Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет52/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Екіпартиялық жүйе (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік 
үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей 
сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен - өзі автоматты түрде парламентте көпшілік 
орынды қамтамасыз етеді. Ол министрлер кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі 
ол үкіметтің заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше сайлауға жіберілген қаржыны да 
үнемдейді. Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген 
басқа партияларға аудара сала алмайды. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және 
демократиялық, Ұлыбританияда - консерваторлар мен лейбористер, Германияда - христиандық 
демократтар мен социал - демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. 
Бірақ әдетте олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жоқ. 
Мысалы, АҚШ-тағы екіпартиялық жүйе туралы батыстың белгілі саясатшысы К. Росситер 
былай деп жазады: «Республикашылар мен демократтардың арасындағы айырмашылықтар 
жоқтың қасы. Өйткені, американ саясатының жазылмаған заңдары партиялардың негізгі 
принциптері, саясаты, сипаты, мақсаты бір-біріне ұқсас болуын талап етеді». Сонымен, 
партиялық жүйелердің ішіндегі ең озығы, тиімдісі көппартиялық жүйе болып табылады, ол 
демократияның негізгі принципіне әртүрлілікке (плюрализмге) сәйкес – қалаушылық, 
таңдаушылық қалыптастырады. Партиялар көп болған сайын қоғамның даму жолдарын, 
ұстанымдарын қарастыратын бағдарламалар да көбейеді.
Көппартиялық жүйе (мультипартизм). Батыс Еурпопаның көптеген елдерінде 
көппартиялық жүйе өмір сүреді. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтік саяси 
жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелді.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың 
әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және 
одан артық партия қатысады. Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркенниетті 
түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік 
жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары - онда саяси мәселелер 
жан-жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті 
тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюракратияның өрістеуіне тежеу салынады. Партияны 
тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне 
мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар - өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының 
тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау - арбау, 
өсек - өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен қазіргі таңда 
көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, 
Бельгия, Дания, Нидерландыдыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Қазақстан. 
Қазақстанда «Алаш» партиясыннан бастап бүгінгі көппартиялықтың қалыптасу тарихы 
Ресейдің саяси өмірімен тікелей байланысты болды, себебі Қазақстан 1731 жылдан бастап 1991 
жылға дейін алдымен Ресейдің, кейін Кеңес Одағының құрамында болды. Ал Ресейде 
көппартиялық жүйе басқа елдермен салыстырғанда өте кеш қалыптасты, оның себебі 
демократиялық процестерге кедергі болған монархиялық билік. Бұл елде ең бірінші болып 
қалыптасқан Ресей социал – демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП) болса, оның өзі 
де қызметін астыртын түрде жүргізді. 1905 жылы Ресей патшасының арнаулы манифесінен 
кейін ашық түрдегі партиялар қалыптаса бастады. Оның бірі – Конституциялық демократия 
(кадеттер) партиясы болды. Кадеттер партиясының идеялары: мемлекеттік құрылысты 
демократияландыру, Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен дамуы, яғни ұлттық мәселені 
шешу, олардан тартып алынған жерлерді қайтып беру, құқықтық, әділетті тәртіпті, заңдылықты 
іске асыру болатын. Әрине, кадеттердің бұл мақсаттары қазақ зиялыларын қызықтырмауы 
мүмкін емес еді. Әлихан Бөкейханов және тағы басқа да қазақ зиялылары осы партияға мүше 
болып кірді. Кейін Ә. Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылдың желтоқсанында Орал 
қаласында Қазақстанның 5 облысынан делегаттар съезі шақырылды. Бұнда кадет партиясының 
қазақ бөлімі құрылып, осы партияның бағдарламасы қабылданды. Бірақ Ресей кадет партиясы 
да, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет те қазақ халқына 


байланысты ұлт және жер мәселелерін шешуде ешбір қызмет жасамады. Осының бәрі Ә. 
Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. «Алаш» 1917 
жылы 21-25 шілдеде (3-8 тамыз) Орынборда болған бүкіл қазақтық съезде дербес саяси партия 
ретінде қалыптасты. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана саяси партия - 
коммунистік партия болды. Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде "Алаш" партиясына 
қарсы солшыл революциялық-демократиялық ағымның бір бөлігі "Үш жүз" атты Қырғыз 
социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы 
Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек 
оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда 
"Үш жүз" атты газет шығарады. 
1990 жылы КСРО-ның "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы қабылданды. Міне, осы 
кезден бастап Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар, саяси ұйымдар заман сахнасына шықты. 
Қазақстанның Халық конгресі партиясы (ҚХКП) 1991 жылдың қазан айының 5-де 
дүниеге келді. Оның құрылтайшылары - Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан, Әйелдер Одағы, 
Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен Республика Жас құрылысшылары 
ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды. Тең төрағалары болып Олжас 
Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды (бүгінде екеуінің де елшілік қызметте болуларына 
байланысты партияның төралығы қызметін В. Рогалев атқаруда). 
1991 жылы «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Осыған 
сүйеніп парламенттік тұрғыдағы Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) – «Азат» 
құрылды. 1992 жылғы маусым айында «Азат» және ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» 
партиясы бірігіп, бір партия құру туралы шешім қабылдады (Ұлттық-демократиялық 
«Желтоқсан» партиясы 1990 жылы «Әділет», «Ақиқат», «Азамат» т.б. ұйымдардың негізінде 
құрылған болатын). 1992 жылдың 26 желтоқсанында осы біріккен «Азат» партиясы ресми түрде 
тіркеуден өтті. Еліміздегі жасампаз күтердің бағытын бір арнаға тоғыстыру мақсатымен 1993 
жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі (лидері) болып 
Президент Н.Ә. Назарбаев сайланды. Алғашқы төрағасы Серік Әбдірахманов, ал сол жылдың 
аяғында болған съезде төрағалыққа Премьер – Министрдің орынбасары Қуаныш Сұлтанов 
сайланды. Бұл одақ елдегі саяси ағымдарды тұрақтандыру, бір арнаға түсіру жолында үлкен 
жұмыстар жасады. Осы жылдары Қазақстанның Аграрлық партиясы, «Ақ жол» демократиялық 
партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Республикалық «Асар» партиясы», 
Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Қазақстанның Азаматтық партиясы», 
«Қазақстанның Коммунистік партиясы», «Қазақстанның патриоттары партиясы», «Руханият» 
партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен 
тыс съезінде Қазақстан қоғамындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен «Асар», 
Азаматтық және Аграрлық партиялар «Отан» партиясымен қосылып, біртұтас саяси партияға 
айналды. Съездегі осы партиялардың 346 делегаты партияның «Нұр Отан» деген жаңа атын 
мақұлдап бекітті (
1 наурыз 1999 жыл Отан, 
2006 ж. Нұр Отан
)
. Қазақстан Конституциясына 
2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім 
негізінде сайланатын болды. 2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» 
жетекші саяси партия болып қалыптасты. Ол қазақстандықтардың басым көпшілігінің сеніміне 
кіріп, үлкен беделге ие болды. Қазақстанның саяси өміріндегі көппартиялықтың дамуы – 
қоғамды демократияландыру үрдістерінің құрамдас бөлігі. Қазіргі заң талабы бойынша 
Қазақстанда партия жасақтау үшін оның 10 адамнан тұратын бастамашыл тобы және 
Республика бойынша 50 мыңнан кем болмайтын жалпы мүшелері болуы керек. Сонымен қатар 
елдің әр аймақтарында филиалдар ашылып, әрбірінің құрамында кемі 800-1000 адамнан болуы 
қажет. Қазіргі күнде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет