістері. Қандай саяси партиялар бар? Олардың 
билікпен қарым-қатынасы қандай? Мемлекетте оппозиция бар ма? Осы сұрақтарға да саяси 
тәртіп жауап береді. 
Әскердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесі қандай? Бұқарат ақпарат құралдарының мұндағы 
рөлі мен мәртебесі қандай? Қоғамда цензура бар ма? Қоғамдағы жариялылық деңгейі қандай? 
Осы сұрақтардың барлығын реттейтін саяси тәртіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет