Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Саяси режим ұғымы, типтері. Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, 
аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды–
демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, 
тоталитарлық, фашистік, нәсілшілдік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. 
Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және антидемократиялық режимдер. 
Саяси режимның әрекеттерінің кепілдектері: 
Азаматтық қоғам негізінде мемлекеттік органдар мен аппарат қызметтерін қадағалау жүйесі 
билік байланыс бар жеңілдектерді жүйесін жою азаматтарды уақылы саяси ақпаратпен 
қамтамасыз ету билік өкілдерінің органдарда қызметте болу мерзімін шектеу депутаттармен 
шенеуніктердің ауысым процедурасының жеңілдетілуі азаматтардың теңдіктеріне 
кепілдектер берілу, әр адамның билікті сынау құқығын мойындау. 
Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы 
(антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік 
(плюрализм) тәртібі дегеніміз – саяси билік органдарының халықтың бақылауында болуын 
қолдайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам 
мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл режимде 
мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады. Саяси әртүрлілік тәртібінің 
негізгі белгілері: -заңсыз үстемдік етуші биліктің қоғам өмірінен аластатылуы; -қоғамның 
саяси жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтар жолын ұстануы; -экономикадағы 
демократиялық принциптердің орнығуы; -азматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы; -
қоғам мүшелерінің мәдени-рухани дамуына толық жағдай жасау. 
Адамзат тарихында орын алатын монархиялық, тоталитарлық билік тұсында және 
авторитаризм кезеңінде демократиялық тәртіптің орнатылуына мүмкіндік болған жоқ. Әлем 
халықтары демократияға соңғы кезеңдерде ғана жете бастады. Сол себептен қазіргі кездегі 
саяси тәртіпке сипаттама жасау үшін демократиялық емес саяси тәртіптердің тарихи түрлерін 
білудің маңызы зор. Адамзат тарихында саяси тәртіп бірнеше түрлерден және кезеңдерден 
өтті. Саяси тәртіп көп жағдайда бір қалыпта емес, аралас түрде кездеседі.Солардың ішіндегі 
негізгі үш түрін атауға болады. Олар империя, тоталитарлық және авторитарлық режим. 
Империяның негізгі белгілері: - жер көлемінің орасан зор болуы; - құрамындағы халықты 
күшпен бір орталыққа бағындырып отыратын биліктің орнығуы; -әрдайым өз жерін кеңейтуге 
бағытталған саясат ұстануы; -саяси орталық пен шет аймақтардың өзара шиеленісте болуы; - 
орталық саяси биліктің қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен сұраныстарын 
ескермеуі; -мемлекеттің әртүрлі мәдени және этностық құрамнан тұруы. Империялар ерте 


заманнан бастап қалыптасты, ал қазіргі уақытта олар таза күйінде кездеспейді. Тарихтан 
белгілері: Рим империясы, Қытай, Латын, Осман империялары, Араб халифаты, Британ, Ресей 
империялары, КСРО. Империялардың ең ұзақ өмір сүргені Рим империясы(б.з.д.27 жылдан 
б.з. 1453 жылға дейін). Империялар тарихын терең зерттеген ойшыл, ғалым — Цицерон болды. 
Империя жөнінде ол былай деген: «Империяның ыдырауы айқын, себебі империя барлық 
уақытта орталық билік пен бағынышты халықтардың арасындағы қайшылыққа негізделеді». 
Цицеронның осы пікірінің ақиқат екенін тарих дәлелдеп отыр. Бүгін әлемде таза күйінде 
кездесетін империя жоқ және адамзаттың интелектуалдық сана-сезімінің жоғары дамуына 
байланысты ол тарихқа қайта оралмауы тиіс. Тоталитарлық тәртіп дегеніміз – қоғамның 
барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған 
мемлекеттіксаяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шек қою; саяси салада 
қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы 
партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с. 
Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен 
орнатылуы; - әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі; - мемлекеттік немесе жалғыз 
басқарушы партияның идеологиясының жүргізілуі; - бейімделушіліктің (конформизм) 
қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу. 
Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке 
адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым. 
Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық 
тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай 
кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана 
іске асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық 
тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық 
қиындықтарға тікелей байланысты. Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - жеке адам 
билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі; - қоғамдық саяси ұйымдардың 
құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі; - мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен 
мүдделес саяси партиялармен бірігуі; - парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда 
жойылуы. Мемлекеттің саяси өмірінде авторитарлық тәртіп көбінесе монархияға, бір адамның 
шексіз билігіне ұқсас болады. Қазіргі кезеңде негізінен бұл көптеген дамушы мемлекеттер 
үшін объективті процесс, өтпелі кезеңге қажет саяси тәртіп болып саналады. 
Саяси тәртіптің не режимнің жіктемесі. Бүгінде классикалық жіктемесі бар. Ол бойынша 
саяси тәртіп не режим үш түрге бөлінеді: 
• Тоталитарлық саяси режим 
• Авторитарлық саяси режим 
• Демократиялық саяси режим 
Үш саяси тәртіптіғ не режимнің жеке сипаттамасы. Тоталитарлық саяси режимге тән 
қасиеттер: 
• бір ғана партиямен биліктің монополизациясы 
• мемлекеттік идеологияның болуы 
• репрессиялар 
• БАҚ-ты бақылау 
• жеке меншік түрлерін жою 
• экономиканы бақылау 
Авторитарлық саяси режимге тән қасиеттер: 
• биліктің бір саяси жетекшіден шоғырлануы 
• биліктің бөліну принципі толыққанды жүзеге аспайды
• репрессия аппараты жоқ 
• саяси құқықтардың шектеулігі 
• демократияның кейбір элементтері ғана бар (сайлау, парламент)
• азаматтардың дәстүрлі әрекеті – конформизм


• саяси элита электоралды жолмен емес, кооптация жолымен (жоғары жақтан тағайындау) 
қалыптасады.
Демократиялық саяси режимге тән ерекшеліктер: 
• мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдары сайланбалы 
• көппартиялық 
• белсенді азаматтық қоғам
• заңды оппозиция 
• БАҚ-та цензура жоқ 
• ресми идеология жоқ 
• әлеуметтік топтардың саяси өмірге белсенді қатысуы 
• биліктегі мерзім шектеулі 
Ең соңғы белгілердің бірі плюралистік мәдениет. Яғни, плюрализм дегеніміз көп көзқарастың, 
көп пікірдің болуы. 
Қазіргі әлемдегі саяси тәртіптер 1980 жылдардың соңынан бастап саясаттануда саяси 
жүйелерді жіктеу бойынша айтарлықтау зерттеулер жүргізіледі.
Эндрю Хейвудтың пікірінше үшінші әлем тұғырнамасынан бастартып, алайда әлемдік саяси 
картаны қандай өлшемдерге сәйкес жіктейтіндігіміз белгісіз болды.
Атақты Фрэнсис Фукуяманың тарихтың соңғы идеясы коммунизмнің күйреуімен 1989-1990 
жылдардың басындағы демократияның толқыны тұсында туындап, сол тұста ғана өзекті 
болды.
Либералды демократия мен батыстық даму үлгісін атағанда көбіне американдық тәжірибені 
меңзейміз. Индивидуализм адам құқықтары мен таңдау құқығы сынды құндылықтарды 
барлығына әмбебап ретінде тықпалаудың қажеті жоқ шығар.
Әлі де көптеген адамдарға батыстық центристік менталитет саяси құбылыстарға Исламдық 
және Конфуцандық саясат тұрғысынан қарауға кедергісін келтіруде.
Жіктеудің жаңа жүйесін жасаудағы қиындықтардың бірі нақтылы бір критерийдің болмауы, 
яғни, бүгінде саяси ғылымда қандай нақты критерий бойынша саяси тәртіпті бөлу өте қиынға 
соғады. Бірде-бір жіктеудің жүйесі жалғыз өлшемге негізделіп жасалмайды. Әрқашан оларға 
қандай да бір критерийлер аса маңызды. Ал кейбіреулердің маңыздылығы аз. Әдетте саяси 
тәртіптің жіктемесін жасаған кезде, критерийлер таңдағанда, мына сұрақтарға жауап беруге 
тырысу қажет. 
• Билік кімге тиесілі? 
• Саяси қатысуы қоғамның жоғарғы табымен шектелген бе, әлде ол барлық халықты қамти 
ма? 
• Қоғамдық келісімге немесе бағынуға қалай қол жеткізіледі? Күш қолдану немесе қорқыту, 
келіссөз, «саудаласу» немесе ымыраға келу арқылы. 
• Үкіметтік басқару орталықтандырылған немесе орталықсыздандырылған сипатта ма? 
• Саяси жүйеде биліктің қандай тепе-теңдігі мен теңгерімділігі қолданылады? 
• Билікке келу мен оның ауысуы қалай жүзеге асады? 
• Жүйе ашық және бәсекелі болып табыла ма немесе ол саяси күштердің бәсекелестігі үшін 
жабық па? 
• Мемлекет пен индивид арасындағы қарым-қатынас қандай?
• Үкімет пен азаматтар арасындағы құқықтар мен міндеттер қалай бөлінген? 
• Елдің экономикалық даму деңгейі қандай? 
• Ондағы өмір сүру деңгейі қандай? 
• Мемлекеттің материалдық байлықтары қаншалықты тең бөлінеді? 
• Экономикалық өмір қаншалықты ұйымдастырылған? 
• Экономика нарыққа ма, әлде орталықтандырылған жоспарлауға негізделген бе? 
• Үкіметтің экономикалық рөлі қаншалықты? 
• Жүйе қаншалықты тұрақты? 
• Осы саяси тәртіптің тарихи ғұмыры қанша? Ол жаңа талаптар мен сын-қатерлерге жауап 
бере ала ма? 


Қоғамның саяси жүйесін анықтауда әртүрлі бағыттар өзіндік тәсілдер мен өлшемдерді 
қолданған. Эндрю Хэйвудтың кітабында ұсынылған тәсіл жоғарыда келтірілгендерде ерекше 
болып табылады. 
Мұнда саяси тәртіптік, саяси экономикалық және мәдени сынды үш сипаттамасына мән 
беріледі. Эндрю Хэйвудтың тәртіптерді жіктеудегі ерекшелігі – саяси, экономикалық және 
мәдени аспектілері бойынша жүйенің ажырататындығына емес, олардың шынайы өмірде 
қалай әрекеттесуіне мән беруі. Ұсынылып отырған тәсілдің жетістігі саяси және 
экономикалық институттардың өзара мәдени ерекшеліктерге байланысты мүлдем өзгеше 
жұмыс жасайтындығына баса назар аударуда. Мысалы, парламент институты Ұлыбританияда 
пайда болғанымен, ол Қазақстанда немесе Азияның басқа мемлекеттерінде басқаша әрекет 
етеді, себебі, ол жақта саяси мәдениет деңгейі бөлек. Сонымен қатар 20 ғасыр аяғындағы саяси 
төңкерістердің аясында кез келген жіктеу уақытша болып табылады. Бүгінгі таңда саяси 
жүйелердің өздері тез өзгеріске түсетіндіктен, оларды жіктеу қиындық тудыруда. Алайда 
қазіргі әлемдегі тәртіпті бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: 
• Батыстық полиархия 
• Жаңа демократия 
• Шығыс Азиялық тәртіп 
• Исламдық тәртіп 
• Әскери тәртіп 
Бұл жіктемені Эндрю Хэйвудтың өзі жасаған.
Батыстық полиархия ұғымы бұрында либералды демократияға немесе жай ғана демократияға 
қатысты қолданылған. Алғашында бұл демократияның түрі полиархия солтүстік Америкада, 
батыс Европада және Австралия батыс полиархияның таралу аймағы ретінде саналды. 
Американдық ғалым Самуэль Хантингтон бұл тәртіптің қалыптасуы демократияланудың 
екінші толқынымен байланыстырды. Біріншісі 1828-1920 жж. АҚШ, Франция және 
Ұлыбритания сияқты елдерде, екінші толқыны 1943-1962 жж. батыс Германияны, Италияны, 
Жапонияны және Үндістанды шарлап өткен. Либералды демократия саяси идеалданған ұғым. 
Ал полиархия осы идеалға жету жолындағы жүйені белгілейді. Полиархия ұғымын саяси 
ғылымға Роберт Даль енгізген. Ол өзінің «Полиархия қатысу және оппозиция» атты 
еңбегінде ұсынған болатын.
Полиархия қоғамда саяси тәртіптіліктің орнауы. Бұл саяси тәртіп жеті негізгі институтқа 
сүйенеді және де бүкіл институттар етене тығыз жұмыс жасаулары қажет. Сонда ғана жүйе 
полиархия болып танылады. 
Институттарды жеке-жеке қарастырайық. 
1-сі, үкіметтің кейбір шешімдерін қадағалау. 2-сі, сайланбалы лауазымдарға сайлану немесе 
босату, бейбіт бәсекелі-баламалы сайлаулардың негізінде жүзеге асады. 3-сі, кәмелет жасына 
толған азаматтардың сайлауға қатысу құқықтарының болуы. 4-сі, азаматтардың басым 
көпшілігінің сайланбалы органдарға үміткерлер ретінде қатыса алулары. 5-сі, азаматтарда 
саяси тұлғаларда үкіметтің шешімдерін саяси экономикалық әлеуметтік жүйелерді және үстем 
идеологияны сынау келіспеушілік білдіру құқықтарының болуы. 6-сы, азаматтардың 
альтернативті ақпарат көздеріне еркін қол жеткізе алуы. 7-ші соңғысы, азаматтардың саяси 
бірлестіктер, одақтар құруларына және саяси партиялардың қатарына кірулеріне заңды 
жолдар арқылы мүдделес топтардың құрамында жұмыс істеуге құқықтарының болуы. 
Батыстық полиархия адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше назар аударатындығымен 
қана емес, сонымен қатар мәдени құндылықтармен де ерекшеленеді. Олар бәсекелестік пен 
таңдау еркіндігінің саясатта, экономикада орны ерекше екендігін алға тартады. Алайда басты 
полиархияларды біртекті деп айта алмаймыз. Олардың бірі ортақтанған, мажоритарлық 
басқаруға, енді бірі биліктің шашыраңқы түріне жақын келеді. Осы орайда Лейпхарттың 
мажоритарлық және консенсустық демократияны ажырату керектігін жазды. Мажоритарлы 
демократиялар 
Вестминстрлік 
үлгіге 
сәйкес 
парламентаризм 
принциптерінде 
ұйымдастырылған. Яғни, ол Ұлыбритания үлгісіне жақын. Мұндай жүйенің көрнекі мысалы 
Ұлыбритания болып табылады. Сонымен қатар оған жаңа Зеландия, Австралия, Канада, 


Израиль және Үндістанның саяси жүйелері бұл үлгінің сипаттарын алған. Мажоритарлы 
жүйелер әдетте келесі принциптерден көрініс табады: 
• бір партиялы үкімет; 
• атқарушы және заң шығарушы тармақтар арасында биліктің толық бөлінбеуі; 
• бір палаталы парламент немесе жоғарғы палатаның шектеулі прерогативалары бар 
парламент; 
• екі палаталы жүйе; 
• үміткерге басым дауыс жинауға ыңғайлы бір мандатты округтардың электоралды жүйесі; 
• унитарлы немесе орталықтандырылған үкімет; 
• жазылмаған немесе әлсіз кодификациаланған конституция және парламенттік суверенитет 
принциптері. 
Мысалы, Ұлыбританияда жазылған конституция жоқ. Ол тек қана дәстүр бойынша беріледі. 
Полиархия әр елде әртүрлі көрініс табуда. Мысалы, Бельгияда, Австрияда және 
Швейцарияда діни идеологиялық, мәдени өңірлік және басқа да айырмашылықтарына 
неғұрлым қолайлы консенсустық демократия қалыптасқан жүйесі бар.
Жаңа демократиялар, Самуэль Хантингтонның пікірінше, демократияның жаңа толқыны 
Грекия, Португалия және Испаниядағы оңшыл үкіметтердің құлауымен Латын Америка 
елдеріндегі әскери диктатуралардың әлсіреуімен және коммунизмнің күйреуімен 1994 
жылдары басталды. 1989-1991 жж. Шығыс Еуропалық революциялар демократиялану үрдісін 
үрбіте түсті. Демократиялануды басынан кешіп жатқан жаңа мемлекеттер саяси жүйелер 
қандай бағытта және қандай мазмұнда құру керектігі туралы таңдау жолында тұрды. Жетпіс 
жыл бойы үстемдік құрған коммунистік жүйенің кереғар тұстарынан бірден арылу қиын 
болды. Бұл мемлекеттер үшін өтпелі кезең батыстық қоғамдарға тән емес қиындықтар әкелді. 
Бұл режимдерді жаңа демократиялар немесе жартылай демократияланған жүйелер деп атады. 
Демократиялану толқындары, яғни, Самуэль Хантингтонның теориясы бойынша жетпіс 
жылдық отандық саясаттың шырмауына билікке, саясатқа араласа алмай келген пост-
коммунистік режимдер үшін демократиялану тың үдеріс болды. Әсіресе бұл үдерістен кейін 
саяси сана мен мәдениет көрініс тапты. Жетпіс жыл үстемдік еткен тоталитарлық жүйе 
азаматтардың сана-сезімін, алған азды-көпті білімін, табиғатынан жаралған өр мінезін байлап, 
матағаны рас. Партия мен халық, халық пен мемлекет біртұтас деген ұран принцип үстемдік 
етті де, инкубаторлық станциялардан шығатын балапандар құсап, бәрі бірдей ойлап, бәрі 
бірдей ұқсап, жүріп, тұратындай болды. Дауысқа салу немесе баяндамалар талқылауды 
бірауыздан қолдау әдетке, дәстүрге айналды. Коммунизм шырмауынан болып тәртіп, не айтса 
да, соны істей беретін адамдар бірден ерікті азаматтарға айнала алмайды. Жаңа 
демократиялық жүйенің құрылуы осындай мәдени және әлеуметтік, экономикалық 
дағдарыстар жағдайында жүрді.
Саяси режимнің келесі түрі Шығыс Азиялық тәртіптер. 20 ғ. екінші жартысында Шығыс 
Азия елдерінде экономикалық және саяси жаңғырулар қарқынды орын ала бастады. Тынық 
мұхит аймағындағы Азия елдерінің экономикалық өсу көрсеткіштері Европа мен Солтүстік 
Американың экономикаларының көрсеткіштерінен екі төрт есе асып түсті. Бұл елдердің 
дамудың батыстық үлгісін таңдап алғандығында емес, мәдени ерекшеліктерінде. Шығыс Азия 
елдеріне Сингапур, Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея мемлекеттері жатады. Азиялық 
құндылықтар батыстан мүлдем өзге, жаңғыру жолымен саяси жүйесі де өзгеше болды. Шығыс 
Азия режимдерінде ортақ нәрселерге мыналарды жатқызуға болады: 
Біріншіден, олар саяси мақсаттарға қарағанда экономикалық мақсаттардың маңында 
жұмылдырылған. Олардың басты міндеті батыстағы индивидуалды құқықтар мен 
бостандықтарды дамыту емес, экономикалық өсу мен әл-ауқатты арттыру болып табылады. 
Екіншіден, бұл жүйелерге күшті үкімет идеясы, мемлекетпен үстемдік етуші партияға 
құрметтің жоғарылығы тән. Үшіншіден, басшы мен көшбасшы конфуцандық дәстүрге сәйкес 
құрметке ие. Қауымдық және бастылық құндылықтар алдыңғы орында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет