«Партия» ұғымы латын тілінен енген, «бөлім», «бөлемін» дегенді білдіреді. «Мен
бүтіннің бөлшегімін», «мен осы топтың пікірін қолдаймын», «мен біреулермен пікірлеспін»
деген түсініктер. Тұңғыш алғашқы партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың
мөлшері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған еді. Сондықтан мұндай шағын топтардың
айтарлықтай мазмұны болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола
бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу
мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын
партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ.
Партия әлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады (яғни
партиялар әртүрлі қоғамдық баспалдақтардан өтеді, мысалы жабайы жануарларды қорғайтын
қорғайтын қоғамнан өтіп, партия болуға ұмтылады), бірақ қызығушылықтар топтары мен
қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси
болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік қабаттарының және белгілі бір кластардың
қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің
қызмет етуіне қатысады. Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттар мен
топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды
білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті әр түрлі саяси әдістермен жаулап
алуды мақсат тұтады.
Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынадай кезеңдерді көрсетті:
а) аристократиялық үйірмелер (категориялар); б) саяси клубтар; в) бұқаралық партиялар.
Аристократиялық
үйірмелер
Саяси клубтар
Бұқаралық (көпшілік) партиялар
Жер иелерінің мақсатын
құрайды. Жер иелерінің
мақсатын яғни қорғаған
болатын
Буржуазияның мүддесін
қорғайды.
Көпшілікпен байланысты болып,
барынша өз қатарына көбірек
адамдарды тартады.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861ж. Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды.
Одан кейін Германияда 1863 ж. Жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды.
Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияың
либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа
партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен
мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар
өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі
жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: