4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. (ҚҰЭ). 2 том. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2002. - 720 б. 5. Абайдың тілдік тұлғасындағы этномәдени аппарат // Шоқан тағылымы - 13. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - 2008. - Б.110-113. Резюме
В статье рассматриваются вопросы когнитивной лингвистики как комплексной
модели структурной языковой системы исследования в области познания человека и языка.
Summary
Some problems of cognitive linguistics as the complex model of structural language
cognition system of investigation in a sphere of man and language are.
МЕДИЦИНА АТАЛЫМДАРЫНДАҒЫ НОМИНАТИВТІК БІРЛІКТЕР A.E. Тәттібаева - С. Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қазіргі уақытта лингвистикада, соның ішінде терминтануда ғылымның түрлі
салаларына қатысты қалыптасқан: медицина, лингвистика, заң, экономика әлеуметтану, тау-
кен т.б. сапаларындағы арнайы ұғымның атаулары немесе атаулы тіркестерді жаткызуға
болады. Термин ұғымды атап қана қоймай, оған жан-жақты нақты анықтама береді. Ғылыми
терминнің негізгі қасиеттерінің бірі - түрлі бағыттар өкілдерінің қолданысындағы,
еңбектеріндегі, сондай-ақ терминологиялық жүйедегі бір мағыналылығы.
Бір ғылым саласында қолданылатын терминдерді тар мағыналы (мысалы, фонема -
тіл білімінде) және кең мағынадағы жалпы (мысалы, құрылым, жүйе) терминдер деп
ажыратылады. Құрылымы бойынша терминдер бірде жалқы сөз болса (тіл білімінде, медициналық аталымдар яғни анатомиялық атауларда, ауру түрлерінде),бірде атаулы
тіркестер болып келеді (сөз түбірі, сөз тіркесі). Терминжасам жүйесінде елеулі орын алатын құбылыстардың бірі екіншілік атау.
Екіншілік атау - тілде өзіндік орны бар номинативтік құралдардың жаңа атау қызметінде
қолданылуы. Метафора екіншілік атау құралдарының бірі болып саналады. Метафораның
негізін түсініп, ұғыну үшін жалпы екіншілік атаудың механизмін, түрлерін айқындап,
анықтап алғанның маңызы зор. Метафоралану құбылысының өзіндік ерекшелігін анықтау
терминология сапасымен катар жалпы тілдегі терминдерді салыстыра қарастыру болып
табылады. Терминология саласының теориялық принциптері мен негіздері Н.А.Баскаков,
Е.А.Земская, И.С.Улуханов, М.Н.Володина, С.Е.Никитина жэне т.б., қазақ тіл білімінде
Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айдарбек және т.б. көптеген
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Термин мен метафора мәселесін арнайы бір
ғылым саласында қарастыру көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақ тіл білімінде номинативтік бірліктер жайында проф.Б.Қасым туынды сөздерде
(күрделі сөздерде) туа негіздермен құрылымына,сонымен қатар мағынасынаәркез тәуелді
екендігін және лексикалық бірліктер бір бүтін мағынаны білдіріп, біртұтас лексема ретінде
ұғынылатындығын айта келе: «Қазақ тіліндегі сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғалар - түбір
сөздер. Туа түбірдің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгісі бар. Олар - біріншіден, кұрастырушы
сыңар болса, екіншіден, жаңа сездің мағынасын белгілеуде негізгі қызметті атқарады.
Сондықтан, номинативтік бірліктерді жасауға қатысатын лексикалық мағыналы сөздер,
құрастырушы сыңарлардағы дербес сөздердің мағыналық арақатынасымен тығыз
байланыста жіктеліп айқындалуы тиіс. Олар - жаңа номинативтік бірліктердің лексикалық
мағынасының мазмұнын қарайтын бірліктер. Мысалы; асқазан <- ас+қазан, көкқұтан <—