Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Кандидаттарды ұсыну. Бастапқы кезеңде сайланбалы лауазымға (орынға) 11 мүдделі 
кандидаттардың құрамы анықталады. Әдетте үміткерлерді саяси партиялар немесе азаматтар 


топтары ұсынады (егер ол заңмен көзделген жағдайда). Сонымен қатар, егер ол оны мүмкін деп 
тanқaн жағдайда, адам өз кандидатурасын ұсына алады. Адам ресми түрде кандидат болып, 
оның аты-жөні дауыс беру бюллетеніне енуі үшін арнайы құрылғай сайлау комиссиясында 
тіркелуі қажет.
Сайлау комиссиясы - сайлауларды ұйымдастыру мен өткізу үшін құрылған орган. Аталған 
комиссия барлық кандидаттарға қатынаста бірдей жүйе объективті ұстанымда болуы тиіс және 
онда кандидаттардың жақтастары, туысқандары мен жора-жолдастары болмауы керек. Тек 
комиссия төрағасы ғана сайлау нәтижелерін жариялай алады. Kөптегeн елдерде кандидаттар 
тізіміне ену үніін депутат немесе президент болу тілегі аздық етеді, өйткені көп жағдайда 
адамнан тұрғындардың қолдауына ие болу жәңе өзін қолдаушыдардың қолдарын жинау талап 
етіледі; Сайлау комиссиясы кандидаттардың өмірбаянын (оның талаптарға; сәйкес келу-
келмеуін) және оның жақтастары жинаған қол қою парақтарын мұқият зерттейді. Кейде өткен 
өмірі күмәнді, түзету мекемелерінде жазаларын өтеген және тіпті іздеуде жүрген адамдар 
билікке қол жеткізуге тырысады. Ондай адамдар қоғамды алдауға және өздерінің өткен 
өмірлеріні жасыруға тырысады. Жекелеген елдерде парламентте қылмыстық биографиясы бар 
депутаттардың отыруы да жиі кездесіп отырады. Бұл жерде оларды диктаторлық билік тұсында 
өз көзқарастары мен ұстанымдары үшін жазаларын өтеген саяси тұтқындармен салыстыруға 
болмайды. Танымал Саяси тұтқындар азаматтардың басым көпшілігінің құқықтары мен 
мүдделерін қорғау үшін заң шығарушы органға ұсынылған беделді және уәделеріне берік сайси 
қайраткерлер болып табылады. Осы қатарда КСРО кезіндегі А.Сахаров, С.Ковалев тәрізді 
тұлғалардың есімдері көпшілікке таныс.
Сайлауалды үгіт. Кандидаттар тіркелгеннен кейін сайлауалды үгіт жұмыстарын бастайды. 
Олар сайлаушылар алдында өз бағдарламаларын түсіндіру үшін сөз алады. Митинглер мен 
жиналыстардағы сөздедің мәні өте үлкен, өйткені тұрғындар осы шараларда үміткерлерді өз 
алдарына қойып отырған мақсаттары мен міндеттерімен таныса алады. Біздігің елімізде 
сайлаушылармен кездесулер әдетте былайша өтеді: Кандидат (бастапқыда мәселелерді өзінің 
қалай түсінетіні және оларды қандай жолдармен шешетіні туралы сөз алады, одан кейін 
азаматтар оған сұрақтар қояды. Мұндай жиналыстарға кандидаттың жақтастарымен қатар оның 
қарсыластары да келетіндіктен өткір пікірталастар орын алуы мүмкін. Ал батыс елдерінде, 
мәселен АҚШ-та, сайлауалды митингілер байсалды және тыңғылықты әңгімеден гөрі жарқын 
шоуға ұқсайды. Үміткердің партиялас жақтастары сол адамньң халықтың көп бөлігінің қолдауы 
мен сүйіспеншілігіне ие екендігін көрсетуге тырысады. Әсіресе, сайлаушылар тыңғылықты 
және сыни әңгімелерге нақты лауазымнан үміткер адамдар кездесетін сайлауалды дебаттарда 
кенде болады. Бұл жерде кандидатадрдың қарым-қатынастары ашылып, ол азаматтармен бетпе-
бет кездеседі. Мәселен, американдық телеарналар көрермендердің үлкен аудиториясын 
теледидар, экрандарыңа тарта алатын дебаттарды көрсетуге құштарлық танытады. Сайлауалды 
үгіттеулер, барысында жүздеген, мыңдаған үнпарақтар мен буклеттер шығарумен және 
таратумен айналысатын, тұрғындарды кандидаттың бойындағы жария немесе жасырын 
қасиеттермен таныстыруду мақсат ететін теледидарлық клиптер әзірлейтін жарнама қызметтері 
құрылады.
Соңғы жылдары-партия штабтары өз ақпараттарын тарату үшін Интернет желісінің 
мүмкіндіктерін пайдалана бастады. Партия мeн оның жақтастарының қаржылық мүмкіндіктері 
неғұрлым көп болған сайын, үміткердің жарнамалық кампаниясы да соғұрлым ауқымды болуы 
мүмкін. (сайлауға қатысушы үміткерлерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында 
заңнамалар әдетте үгіт жұмыстарына жұмсауға болатын қаржы көлемін белгілі бір сомамен 
шектейді. Егер партиялар тәртіптерде белгіленген шеңберден шығып кететін болса кандидат 
дауыс беру тізімінен алынып тасталуы мүмкін. Сондықтан сайлауалды үдерістердің барлық 
қатысушылары бұл нормаларға өте мұқият қарайды.
2. Сайлауалды технологиялар. Қоғамда орын алып жатқан барлық жағдайларды таныту, 
ақпараттандыру барысында саяси жарнаманың қажеттілігі байқала бастады. Саяси жарнаманы 
өз дәрежесінде қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болатындығы айқындала 
түсті. 


Саясатта қазіргі күнде сайлаушыларға пәрменді түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін 
сайлауалды технологияларды пайдалану жыл өткен сайын өзекті бола түсуде. Бұл 
технологиялар саяси жарнамаларды, бұқаралық ақпараттарды маркетингтік әдістер мен 
құралдарды қолдануға негізделеді. Қазіргі күнде, үгіт жұмыстарын өткізу нысандары мен 
тәсілдері, кандидат имиджі және ақпараттық ресурстармен дұрыс жұмыс істей алу қабілеті 
caйлayaлды кампанияларда мадызды орын ала бастады. Кампанияның сәттілігі сайлауалды 
штабына біріккен көптеген адамдардың кәсіби деңгейлеріне байланысты болады. Мұндай 
жағдайда саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен басқада сарапшылар, имиджмейкерлер, 
спичрайтерлер мен жарнама мамандары үлкен сұранысқа ие болады. Олардың қызметі 
партияның оңды имиджін қалыптастыруға, тұрғындарды оның мақсаттары мен міндеттері 
туралы ақпараттандыруға бағытталған. Имиджелогия (іmage - бейне, logos - ғылым) - саяси 
технологияларды, ондағы процестер мен құбылыстарды, саяси тұлғаның жетекшілік 
қабілеттерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін саясаттану ғылымының 
саласы. Имиджелогия саясаттану ғылымының жалпы методологиялық парадигмаларына сүйене 
отырып, саяси білімдерді жинақтап қорытады, саяси қарым-қатынастар мен процестің даму 
тәжірибесін, саяси ин-ттардың қызметін сараптайды, саяси жетекшіліктің ерекшеліктері мен 
заңдылықтарын, саяси интеллигенцияның жай-күйін, биліктің ресурстары мен оның түрлерін, 
т. б. зерттейді. Имиджелогияның қалыптасуы мен дамуы саяси құндылықтар мен саяси қарым-
қатынастардың жаңа формаларының қалыптасуына және әр түрлі нақты тарихи типтегі 
мәдениеттерде саяси жетекші қызметінің алуан түрлі көрініс алуымен тікелей байланысты. Ол, 
көбінесе, уақытқа, нақтылы тарихи жағдайларға, қоғамдағы үстем идеялық-саяси 
көзқарастардың жүйесіне, адамдардың жеке басының даму деңгейіне, дүниетанымына, саяси 
мәдениетіне тәуелді. Имиджелогия мәліметтер жинаудың әр түрлі әдістерін (кешенді 
социология зерттеулер, сауалнамалар, саяси кейіпкерлерді, тарихи хабарларды сараптау) 
қолданады. Соңғы кездері саяси жетекшілердің бейнесі мен өмірбаянын жүйелі психологиялық 
бейнелеу әдісі кеңінен қолданылып келеді. Имиджелогия өзінің үлгілері мен әдістерін саяси 
ғылымдардың барлық жүйесінен алады. Саяси имиджелогияның әдісі имиджмейкинг - 
саясаткерлердің саяси орны мен беделін анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы саяси 
жетекшілікке бәсекелестер өздерінің бағдарламалары мен оларды жүзеге асыру жолдарын 
таңдай алады. Насихат, саяси жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеке тұлғаның 
ойлау кейпін, әлеуметтік бағытын танытып, оны саяси жетекші ретінде қалыптастырады. Саяси 
жетекшінің бет-бейнесін жасаушы маман - имиджмейкер оның саяси кеңістіктегі орнын 
қамтамасыз етеді. Имиджмейкердің міндеттері: адамның мінез-құлқы заңдары негізінде болуы 
мүмкін тенденцияларды анықтау және олардың салдарын болжау, дау-дамай мен 
түсінбестіктердің алдын алу, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіру. PR қоғамда белгілі бір 
пікір қалыптастыру және шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат пен жалған ақпарат таратуға 
арналған саясат субъектілерінің мамандандырылған қызметі. 
Сайлауалды технологияларды шартты түрде бастапқы басты және қосымша (деп үш топқа 
бөледі. Бастақы әдістер сайлауалды үгіт жүмыстарына дейін электораттың негізгі тілектерін 
білуге, азаматтардың қалауларын, психологиялық ерекшеліктері мен мүдделерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Бастапқы әдістерге мьналар жатады:
- социологиялық сауалнамалар жүргізу;
- қоғам дәл сол уақытта және осы жардайда талап ететін партия кандидаттарын анықтау;
- үгіт жұмыстарының жоспары мен негізгі кезеңдерін қалыптастыру. Басты әдістер 
тікелей сайлауалды, кампаниясы, кезіндегі әртүрлі жарнамалық және үгіт-насихаттьң 
шараларды қамтиды. Мұндай әдістерді кандай да бір түрде барлық партиялар, ұйымдастырады, 
алайда олардың пәрменділігі партия, функционерлерінің ұйымдастыру жұмыстарының 
деңгейіне тәуелді-болады.. 
Негізгі әдістердің қатарында ең маңыздылары мыналар: 
- лидерлер мен кандидаттардың еңбек ұжымдары ,мен ұйымдар алдында, теледидарлар мен 
газеттерде сөз-алуы;.
- басқа партиялардың өкілдерімен бірге дебаттарға қатыоу;,


 - бұқаралық сипаттағы жиналыстар, .митингілер және эстрадалық және театрландырылған 
қойылымдарды пайдаланатын басқа да үгіттеу шараларын өткізу; 
- суреттер, үнпарақтар, стендтер және тағы басқа көрнекі материалдарды орналастыру;
- сайлаушыларға жарнама материалдарын тарату;
- партия өткізетін шаралар туралы БАҚ арқылы тұрғындарды құлағдандыру. 
Сайлауалды жүйыстарының түрлері мен нысандары өте көп және ол осы айтылып 
отырғандармен ғана шектелмейді. Сайлауалды кампанияларда бұлардан басқа қосымша әдістер 
де пайдаланыла алады:
- әртүрлі сипаттағы қайырымдылық спорттық, музыкалық іс шаралар өткізу;
- семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар жұмыстарына қатысу; 
- арнайы кампаниялдр ұйымдастыру (есірткіге, СПИД дертіне, маскүнемдікке қарсы 
бағытталған шаралар).
Сайлауалды технолсдияларда өз партиясының оңды бейнесін қалыптастыруға бағытталған 
әдістерден баскд олардың көмегімен бәсекелестерін келеңсіз сипатта көрсететін тәсілдер де 
кеңінен пайдаланылады. Ол бәсекелес партиялар мен олардың кандидаттары турады орынды 
сындармен қатар, олардың қызметтері мен жекебастарынан ілік іздсу,( өсектер мен бұрыс 
мәліметтердіі жариялау, ақпарат құралдарын сатып алу тәрізді басқа да келеңсіз әрекеттерді 
қамтиды. Осындай тәсілдерді «қара пиар» (ағылшын тілінде PR - public relations - қоғамдық 
байланыстар) деп атайды. Кандидаттар туралы мәліметтермең жақсы таныс азаматтар әдетте 
үгіттеудің мұндай тәсілдерінің ықпалына түсе қоймайды. Мәселен, 2000 жылғы Президент 
сайлауы аяқталуға бірнеше күн қалғанда американдық телеарналар Президент лауазымына 
кандидаттардың бірі ширек ғасыр бұрын мас күйінде көлік айдағаны үшін полицияға 
түскендігін жарыса жариялады. Дегенмен осы кандидат - Джордж Буш - мемлекет басшысы 
болып сайланды. Сайлаулар барысында баспа құралдары маңызды және басты әрекет етуші 
тетікке айналады. Газеттер, радио мен телеарналар саяси қайраткерлердің өткен өмірлері мен 
бүгінгі күндегі өміріне мұқият көз жүгіртіп, үгіітеулер мен дауыс беру рәсімдері тәртіптерінің 
сақталуын қадағалайды. Кандидаттардың биографияларында аныкгалған келеңсіз жайттар 
қоғамға белгілі болатын болса, онда бұл жағдай адамның одан кейінгі карьерасына нүкте 
қойылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан партия функционерлері маңызды лауазымдарға 
ұсынылуы мүмкін үміткерлерді іріктеуге мұқият назар аударып отырады. 
Сайланбалы лауазымға немесе орынға үміткерлердің жақтастары Мен қарсыластары өз 
кандидаттарының биографияларының бір тұстарын асыра көрсетіп, екінші тұстарына көз жұма 
қарауға тырысады. Бұл көп жағдайда алдауларға ұласып кетеді. Осы тәрізді манипуляциялаулар 
мен басқа да күмәнді сайлау технологияларына азаматтардьң белсенділігі, сайлаушылардың 
ақпараттар мен мәлеметтерді жақсы білуі және қоғамның саяси мәдениетінің жоғары деңгейі 
пәрменді түрде қарсы тұра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет