12 дәріс. Саяси сана және саяси идеология
Жоспар:
1. Саяси идеология
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-cезінетін,
адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-багдар беретін әлеуметтік сезімдер,
түсініктер,көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда
болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты
жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың
негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың
экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу
міндетгері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сиякты құрамдас бөліктері арқылы саяси
шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат
әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетге,
адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси
идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси
өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн
сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне
бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды
жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары
дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен
көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне
ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы
дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: