Вестник КаіПІІУ имени Абая, серия «Филаюгическне пауки». Лг 2 (32), 2010
50
Саясаткердің тілдік тұлғасынан туындайтын мәтіндер, сондай-ақ сөйлеу әрекетінен
оның кәсіби
қарым-қатынастық біліктілігі, дүниетанымы, оның кәсіптік мақсаты мен
міндеттері тұтастай көрініс табатын болғандықтан, қазақстандық қоғамда байқалып отырған
бүгінгі демократиялық өзгерістер, яғни цензураны өзгертуге байланысты іс-әрекеттер
қазақстандық саясаттың беделіне жоғары деңгейде назар аударуға мол мүмкіндік жасайды.
Осы тұста саясаткердің тілдік тұлғасы өте ерекше және ол қазақстандық тіл біліміндегі
тілдік тұлғаларға (танымал тарихи тұлғалар, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері және
т.б.) арналған тарихта бар жұмыстарының лингвистикасынан өзгеше болып келетіндігін айта
кеткеніміз жөн. Сонымен қатар саясаткерлердің сөйлеу тілі
саяси ортаның қызметіне сай
негізделген қоғамдық- коммуникативтік маңыздылығымен де ерекшеленеді, мұнда - тіл
мемлекеттік идеологияны қалыптастырудың, мемлекеттік аппарат қызметін идеогиялық
тұрғыдан қамтамасыз етуші маңызды рөлді атқара отырып, биліктің куатты құралы ретінде
танылады. Ал саясаткер дегеніміз - бұл белгілі бір мемлекеттің мемлекеттік басқару
жүйесіндегі айрықша әлеуметтік қабат, ол үкімет қарамағындағы мемлекеттік органдардың
өкілеттігін орындауды кәсіби деңгейде жүзеге асырады.
Сөйлеу қарым-қатынасының адамның кәсіби-әлеуметтік қызметіне байланысты
болатындығына қатысты мәселені әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық
жоспарда қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.
Тіл
және саясат, тіл және идеология ғылыми-зерттеу тұрғысынан бұрыннан
қызығушылық тудырып жүрген мәселелердің бірі болып саналады. ТМД елдерінде, оның
ішінде Қазақстанда аталмыш мәселе салыстырмалы түрде жақында ғана белсенді зерттеле
бастады (XX ғ. аяғы - Б. Ахатова т.б. жұмыстарында). Салыстырмалы түрде қарайтын
болсақ, ресей тіл білімінде тіл мен сөйлеу саяси сала тұрғысынан жан-жақты әрі кеңінен
зерттелген, бұған О.Н. Паршина, А.П. Чудинова, Е.И. ІІІейгал және т.б. жұмыстары дәлел
бола алады, десек те саяси коммуникация аясындағы мәселелерге
негізінен қайта құру
кезеңінен бастап айрықша назар аударыла бастады.
Қазіргі тіл білімінің өзіндік жаңа бағыты болған саяси лингвистика, әрине пәннің
қалыптасу барысында туындайтын бірқатар мәселелерге ұшырасады. Зерттеудің тұтас
әдіснамалық базасы әлі дәл құрылмаған. Біріншіден, бұл саяси лингвистиканың метатіліне
қатысты, себебі лингвистикалық әдебиетте жалпы қабылданған
саяси дискурс (А.Н.
Баранов, Б. Ахатова) ұғымымен қатар
саяси тіл (О.И. Воробьева),
қоғамдық-саяси тіл
(О.Н. Паршина, Т.В. Юдина),
саяси үгіт-насихат miлi (А.П. Чудинов)
ұғымдары
колданылады. Бұл жағдай саясат тілі мазмұны жайлы сұрақтың туындауын айқындады.
Зерттеушілердің көпшілігі «саясат тіліне» тікелей саяси әрекет терминологиясы мен
риторикасын жатқызады, онда саясаттанушылар өзінің кәсіби рөлін атқарады (басқа кәсіби
дін, медицина, заң салалары дискурстары секілді), саяси тіл ресурс ретінде тілдік
қауымдастықтың барлық мүшелеріне ашық болғандықтан манипулятивтік мақсаттарда
сендіру және қадағалау құралы ретінде қолданылатын жалпыхалықтық тілді арнайы
қолдануымен байланысты. Кейбір американдық лингвистер саяси тіл саласына саяси әдеп
және тіл тазалығы үшін күреспен байланысты барлық мәселелер аясын жатқызады.
Отандық ғылымның қазіргі даму кезеңінде бірінші кезекте коғамда барлық бұрынғы
кеңестік елдерде болып жатқан саяси өзгерістерге байланысты тілдік өзгерістер белсенді
түрде талданып жаткандығы баршаға аян. Бұл жерде тілдік тұлға
ретіндегі саясаткердің
тілдік және сөйлеу ерекшеліктерімен байланысты мәселелер орын алады. Бұл тұрғыдан,
біздіңше, «тұлға», «тілдік тұлға» ұғымдарының өзін айқындап алу қажет. Сан алуан ұғымдар
мен анықтамалардың ішінен В.В. Воробьёвтің тұлға жайлы мәдениет пен тілдің, олардың
даму диалектикасының өзара байланысының өзегі ретінде айтқан пікірін қолдаймыз:
«Поэтому о личности можно говорить только как о языковой личности, как о воплощённой в
языке» [1:26].
Шындығында, тілдің әлеуметтік мәнінің өзі оның ең алдымен тілдік санада ұжымдық
және индивидуалдық санада өмір сүретіндігінен тұрады. Соған сәйкес тілде мәдениет иесі
тілдік ұжым және индивидуум, тілдік тұлға болып табылады. Тілдік сананың тікелей иесі -
тілдік тұлға, яғни тілде, тілдік бірліктер мен мәтін мағыналарында бекітілген мінез-құлық
стереотиптерінде, тілдік кеңістікте қатынаста өмір сүретін адам. Отандық лингвистикада
тілдік тұлғаны зерттеу Ю.Н. Карауловтың есімімен тығыз
байланысты екендігі белгілі, ол
тілдік тұлғаны «тілдік шығармалардың (мәтіндердің) жасалуын айқындайтын, құрылымдық-
тілдік қиындық дәрежесімен, шындықты бейнелеу тереңдігімен және дәлдігімен, белгілі бір
тілдің бағыттылығымен ажыратылатын адамның қабілеті мен сипатының жиынтығы» деп