Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет39/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

126. «Жеміс себеті» 
Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға 
жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, 
анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы 
керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына 
орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін 
бірге айтуына болады. 
127. «Жетістік баспалдағы» 
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында 
тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын 
анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар 
өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған 
баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
Өте жақсы түсіндім 
Жақсы түсіндім 
Түсіндім 
Аздап түсіндім 
Түсінбедім
 
126. «20 сұрақ – иә-жоқдеген жауап» 
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ 
қойылып жатқан адам «иә» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы бір 
геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, алсыныптың қалған бөлігі 
қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигураекенін табуы керек. 
 
127. «Жұмбақ зат» 
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін 
арттыру. 
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат 
әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар 
шешімін табуы қажет. 
 
128. «Жұмбақ сөздер» 
Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушынытаңдаңыз. 
Оқушылар оны табуы керек. 
129. «Жұппен жұмыс» 
 
Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, 
тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен 
санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі 
таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға 
үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет