жұлдыздардағы термоядролық реакцияларда алатын орны үлкен, мәні зор. Табиғаттағы барлық процестерді жеке бөлшектердің, денелердің және өрістердің өзара әсерлесуінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Бүкіләлемдік тартылыс мұның айқын мысалы.
■
Магнит өрісі» терминін 1845 жылы ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол электр өзара әсер сияқты магнит өзара әсерде бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Электр-магниттік өрістің классикалық теориясын Дж. Максвелл жасаған (1873), ал кванттық теориясы 20- ғасырдың 20-жылдары жасалды.
Негізгі б
өлім
■
Магнит өрісі—қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды.
■
Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген. Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда