болашағын ғана емес, сонымен қатар экономиканы, мәдениетті және азаматтардың жеке өмірін
айқындаған бірқатар жағдайлар жақсы таныс. Демократиялық сайлаулардың ерекшеліктері:
1. Сайлаулар жалпыға ортақ және тең сайлау құқығы негізінде өткізіледі.
2. Сайлаулар конституция мен заңнамалар, талаптарьна сәйкес ұйымдастырылады.
3. Билік үшін күрес барысында әртүрлі ұстанымдарды, партиялар мен қозғалыстарды
білдіретін кандидаттар күреседі.
4. Барлық үміткерлер Митингтер мен жиналыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында өз
бағдарламаларымен таныстыруда тең мүмкіндіктерге ие. Енді осы принципттерге тоқтала
кетейік.
Бұл ереже кез келген адамның әлеуметтік тегіне, этникалық және діни ерекшелігіне,
жынысына, дәулетіне және тағы басқа да сипаттары негізінде сайлауларға қатысуына шектеуге
жол берілмейтінін білдіреді. Әрбір азамат дауыс беруге қатысу-қатыспауын өзі шешеді.
Тарихтың өткен кезеңдерінде көптеген мемлекеттерде сол елдің азаматтарының барлығы
қоғамдық істерді басқаруға қатыса алмағаны мәлім. Тек ХХ ғасырда ғана барлық азаматтар
сайлау құқығына ие болды. Ал ерте дәуірлерде ең демократиялық мемлекеттердің өзінде
тұрғындарының аз ғана бөлігі ғана азаматтық құқықты иеленетін. Демократиялық принциптер
көптеген Еуропа елдерінде XVIII ғасырдан бастап кең тарала бастады; Соның өзінде
сайлауларға біршама деңгейдегі қажетті кірісі бар немесе жоғары тапқа жататын айтарлықтай
үлкен жастағы ер адамдар ғана қатыса алатын. Сайлаушыларға - белгілі бір шарттарды қоюға
мүмкіндік беретін ереже сайлау цензі деген атқа ие болды. Оларды түрлеріне қарай мүліктік
ценз, жас мөлшері цензі, тұрғылықты жері бойынша цензі, білім деңгейі (сауаттылық) цензі деп
бөліп қарастырады. Жалпыға ортақ және тең сайлау құқығы тек сайлай алу мүмкіндігін ғана
емес, сонымен қатар белгілі бір лауазъмдарға сайлана алу құқығын да білдереді. Сайлай алу
құқығын, яғни сайлауларда сайлаушы ретінде қатысуды белсенді сайлау құқығы деп атайды.
Сайлана алу құқығын, яғни Президент, Парламент немесе жергілікті өкілді органнын, депутаты
болып сайлана, алуды белсенсіз сайлау құқығы деп аталады.
Ценз (лат.
census — есептеу,
бағалау) адамды қайсыбір саяси негізінен сайлау құқықтарын пайдалануға жіберудің
заңнамада көзделген шектеулі шарттары. Сайлау Цензі азаматқа сайлау құқықтарын беру
шарттары ретінде
конституциямен
немесе сайлау заңнамасымен белгіленеді. Мұндай Ц. 18 —
19 ғ-лардан бастап енгізілді.) Ең көп тарағаны мүліктік ценз.
Достарыңызбен бөлісу: