«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР



Pdf көрінісі
бет33/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР
Ә.Н.Насыритдинова - 
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ассистенті, 
Астана қаласы 
Жалғамалы тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде де, морфологиялық, яғни қосымшалар 
арқылы сөз тудыру тәсілі маңызды орын алады. Сондықтан да болар сөзжасамның бұл тәсілі 
қазақ тіл білімінде кеңінен зерттелген. Сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналық және 
тұлғалық бейнесі А.Ысқақов, 
Н.Оралбаева, А.Салқынбай, С.Мырзабеков т.б. еңбектерінде анықталған. 
Мәселен, А.Ысқақов «Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге жаңа лексикалық мағына 
үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады» деп, 
жұрнақтарды мағынасы мен қызметіне қарай сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар 
деп екі салаға бөледі [1,30]. 
Сондай-ақ автор еңбегінде жұрнақтарды тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген 
материалдан шықкандығына қарай төл және кірме; ерте я кеш шығып қалыптасуларына қарай 
көне және жаңа жұрнақтар; қазіргі кездегі сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына 
байланысты тірі және өлі; құрамындағы морфемалардың дара не күрделі болуларына 
байланысты жалаң және құранды; мағыналық жағынан бір не бірнеше мағынаны білдіретініне 
қарай дара және көп мағыналы; мағыналарының алшақ я жақындығына байланысты синоним 
және омоним жұрнақтар;қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді не өнімсіз болуына 
байланысты құнарлы және құнарсыз жұрнақтар деп жіктейді. 
Зерттеу нысанымыз термин жасаудағы жұрнақтардың рөлі болса, ғалым жіктемесін осы 
тұрғыдан талдап, мысалдармен нақтыласақ, алдымен жоғарыда аталған жұрнақ түрлерінің 
барлығы да термин қалыптастыруда белгілі бір дәрежеде қолданылатындығына көз жеткіздік. 
Жұрнақтардың өздеріне тән грамматикалық толық, лексикалық солғын мағынасы, 
формасы мен қызметі болады. Және бір түрлі жұрнақ бірнеше сөзге жалғанып, сөз не форма 
тудырғанымен, олардың әрқайсысына әр түрлі мағына үстемейді. Олардың барлығына үстейтін 
мағынасы бірдей болады. 
Терминжасамның басқа тәсілдерінде атауға жаңа мағына үстеуде толықтай бір не 
бірнеше сөз қатысса синтетикалық тәсілде жаңа ұғымға атау беруде сөз бен жұрнақ 
қолданылады. Бұл жерде жаңа атау жасауға қатысушы сөз тұлғалық жағынан аздаған өзгеріске 


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
ұшырайды, Алайда атау қалыптастыруда түбір сөз де, қосымша да мағыналық жағынан бірдей 
ат салысып, екі тұлғаның байланысы арқылы екінші бір мағына туындайды. Яғни, сөз тудыруда 
жұрнақ мағынасы да өзіндік мәнге ие болады. 
Тіл білімінде жалпы сөз тудырушы жұрнақтарды былай топтайды: 
1. 
себепші мәнге қимыл-қозғалыстық мағына қосатын жұрнақтар; 
2. 
себепші негізге заттық мағына қосатын жұрнақтар; 
3. 
себепші негізге сыңдык мағына қосатын жұрнақтар; 
4. 
себепші негізге үстеулік мағына қосатын жұрнақтар [2,430]. 
Жұрнақтардың терминжасамдағы белсенділік деңгейі әр түрлі. Себебі термин жасау 
кезінде жаңа атаудың қандай да бір белгісінің тілімізде бұрыннан бар морфологиялық тәсілмен 
жасалған сөздерге ұқсастығына байланысты қолданылған бір жұрнақ осындай белгілері ортақ, 
мәндес ұғымдарға атау бергенде де қолданылады. Сондықтан да кейбір жұрнақтардың 
белсенділігі белгілі бір сала терминін жасауда артса, мұнда өнімсіз болатын жұрнақтардың 
белсенділігі басқа салада байқалады. 
Бұл туралы Ә.Әміров былай дейді: «Сөзжасамдық жұрнақтардың тілдегі қызметі әр 
кезеңде түрліше дәрежеде болуы жиі кездесетін құбылыс. Бір кездері белсенді қызмет атқарған 
жұрнақтар келесі бір кезеңде енжарлық танытуы мүмкін. Кейде өлі, өнімсіз жұрнақтардың 
қызметі күшейіп, өнімділігі артуы да кездеседі. Мәселен, бұрын мейлінше тар мағынада 
қолданылып келген «нама» сөзінің қазіргі кезде өрісі артып, қазақ тіліндегі қолдану аясы едәуір 
ұлғайған. Ендігі жерге бұл сөз бұрынғыдай «хат», «кітап», «шығарма» деген тар көлемде ғана 
жұмсалмай, оның сөзжасамдық қызметі бүгінде біршама кеңейіп және соған байланысты ол 
арқылы жасалған туынды зат есімдердің семантикасы түрлене түскендігімен ерекшеленеді» [3, 
79]. 
Қазақ тіліндегі техникалық сала терминдерін жасауда аталған жіктемедегі бастапқы екі 
топқа жататын жұрнақтар белсенді қолданылады. 
Жеке-жеке қарастырар болсақ: 
-шы, -ші жұрнағы арқылы техника саласында бағдарламашы (программист), матаушы 
(стропальщик), өндіруші (генерировать) т.б. терминдер жасалған. Аталған терминдерден 
байқайтынымыз, техника саласында бұл жұрнақ арқылы белгілі бір қызмет иесі мағынасын 
білдіріп, негізгі қызметін сақтаған. 
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы түтіндік (выхлопная труба), тұтқырлық 
(вязкость), өлшемсіздік (несоизмеримость), орнықсыздық (неустойчивость), енжарлық 
(пассивноть), аралық (промежуток), оттық (топка), орнықтылық (устойчивость), арқалық 
(балка), беріктік (прочность), морттық (хрупкость) т.б. терминдер туындаған. Аталмыш жұрнақ 
зат есім, сын есім тұлғалы сөздерге жалғану арқылы жаңа атаулық мағына жасап тұр. 
-ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы кідіріс (выстой), тербеліс (колебание), үйкеліс (трение) т.б. 
терминдер бекітілген. Мысалдардан жұрнақтың етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, өзінің зат 
есім тудырғыш қызметін атқарып тұрғанын көреміз. 
-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы арқылы құйғы (воронка), сөндіргі (гаситель), өшіргі 
(глушитель), сорғы (насос), ажыратқы, ағытқы (разъединитель), сүзгі (фильтр), жырғы 
(культиватор), соққы (удар) т.б. терминдер қалыптасқан. Етістікке жалғанып, зат есім 
тудыратын бұл жұрнақтың техника саласында, негізінен, құрал атауы мағынасына жұмсалатын 
терминдерді қалыптастырғанын байқаймыз. Яғни, техника саласында да, жалпы басқа ғылым 
саласында да терминдерді біріздендіру мақсатында аталған жұрнақты осы құрал атауын беру 
бағытында бұдан әрі де қолдануға болады деп ойлаймыз. 
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнағы арқылы дірілдеткіш (вибратор), тегістегіш (гладилка), 
қозғалтқыш (движитель), тұтандырғыш (запал), өндіргіш (генератор), теңгергіш (балансир), 
қысқыш (зажим), қосқыш (спарник) т.б. терминдер жасалған. Бұл жұрнақ та түбірге тікелей не 
өзгелік етіс жұрнағынан соң жалғанып, -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы сияқты құрал атауын 
қазақшалауда кеңінен қолданады. 
-ыш, -іш, -ш жұрнағы арқылы керілеуіш (инвертор), бұрауыш (отвертка), тежеуіш 
(тормоз), дәнекерлеуіш (паяльник), т.б. терминдер қалыптасқан. Аталған жұрнақтың бұған 
дейін құрал атын жасауда пайдаланылады делінген екі жұрнақтан басты айырмашылығы 
етістіктің тұйық етістік тұлғасынан кейін жалғануында. 
-ша -ше жұрнағы арқылы үрімше (груша), науаша (желоб), таңбаша (пиктограмма), 
тақташа (плитка), пластинка (табақша) т.б. терминдер туындаған. Ғылыми әдебиеттерде сөзге 
жалғану арқылы сөз мағынасына өзгеріс енгізетіндіктен, «форма тудырушы жұрнақ» деп 
аталып жүрген бұл жұрнақ техника саласында сөз тудыру қабілетін иеленеді. Оған, әрине, 
терминнің өзге тілдегі аталымының түрткі болатындығы анық. Мәселен, орыс тіліндегі 
«плита», «плитка» және «пластина», «пластинка» терминдері қазақ тіліне аударылғанда, 
сәйкесінше «тақта», «тақташа» және «табақ», «табақша» болып алынып, формалық өзгерісті 
анықтап тұрса, «таңбаша» сөзінде аталған жұрнақтың сөз тудырушылық қасиетін байқаймыз. 
-ым, -ім, -м жұрнағы арқылы өлшем (мера), оралым (оборот), тіркесім (агрегат) т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет