34
Қарапайым адамның істей алатын нəрселерін мұғалім əрқа-
шан жасай алмауы мүмкін.
Педагогикалық этика – бұл мінез-құлықтық сезімдердің
гармониясы, оқытушының мінезі мен сапасы, педагогтың
оқушылармен, басқа адамдармен педагогикалық тактіде
біртұтас байқалатын тілдесу мəдениеті.
Педагогикалық такті (лат. тactus – тиісу) – педагогикалық
əрекеттесудің құралдарын таңдауда өлшем сезімі, əрбір нақты
жағдайға байланысты тəрбиелеудің əсерінің əлдеқайда оптимал-
ды түрін белгілі шектен аспай қолдана білу. Педагогикалық
такті оқушыларға құндылық қатынастар жəне оқытушының
мінез-құлықтық сапалары мейірімділік, көңіл аудару жəне түсі-
ну, оқушының абыройын сыйлау жəне өзіңіздің эмоциялық
күйіңізді басқара білумен жəне ойластырылған шешім қабылдай
білумен жалғасады. Тактілі болу – ол əрқашан жұмсақ, мейірім-
ді, қайырымды, оқушылардың негативті тəрбиесі мен істеріне
көз жұму деген емес.
Педагогикалық такті оқушы тұлғасына сый құрметпен оған
ақылды, жүйелі талап қою, тіркес болу қажет. А. Макаренконың
айтуынша, педагогикалық такті – бұл «ешқашан артық кетпеу»
қабілеті. Педагогикалық такті кезінде оқытушыға күрделі
педагогикалық əрекеттесулерде мінез-құлықтық қатынастармен
бірге, одан тапқырлық, интуиция, байсалдылық, əзіл-сықақ сезімі
қажет болады. Мейірімді əзілдесу (бірақ ашулы ирония немесе
күлкімазақ емес) педагогикалық əрекеттесуде əлдеқайда тиімді жəне
тактикалық тəсіл болып табылады. Гете тегін айтпаған: «Əзілдесу –
рухтың даналылығы». Ш. Амонашвили: «Күлімсіреу – бұл ерекше
даналылық», – деп, кейде оқытушының күлімсіреуі сыныптағы
проблемалық жағдайды шешуге жетіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: