36
делік. Ол өзі тек логикасы бойынша шешім дайындай ала ма?
Əрине, жоқ. Өйткені ол алдымен оқушының ересектердікінен
өзгеше болатын ойлау логикасы мен мінезін түсінуі қажет. Ал мұны
қиялдау, аңғарымпаздық, сезгіштік қабілеттерін дамытпай істеу өте
қиын. Педагогтың бір бағыттылығы мен шектен тыс логикалық ой-
лауы оның шығармашылық жұмыс істеуіне, күрделі педагогикалық
мəселелерді шешуде, стандартты, стереотипті емес, адамгершілік
шешімдер қабылдауға кедергі болады.
Креативтілік – тұлғаның шығармашылыққа жалпы қабі-
леті. Ол тұлғаның қайсыбір жаңалықтар жарата алушылығы,
біртумалық шығармашылық ойлауының даму деңгейінен емес,
сонымен қатар, е
ң алдымен педагогтың ішкі мазмұны мен
бірегейлігі болып табылатын өзін жетілдіру, өзектеу
қабілетімен анықталады дейді К. Роджерс.
Педагогтың жалпы қабілеттері оның бірнеше топқа бірікті-
рілген педагогикалық қабілеттерінде бейнеленеді:
Достарыңызбен бөлісу: