Сабақтың тақырыбы: Жасушалық цикл. Митоз. Сомалық жасушалардың бөлінуі
Құрметті студенттер! Сіз тақырып сұрақтары бойынша дайындалуыңыз (силлабустан
қараңыз), видео-материалдан үйренуіңіз, тест сұрақтарына жауап беруіңіз, кесте
толтыруыңыз, ситуациялық есепті шығаруыңыз және тапсыруыңыз керек (файлды
тіркеңіз ). Әр тотар үшін көрсетілген уақытта СӨЖ, БОЖӨЖ тапсырмаларын орындау.
Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған, тапсырмалар қабылданбайды және осы тапсырма
үшін сіз «0» балл аласыз.
1. Студенттерге арналған әдістемелі- нұсқаулық
Сабақ аяқталған соң студент: жасушаның бөліну түрлерін, кезеңдерімен фазаларын
және патологиялық жағдайлар бөлінудің бұзылуынан болатынын ажырата алатын болады,
сомалық жасушаларының түзілу процесін, митоздың фазаларының сызбасын сызып
түсіндіруге, митоздың биологиялық және медициналық маңызын білуге қабілетті болады.
Әдебиеттер
Негізгі:
1) Медициналық биология және генетика оқу құралы. проф. Куандыкова Е.Ө. Алматы,
2004. б.55-75.
Қосымша:
1) Биология. В.Н.Ярыгин. Москва, 2007.
2) Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.
3) Тақырып бойынша ақпараттық-дидактикалық блок.
Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар:
1) Жасушалық цикл, анықтамасы, кезеңдері.Сипаттамасы.
2) Митоздық цикл, анықтамасы, кезеңдері. Сипаттамасы.
3) Митоз анықтамасы және фазалары. Сипаттамасы.
4) Амитоз, эндомитоз, политения .
8) Митоз кезіндегі генетикалық материалдың динамикасы
9) Митоздың медициналық маңызы.
10) Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын үш тілде глоссарий құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |